Пятница , 4 июля 2025

БҰЛ «ОЗБЫРЛЫҚТЫҢ» АРТЫНДА КІМ ТҰР?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №18 (430) от 10 мая 2018 г.

 


Қас­ке­лең­де­гі «Үш қоңыр» авто­бе­кеті жанын­да Таш­кент –Алма­ты авто­жо­лын­да жеке әске­ри бекет­тің жұмыс істеу фак­тісі бой­ын­ша қыл­мыстық іс қозғал­ды, деп ҚР ІІМ-нің Мем­ле­кет­тік тіл және ақпа­рат депар­та­мен­тіне сіл­те­ме жасап Қаз­ТАГ хабарлады.

 

 

«Қазір­гі уақыт­та аталған фак­ті бой­ын­ша Алма­ты облы­сы ІІД Қара­сай аудан­дық ІІБ ҚР Қыл­мыстық кодексінің 389‑б., 3‑т. (озбыр­лық) бой­ын­ша қыл­мыстық іс қозға­ды», – деп хабар­ла­ды Ішкі істер мини­стр­лі­гі Қаз­ТАГ жол­даған сау­алға орай бер­ген жауабында.

Биы­лғы жыл­дың сәуір айын­да өткен бас­пасөз мәс­ли­ха­тын­да Кәсіп­кер­лер мен мен­шік иелерінің құқы­ғын қорғау одағы­ның пре­зи­ден­ті Васи­лий Рез­ван әлдебір лау­а­зым­ды­ның жол бой­ы­на әске­ри пост қою жөнін­де­гі іс-әре­кет­тері заң­сыз екен­ді­гін атаған еді. «Бүгін­гі күні постың заң­сыз жұмысы тоқта­тыл­ды, – деді одақ пре­зи­ден­ті. – Біз облы­стың ІІД-де мәлім­де­ме жаса­дық, қазір ІІМ-не жола­у­шы тасы­мал­да­у­шы­лар жібер­ген бар­лық шағым хат­тар­мен жұмыс істей­тін жедел тер­геу тобы құрыл­ды, шағым жазған жүр­гі­зу­шілер­мен сұх­бат жүргізілуде».

Деген­мен, В.Резван заң­сыз посты­ның қыз­мет­кер­лері өздерінің заң­сыз әре­кет­терін басқа жол­мен жалға­сты­рып жатқа­нын айт­ты. Заң­сыз қой­ы­лған «Үш қоныр» бекетінің күзет­шілері Таш­кент – Алма­ты күре жолы­ның бой­ын­да Алма­ты­ға кел­ген авто­бу­стар­дың қай­да тоқтаға­нын видео­ка­ме­ра­мен жаб­ды­қталған квад­ро­ко­птер­мен бақы­лап, авто­бу­стар­дың нөмір­лерін жазып алып, авто­бус жүр­гі­зу­шілерін қыспаққа алып, кек қай­та­рып жатқан көрінеді.

Қыл­мыстық іс қозғал­са да, заң­сыз бекет­тің жұмысын жалға­сты­руға пәр­мен бер­ген мықты лау­а­зым иесі кім? Біз Қаз­ТАГ таратқан жоға­ры­дағы хабар бой­ын­ша жур­на­ли­стік тек­се­ру жүр­гі­зу бары­сын­да, бұл дөкей ҚР пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың інісі – Болат Назар­ба­ев екенін аны­қта­дық. Бұдан бір­не­ше жыл бұрын халы­қа­ра­лық авто­бе­кет ретін­де салы­нып, жұмысы тоқтап қалған «Үш қоңыр» бекетіне «жан біті­ру» үшін, пре­зи­дент­тің туған інісі Қас­ке­лең аудан­дық ІІД-іне ұзақ қашы­қты­ққа жүретін авто­бу­стар­ды Алма­ты­ға жет­кіз­бей, өзінің жеке мен­шік бекетіне қарай бұру жөнін­де әпер­бақан­дық әре­кет­пен бұй­рық бер­ген екен. «Біз пре­зи­дент­тің інісі бұй­ы­рған әре­кет­ке еріксіз барып отыр­мыз, оған қар­сы келетін ама­лы­мыз бол­ма­ды», – дей­ді аты-жөнін ата­уды құп көр­ме­ген поли­ция офицері.

Васи­лий Рез­ван бастаған құқық қорға­у­шы­лар көтер­ген мәсе­ле­ден кей­ін, Таш­кент – Алма­ты тас жолы бой­ы­мен жүретін авто­бу­стар арнайы поли­цей­лік кон­вой­мен қам­та­ма­сыз етіл­се де, заң­сыз әре­кет әлі де жалға­сып жатқан көрі­неді. Тіп­ті бұл заң­сыздық тура­лы ҚР пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың өзіне де, ҚР пар­ла­мен­ті депу­тат­та­ры­на дей­ін мәлім бол­са да, авто­бу­стар­ды «Үш қоңыр» бекетіне бұрғы­зу әре­кеті әлі де тый­ыл­маған екен.

«Ал заң қай­да қала­ды? Оның үстіне бұл озбыр­лық жөнін­де қыл­мыстық іс қозғал­ды емес пе, заң­сыз әре­кет неге жалға­сып жатыр?» – деген сау­алға: «Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев – алы­ста, ал Болат Назар­ба­ев – дәл қасы­мы­зда жүр, сон­ды­қтан біз ол кісінің айтқа­ны­нан шыға алмай­мыз», – дей­ді офи­цер. Біздің жур­на­ли­стік тек­се­ру аны­қтаған­дай, заң­сыз қой­ы­лған посты­ның әске­ри қыз­мет­шілері авто­бу­стар­дан жола­у­шы­лар­ды түсіріп тастап, жүр­гі­зу­шілер­ден алым жинай­ды екен. Егер жүр­гі­зу­ші алым төле­се – авто­бус Алма­ты­ға жіберіледі, төле­ме­се – «Үш қоңыр» бекетіне бұры­луға мәж­бүр бола­ды. Ал Алма­ты­дан 30 шақы­рым жер­де түсіп қалуға мәж­бүр болған жола­у­шы­лар жүк­терін арқа­лап, так­си жал­дап неме­се Қас­ке­лең мен Ұзы­нағаш жақтан келе жатқан авто­бу­старға арты­лып, қалаға өз бет­тері­мен жету­леріне тура келеді.

«Бұл Назар­ба­ев­та той­ым бола ма, жоқ па?! – дей­ді жол бой­ын­да Алма­ты­ға жету­ге көлік күтіп тұрған жола­у­шы­лар­дың бірі. – Ием­ден­бе­ген мен­ші­гі қал­ма­ды, енді өздері де ілде­бай­лап, әрең жүр­ген авто­бус жүр­гі­зу­шілеріне салық салу – озбыр­лы­қтың көкесі ғой! Бұған тый­ым сала­тын лау­а­зым­гер бар ма, жоқ па?!».

«Негізі, авто­бус жүр­гі­зу­шілері Назар­ба­ев­тың жан­дай­шап­та­ры­на төлей­тін салы­қты біз­дер­ден – жола­у­шы­лар­дан жинап ала­ды. Қалаға тақап қалған­да, жүр­гі­зу­шілер бұл жағ­дай­ды ескер­тіп, әркім­нен ақша жинай­ды. Біз бер­медік, сөй­тіп авто­бу­стан түсіп қалуға тура кел­ді», – дей­ді тағы бір жолаушы.

Біздің газет бұл озбыр­лық әре­кет­ті бақы­ла­у­ға алға­нын хабар­лай­мыз. Себебі бұл елге ата­у­сыз қожай­ын болған Болат Назар­ба­ев­тың әпер­бақан­ды­ғы мұны­мен тоқтай­ды деген сенім жоқ. Егер осы жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты деректеріңіз бол­са, редак­ци­яға хабар­ла­уды сұрай­мыз (тел. 282−72−30. Элек­трон­ды пошта: [email protected]).

 

Сырым ДАТОВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн