Понедельник , 7 июля 2025

БҰЛ ОДАҚТА өтірік айтудан басқа АЙЫРБАС ЖОҚ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» № 01 (272) от 08 янва­ря 2015 г.

 

Жетістік…

 

Ертеңін қай­дам, кеше­сі мен бүгініне дей­ін тәп-тәуір құны болған дол­лар­дың да басы­нан бақ таюға таян­ды. Аны­ғы­рақ айтқан­да, ескі жыл­дың соңын­да «ұлт­тық» деп ұлт­тың түп-түгел ұпай­ын уысын­да ұстаған Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гі мен Ұлт­тық банк 2015 жыл­дың табал­ды­ры­ғын ел эко­но­ми­ка­сын дол­лар­дан ары­л­ту үшін әзір­ле­ген бірқа­тар шара­лар­ды іске қосу­мен аттай­ты­нын атап кеп жіберді.

 

Ол ол ма, бір басы­ның жыры Жылқы жылы­ның бүтін бүй­ре­гін жай­лаған Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одаққа (ЕАЭО) қосы­лар алдын­дағы кеше­гі Мәс­ке­уде­гі ақы­рғы жиын­да біздің пре­зи­дент­тің: «Енді дол­лар­ды өз кеңісті­гі­міз­ден шыға­ра­мыз» деп мәлім­де­уі­мен бір­ге, қар­жы­гер-маман Іли­яс Иса­ев­тың: «Қаңтар­дың 1 жұл­ды­зы­нан бастап, Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ іске қосы­ла­ды. Ал оның арты­қ­шы­лы­ғы неде? Оның басты арты­қ­шы­лы­ғы – бүгін­гі таң­да күн сай­ын құбы­лып тұрған дол­лар баға­мы­нан аузы әбден күй­іп, қат­ты зардап шек­кен мем­ле­кет­тер­ге мәсе­ле шеші­мін ұсы­на­тын­ды­ғын­да», – деп көп өтірік­ті көсіп-көсіп айтқа­ны көп­тің күді­гін көп­ке дей­ін сей­іл­те алмағандай.

Сон­да дүниенің қан тамы­рын­да донор болып, қан­ша­лаған тарих­тан тасы өрге дома­лаған дол­лар­ды Қой жылын­да жылы орны­нан жылы­ста­ту – бүгін­гі біздің бүге­жек билік­ке ғана бұй­ы­рған несі­бе ме?! Сол жаңағы Иса­ев тағы: «…Енді алды­мы­зда үлкен бір мүм­кін­дік туып тұр. Бұл – Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақтың әле­уеті», – дей­ді (бүге­жек екеніне дай­ын даты­мыз да жоқ емес – Қ.Қ.).

Мұн­дай­да бәз біре­улер «бәре­кел­ді­ден» бәлен­ше­сін айтып, бас шұлғы­сар, бар­мақ көте­рер. Несі бар, көтер­сін дей­міз! Көтер­ме­се, буы бұрқы­раған демо­кра­ти­я­мыз қай­да? Біз де біл­гені­мізді бүк­пей айталық!

Әуел­де үш елдің (Ресей, Бела­русь, Қаза­қстан) ошақтың үш бұты­на ұқсап одақ құруға ниет­тен­гені былай­ғы елдің біраз маза­сын қашы­рған еді. Ортаға ортақ қазан асып, ортақ құй­қа салып, ортақ бөліп, ортақ жеу дей­сіз бе, қой­шы, әйте­уір қап­таған қалың «ортақ» бәтуәтұғын. Сол тұста сен­бе­сек те, сен­ген кей­іп таны­тқан едік…

Ал бүгін ше? Путин билі­гі былқыл­даған эко­но­ми­ка­сы­мен, рең-басы қал­маған руб­лі­мен, санк­ци­ядан сарқы­лған, көте­рем ком­па­ни­я­сы­мен сол «қазан­ды» төк­пей-шашпай көте­рем дей­ді. Бәл­кім, көте­рер-көтер­мес. Оның бер жағын­да көте­ру үшін де көп-көп әл керек деген­дей. «От.от.от», осы ара­да манағы біздің билік­ке бұй­ы­рған «несі­бенің» мән-мағы­на­сы ашы­ла түседі.

Яки, көк қағаз­дың ЕАЭО-ға бай­ланған елдер­де жолын кесу – Жол­ды­бай үкі­метінің кезек­ті «кере­мет» пәр­мені. Нақты­рақ айтқан­да, Мәс­ке­удің біздің қол­мен от көсе­уі. Оның айқын дәлелі – осы­дан аз күн бұрын Бело­рус­сия пре­зи­ден­ті Лука­шен­ко Ресей­ге тағы «қисық мінез» таныт­ты: сол арқы­лы өз билі­гіне осы одақ аясын­дағы алыс-беріс ата­улы­ны АҚШ валю­та­сы­мен іске асы­ру­ды тап­сы­рған бола­тын. Оның үстіне: «Ресей­ге қарап сиы­на­тын жағ­дай жоқ» деп, өз ұста­ны­мын ашық айтқан еді.

Бұл рет­те Бела­русь пре­зи­ден­тінің де «Қисай­ған жағы­на қисая түсуі» – оп-орын­ды. Неге дей­сіз ғой? Дәп-дай­ын «Дай­ра­бай­дың көк сиы­ры» бұл ара­да сөз болып па?! Әсілін­де, даудың басы Ресей бас­шы­сы­ның Бело­рус­сия еліне салған санк­ци­я­сы­нан басталған. Сон­да ғой әлгі Алек­сандр Лука­шен­ко­ның: «Егер Ресей тау­а­ры қауіп­сіз бе, әлде Бело­рус­сия тау­а­ры қауіп­сіз бе деген сұрақ туын­да­са, ол Бела­русь халқы­ның ғана емес, ресей­лік­тер­дің де күл­кісін кел­тіре­рі анық. Маған рен­жі­месін, бірақ Ресей тау­ар қауіп­сізді­гі бой­ын­ша Бело­рус­си­ядан жар­ты ғасы­рға арт­та қалған», – деп шамы­рқа­на үн қатқаны.

Біз бұны не үшін айта­мыз? Себебі Ресей­мен Еуро­одақтың ара­сын тау­ар айна­лы­мы бой­ын­ша қам­та­ма­сыз етіп кел­ген Бело­рус­сия үкі­меті үшін дол­лар­дан бас тар­ту – Еуро­одақтың май­лы жам­ба­сы­нан бас тар­тқан­мен бір­дей. Сол үшін де бұл жолы да Лука­шен­ко Путин­нің тілін алмауға тіп­тен қақылытын.

Біздің билік ше? Судан мұнай­ға дей­ін үнем­де­удің тәсілін үйре­ту­мен әбі­гер боп жүр­ген сәтін­де сәл-пәл ерсі бол­са да, Ресей­дің жылы қабағын айныт­пай, айтқа­нын екі етпей орын­да­уға мүд­делі. Яғни, ел сауда-сат­ты­ғы­нан дол­лар­ды шет­те­ту­ге кел­ген­де түйт­кіл түгел шешіліп-ақ тұр. Оған манағы Назар­ба­ев­тың бір-ақ сөзі куә бола­тын­дай (өткен жылы нұро­тан­дық Бауы­р­жан Бай­бек бір шелек судың өзін үш рет қол­да­нуға бола­ты­нын айт­са, биы­лғы жылы ЭМ бас­шы­сы Школь­ник бен­зин үнем­деу үшін, мін­гесіп жүру керекті­гін айтқан еді – Қ.Қ.).

P.S.: Алда-жал­да біздің билік­тің бұл шеші­мі біз болжаған­дай сабан ақша – рубль ұстаған Ресей­дің мүд­десіне негіз­дел­се, онда Мой­ы­нқұм­да мой­ы­ны ырғай­дай болып, мал баққан қаза­қтың айтқа­нын айдай ақиқатқа айнал­ды­рға­ны: сол қазақ айта­ды ғой: «Олай сүй­ре, бұлай сүй­ре! Қаза­қта қаза­қтың игілі­гі үшін мал­дан басқа айыр­бас көріп тұрғам жоқ», – деп. Орайы кел­ген­де ұқсап бағып біз де айт­тық: «Олай сүй­ре, бұлай сүй­ре! Әзір­ге өтірік­тен басқа айыр­бас көріп тұрғам жоқ», – деп…

Қозы­бай ҚҰРМАН,

«

 

 

Республиканский еженедельник онлайн