Бұл мақаланың сөзі көп, АҚШАСЫ ЖОҚ ЕКЕН

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №15 (379) от 20 апреля 2017 г.

 

Апта аптығы

 


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевпен кездесіп, алдағы іс-шаралар жайына тоқталып, оларды ойдағыдай өткізу үшін жан-жақты дайындық пен бақылау жүргізу қажет екенін айтыпты.

 

Ол «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттерді іске асырудың маңыздылығын атап, алдағы жұмыстар аясында үкіметке жүктелген жауапкершіліктің жоғары екеніне тоқталып, бұл үдеріске жұртшылықты, соның ішінде зиялы қауым, жастар, үкіметтік емес сектор өкілдерін тарту қажет екенін айтқан екен.

Кездесуде президент: «Бұл мақала көп жылдан бері ойда жүрген болатын. Қазіргі уақытта мақалада қойылған міндеттерді нақты іске асыру жөніндегі жоспар әзірленуде. Қаражат қажет ететін жобалар да бар. Алайда олардың көбі республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлуді қажет етпейді», – депті.

Ал бүкіл ел шулап жатыр: «рухани жаңғыратын болдық…» деп. Сонда «қаржы бөлуді қажет етпейтін» бағдарлама кімді қарық қылады? Ендеше елдің шөпке…нетер зиялы-сымақтары мен «дармоед» депутаттары маң далада маңып, нені насихаттап жүр екен?

 

Сырым ДАТОВ

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн