Воскресенье , 20 апреля 2025

Бақыттың бәрі ЕМШЕКТЕ МЕ?

 

 

«Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме» демекші, «жұлдыздар» өз-өздеріне көңілі толмай жүреді: арықтайды, доңғал мұрнын сүйірлейді, әжімін тартады, қабағын түзейді… Соның бірі – жас әнші Луина енді төсін үлкейтуді ұйғарыпты.

 

Соңғы уақытта тележүргізушілік қырымен де көрініп жүрген әнші дүйім жұртқа омырауына ота жасататыны жөнінде хабарлады. Ашық-шашық киінуді жаны сүйетін ол енді төсін төбедей етпек.

Осы жаңалығынан кейін-ақ инста-парақшасына жартылай жалаңаш суретін салған Луинаға тіркелушілері ақыл айтып әлек. Әншінің төсін силиконмен «толтыру» идеясын құп көргендерге қарсылық білдірушілер де табылды. Олар «құдай берген бар омырауыңды қанағат тұт» деген сыңайда пікір айтады.

Бірақ оған құлақ асып отырған әнші жоқ. Спортзалдан шықпайтын, ұдайы бимен айналысатын, енді төсін екі-үш есеге дейін өсіруді армандаған Луинаның айтуынша, мұндай қадамға баруға инста-парақшасындағы тіркелушілері мәжбүр еткен. Кішкентай кеудесіне қатысты пікірталастардан мезі болған ол: «Өмір бақи жас болғым келеді, бір рет берілетін өмірде жақсы өмір сүру керек», – дейді.

Расында, адам баласына бір-ақ рет берілетін өмірді рахатпен, бақытты сүру керек шығар. Бірақ емшекті еселеу арқылы бақытқа кенелудің қисыны қайсы. Мәселен, ол Stan.kz порталында жарияланған пікірінде: «Менің мұндай ота жасатқан құрбыларым өте көп. Олар небәрі бірнеше күннің ішінде денсаулықтарын қайта қалпына келтіріп үлгерді. Бір айдан кейін спортпен айналыса бастады. Ал қазір бақыттан бастары айналып жүр», – депті Луина.

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн