Воскресенье , 20 апреля 2025

Балғынбек неге «БЫЛҚЫЛДАДЫ»?

 

 

Талдықорғанда тәтті күндер, тәтті күндер!

Бұл айтысқа шат күліңдер, шат күліңдер!

Осымен мен кетемін пенсияға,

Балғынбектің соңғы айтысы деп біліндер! – деген айтыскер ақын Балғынбек Имашев айтысқа қайтып келмейтінін айтты.

«NUR.KZ» тілшісі әйгілі ақынның аяқ астынан айтыстан кетуінің себебін анықтау үшін хабарласқан екен. Алайда тілшіге Имашев имандай шешімін былай түсіндіріпті: «Қазір айтыста нағыз лайықты қарсыластар қалмады», – дейді.

Дәл осы арада Имашевқа илана қою қиын. Айтыс деген белгілі бір спорттың түрі немесе мың бұралған балет емес: «жасым келді – кеттім» дейтін. «Күш атасын танымас» дегендей, айтыста «маған шақ қарсылас қалмады» деу – күпіршіліктің сөзі. Арыға бармай-ақ айтар болсақ, бергі Жамбыл да, кешегі Шәкер Әбенов те бойларынан күш-қуат кеткенше айтысқан. Одан бергі Манап Көкенов көзі жұмылғанға дейін өмірден «айтысып» өткен.

Шамасы, Балғынбектің «былқылдап» қалуы «қарсылас қалмауынан» емес, өзін дендеген діннің дегені болуы керек. Соңғы кездері өзі жиі суретке бірге түсуді дәстүрге айналдырған (интернет желісін қараңыз) Мұхаметжан Тазабеков те айтыстан «арда кеткен» еді. Егер дәл солай болса, қазақтың төл өнерін жалпылама исламның қолжаулығына айналдырған ағайындарға артық сөз айту айып шығар…

 

Топтаманы дайындаған – Жансая ЕРТАЙ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн