Суббота , 5 июля 2025

ҚАЗАҚ ЖЕРІНІҢ ДАУЫН ЖОҚТАҒАН АЙДЫН ДА АБАҚТЫҒА ЖАБЫЛДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №6 (370) от 16 фев­ра­ля 2017 г.

 


Сая­си қуда­лау жалғасуда

 


 

Ақпан­ның 14-інде қоғам бел­сен­дісі, «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның мүше­сі Айдын Еге­уба­ев Ақтө­бе облы­сы­ның әкі­мі Бер­ді­бек Сапар­ба­ев­тың жеке сот орын­да­у­шы­сы Ынты­мақ Жәні­бе­ко­втің ұсы­ны­сы бой­ын­ша сот шеші­мін орын­да­ма­ды деген айып­пен 5 тәулік­ке қамалды.

 

Өткен жылы қазан айын­да Аста­на қала­сы­ның әкім­шілік соты Шығыс Қаза­қстан облы­сы­ның бұры­нғы әкі­мі Бер­ді­бек Сапар­ба­ев­тың шағы­мы бой­ын­ша Айдын Еге­уба­ев­тың үсті­нен жазған ары­зын қанағат­тан­ды­рып, ҚР Әкім­шілік құқық бұзу­шы­лық тура­лы кодексінің 669-бабы­на сәй­кес, 5 тәулік­ке қамауға шешім шыға­рып­ты. Сот бел­сен­діні 100 мың тең­ге айып­пұл төле­у­ге мін­дет­те­ген еді.

Еске сал­сақ, қазақ жері үшін жан­та­ласқан аза­мат Айдын Еге­уба­ев әле­умет­тік желі арқы­лы «Бер­ді­бек Сапар­ба­ев Шығыс Қаза­қстан облы­сы­ның әкі­мі болған кез­де Үржар ауда­ны­ның 85 гек­тар жерін қытай­лы­қтарға сат­ты» деп айып­таған еді. Сот бұл мәлі­мет шын­ды­ққа жана­спай­ды деп шешім шығарған болатын.

Шығыс Қаза­қстан облы­сы Үржар ауда­нын­дағы жер телім­дері қытай­лық кәсіп­кер­лер­ге беріл­гені жөнін­де Айдын Еге­уба­ев газеті­міздің өткен жылғы бір­не­ше санын­да сұх­бат беріп, айғақ-құжат­та­рын жари­я­лаған еді. Үржар ауда­нын­да 91 443,1 га жер­лер­ді Қытай ком­па­ни­я­ла­ры өз үле­стері бар қаза­қстан­дық бір­лес­кен серік­те­стік­тер арқы­лы алып алға­ны тура­лы іс ШҚО аза­мат­тық істер­ді қарау жөнін­де­гі сотын­да қара­лып, қытай­лы­қтар алған жер­лер заң­сыз рәсім­дел­гені сот­пен дәлел­деніп, облыс әкі­мінің пәр­мені­мен «қол­ды болған» жер­лер­ді мем­ле­кет­ке қай­та­ру тура­лы шешім биы­лғы қаңтар айы­ның 27-сі күні шығып, шешім күшіне енді.

Жария болған мәлі­мет­тер сот­та дәлел­ден­се, әкім­шілік сот Айдын­ды абақты­ға сүй­ре­гені несі деген сұраққа жау­ап­ты кім бере­рін газеті­міздің алдағы сан­да­рын­да аны­қтап жаза­тын боламыз.

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн