Понедельник , 7 июля 2025

БҚО БҰҚАРАСЫ электр бағасына қарық болады

Батыс Қаза­қстан облы­сын­да электр энер­ги­я­сы­ның саты­ла­тын орта­ша тари­фі 1 қаңтар­дан бастап 14,2%-ға көтеріл­ді, деп хабар­ла­ды облы­стық табиғи моно­по­ли­я­лар­ды рет­теу депар­та­мен­ті­нен. «Жаңа жыл­дан бастап халық үшін электр энер­ги­я­сын орта­ша сату баға­сы кВт/сағатқа бұры­нғы 8,04 тең­генің орны­на 9,18 тең­гені құра­ды, бұл мәлі­мет­тер ҚҚС-ты еске­ре беріліп отыр», – деді ТМРД жетек­шісі Уәли­хан Разов.

Бұрын хабар­ланған­дай, 2014 жылғы қара­ша­да «Баты­с­энер­го­ре­сур­сы» ЖШС тариф­ті 21,6%-ға көте­ру тура­лы өтініш бер­ген. «Баға­ның көтерілуі сатып алу және тасы­мал­дау құны­ның артуы­мен түсін­діріледі. Себебі электр энер­ги­я­сын тасы­мал­дау жөнін­де­гі «Зап-Каз РЭК» АҚ қыз­меті тариф­тің үштен бір бөлі­гін алып оты­руы себеп­ті біз де сату баға­сын көте­ру­ге мәж­бүр­міз», – деді бұрын «Баты­с­энер­го­ре­сур­сы» бас дирек­то­ры Сне­жан­на Има­ше­ва. Осы­лай­ша тұты­ну көле­міне қарай сара­ланған тариф­тер көтеріл­ді. Мыса­лы, айы­на 70 кВт/сағаттан аз тұты­на­тын­дар, кВт/сағатына Т8,71 төлей­ді (бұрын­да­ры Т7,74 төлей­тін), 70-тен 120 кВт/сағат үшін – Т11,02 (бұрын­да­ры – Т9,65), ал 120 кВт/сағаттан артық тұты­на­тын­дар үшін тариф Т13,78 (бұрын­да­ры – Т12,06) болған.

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн