Суббота , 5 июля 2025

Азық қымбатшылығы ҚЫСЫП БАРАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №45 (362) от 08 декаб­ря 2016 г.

 

Апта апты­ғы

 


 

 

Тал­ды­қорған Аста­на­дан да озып, Алма­ты­мен қатар Қаза­қстан­дағы азық-түлік­тері ең қым­бат қала­лар рей­тин­гісін­де көш бастаға­нын Қаз­ТАГ агент­ті­гінің баға­ларға жасаған мони­то­рин­гі көр­сетіп отыр.

 

Мыса­лы, тіл­шілер­дің мәлі­мет­терін­ше, Алма­ты­да қарақұ­мық баға­сы ең қым­бат, 1 кг – Т550, күріш – Т370, кар­топ – Т120, пияз – Т100, сиыр және қой еті – Т1800, қант – Т325.

Тал­ды­қорған­да ұн баға­сы ең жоға­ры: 1 кг – Т468, пияз – Т100, құс еті – Т1738, 1 л сүт – Т273.

Күн­бағыс майы ең қым­ба­ты Аста­на­да (Т593 – 1 л), ал ең арза­ны Семей­де (Т361).

Сиыр етінің ең арза­ны Қоста­най­да (Т1067 – 1 кг), қой еті – Қарағанды­да (Т916), құс еті – Аты­ра­уда (Т615).

Жұмыр­тқа баға­сы он дана­сы­на Пет­ро­пав­л­да Т238-ден Тал­ды­қорған­дағы Т375 ара­лы­ғын­да. Мака­рон баға­сы осы айда ең қым­ба­ты Аты­ра­уда – Т185, 450-грамм­дық ора­ма үшін, ал ең арза­ны Қызы­лор­да­да – Т120.

Бұл екі ара­да Шығыс Қаза­қстан облы­сын­да нан өнім­дерінің баға­сы Т5Т10 қым­бат­та­ды, олар­дың баға­сы осы­мен жыл басы­нан бері екін­ші рет көтеріліп отыр, деп хабар­ла­ды агентт­тік тілшісі.

«Осы апта­да ұнның баға­сы 1–2 тең­ге­ге емес, бір­ден кило­гра­мы 10 тең­ге­ге қым­бат­та­ды. Әлбет­те, бұл нан­ның баға­сы­на да әсер етті», – деді баға­ны ұнның құны­ның қым­бат­та­уы­мен түсін­дір­ген дереккөзі.

Тіл­ші түсін­дір­ген­дей, нан­ның баға­сы осы­мен бір жыл­да екін­ші рет көтеріліп отыр. Соны­мен қазір нан­ның баға­сы Т80–85. Дүкен­де­гі сату­шы­лар мұны ұнның баға­сы көтеріліп кет­кен деп түсіндіруде.

Бұдан бөлек биыл ШҚО асты­қтан жақ­сы өнім жина­ды – бір мил­ли­он­нан астам тон­на, был­ты­рғы көр­сет­кі­ш­тен бір жарым есе жоға­ры. Шикі­заттың мол болуы­на қара­ма­стан, ұн бәрібір қым­бат­тап тұр.

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн