Суббота , 5 июля 2025

Азаттықтың қадіріне ЖЕТЕ АЛДЫҚ ПА?

Қаз-қал­пын­да

 

1994 жылы Қытай­дың көне аста­на­сы Шияң (әлде Сияң) қала­сы­на поезд­бен атта­нып бара жат­тық. Сұм­дық лас, қапы­рық, у‑шу. Біз өзі­міз­де­гі­дей тәр­тіп пен рет­тілік бар шығар деген оймен мін­ген едік. Әле­умет­тілік мәде­ни­ет біз­ден ең кемі 20 жыл арт­та екен.

Сөй­лесіп отыр едік, жаны­мы­здан өтіп бара жатқан жігіт таза қазақ тілінде:

– Са-ала­маға­лей­кум! Қай жақтың қаза­қта­ры­сыздар?! – деді.

– Уаға­лей­ку­мас­са­лам! Сөзің қаза­қ­ша, ама­ның өзге­ше, өзің кім боласың?

– А… Мен Боро­то­ла­ның ұйғы­ры­мын. Мек­теп­ті қаза­қ­ша тәмамдағанмын…

Өстіп әңгі­ме жалға­са бер­ді. Поезд әлдеқан­дай бекет­ке кел­ген­де, қытай­ла­ры­мыз бен аудар­ма­шы­ла­ры­мыз шай-пай алмаққа түсіп кет­ті. Бай­қай­мын, ұйғы­рым тұн­жы­рап қалыпты.

– Әй, не болды?

– Шір­кін! Қай­ран қазақ қан­дастар-ай! Бір оқ шығар­май, қан төк­пей, азаттық алды­ң­дар- ау!

Оқтай тиді айтқаны.

– Оны кім айт­ты? Ары­сын қай­тей­ік, берісі қал­мақ шапқан­да азаттық аңсаған қаза­қтың тең жар­ты­сы мерт бол­ды. Сон­да да қан кешіп жүріп, еркін­ді­гі­мізді сақтап қал­дық. Ал сен­дер ар жағы­ң­нан най­за­сын шошаң­да­тып жетуі мұң екен, жапы­ры­ла кет­тің. Неге қида­лас­па­дың? Онан соң қытай келіп еді, бүк­шиіп түстің. Сол қытай 1757 жылы Әмір­са­на­ны ұстай­мыз деген сыл­та­у­мен (шын мәнін­де, соғы­сып, қаза­қтың қауқа­рын бай­қау үшін) гене­рал Фу Деге баста­тып, Хада­ка және Дар­да­на атты екі мән­жүр гене­рал­да­рын қазақ жеріне аттан­ды­рған­да, Қара­ке­рей Қабан­бай бастаған ата­ла­ры­мыз үш ай соғы­сып, 14 мың шері­гін қырып жібе­реді. Қаза­қ­пен соғы­су қиын екенін түсін­ген Фу Де Қабан­бай баты­рға елші жұм­сай­ды. Осы­ның негізін­де 1757 жылы Хан­жі­гер және Өмір­тай атты екі аза­мат Бей­жің­ге аттанады.

Сөй­тіп, 1758–1762 жыл­да­ры қазақ пен қытай ара­сын­да Аягөздің жанын­дағы Мамыр­су­да (кей­ін Сер­гио­поль ата­на­ды) Абы­лай мен Қабан­бай бастаған қазақ қытай­мен тең дәре­желі келіс­сөз­дер өткізіп, қытай қаза­қты мой­ын­дай­ды. Одан бері қазақ дала­сын­да оры­сқа қар­сы ірілі-ұсақты 200-ден астам көтеріліс бол­ды. Азаттық біз­ге тегін кел­ген жоқ, – деп, қаза­қтың бас бостан­ды­ғы үшін ғасыр­лар бойы аттан түс­пей келе жатқа­нын жеткіздім.

– Өзі кел­ген тәу­ел­сіздік­ті қадір­лей біл­сеңіз­дер жақ­сы-ау!.. – деген ұйғы­рым сөзін аяқтай алма­ды. Серік­тері­міз кірді.

Ұйғы­рға жаным ашы­ды. Іштен бүлін­бе­се, бір мил­ли­ард қытай ноқ­та­сын босат­па­сы анық.

Қазір ойла­сам, біз, шынын­да да, Азаттық пен Тәу­ел­сіздік­тің қадіріне жете алдық па? Тәңір өзі сый­лаған бақыт­ты шым-шым­дап өзгенің қолы­на ұста­тып жатқан жоқ­пыз ба деген ой мазалайды.

Камал ӘБДІРАХМАН,

«Фейс­бук»

 

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн