Воскресенье , 6 июля 2025

БҰРЫНҒЫ «атқамінерлер» ҚАЙДА

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №15 (286) от 16 апре­ля 2015 г.

 

Тура­би тұғыры

 

Думан Бықай:

Біраз бұрын әлгі «Зона» жаңа бағ­дар­ла­ма ашты. «О чем гово­рят каза­хи?» деп атап­ты. Жоба жақ­сы-ақ. Әй, бірақ… ата­уы жаман атаңа нәлеттің.

Жоба­ның жетек­шісі Игорь Хен­нің кім екенін біл­мей­міз, бірақ ол осы елдің қожа­сы, осы елдің иесі іспет­ті. Біз бол­сақ отар­шыл­дар қырып-жой­ған Аме­ри­ка­дағы аз ғана үндіс пен Австра­ли­ядағы або­ри­ген сияқты­мыз. «Әй, бұлар не деп жатыр? Тың­дай салай­ы­қ­шы осы. Не шати­ды екен…» дей­тін­дей. Негізі бұл сау­ал­ды әлгі Хен­ге мына біз қой­сақ, жара­сар ма еді? «О чем гово­рят корей­цы? Как им живет­ся в Казах­стане?». Жал­пы, кәріс­ке ғана емес, оры­сқа да сон­дай сау­ал қой­сақ заң­ды. Себебі бұл жер­дің қожа­сы – қазақ. Асы­лы, біздің не деп жатқа­ны­мы­зды әлгі Хен біз айт­пай-ақ білуі тиіс еді. Бірақ ол тіл біл­мей­ді ғой.

 

Аман­гел­ді Керімтаев:

Таба­ны­на қара жер­дің қыр­ты­сын тигіз­бе­у­ге тал­пы­нған, тек­тілі­гі тәкап­пар жалғыз жұрт бұл фәни­де қазақ екені дау­сыз. Қаза­қтың сор­лы­сы­ның тақы­мын­да кем деген­де бір «көк шолағы» болған. Қой­шы­сы қой торы­сын мін­ді. Диха­ны кер тұғы­ры­на бұт арт­ты. Кісілік ат жалын тар­тып міну­мен өлшен­ді. Қатар­дан озып, соңы­нан ел-жұр­тын ерте алған қазақ «Атқа­мі­нер» атан­ды. Олар әле­умет­ті пара­сат­ты іске жұмыл­дыр­ды. Сон­ды­қтан атқа­мі­нер­лер халық ара­сын­да үлкен бедел-құр­мет­ке ие бол­ды. Уақыт өте келе, «атқа­мі­нер» ұғы­мы жағым­сыз реңк ала баста­ды. Қазір тұтас қара түс­ке боя­нып алды. Өкінішті-ақ!!!

 

Асыл­хан Мамашұлы:

Фото-Асылхан мамашұлыҚаза­қстан­ның бүкіл құпи­я­сын білетін Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетінің төраға­сы, пре­зи­дент күзеті бас­шы­сы­ның шетел сотын­да кісен­де­улі оты­рға­ны, қалай болған­да да, өте қолай­сыз көрініс қой. Мәсе­лен, басқа бір елдің дәл сон­дай лау­а­зым­ды қыз­мет­керінің Қаза­қстан­да тер­ге­у­ге алы­нып жатқа­нын еш еле­с­те­те алмай­ды екем. Оты­рған­дар – Рахат Әли­ев­тің көмек­шісі Кош­ляк. Айда­ры­нан жел ескен, түкірі­гі жер­ге түс­пе­ген Әлнұр Мұса­ев­ты айтам да: Құдай екінің біріне бұй­ыр­май­тын бақ, ат пен тақ бер­ді. Енді­гі оты­рыс мынау: таба­ла­май­мын, жаным да ашымайды.

Әлі есім­де, «Қаза­қстан» ұлт­тық энцик­ло­пе­ди­я­сы­ның 5‑томына Қаза­қстан­ның бұры­нғы пре­мьер-мини­стрі ретін­де Әке­жан Қажы­гел­дин тура­лы ғұмыр­на­ма­лық мақа­ла кіруі керек бола­тын. Кіріп те кет­кен. Жеме-жем­ге кел­ген­де, бас редак­тор Әбді­мәлік Нысан­ба­ев «пре­зи­ден­ті­міздің сая­са­ты­на қар­сы адам» деп алдыр­тып таста­ды. Энцик­ло­пе­дия сая­са­ты аздау, ғылы­ми деректері көп­теу жинақ қой – сон­да да шығып қал­ды. Ара­да бір жыл­дан кей­ін 6‑томға қаза­қтан шыққан гене­рал­дар кри­те­рийі бой­ын­ша Әлнұр Мұса­ев кір­ді. Ол кез­де гене­рал­дар аз. Сөй­тіп «әске­ри қай­рат­кер, қол­бас­шы» Әлнұр Мұса­ев суреті­мен жарқы­рап шықты. 1998 жылы шыққан І‑томда марқұм Мұқтар Әли­ев те тұр.

Енді бір 100 жыл­дан кей­ін зерт­те­ушілер әуелі мақтап, арты­нан боқтай­тын, әдеп­кі батыр дегені кей­ін сатқын бола­тын, жел­ді күн­гі қамыстай олай да, былай да жапы­ры­ла беретін неғы­лған қоғам орнатқан бұлар дей­тін шығар.

 

Нұр­серік Мұрат:

Баяғы­да бір ауыл­дың әкі­мі қара­мағын­дағы жас жігіт­ті қуда­лап, жұмыстан шыға­рып жібер­се керек. Кей­інірек, жыл­дар өтіп, әлгі қуда­ла­нып кет­кен жігіт ауданға әкім болып кеп­ті дей­ді. Баяғы «әңгі­ме» ұмы­тыл­маған. Ауыл­дың әкі­мін жина­лы­сқа шақы­рып, табаға салып шыжғыр­са керек. Жина­лы­стан тері шүмек­теп шыққан әлгі әкім бір ауыл­дың тұсын­да ойнап жүр­ген бала-шаға­ны көріп, шопы­ры­на тоқта­шы деп­ті. Сосын көлік­тен түсе салып, бала­лар­дың әрқай­сы­на барып, «асса­ла­у­маға­лей­кум» деп, қос қол­дап аман­да­сып шығып­ты да, көлі­гіне оты­рып­ты. Шопы­ры аң-таң, не бол­ды демей ме?! Сөйт­се әкім көкесі, «е‑е, ертең қай­сысы ауданға әкім болып келетінін қай­дан білесің?!» дей­тін көрі­неді терін сүртіп.

Артым таққа тиді екен деп, шалқақта­мау керек. Бүгін бала-шаға деген­мен… Өмір алма-кезек.

 

Жұл­дыз Әбділда:

Біз биз­нес деген­де, тезірек көп ақша тауып, бай­ып кетуді ойлай­тын сияқты­мыз. Бәрі­міз бол­ма­сақ та, көп­шілі­гі­міз солай. Сосын, егер биз­нес бас­та­сақ, алды­мен мін­дет­ті түр­де «Камри» не «Пра­до» мініп алуы­мыз керек, үйі­мізді кеңей­ту де «парыз», қым­бат киім, асыл бұй­ым, соны­мен ақы­рын­да биз­несі­мізді жүр­гізу­ге тиы­ны­мыз қал­май қала­ды. Ал фин­дер­дің биз­неске қаты­сты түсіні­гі маған қат­ты ұнаған еді. Олар биз­не­сті ата­дан балаға мұра болып қала­тын отба­сы­лық табыс көзі ретін­де қарас­ты­ра­ды екен. Сон­ды­қтан «Тикку­ри­ла» боя­у­ла­ры­ның 150 жыл­дан бері нары­қтан түс­пей келе жатқа­ны­на аса қат­ты таңғал­ма­дық. Мыса­лы, көп­шілі­гі­міз пай­да­ла­нып жүр­ген «Ноки­ан Тай­ерс» доңға­лақта­ры да, жүз­де­ген жыл­дан бері шыға­ры­лып келе жатқан бұй­ым. Баста­пқы­да резең­ке гало­штар шығарған, бір­те-бір­те кеңей­тіп, осы күні, қате­ле­с­пе­сем, мил­ли­он жұп доңға­лақ шыға­ра­ды. Біз­де қалай?

 

Ахмет­бек Нұрсила:

Ел алдын­да бет­ке неге айта алмай­тын болған­быз? Неге жалтақтаймыз?

Менің жеке­ме жазған кей жаз­ба­лар­ды көп­тің наза­ры­на шыға­ра сала­мын кей­де. Әрине, ол жер­де жеке адам­ның басы­ның құпи­я­сы бол­ма­са, ел ұятқа қала­тын­дай сөз­дер болмаса.

Ал «Бас кеспек бол­са да, тіл кеспек жоқ» деп, ханға да қасқай­ып қарап шын­ды­қты бет­ке айта­тын өжет халы­қтың ұрпағы едік қой! Неге күл­бе­ле­те бере­міз? Неге жасық болып қалғанбыз?

Ойла­ры­ң­ды ашық айтып үйренің­дер деп айтқым келеді жастарға. Бар­лық адам­ның ойы, пікірі бір жер­ден шығуы мүм­кін емес қой… Басқа адам­дар­дың ой-пікірі­мен келіс­пе­сеңіз – оны ашық айты­ңыз. Бірақ сынаған­ның жөні осы екен деп, «Жап­тым – жала, жақтым – күйе» емес, сын дәлел­ді бол­сын. Және де сынаған екен­сің, өзің дұрыс жолын көр­сет. «Мен бол­сам былай істер едім, былай айтар едім, мына жерінің орны­на мынан­дай нәр­се істеу керек еді» дегендей.

Сын түзел­мей, мін түзелмейді!

(Пікір­лер интер­нет­тің әле­умет­тік желілері­нен nалынды)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн