ҚАЗАЛЫДА КӨМІР ҚЫМБАТТАП КЕТТІ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №35 (399) от 28 сентября 2017 г.

 

Апта аптығы

 

Дабыл!

 


 

 

Елдегі жұмыссыздық пен банк несиесін қайтару уайымына қыс қарсаңындағы көмір қымбатшылығы қосылды. Адам аштыққа шыдайды, ал суыққа төзу мүмкін емес. Қыс түспей жатып, Қазалыдағы көмірдің бағасы 16 мың теңгеге шарықтап кетті. Ертең күн суытқанда, оның бағасы 20 мың теңгеге жетері айдан анық.

 

Қазіргі танда азын-аулақ бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтіндердің 50 пайызы 20–30 мың теңге айлық алады. Ертең маусымдық жұмыс біткеннен кейін сол 50 пайыздың тең жартысы жұмыссыз үйлерінде отырады. Осыдан артық азап бар ма?! Біздер нағыз апат аймағында өмір сүріп жатырмыз. Аралдың тұзы қапталымыздан соқса, төбемізде орыс ракеталары улы гептелін төгуде. Кеңес Одағы кезінде экологиялық аймақ ретінде көмірге, т.б. жеңілдіктер беріліп тұратын. Ал тәуелсіздік алған соң барлық жеңілдіктен айырылып қалдық. Егер де мәжіліс депутаттары 50-60 мың теңгемен айлық жалақы алса, қара халықтың жағдайын түсінер еді. Миллиондап жалақы алатын депутатты 20–30 мың теңге алатын мүсәпір қазақтардың жағдайы алаңдатпайды.

Сондықтан Қазақстан үкіметі арнайы комиссия құрып, Қазалы қаласының тұрмыс-тіршілігін зерттеп, көмірдің бағасын реттеуге, өндіріс орындарын ашуға ықпал етпесе, аймақтағы жағдай әлеуметтік жарылысқа алып келуі мүмкін.

Мұратбек ОРЫНБАСАР

 

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн