Четверг , 15 мая 2025

АЗАМАТҚА АРАШАШЫ асыл ағаларым аман болсын!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №20 (384) от 25 мая 2017 г.

 

 

Қаз-қал­пын­дағы тілек


 

Қоғам­дық өмір­ге бел­сене қаты­сқа­лы бері, адам­гер­шілі­гі мол, қай­рат­ты, намыс­шыл, ниеті таза, халы­ққа жаны аши­тын және еліне деген сүй­іспен­шілі­гін іспен дәлел­дей­тін көп­те­ген абзал жан­дар­мен таны­сқа­ны­ма өте бақыттымын!

 

Жан­бо­лат Мамай­ды қорғау шара­ла­ры­на көп­те­ген ақ жаулы­қты апа­лар мен асқар таудай ата­лар қаты­сты! Бел­сен­ділер­дің іші­нен табан­ды­лы­ғы­мен ерекше бір әсер қал­ды­рған, көкіре­гі ояу, көзі ашық екі аза­мат – сек­сен жастағы ақсақал Ере­жеп Алдаб­а­ев пен Жел­тоқ­сан жау­жүре­гі Сай­лау Лепе­сов! (сурет­те еке­уі оң жақтан).

Біздің таны­сқа­ны­мы­зға Жан­бо­лат Мамай­дың абақты­да соққы­ға жығы­луы, пси­хо­ло­ги­я­лық қысы­мға тап болуы себеп­ші бол­ды. Бұл жағ­дай­дан кей­ін, арнайы құры­лған Жан­бо­лат­ты қорғау коми­тетінің жұмысы­на Ере­жеп ата мен Сай­лау қай­рат­кер көп көмек жасай­тын бол­ды. Коми­тет мүше­лері Жан­бо­лат­тың тер­геу изо­ля­то­рын­да қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз ету мақ­са­ты­мен бір­та­лай шара­лар өткізді, ішкі істер қыз­метін­де­гі лау­а­зым­ды адам­дарға жолықты.

Мыса­лы, ақпан айын­да Жан­бол­тат­ты қорғау коми­тетінің мүше­лері Алма­ты Ішкі істер депар­та­мен­тінің алды­на жина­лып, қала поли­ци­я­сы басты­ғы­ның қабыл­да­уын талап етті. Бірақ акци­яға жиналған­дар алды­на депар­та­мент­тің бас­пасөз қыз­метінің өкілі ғана шықты. Ол біздің тала­бы­мы­зды бас­шы­лы­ғы­на жет­кі­зем деп, кетіп қал­ды. Біраз­дан кей­ін жер­гілік­ті поли­ция бас­шы­сы­лы­ғы­ның өкілі шығып, ол да біздің тала­бы­мы­зды тың­дап, депа­тра­мент басты­ғы­на айтам деп, арты­нан жоқ болып кет­ті. Бірақ Алма­ты Ішкі істер депар­та­мен­тінің бас­шы­сы талап­шы­лар алды­на шық­па­ды. Бес сағат бойы күн суы­қта дала­да тұр­дық. Бізді ішке де кір­кіз­ген жоқ, әжет­ха­наға да кіру­ге поли­ция қыз­мет­кер­лері рұқ­сат бермеді…

Міне, осы ара­да мені таң қал­ды­рған жағ­дай – Ере­жеп ақсақал мен Сай­лау аға сол бес сағат бойы тап­жыл­май тұрып, біздің тала­бы­мы­здың орын­да­луы жолын­да табан­ды­лық көр­сет­ті. Үлкен адам­дарға бір орын­дық шыға­рып беру­ге поли­ция қыз­мет­кер­лері жарамады…

Ере­жеп ата Алма­ты облы­сы­нан тұрғы­ны, қалаға екі авто­бус ауы­сты­рып жет­ті! Жау­ап­кер­шілі­гі мол адам екен: акци­яға қаты­суға кеші­ге­мін деп, бел­гі­лен­ген уақыт­тан 2 сағат ерте кел­ді! Соны­мен, жал­пы жиы­ны 7 сағат бойы депар­та­мент ғима­ра­ты алдын­да тұрды.

Жан­бо­лат Мамай­ды қорғау коми­теті өткіз­ген тағы бір нәти­желі, мағы­на­лы шара­лар­дың бірі – Алма­ты қала­сы­ның әкім­ді­гінің алдын­да өтті. Коми­тет мүше­лері Жан­бо­лат­тың тер­геу изо­ля­то­рын­дағы қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз ету жөнін­де әкім­нің жеке қабыл­да­уын талап етті. Әкі­мінің қабыл­да­уы­на үш рет бар­дық. Сон­да қай­сар ақсақа­лы­мыз Ере­жеп ата мен Сай­лау аға 2–3 сағат­тай әкім­нің қабыл­да­уын күтіп, суы­қта тұр­ды. Бар­лы­ғы­мыз қабыл­да­уды күтіп тұрған­да, әкім­шілік­тен ІІД басты­ғы шығып келе жатыр екен: біз бір кісі­дей, одан Жан­бо­лат­тың тер­геу изо­ля­то­рын­дағы қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз етуді сұрадық!

Айт­пақ­шы, сол жолы әкім қабыл­да­ма­са да, 22 науры­зда «Юби­лей­ный» дүкенінің сал­та­нат­ты ашы­луын­да кез­дей­соқ Бай­бек мыр­за­ны көр­дім, жаны­на барып, Жан­бо­лат­тың тер­геу изо­ля­то­рын­да қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз етуін сұрадым.

Ере­жеп ата мен Сай­лау аға әрі Жан­бо­лат Мамай­ды қорғау коми­тетінің мүше­лері, әрі жақын­да Рама­зан Есер­ге­по­втың баста­ма­сы­мен Жемқор­лы­қ­пен күре­су Халық май­да­ны құрылды.

Халық Май­да­ны­ның мақ­сат­та­ры – жаңа Кон­сти­ту­ци­я­ны қабыл­дау, Жер Кодексін жою, жеке­ше­лен­дірудің екін­ші толқы­нын және Қаза­қстанға көшірілетін 51 Қытай зауыт­та­рын тоқта­ту, Арон Ата­бек, Сей­тқа­зы мен Әсет Мата­ев­ты, Мұх­тар Жәкі­шев, Вадим Курам­шин, Макс Боқа­ев, Талғат Аян, Юрий Пак, Санат Досов, Жан­бо­лат Мамай, Амин Еле­усі­нов, Нұр­бек Кұшақ­ба­ев, Саят Ибра­ев, Алек­сандр Хар­ла­мов, Нұралі Айте­ле­но­вті боса­ту, т.б.

Ал Рама­зан Есер­ге­пов жоға­ры­да аты аталған аза­мат­тар­дың ісі жөнін­де келесі лау­а­зым­ды тұлға­лар­мен: Қаза­қстан­дағы Евро­па Одағы Елшісінің Орын­бар­са­ры З. Солан мыр­за­мен; Бірік­кен Ұлт­тар Ұйы­мы­ның адам құқы­ғы жөнін­де жоғарғы комис­сар­дың жер­гілік­ті өкілі Р. Комен­да­мен, Нидер­лан­ды Король­ді­гінің Елшісі – Дирк Ян Копол мыр­за­мен, Кана­да Елшісі Шон Стайл­мен, Австрия Елшісінің орын­ба­са­ры З. Шпан­ланг­пен, тағы басқа да ондаған шетел­дік дипло­ма­ти­я­лық мис­си­я­лар­дың өкіл­дері­мен кез­десіп, сұхбаттасты.

Ал менің осы мақа­ла­ны жазған себебім – Ере­жеп ата мен Сай­лау аға­ның Жан­бо­лат­тың тағ­ды­ры­на шынайы пей­ілінің, ыстық ықы­ла­сы­ның куә­гері болып, іші­ме сый­май, тебіреніп жүр­мін! Осы екі аға­ның берік ұста­ны­мы мен табан­ды күрес­кер­лі­гін бүкіл елге таратқым келеді!!! Ере­жеп ата мен Сай­лау аға жастарға үлгі бола­тын тұлға­лар! Олар­дың шын ниетіне, Жан­бо­лат үшін аян­бай, ішкен асын жер­ге қоя­ты­ны­на сүй­ісіне қара­дым! Аза­матқа ара­ша­шы асыл аға­ла­рым аман болсын!

Жәзи­ра ТОҒАНБАЕВА,

Жан­бо­лат Мамай­ды қорғау коми­тетінің мүшесі.

 

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн