Воскресенье , 6 июля 2025

Баласынан БРЕНД жасаған ана

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №15 (286) от 16 апре­ля 2015 г.

 

Ойдан-қыр­дан

Құт­ты­қтау!

 

«Қазақ эст­ра­да­сын­да «Қай­рат Нұр­тас» деген бренд­тің қалып­та­с­та­суы­на оның ана­сы­ның да қосқан еңбе­гі зор». Бұл – білетін­дер­дің сөзі. Әрине, Қай­рат­тың талан­тын жоққа шыға­руға бол­май­ды. Бірақ ұлы үшін ұлы еңбек сіңір­ген ана­ның атын қал­та­рыс қал­ды­руға тағы да болмайды.

Міне, сол ана – Қай­рат­тың про­дю­сері Гүл­зи­ра Айдар­бе­ко­ва өткен апта­да өзінің кезек­ті туған күнін той­ла­ды. Ана­сы­ның туған күніне орай Қай­рат Нұр­тас «Royal Tulip» мей­ман­ха­на­сын­да үлкен кеш ұйым­да­стыр­ды. Аталған мере­ке­ге Айдар­бе­ко­втер­дің туған-туыс, дос-жаран­да­ры­нан бөлек қазақ эст­ра­да­сын­дағы таны­мал жұл­ды­здар да ағы­лып келді.

Қай кез бол­ма­сын, Қай­рат­тың – ана­сы­на, ана­сы­ның – ұлы­на деген ыстық ықы­ла­сы көп­шілік орта­да жиі айты­лып жүр­ген әңгі­ме. Бұл орай­да Гүл­зи­ра Үсенқы­зы: «Мен бала­ма жақын болу үшін де, оған қашан да өзім­нің қол­да­уым­ды біл­ді­ру үшін де, про­дю­сер болуға бел бай­ла­дым», – дейді.

Рас, қай ана бол­ма­сын, өз бала­сы­на бақыт­тан басқа­ны тіле­мей­ді. Бірақ бала­сы­ның бола­шағы үшін, бұрын-соң­ды қазақ көр­ме­ген про­дю­сер­лік кәсіп­ті мең­ге­ру – басқа маман­ды­қтың иесіне оңай бол­ма­са керек-ті. Яғни, Гүл­зи­ра ханым­ның бала­сы­на деген махаб­ба­ты мен өнер­ге жәр­дем­ші бол­сам деген өзін­дік құл­шы­ны­сы сай­ма-сай кел­ді деген сөз. Бұл енді айтуға тұрар­лық жағдай!

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн