Суббота , 12 июля 2025

Бүтін қазақ оянып кетпесін деп, БІЗДІҢ БИЛІК ҰЙҚЫСЫЗ ЖҮР

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №14 (285) от 09 апре­ля 2015 г.

Ойдан-қыр­дан

Толғам

 

Бұл тура­лы ой біз­ге Әділ­хан Ержа­но­втың Халы­қа­ра­лық Канн фести­валі­нен жүл­де алған бір филь­міне жолы­ққан­да туған еді. Содан ғой – тап осы­дан екі апта бұрын газеті­міз­де «Канн бол­ма­са, Әділ­ханды біл­мей кете­ді екен­біз» деп, көп­ке бей­мәлім қаза­қстан­дық кино­ре­жис­сер Әділ­хан Ержа­нов тура­лы аз-маз «сүй­кей» салға­ны­мыз бар еді. Енді сол ойды тара­тып айту­дың реті кел­ген сияқты.

 

Айт­пақ­шы, осы жігіт­тің «Үкілі Кәм­шат» филь­мін көр­ген адам бар ма? Жоқ! (Аста­на­дағы әуел­гі өткен пресс-көр­сетілі­міне қаты­сқан аз қаза­қты қос­паған­да.) Неге дей­сіз ғой? Халы­қа­ра­лық Канн кино­фе­сти­валін­де аталған фильм «Кан­ның жаңа­лы­ғы» болға­нын қай­дам, біздің елде осы кино­туын­ды­ның аяғы­на «шебер­лер» қолы­мен шешіл­мес кісен салы­нған деседі.

Тіп­ті бұл фильм­ді арнайы көр­сетілім­де көр­ген «зия­лы­лар­дың» бірі үрке қарап: «Сіздің ұлты­ңы­зға жаны­ңыз ашы­май­ды, қаза­қты ман­сұқтап жатыр­сыз, сатқын­сыз!» – десе, енді біре­улері: «Бұлай өзге­ше ойла­у­ға кім сіз­ге рұқ­сат бер­ді?!» – деп, сөздің зілін сездір­ген көрі­неді. Өкініш­ке орай, біз­де­гі көде­дей көп зия­лы­сы­мақтар­дың сиық-сық­пы­ты әзір­ге осы болып тұрғанға ұқсай­ды (әрине, көп­ке топы­рақ шашу­дан әсте аулақпыз)!

Сон­да бұл фильм бұларға несі­мен жақпады?

Гәп мына­да екен: фильм­нің фабу­ла­сы бой­ын­ша, жетім қалған үш ағай­ын­ды қала­дан көшіп келеді. Онда да ауыл­ды сағы­нға­ны­нан емес: қала­да жан баға алмай, ауыл­дағы ата-ана­дан мұраға қалған ескі үйлеріне оралған. Қол­да­рын­да заң­ды құжат­та­ры бар – заң­ды иесі осы­лар. Бірақ олар мұн­да тұра алмай­ды. Аны­ғы – жер­гілік­ті ауыл­дық әділет­сіздік тұрғы­з­бай­ды. Қилы-қилы, қым-қуыт, шым-шыты­рық жымысқы әре­кет­тер үш жетім­нің жолын кесе берген…

Ал фильм­нің алып шыққан иде­я­сы жай­лы айт­сақ, төбе құй­қаң шымыр­лап, тіксініп қала­сың: қазір­гі қазақ қоға­мын­да қала тұрып­ты, ауыл­дан да адам­гер­шілік қаси­ет­тің ауып кет­кені айты­лып, ауыл­дың азып-тозған бей­несі сурет­тел­ген. Тіп­тен сот орны­ның өзін­де әділ­дік төбесін көр­сет­пей­тін, жер­гілік­ті әмір­шіл-жем­шіл билік­тің бүгін­гі кей­іп-кес­пірі мен мем­ле­кет­тік тұтас жүй­енің былы­ғын бетіне былш еткізген.

Енді осы­дан соң Әділ­хан еңбе­гі ескеріл­сін, бай­тақ Қаза­қстанға «Үкілі Кәм­шат» филь­мі тарап көр­сін?! Алда-жал­да тарап кет­се, тұтас қазақ қоға­мы­ның төбесі­нен ақиқат­тың ұртоқ­пағы тоңқ етті дей беріңіз! Ал ондай бол­са, қазақ ояна­ды деген сөз! Мұн­дай шын­ды­қ­пен бет­пе-бет келу – билік­ті қой­шы, қазақ қоға­мы үшін де сон­дай «қай­ғы­лы һәм қасірет­ті» болып тұр… Қаза­қты оятып алмай­ын деп, біздің билік­тің ұйқы­сыз жүр­гені – содан.

Қозы­бай ҚҰРМАН,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн