Суббота , 5 июля 2025

Бағым МҰХИТДЕНОВА: Түсінбеймін – адам қатыгездікке ҚАЛАЙ ҒАНА ТАП БОЛАДЫ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №41 (358) от 10 нояб­ря 2016 г.

 

Бей­сен­бі­де­гі бетпе-бет

 


 

 

Шоу-биз­не­сте музы­ка­лық про­дю­сер деген кәсіп иелері кей­ін­гі кез­дері кеңі­нен таны­ла баста­ды. Солар­дың ара­сын­дағы біре­гейі Бағым Мұхит­де­но­ва ханым біздің бей­сен­білік жүз­де­су­де тек музы­ка төңіре­гін­де ғана емес, өзінің әпкесі, әрі өнер­де­гі әріп­тесі болып келе жатқан Баян Мақ­сатқы­зы­ның тағ­ды­ры­на қаты­сты соңғы жәйт­тер­ді де тіл­ге тиек ете кет­кен еді.

 

− Бағым ханым, сіздің әпкеңіз Баян­ның басы­нан өткен жағ­дай Қаза­қстан­да көп­шілік­ті бей-жай қал­ды­ра алма­ды. Мұн­дай­дан кей­ін ой-сана­ны жинақтау оңай бол­ма­са керек. Бұл стрес­стен қан­ша­лы­қты құты­ла алдыңыздар?

− Шыны керек, есі­мізді жинай алмай келе­міз. Баян әлі де стрес­сте жүр. Дәл қазір ол қан­ша­лы­қты қинал­са да, ары қарай өмір сүру­ге тыры­сып бағу­да. Жал­пы, мұн­дай жағ­дай­ды біздің елде көп­те­ген әйел­дер басы­нан өтке­ру­де. Бірақ олар­дың дені таны­мал тұлға бол­маған­нан кей­ін, қоға­мға білін­бей­ді. Қал­та­ры­стағы тағ­дыр­ларға ешкім жана­шыр­лық таныт­пай­ды. Содан мұн­дай кері құбы­лы­стар қоға­мға ашық бай­қал­май жатыр.

Бірақ кей­бір адам­дар­дың осын­дай қиын сәт­те әле­умет­тік желілер­де «сау­ап бол­ды, саған сол керек» деген сөз­дерін оқы­ған­да, төбе шашың тік тұра­ды. Оны Баян да көр­ді, түр­лі жаз­ба­лар­ды оқып жүр. Оның жүй­кесі темір емес қой: өздері секіл­ді ет пен тері­ден жара­ты­лған адам. Осын­дай қатыг­ездік таны­туға бола ма? Қат­ты таң­да­на­мын! Тіп­тен менің де инста-парақ­ша­ма сон­дай ауыр сөз­дер жаза­ды. Баста­пқы кез­де оған мән бер­ме­ген­дей болға­ным­мен, қазір шыда­мым тау­сыл­ды. Желі қол­да­ну­шы­лар қан­дай сөз жаз­са, кей­ін­гі кез­де мен де өздеріне солай жау­ап қай­та­ра­тын бол­дым. «Сіз­ге соны тілей­мін!» деп жазуға айнал­дым. Түсі­не­мін, бұлай істе­ген дұрыс емес. Басқа амал қал­ма­ды, ақы­рын айтқан­ды түсін­бей­ді. Олар­дың сурет­теріне қара­саң, бала­ла­ры, отба­сы бар әйел­дер. Адам бала­сы сон­дай қатыг­ездік­ке қалай ғана тап бола­ды екен?!

− Деген­мен, Баян ханым­ның тіле­уін тіле­ген­дер аз болған жоқ. Қазір өз-өзін қолға алып, жұмысы­на қай­та оралға­ны­на қуа­ны­шты­мыз! Ден­са­улы­ғы қалай, өз-өзіне келе алды ма?

− Жақын­да «Хабар» арна­сын­дағы бір жоба­ны жасап біт­ті. Бірақ Баян­ның ден­са­улы­ғы әлі де толық бірқа­лы­пқа келе қой­ма­ды. Гон­конг­ке, одан соң Самуи ара­лы­на кет­ті. Оған барын­ша дема­лыс керек. Өйт­кені бұры­нғы­дай емес, тез шар­шап қала­ды. Ағза­сы өте әлсіз. Біраз ем алуы қажет. Дәрі­гер­лер беті мен сол көзінің өз орны­на келуі үшін біраз уақыт қажет деп отыр. Біз бар­лық жер­де­гі жақ­сы деген маман­дарға барып көр­сет­тік. Фран­ция, Түр­кия, Испа­ния дәрі­гер­лерінің бәрінің айта­ты­ны сол бір жау­ап – уақыт жаза­ды дей­ді. Алдағы қыста тағы бір ота жаса­ла­ды. Стресс пен жан күй­зелісі­нен сал­мағы 47 келі­ге түсіп кет­ті. Тез ары­қтап барады.

Баян Бақыт­бек­ті тоғыз жылға сот­тай­ды деп күт­пе­ген еді. Бұл бәрі­міз­ге қат­ты соққы бол­ды. Қан­ша деген­мен, еке­уі 22 жыл бір­ге тұрып кел­ді. Ол аз уақыт емес. Сон­дай әре­кет­ке барға­ны­мен, Бақыт­бек оған ешқан­дай жаман­шы­лық тіле­ме­ген еді. Сол үшін біраз демал­сын деген оймен біз Баян­ды отба­сы­мен шетел­ге жібердік.

− Баян­ның көңіліне қаяу, жаны­на жара түсуі сіздің де мінезіңіз­ге өзгеріс енгіз­ген сияқты ма?

− Біре­улер мені қатал, жан­жал­дасқыш деп ойлай­ды. Олай емес, мінезім мүл­дем басқа. Тек жұмысқа бай­ла­ны­сты жиі ашу­ла­на­ты­ным бар. Негізін­де өте сабыр­лы, ақжарқын адам­мын. Бірақ нақақ қия­натқа, оңды-сол­ды орын­сыз пікір­лер­ге шыдап тұра алмаймын.

Жал­пы, бар­лы­ғы­мыз біре­у­ге кінә таққан­ды жақ­сы көре­міз. Бірақ қан­дай нәр­се бол­ма­сын, өз басы­ңа тиген­де ғана өмірің жүз пай­ы­зға өзгеріп шыға келеді екен. Сол кез­де ғана ол адам­ды түсі­несің. Және оны «өмір­дің сыйы – осы» деп қабыл­даған­нан басқа амал жоқ…

− Шығар­ма­шы­лы­қта Баян ханым­ның жоқты­ғы сіз­ге қат­ты әсерін тигізді ме?

− Шығар­ма­шы­лы­қта мен жалғыз емес­пін: про­дю­сер­лік орта­лы­қта бір­не­ше адам жұмыс істей­ді. Назым Басқын­ба­е­ва деген дирек­то­ры­мыз бар­лық жоба­ның жұмысын тек­серіп оты­ра­ды. Баян дема­лыс алға­ны­мен, про­дю­сер­лік орта­лы­қты сырт­тай қадаға­лап оты­ра­ды. Ауру­ха­на­да жатқа­ны­на үшін­ші күн болған­да, есін жия салып менен: «Лашын» тобы­ның бей­не­ба­я­ны жаса­лып жатыр ма?» деп сұраған (күл­ді). Баян әркез менің жаным­да. Бұл жағы­нан ешқан­дай қиын­дық жоқ. Баян жоқта про­дю­сер­лік орта­лы­қтың қыз­мет­кер­лері бірі­гіп, «Өгей жүрек» теле­хи­ка­я­сын өзі­міз көре­рмен­ге ұсы­нған бола­тын­быз. Сол кез­дер­де қолға­быс көр­сет­кен­дері үшін жоба­дағы бар­лық қыз­мет­кер­лер­ге алғыс білдіремін!

− Сол кез­дері «енді бәрі басқа­ша бола­ды, өзгерістер орын ала­ды» деген едіңіз…

− Әпкем­нің басы­нан өткен жағ­дай­дан кей­ін, қан­дай да бір өзгері­стен қоры­қ­пай­тын бол­дым. Бас аман бол­са, күн­делік­ті өмір­де бола­тын кикіл­жің­дер­ге назар ауда­ру­дың қажеті жоқ. Мен кез кел­ген өзгерісті жүре­гім­мен қабыл­дай­ты­н­мын. Қазір шығар­ма­шы­лық қара­мағым­дағы қыздар­ды уай­ым­дап, тау­сы­лу­дың қажеті жоқ екенін ұқтым. Бұрын соған бола жылай­ты­н­мын, іштей рен­жи­тін­мін. Ал мына жағ­дай­дан кей­ін, өмір­де отба­сы­ң­нан маңы­зды ешнәр­се жоқ екенін түсін­дім. Енді­гі­де инста-парақ­ша­ма жазған жағым­сыз пікір­лер де көңілім­ді түсі­ре алмай­ды. Өйт­кені жақын­да­рым қасым­да. Қазір мен тек әпкем­нің ден­са­улы­ғы үшін алаң­дай­мын. Бұл оқиға біздің отба­сын бұры­нғы­дан да қат­ты жақын­да­та түсті.

− Бағым ханым, сізді соңғы уақыт­та сахнаға шығып, әншілік қырын таны­тып жүр деушілер бар. «Өзің­мен ғана» атты әніңіз өз тың­дар­ман­да­рын тап­ты, хит бол­ды. Расы­мен бола­шақта әншілік­ті қай­та қолға алуы­ңыз мүм­кін бе?

− Тың­дар­ман­ның көңілі­нен шығып жатқа­ны­на қуа­ны­шты­мын. Бірақ бұл әннің қан­ша­лы­қты хит болға­нын біл­мей­мін. Ол әнді жаны­ма жақын, әрі көңілім­нен шыққан соң жазған бола­ты­н­мын. Шыным­ды айт­сам, маған қан­дай да бір әннің ұна­уы қиын. Анда-сан­да орын­дай­ты­ным ғана бол­ма­са, негізі сахна­ны жау­лап алу мақ­са­тым­да жоқ. Мен ел алдын­да жүруді емес, кадр сыр­тын­да жұмыс істе­ген­ді қалай­мын. Бірақ арнайы теле­бағ­дар­ла­ма­ларға ән орын­да­уға шақы­рып жат­са, қуа­на бара­мын. Ал сахна­да тұрып «ән салу» менің ісім емес. Әнді нан табу үшін айт­пай­мын, ол мен үшін − хобби.

Дәл қазір тағы да екі жаңа әнім дай­ын­да­лу­да. Біре­уі Арман Дүй­се­но­втың сый­ға тар­тқан әні – «Өмірім-ай» деп ата­ла­ды, екін­шісінің әзір­ге аты белгісіз.

− Қазір «хит ән» деп көбі­не­се той әндеріне қарас­ты айты­ла­ды. Кей­бір әншілері­міз тіп­тен «Ән той­да көп айтыл­са, оның − хит болға­ны» деп жүр. Бұған келі­сесіз бе?

− Музы­ка­мен бай­ла­ны­сы бар адам және музы­ка­лық про­дю­сер ретін­де мұн­дай пікір­ге қосы­ла алмай­мын. Бірақ кәсі­би тұрғы­дан келі­су­ге тура келеді. Өйт­кені ол әндер­ді мен таң­даға­ным жоқ, оны халық «хит» деп таны­ды. Бұған қар­сы тұрға­ным – ақы­мақтық бола­тын шығар. Біздің про­дю­сер­лік орта­лы­қта әндер нешетүр­лі фор­мат­та жаса­ла­ды. Және «Кешью», «Лашын», «Алау» тобы­на, Кәм­шат Жол­ды­ба­е­ва, Айгүл Иман­ба­е­ва, Ерке Есма­ханға жазған әндер­дің қай­сысы хит болып шыға­ты­нын алдын ала ешкім айта алмай­ды. Әрине, олар­дың әрқай­сысы да сапа­лы дай­ын­да­ла­ды. Мен музы­ка­ны өзім үшін жаса­май­мын. Ән шын жүрек­тен шығуы керек деп ойлай­мын. Мен осы сала­да оқып, білім алған­мын. Музы­каға деген талға­мым, көзқа­ра­сым басқа­ша. Маған көбі­не­се қиын фор­мат­тағы әндер ұнай­ды. Сон­ды­қтан ондай той бағы­тын­дағы әндер көңілім­нен шыға­ды деп айта алмаймын.

Әрине, біз­де жақ­сы музы­ка­лар бар. Себебі нешетүр­лі бағыт­та жастар шығып келеді. Бұл жақ­сы­лық, даму бар деген­ді біл­діреді. Орын­да­у­шы­лар­дың кәсі­би дең­гей­лері әрқа­лай. Соның ішін­де эст­ра­да­лық бағыт­та кәсі­би тұрғы­да айна­лы­сып келе жатқан Нұр­жан Кер­мен­ба­ев, Айқын Төле­п­бер­ген, Әли Оқа­пов, Дина­ра Сұл­тан, Жанар Дұға­ло­ва, Кәм­шат Жол­ды­ба­е­ва, Айда­на Меде­но­ва сияқты орын­да­у­шы­лар көп. Жыл сай­ын олар­дың саны артып келеді. Және де қаза­қы музы­ка­ның май­ын шаға­тын Ақыл­бек Жеме­ней­дей әншілері­міз де бар.

− Шоу-биз­не­сте сізді «бэк-вокал» хан­шай­ы­мы атай­ды екен. Сіздің алды­ңы­здан өткен әр әнші вока­лы жағы­нан мықты, сұра­ны­сқа ие, таны­мал­ды­лы­ғы жоға­ры болып шыға­ды деген сөз бар…

− Мен Жүр­ге­нов атын­дағы Өнер ака­де­ми­я­сын­да сабақ беріп келе­мін. Негізі, адам кіш­кене күні­нен музы­каға жақын бол­са, оған төрт жыл­дың ішін­де ән айту­ды үйре­те ала­сың. Бірақ маман тәр­би­е­леп шыға­ру мүм­кін емес. Сол себеп­ті біз­де музы­ка­лық бағ­дар­ла­ма­лар про­дю­сері, вокал­дық про­дю­сер, кино­дағы саунд­трек­ке про­дю­сер­лік ететін маман жоқтың қасы. Жаны­ма көмек­ші етіп алған, өзім­мен бір­ге жұмыс істей­тін оқу­шым бар. Бір­не­ше шәкір­тім­нің іші­нен бір ғана маман дай­ын­дап шыға алып­пын. Қазір­ден бастап оны кіші­гірім жоба­ларға музы­ка­лық про­дю­сер етіп жүрмін.

Ал орын­да­у­шы­лы­ққа кет­кен оқу­шы­ла­рым өте көп. Соған қарап: «Мен өзі жақ­сы педа­гогпын ба?» деген де ойлар бола­ды. Тек ән айту­ды көз­дей­тін­дер музы­ка­лық про­дю­сер­лік жағы­нан хабар­сыз болып келеді. Сол үшін де оқу­шы­ла­ры­ма: «Орын­да­у­шы­лы­қтың ғұмы­ры өте қысқа. Бүгін таны­мал бол­саң, ертең одан айы­ры­лып қалуың мүм­кін. Сон­ды­қтан орын­да­у­шы­лы­қ­пен қатар маман ретін­де де өсіп шығу керек», – деп айтып оты­ра­мын. Әрдай­ым таны­мал­ды­лы­ққа ие болу мүм­кін емес.

− Қаза­қстан эст­ра­да­сы­на «Кешью» сияқты гер­лз-бенд әкел­діңіз­дер. Ең талант­ты қыздар, костюм тігетін ең таны­мал дизай­нер­лер де сіз­дер­де. Және ең жақ­сы ком­по­зи­тор­лар­мен жұмыс істей­сіз­дер. Бар­лық жағы­нан бірін­ші болу­дың жүгі қан­ша­лы­қты ауыр?

− Бұл өте қиын жұмыс. Сөздің шыны керек, біз қыздар­ды көбі­не­се көше­ден алып келе­міз. Олар­дың ішін­де кәсі­би орын­да­у­шы жоқтың қасы. Бәрін нөл­ден бастай­мыз, оларға әнді қалай айту керекті­гін үйре­те­міз. Про­дю­сер­лік орта­лы­ққа қыздар­ды таң­дап алар­да, оның бола­шақ әле­уеті бар ма – соған басты назар ауда­ра­мыз. Әрине, еңбекқор қыздар­ды ала­мыз. Өйт­кені сахна көп еңбек­ті талап ете­ді. Мыса­лы, «Кешью» тобы­ның соңғы құра­мы осы жылы әбден шар­ша­ды: бір жыл­дың ішін­де жеке шығар­ма­шы­лық кон­церт беру оңай емес. Оның аста­рын­да көп еңбек жатыр. Алға­шқы және екін­ші құрам­мен салы­сты­рған­да, «Кешью»-дің бұл қызда­ры бес есе күш жұм­са­уда. Себебі алға­шқы құрам­ның таны­мал болуы үшін алты жыл уақыт кеткен.

− Ал «көше­ден табы­лған» қыздар­дан «хан­шай­ым» жасап шыға­ру­дың алғы­сы қандай?

− Мен ол пікірім­ді қазір де өзгерт­пей­мін. Жеке орын­да­у­шы­ға қара­саңыз, ол бар тапқан-таянға­нын тек өзіне ғана сала­ды. Өзі үшін жұмыс істей­ді. Өзгенің емес, туған бала­сы­ның тәр­би­есі­мен айна­лы­са­ды. Өз шару­а­ла­ры­на ғана басын қаты­ра­ды. Ал біз өрім­дей қыздар­ды сахнаға тәр­би­е­леп шыға­ра­мыз. Бұл жер­де жұм­саған қар­жы­ны айт­пай-ақ қояй­ын. Жаны­мы­зды салып, бар біл­гені­мізді үйре­те­міз. Бірақ соның есесіне бір ғана жау­ап ести­міз: «Баян мен Бағым – жауыз» деген әңгі­ме­лер шыға­ды. Ол адам аяғы­нан тұрып алған соң, жасаған жақ­сы­лы­қта­ры­ң­ды бір­ден ұмы­тып кете­ді. Таны­мал­ды­лы­ққа ие болған­нан кей­ін: «Оларға кел­мей тұрып, өнер­де бұрын­нан жүр­ген едім…» дей­тін­дері бар. Және бетіңе қарап тұрып: «Сіз маған сон­ша­лы­қты не істеп едіңіз?» деген­де, не айта­ры­ң­ды біл­мей қала­сың. Сон­дай кез­дер­де: «Маған осы әуре­шілік не үшін керек?» деген сұрақ келеді. Баян бар күшін сол жобаға сала­ды. «Үстіне киетіні жоқ екен, үйден алып келей­ін» деп жүгір­ген кез­дері де болған.

Мыса­лы, үстілеріне киген костюм­дері, кос­ме­то­ло­гы, тұра­тын пәтері, қаты­са­тын биі, фит­нес залы, тіп­тен қара­ла­тын дәрі­геріне дей­ін – алға­шқы кез­дер­де ешқай­сысы өз қал­та­ла­ры­нан төле­мей­ді. Бәрі про­дю­сер­дің мой­нын­да. Бұл рені­шім емес. Бірақ адам ретін­де кей­де өзі­мізді аяп кете­мін. Тек біз ғана емес, бар­лық про­дю­сер­лер­дің жағ­дайы осы. Баян Мақ­сатқы­зы жаман жағ­дай­ға душар болған­да, жүрек­терін­де мей­ірі­мі бар қызда­ры­мыз ғана халін сұрап, хабар­ла­сып жатты…

− Про­дю­сер­лік орта­лы­қта қан­дай жаңа баста­ма­лар бар?

− Орта­лық өз жұмысын жалға­сты­рып жатыр. Жақын­да «Қазақ аруы» деген теле­хи­кая түсір­мек­піз. Соны­мен бір­ге толы­қ­мет­раж­ды фильм­нің жұмыста­ры қолға алын­ды. Тағы да өзгерістер бар, бірақ оны тек қаңтар айын­да білетін боласыздар.

− Енде­ше тек қуа­ны­шты жаңа­лы­қта­ры­ңы­зға ғана куә бола берейік!

 

Сұх­бат­тасқан –

Анар ДӘУКЕН

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн