Суббота , 12 июля 2025

БҰЛ СОҒЫСҚАЗАҚ ҮШІН ҚАЙ СОҒЫС?

Қазір әлем­нің көп­те­ген елдері Екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­сқа деген ұлт­тық көзқа­ра­сын қай­та қара­уда. Бұл про­цесс бүгін басталған жоқ, КСРО құлаға­лы жалға­сып келе жатқан үрдіс. Жасы­рын емес, Екін­ші дүни­е­жүзілік соғыс Кеңе­стік Ресей­дің ең мықты идео­ло­ги­я­лық құрал­да­ры­ның бірі және біре­гейі болған. Дәл сол КСРО-ның қамы­ты­нан құты­лған елдер ең бірін­ші болып Екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­сқа қай­та баға бере бастады.

 

БАҚ бет­терін­де әлсін-әлсін көтеріл­ге­німен, бұл мәсе­ле қазақ қоға­мы ішін­де шын­дап талқы­ланған емес. Бірақ дәл қазір соның уақы­ты кел­ген сияқты. Күн санап өршіп бара жатқан Ресей­дің ақпа­рат­тық ықпа­лы бүгін Екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­сты өзінің идеоло­гиялық құра­лы ретін­де пай­да­ла­ну­ды қай­та­дан күшей­тіп келеді. Аталған соғыс аясын­да көр­ші елде жүз­де­ген фильм­дер түсіріліп, іс жүзін­де бұл соғы­сқа қай­та баға беріл­ді. Нәти­же­сін­де Екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­стың басты қаһар­манына орыс хал­қы айнал­ды. Егер КСРО зама­нын­да Ұлы Отан со­ғысы ұлт­тар досты­ғын нығай­ту­шы күш бол­са, қазір Ресей­де орыс ұлтын ұлық­тайтын құралға айнал­ды. Себебі түсіріл­ген фильм­дердің 99%-нда тек орыс ұлты­ның өкілі тү­сіріліп, соның ғана ерлі­гі дәріптеледі.

Әрине, бұл Ресей­дің ішкі сая­са­ты және біздің оған қаты­сы­мыз жоқ. Бірақ егер қа­тысымыз жоқ бол­са, неге біз Екін­ші дүниежүзі­лік соғы­сқа Ресей­мен үндес баға беру керек­піз?! Тіп­ті әйгілі 28-пан­фи­лов­шы­лар­дың ерлі­гін жоққа шыға­руға тыры­сып баққан көр­шінің көзқа­ра­сы неге біз­ге ортақ.

Қазір Тәу­ел­сіз Қаза­қстан Екін­ші дүниежү­зілік соғы­сты идео­ло­ги­я­лық құрал ретін­де жастар тәр­би­есін­де пай­да­лан­бай­ды. Бірақ әрбір жыл­дың 9 мамыр күні біздің елдің бас­шы­сы Мәс­ке­удің парады­на қаты­суға мін­детті секіл­ді. Бұл да бол­са Ресей­дің импе­риялық саясаты­ның бір көрінісі.

Тарихқа үңіл­сек, Бірін­ші дүни­е­жүзілік со­ғысқа қалың қазақ Ресей жағын­да қатыс­паймыз деп көтеріліс­ке шыққан екен. Сал­да­ры­нан қазақ 100 мың­дап қырыл­ды. Кей­ін КСРО құ­ра­мында болып, 1917–1921 жылғы қырғын­да 1,5 млн, 1928–1933 жылғы ашар­шы­лықта мөл­шер­мен 40%–60%, 1937–38 жылғы зоба­­лаңда 100 мыңға жуық халқы­нан айы­рылған қазақ содан кей­ін­гі Екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­сқа «отан қорғай­мын» деп, өлең айтып қаты­сты деген өтірік болар.

Жан басы­на шаққан­да, Екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­ста ең көп қырғы­нға ұшыраған­дардың қата­рын­дағы болған қазақ халқы, әрине, бұл соғы­сты ешқа­шан ұмыт­пай­ды. Мың­даған қа­зақ батыр­ла­ры көр­сет­кен ерен ерлік ешқа­шан ұмытыл­майды және қаза­қтың жүре­гін­де мәң­гіге қал­мақ. Кеше­гі Бәу­ке батыр, Талғат батыр, Алия мен Мән­шүк апа­ла­ры­мы­здың қазақ деп соққан жүре­гі, еткен еңбек­тері қазақ ара­сын­да мың жыл­дан кей­ін де дәріп­те­луі тиіс. Бірақ ол Ре­сейдің сая­са­ты­мен емес, қаза­қтың жеке ұлт­тық көзқа­рас пен мүд­десі турасында.

Тәу­ел­сіз Қаза­қстан әлем­дік сая­сат­тың тең құқы­лы қаты­су­шы ретін­де Екін­ші дүние­жүзілік соғы­сқа өзін­дік баға беріп, ұлт­тық мүд­де тұр­ғысынан оның тарихын қай­та қа­рай­тын уақыт кел­ді. Ресей­мен тіп­ті алы­стан сыйласу­дың өзі қауіп­ті болып тұрған заман­да, оны­мен үндес идео­ло­ги­я­лық көзқа­рас ұста­ну енді қаза­қтың мүд­десіне қайшы.

«Бола­шақ» Рес­пуб­ли­ка­лық жастар қозға­лы­сы­ның бас­пасөз қызметі

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн