Пятница , 4 июля 2025

Азамат өз қазағына НЕГЕ РЕНЖИДІ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №33 (397) от 14 сен­тяб­ря 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 

 


 

 

Бүгін­де Аза­мат Саты­бал­ды­ның кино­сүй­ер қауы­мға өкпе­сі қара қазан­дай. Оған өзін­дік себеп те бар. Өйт­кені осы жылы өнер иесінің про­дю­сер­лі­гі­нен туын­даған «Бір сен үшін» атты дебют­тік кар­ти­на­сы табысы жағы­нан үміт­ті ақта­маған. Атал­мыш кар­ти­на жұм­салған қар­жы­ны қай­тарға­ны­мен, түсірілім тобы­ның қал­та­сын қалы­ң­да­та қой­маған көрі­неді. Осы орай­да Stan.kz тіл­шісіне экс­клю­зив­ті сұх­бат бер­ген актер қазақ тіл­ді көре­рмен­ге деген іште­гі өкпе-назын білдірді.

 

– Аза­мат, кино­про­дю­сер ретін­де жары­ққа шығарған дебют­тік кар­ти­на­ның табысы көңіл қуан­тар­лы­қтай бол­маған екен. Жал­пы, тұса­у­ке­сері елі­міздің бір­не­ше шаһа­рын­да ұйым­да­сты­рыл­ды. Алай­да «Бір сен үшін» филь­мін тама­ла­ша­лау үшін бел­сен­ділік таны­тқан аймақ пен атал­мыш киноға селқос қараған қай қала?

– Қоста­най, Қараған­ды, Аста­на, Орал, Алма­ты. Ал қаза­қтар шоғыр­ланған Шым­кент, Қызы­лор­да, Ақтау, Аты­рау жоқ. Киноға бар­май­ды. Олар үшін несіне кино түсіре­мін? Егер киноға бар­май­тын бол­са. Маған мем­ле­кет ақша беріп оты­рған жоқ. Мен өз ақшам­ды салып отыр­мын. Сол үшін мен қара­жат­ты қай­та­рып, оның үстіне плюс табыс табуым керек. Ал көре­рмен көр­се де, көр­ме­се де, тек фильм шыға­ра беретін мен «мұнай­шы» емес­пін, «маг­нат» емеспін.

– Білуім­ше, жақын­да тағы бір жаңа жоба­ны жос­пар­лап отыр­сыздар. Менің түсін­генім, Аза­мат Саты­бал­ды­ның про­дю­сер­лі­гі­нен туын­дай­тын келесі кар­ти­на­сы қазақ тіл­ді көре­рмен үшін емес қой?

– Әрине, мін­дет­ті түр­де келесі кино­ны орыс­ша түсіре­мін. Маған рен­жі­се де, рен­жі­ме­се де орыс­ша түсіре­мін. Себебі орыс­ша тәр­би­е­лен­ген халық киноға бара­ды. Ал таза қаза­қтар киноға бармайды.

Олар тек ауы­з­бен ғана сөй­лей­ді, одан кей­ін «Ютуб­тан» қарап оты­ра­ды. Олар артық ақша бер­гісі кел­мей­ді. Өте өкіні­шті. Олар­дың кесірі­нен біз­де кино дамы­м­ай­ды. Біз­де неге оры­стіл­ді халық басым? Себебі олар мәде­ни­ет­пен қам­ты­лған. Ал таза қаза­қи адам­дар өте жалқау. Оты­ра­ды үйде. Оларға тек қана алды­на әкеліп беру керек. Аузы­на тамақты салу керек. Тек шай­нап беру керек…

– «Бір сен үшін» филь­мінің желісі «сур­ро­гат ана» жай­лы болған еді. Алай­да қазақ тіл­ді көре­рмен­нен көңіліңіз қалға­ны­мен, көкей­де­гі өзек­ті тақы­рып­тар­ды кино­экран арқы­лы көр­се­туді жалға­сты­ра бересіз ғой?

– Келесі кар­ти­на­да да өте өзек­ті тақы­рып қозға­ла­ды. Қазір сце­на­рий Лос-Андже­ле­сте орыс тілін­де жазы­лып жатыр. Сол жақтағы кино­ака­де­ми­яда оқып жатқан біздің қаза­қтың жігіт­тері. Идея менікі болған­нан кей­ін, мен оларға барын­ша түсінік­ті қылып жет­кіздім. Сце­на­рий­дің алға­шқы бет­терін оқы­дым, өте күшті. Менің өз басым көп нәр­сені қабыл­дай бер­мей­тін, көп нәр­се­ге таңқа­ла бер­мей­тін адам­мын. Маған өте қат­ты ұнады.

Stan.kz

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн