Четверг , 15 мая 2025

Бағым Мөлдірге НЕГЕ РЕНІШТІ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №45 (409) от 7 декаб­ря 2017 г.

 

 


Бұл апта­да «жұл­ды­зды» қыз-қырқын­дар ара­сын­дағы тұр­мыстық және отба­сы­лық дүр­да­раз­ды­қтар тура­сын­да қаза­қстан­дық интер­нет басы­лым­дар­да бір­не­ше жари­я­ла­ным шықты. Біз солар­дың біре­уі төңіре­гін­де қоға­мға тараған лақап­ты ықшам­дап жари­я­лап отырмыз.

Он жыл­дан аса тарихы бар «КешYou» тобы­нан тараған әнші қыздар­дың соңы­нан үлкен шу туып жатыр, деп жаза­ды Stan.kz пор­та­лы. Олар­дың бірі – Мөл­дір Әуел­бе­ко­ва. Осы уақы­тқа дей­ін Баян Есен­та­е­ва да, оның сіңлісі Бағым Мұхит­де­но­ва да не себеп­ті Мөл­дір­мен жұмысты тоқтатқан­да­рын құпи­яда ұстап кел­ген еді, деп жаза­ды пор­тал тілшісі.

«КешYou»-ден кет­кен соң, Мөл­дір­дің шоу-биз­не­сте­гі жолы бұғат­тал­ды деген әңгі­ме жел­дей есті. Бұл сөзді Мөл­дір­дің өзі де рас­таған бола­тын. Соны­мен Әуел­бе­ко­ва топ­тан не себеп­ті кет­ті? Бұл тура­лы бел­гілі вокал­шы Бағым Мақ­сатқы­зы «Гәк­ку» радио­сы­ның «Если чест­но» бағ­дар­ла­ма­сы­на бер­ген сұх­ба­тын­да ашық айтты.

«Мен үшін Мөл­дір Әуел­бе­ко­ва жоқ. Оны­мен бай­ла­ны­сым­ды қай­та қалы­пқа кел­тір­гім де кел­мей­ді, ол да құл­шы­нып тұр деп ойла­май­мын. Мен ол адам­ды көр­гім кел­мей­ді. Сон­ды­қтан да маған қаты­сы бар жоба­ларға ол қаты­спай­ды», – деп мәлім­деді Бағым Мұхитденова.

Про­дю­сер­дің айтуын­ша, ол Мөл­дір­дің үлкен сахна­дағы жолын жабуға тыры­спаған. Тек өзіне қаты­сты жоба­ларға Мөл­дір­ді қаты­стыр­май­ты­нын кесіп айт­ты. Себебі Бағым Мөл­дір­дің бет-жүзін де көр­гісі кел­мей­ді екен. Оған әншінің сатқын­ды­ғы себеп болған, дей­ді Stan.kz тіл­шісі. Алай­да елге бей­мәлім құпия сол жабу­лы қазан күй­ін­де қала­ты­нға ұқсайды.

«Мөл­дір шын­ды­қты айта алмай­ды. Оған дәті де бар­май­ды, күші де жет­пей­ді. Сон­ды­қтан да мен ол адам­ды өмірім­нен де, көз алдым­нан да алы­стат­тым. Ал жолын бөгеп жүру тура­лы әңгі­ме­лер­ге кел­сек, ол қаты­са­ды деген бағ­дар­ла­маға мен аяқ бас­пай­мын. Бар болға­ны еке­уміздің біре­уі­мізді таң­даңы­здар деп шарт қоя­мын. Ол менің таң­дау құқы­ғым», – дей­ді Бағым Мақсатқызы.

Бұдан бөлек, Бағым Мақ­сатқы­зы жеке өмірін­де­гі келеңсіздік тура­лы ашық айтты.

«Мен үшін отба­сы әрқа­шан бірін­ші орын­да. Бірақ мен сол жан­жалға дей­ін өзім тура­лы ойлан­бап­пын. Мен қан­дай­мын? Кім­мін? Ештеңе ойла­май­ты­н­мын, бар ойым жұмыста бола­тын. Бұл үшін ешкім­ді кінәла­май­мын. Ол менің кінәм. Тіп­ті күй­е­уім маған қалай қарай­ды, қарым-қаты­на­сы дұрыс па деген нәр­се­лер санам­да бол­май­тын. Әйте­уір бір­ге тұра­тын­быз, бәрі жақ­сы. Үлкен кикіл­жің­ге тап болған­да, мына әлем­де не болып жатыр өзі деп ойла­дым. Үлкен про­бле­маға тап бол­дым, оны ешқа­шан ұмы­та алмай­мын. Ол кешіріл­мей­тін нәр­се. Адам­гер­шілік­ке жат­пай­тын, өте жиір­кені­шті әре­кет… Сол оқиға­дан кей­ін күй­е­уім маған хан­шай­ым ретін­де қарай­ды. Қазір бәрі жақ­сы. Бірақ ұмы­тыл­май­тын нәр­се­лер бар. Мен Құдай емес­пін, Құдай бәрін кешіреді, ал мен бар болға­ны адам­мын», – деп­ті Бағым Мұхит­де­но­ва «Гәк­ку» радио­сы­на бер­ген сұхбатында.

Енді Бағым ханым­ның осы сөзі­нен сұраққа толы қоры­тын­ды шыға­ра беріңіз: «бірін­ші орын­да» тұра­тын отба­сы­нан шыққан жан­жалға; «үлкен кикіл­жің­ге» Мөл­дір­дің қан­дай қаты­сы бар? Бұрын күй­е­уі Бағы­мға неге «басқа­ша» қараған? Оның отба­сын­да «қазір бәрі жақ­сы» бол­са, бұры­нғы «жиір­кені­шті әре­кет­ке» Мөл­дір­дің қаты­сты болға­ны ма?

Біздің тара­пы­мы­здан «no comment»: ойлы оқыр­ман­ның өзі бағам­дап алсын.

Ерке­жан БЕШТАЕВА,

тәлім­гер-сту­дент

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн