Воскресенье , 6 июля 2025

«БАЛАПАННАН» – «Әйел бақытына» дейінгі ЛӘЙЛӘ ОЙЛАРЫ

Соңғы уақыт­та ел ішіне кеңі­нен таны­мал бола бастаған «Бала­пан» теле­ар­на­сы­мен көзай­ым болған жұрт­тың пікірі көңіл қуан­та­ды. Бұл – бола­шақ ұлт ұрпағы қаза­қи құн­ды­лы­ққа бет бұрған­ның белгісі.

Ал осы теле­ар­на­ның жетек­шісі, елге етене таны­мал теле-ханым Ләй­лә Сұл­танқы­зы соны­мен бір­ге Ұлт­тық арна­да тіке­лей эфир­де апта­сы­на бес рет «Әйел бақы­ты» бағ­дар­ла­ма­сын жүр­гі­зеді. Бір ада­мға, оның үстіне әйел ада­мға бұл орас­ан зор еңбек бол­са керек. Содан да шығар, «Бей­сен­бі­де­гі бет­пе-бет» айда­ры аясын­да Ләй­лә ханым­мен сұх­бат құру­дың реті де созы­лып кет­кен-ді. Бірақ жау­ап­кер­шілік ата­у­лы мін­дет­ке жіті қарай­тын Ләй­лә-сұлу қат-қабат қыз­мет ара­сы­нан уақыт тауып, біздің сау­ал­да­ры­мы­зға құлақ асуға келісті.

 

–Ләй­лә ханым, алды­мен Наурыз мей­ра­мы құт­ты бол­сын! Биы­лғы Қой жылы­нан нен­дей үміт күтесіз? Мәсе­лен, өзіңіздің отба­сы­ңыз үшін арман-тіле­гіңіз қандай?

– Рах­мет! Сіздің редак­ция қауы­мын да Ұлы­стың ұлы күні­мен шын жүрек­тен құттықтаймын!

Несін айта­сыз, бұл жыл­дан күтетін үміт көп… Ең басты­сы – отба­сым­ның тыны­шты­ғы. Жақын­да­рым­ның, ағай­ын-туы­ста­рым­ның аман­ды­ғы. Менің ойым­ша, адам кез кел­ген кіш­кен­тай қуа­ны­штың өзін бақыт ретін­де сезіне алуы керек. Және арман­да­удан, арман­да­ры­мы­зға ұмты­лу­дан шар­ша­мауы­мыз керек деп есептеймін.

 

– Ал қаз-қаз басқан «Бала­пан» теле­ар­на­сы­ның бас дирек­то­ры ретін­де­гі үмітіңіз ше?

– «Бала­пан» арна­сы елі­міз­де­гі біре­гей бала­лар арна­сы болған­ды­қтан, бұл арна­ның арқа­лаған жүгі ауыр. Жау­ап­кер­шілі­гі­міз мол. Тек арна­ның бас­шы­сы ретін­де емес, ана ретін­де де бала­ларға сапа­лы, маңы­зды­лы­ғы жоға­ры бағ­дар­ла­ма­лар­ды, мульт­фильм­дер­ді ұсы­ну­ды басты мін­дет деп санай­мын. Және осы жол­да көп­те­ген жұмыстар­ды атқа­ру жос­пар­ла­ну­да. Бұл жос­пар­лар­дың жоғарғы дең­гей­де орын­да­луы үшін ұжым болып атса­лы­сып жатырмыз.

 

– «Бала­пан» бөтен­нің «спанч боб­та­ры» мен «шрек­тері­нен» басым болу үшін мем­ле­кет тара­пы­нан әлі де көмек керек пе, жоқ әлде енді­гі жер­де көмек­ті теле­ди­дар­ды пай­да­ла­ну­шы ата-ана­лар­дан күт­кен дұрыс па?

– «Бала­пан» арна­сы­на елба­сы өзі тіке­лей көңіл бөліп, қол­дау көр­сетіп отыр. Бұл арна­ны ашу­дағы елба­сы­ның мақ­са­ты да отан­дық өнім­дері­мізді, ерте­гілері­мізді наси­хат­тап, келе­шек ұрпақтың бой­ы­на ұлт­тық құн­ды­лы­қтар­ды сіңді­ре оты­рып, тәр­би­е­леу бола­тын. Міне, біз осы мақ­сат­тан ешқа­шан да ауы­тқы­ған емес­піз. Жал­пы, тек мем­лет­ке ғана қарап отыр­май, ел болып, бәрі­міз осы «Бала­пан» арна­сы­на тілек­ші бол­сақ, тіп­ті жақ­сы емес пе?! Ол үшін отба­сы­ңы­здағы бала-шаға­ны «Бала­пан­ды» көру­ге бау­лу – нағыз қаза­қи бола­шаққа бастай­тын қадам бола­ды дер едім.

 

– Мәсе­лен, менің бір таны­сым үйін­де­гі кабель­дік жүй­е­де­гі бөтен елдің теле­ар­на­ла­рын түгел­дей өшіріп тастап, жалғыз «Бала­пан­ды» қал­ды­рған екен. Оның бұл әре­кеті бала­лар­ды ұлт­тық муль­тиктер негізін­де тәр­би­е­ле­у­ге негіз бола ала ма?

– Иә, қазір әрбір үйде «Бала­пан» арна­сы қосу­лы тұра­ды. Енді бір өкіні­штісі – шалғай­дағы алыс ауыл­дар­да тех­ни­ка­лық мәсе­ле­лер бой­ын­ша біздің арна­мыз қол­жетім­ді бол­мауы мүм­кін. Алай­да қазір бұл мәсе­ле шешілуде.

Енді сіздің тіке­лей сұрағы­ңыз таны­сы­ңы­здың әре­кеті­мен бай­ла­ны­сты болып тұр ғой, менің түсі­нуім­ше. Жал­пы бала­ны теле­ди­дарға бай­лап қоюға бол­май­ды. Мен бұл тура­лы үне­мі айтып жүре­мін. Бел­гілі бір дең­гей­де шек­теу болға­ны дұрыс. Басқа да бала­лар арна­сын­да қызы­қты бағ­дар­ла­ма­лар, мульт­фильм­дер болуы мүм­кін, деген­мен, «Бала­пан­ның» өнім­дері­нен ұлт­тық иіс аңқып тұра­ды. Тіп­ті шетел­дік мульт­фильм­дер­дің өзін ұлт­тық тәр­би­е­міз­ге жақын етіп ауда­ра­мыз! Сон­ды­қтан да сіздің таны­сы­ңы­здың жасаған бұл әре­кетін ерсі деп сана­май­мын. Құптарлық…

 

– Ал «Қаза­қстан» теле­ар­на­сын­да сіз жүр­гі­зетін «Әйел бақы­ты» бағ­дар­ла­ма­сы айта­рын айтып бол­ды деген пікір­ге қан­дай уәж айтар едіңіз?

– «Әйел бақы­ты» бағ­дар­ла­ма­сы жай­лы әркім әртүр­лі пікір айта­ды. Бірақ бәрібір де бағ­дар­ла­ма­ның көр­сетілім рей­тин­гі өте жоғарғы дең­гей­де. Тіп­ті біздің қыз-келін­шек­тері­міз­ден келіп түсетін хат­тар да толас­сыз. Біз­де халы­қ­пен бай­ла­ныс бар. Өзек­ті деген мәсе­ле­лер­ді көте­ре­міз. Көмек сұраған әрбір жанға қол ұшын беру­ге тыры­са­мыз. Қазір­гі таң­да қан­ша­ма кей­іп­кер­лері­міз біз­ге алғыс айту­да. Біздің бағ­дар­ла­ма­мы­здың арқа­сын­да әле­умет­тік қол­да­уға ие болған жан­дар қан­ша­ма! Ал осын­дай нәти­же көр­сетіп оты­рған «Әйел бақы­ты» бағ­дар­ла­ма­сы әлі талай тағ­дыр­дың бағын аша­ды деп білем.

 

– Сіздің өз түсіні­гіңіз­де «әйел бақы­ты» деген не? Бұл түй­сік­тің аста­рын­да ер адам­ның қаты­сын­сыз жүзе­ге аспай­тын акси­о­ма жатыр ма, қалай ойлайсыз?

– Әйел бақы­ты – сүй­ген жары мен бала­ла­ры­мен бір­ге өмір сүру. Сүй­ік­ті жұмысы­ң­мен айна­лы­су. Әр қазақ қызы­на осын­дай әйел бақы­тын тілеймін.

 

– Осы рет­те қыз-келін­шек­тер­дің «business lady» болуға деген жан дәр­мен ұмты­лы­сы «тәу­ел­сіз әйел» деген тер­мин туды­рып, әйел ата­улы­ның «ана болу», «ошақ басы­ның ұйы­тқы­сы болу» деген пай­ым­ды екін­ші планға сырғы­тып бара­ды деген пікір­ге қосы­ла­сыз ба?

– Ең бірін­ші­ден, әйел адам өзінің ана екенін ұмыт­пау керек. Біздің ең бірін­ші мін­деті­міз, пары­зы­мыз – отба­сы­на жылу сый­лау, бала­ла­ры­мы­зға дұрыс тәр­бие беру ғой. Бірақ мұны­мен де шек­те­лу­ге бол­май­ды. Айтқым кел­гені – адам өзін жеке тұлға ретін­де де дамы­туы керек. Екі жақтың да басын тең ұста­уға тыры­сқан жөн. Ал енді еке­уіне бір­дей үлге­ре алмай­тын­дай жағ­дай бол­са, ең дұры­сы – отба­сы­ңа көбірек көңіл бөлуді таң­даған жөн деп ойлаймын.

Сұх­бат­тасқан –

Жан­сая ЕРТАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн