Суббота , 12 июля 2025

Ажал артқан «Айрбаста» ҮШ ҚАЗАҚ ОПАТ БОЛДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №12 (283) от 26 мар­та 2015 г.

 

 Апта апты­ғы

 

Фран­ци­яда апатқа ұшы­раған жола­у­шы­лар ұшағын­да Қаза­қстан­ның үш аза­ма­ты болған деген ақпа­рат­ты кеше Қаза­қстан Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі рас­та­ды. Апат­та мерт болған қаза­қстан­ды­қтар­дың аты-жөн­дері – Ербол Иманқұ­лов (1965 жылы туған – сурет­те), Есенға­ли­е­ва Айжан (1966 ж.) және Әди­ла Ерболқы­зы Иманқұ­ло­ва (1989 ж.) деп хабар­ла­ды СІМ.

 

Соны­мен бір­ге Гер­ма­ния билік орын­да­ры ұшақта болған Еле­на Блес есім­ді тағы бір жола­у­шы әйел де Қаза­қстан аза­ма­ты болуы мүм­кін деп хабар­лаған. Қазір ресми орын­дар ол ақпа­рат­ты тек­серіп жатыр.

Еске сал­сақ, науры­здың 24‑і күні Бар­се­ло­на­дан Дюс­сель­дор­фқа ұшып бара жатқан­да бел­гісіз себеп­тер­мен апатқа ұшы­раған гер­ма­ни­я­лық Germanwings әуе ком­па­ни­я­сы­ның Airbus A320 ұшағын­да, соңғы мәлі­мет­тер бой­ын­ша, 150 адам болған. Жер­гілік­ті уақыт­пен сағат 10.53 шама­сын­да жер­ден екі жарым мың метр­дей биік­те болған ұшақ радар­дан көрін­бей кеткен.

Фран­цуз поли­ци­я­сы апат­тан ешкім тірі қал­маған дей­ді. Құтқа­ру­шы­лар тау­лы жер­ге құлаған ұшақ жола­у­шы­ла­ры­ның сүй­ек­терін ізде­сті­ру бір­не­ше күн­ге жалға­суы мүм­кін екенін айта­ды. Сон­дай-ақ қаза тапқан­дар ара­сын­да Қаза­қстан­да туған опе­ра әншісі Олег Бры­жак та бар. Бұл тура­лы ол жұмыс істе­ген Гер­ма­ни­ядағы Дюс­сель­дорф опе­ра­сы­ның бас­шы­лы­ғы растаған.

1960 жылы Қаза­қстан­да туған Олег Бры­жак Қараған­ды музы­ка­лық учи­ли­ще­сін­де, Алма­ты кон­сер­ва­то­ри­я­сын­да білім алған. Жезқазған және Темір­тау музы­ка учи­ли­ще­лерін­де сабақ бер­ген. Ресей­дің Санкт-Петер­бург, Челя­бинск, Укра­и­на­ның Львов қала­ла­рын­да опе­ра театр­ла­рын­да солист болған. 1996 жыл­дан бері Дюс­сель­дорф опе­ра теат­рын­да еңбек еткен.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн