Понедельник , 7 июля 2025

БАНКТЕР арсыздықтан АРЫЛА МА?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» № 01 (272) от 08 янва­ря 2015 г.

 

Халы­ққа қастандық

 

Тығы­ры­ққа тіре­ген бан­кілік неси­енің жайы әупірім­деп күнел­тіп оты­рған елдің бере­кесін жаңа кел­ген Қой жылы кетіріп бітіретін түрі бар. Банк­тер халы­қты кене­ше сорып жатқа­нын көзі­міз­бен көріп жүр­міз. Қара­пай­ым халық кім­ге шағым айтып, кім­ге жүгі­нерін біл­мей­ді. Себебі мем­ле­кет те, заң­дар да банк­тер жағын­да. Қаза­қстан­дағы банк жүй­есі бүгін­де халы­қты қана­удың «мәде­ни­ет­ті» ама­лы­на көш­кен. Үкі­мет­ті өз дегеніне көн­діріп, халы­қты алаң­сыз қанай­тын заң тетік­терін бекіт­тіріп алған. Осы­лай­ша неси­енің пай­ы­здық үсте­месін адам шошыр­лық дең­гей­ге жет­кізді. Ақша­дан қиналған халық амал­сыздан солар бел­гіле­ген тәр­тіп­ке көніп, бір­не­ше есе қай­та­ры­мы бар несие алуға мәж­бүр. Қай­тар­ма­саң, кепіл­ге тік­кен үйіңе, тамағың мен жүріп-тұруы­ң­нан артыл­май­тын айлы­ғы­ңа ауыз салады.

 

Халық алған қары­зын қай­тар­май­ын демей­ді, қай­та­руға шама­сы кел­мей­ді. Себебі нарық күн сай­ын қым­бат­тап бара­ды. Үкі­мет­тен жалақы-зей­не­тақы­ға кіш­кене ғана ақша қосы­ла­ды десе бол­ды, баға шары­қтап шыға келеді. Ақы­рын­да сор­лай­тын – табысы төмен қара­пай­ым халық. Ол жалақы үкі­мет­тік меке­ме­лер мен ірі ком­па­ни­я­лар­да қосы­лға­ны­мен, жеке кәсіп­кер­лік­те жұмыс жасай­тын­дарға қосы­ла бер­мей­ді. Бай­ғұс халық тапқан айлық табысын ком­му­нал­дық қыз­мет­ке, бала­ла­ры­ның оқуы­на, тамағы­на жұм­сай ма, әлде неси­енің үсте­месін жабуға бере ме? Емде­лу мен киім-кеше­гін айтпағанда.

«Неси­ені төлей алма­саң­дар, неге ала­сы­ң­дар, алмаң­дар, сосын қарыз бол­май­сы­ң­дар!…» деген еді елдің бас бан­ки­рі Қай­рат Келім­бе­тов мыр­за. Ол тажал­ды кім алғы­сы бар дей­сің?! Сол неси­ені алып, өлмес күнін көру­ге халы­қты үкі­мет­тің өзі мәж­бүр­леп оты­рған жоқ па? Басы­ңа іс түсіп, мұқтаж болып отыр­саң, қалай алмай­сың? Ал банк­тер бол­са, қоғам­дағы осы мәж­бүр­лік пен мұқтаж­ды­қты әділет­сіз әрі арсыз түр­де пай­да­ла­нып отыр.

Қазір­гі таң­да Қаза­қстан бой­ын­ша 37 ком­мер­ци­я­лық банк жұмыс істей­ді екен. Олар­дың әр аттам сай­ын ашып қой­ған бөлім­дері де жетер­лік. Әрине, олар­дың басты пай­да көзі – несие. Олар соның жолын­да нанын әзер тауып жүр­ген бай­ғұс кедей­ді сот­та­тып та жібе­ру­ден тайынбайды.

Банк деген бәленiң тәбетiне таң­данған бір кісі біздің кең­се­ге келіп, мұңын шаққан бола­тын. Ол кісі «Кас­пий банк­тен» өткен жылы 300 мың тең­ге кре­дит алған екен. «Ашы­ққан­нан құны­ққан жаман» деп қазе­кең қалай дөп басқан десеңiз­шi! Кре­дит алға­лы бер­гi он бiр айда 226,0 мың тең­генi банк­ке қай­тарған ол, қары­зын еңсерiп тастаға­ны­на нық сенiм­мен банк­ке келедi. Мiне, осы жер­де ғой ол кiсiнiң шалқа­дан түсе жаз­даға­ны. Сөйт­се, әлi де 215,0 мың тең­ге банк­ке бере­шек екен. Қай­тарған 226,0 мың тең­гесiнiң 85,0 мыңы ғана алған кре­ди­тiн жабуға жұм­салған. Қалған 141,0 мың тең­ге пай­ы­здық үсте­ме арқы­лы банк­тiң пай­да­сы­на кет­кен. Бұл жал­пы төлен­ген ақша­ның 62 пай­ы­зын құрай­ды. Демек, банк­тiң қой­ып оты­рған нақты үсте­ме пай­ы­зы осы 62% болға­ны ғой. Ал олар ел-жұр­тқа 16–17 пай­ы­з­бен кре­дит бере­мiз деп жар­на­ма­лай­ды. Кре­дит­тiң мәнiсiн бiлу үшiн банк­ке кел­ген кiсiлер­ге де шама­мен солай түсiн­дiредi. Жұрт­тың бәрi бiр­дей эко­но­мист, не бан­кир емес: бан­кир­лер­дің сөзiне сенiп, «16 пай­ыз бол­са, бiр­деңе етiп құты­лар­мын…» деп ойлай­ды да, кре­дит алу­дың қамы­на кiрiседi.

Сөй­тiп жүрiп, кре­дит­ке қолы әрең жет­кен кiсi оның үсте­ме пай­ы­зын есеп­теп жатуға мұр­ша­сы бол­май қала­ды. Біз­ге мұңын айтып кел­ген кісі секіл­ді есiн бiр жыл­дан кей­iн жиып, не бол­ды деп жан-жағы­на қараған­ша, банк­тiң «түй­есi көпiр­ден әлдеқа­шан өтiп кете­ді». «Әлi пәлен қары­зың бар» деп қарап оты­ра­ды. Ал, билiк бол­са, «бiз­де банк жүй­есi жетiл­дiрiл­ген, бiз көп­те­ген елдер­дi бұл сала­да артқа тастап кет­тiк» деп көкидi.

«Жетiл­дiрiл­ген жүй­есi» осы­лай халы­қты қана­удың қиял жет­пес қаруы­на айнал­са, билiк­тiң мақ­са­ты да осы емес пе деген орын­ды сұрақ туа­ды. Олай бол­ма­са, халы­қты шексiз қана­уға жол бер­мей­тiн Ислам бан­кi жүй­есi елге неге көп­теп ендiрiл­мей­дi? Не бол­ма­са, халы­қты неси­е­мен қар­жы­лан­ды­ру­дың басқа да жол­дар­дын қарас­ты­рып көр­мей ме? Қара­мағын­дағы халқын итке талатқан­дай, мұны­сы несi?

Жиыр­ма үш жыл бол­ды, банк­тер елдi осы­лай тонап келедi. Ал билiк бұған жол берiп отыр. Тiп­тен бан­кілік тона­у­шы­лы­ққа жағ­дай жаса­уда десек те болған­дай. Банк­тiң басын­да оты­рған­дар­дың билiк басын­да болуы, неме­се солар­мен туыс болып келуі де осы жағ­дай­ға итер­ме­лей­тiн болар. Не де бол­са, осы сала оңбай тұр, дәлiре­гi – оңбай тұрған­дар­дың басын­да тұр.

Билік­тің ең жетіл­дір­дік деген сала­сы осы бол­са, оның эко­но­ми­ка­сы шынын­да да дағ­да­ры­сқа ұшы­раға­ны емес пе? Яғни, тек банк сала­сы­на емес, түгел­дей билік жүй­есіне өзгеріс керек, түп­кілік­ті рефор­ма­лар қажет­ті­гі көрінеді.

Қызы­лор­да­лық аза­мат­ша Г.Асанова да банк жүй­есі­нен азап көріп оты­рған­ның бірі. Енді сол кісіні тың­дап көрей­ік: «Мен 2007 жыл­дың мамыр айын­да «Аль­янс банк­тен» 300 мың тең­ге кре­дит сұраған бола­ты­н­мын. Ол кез­де халы­ққа кре­дит беру науқа­ны ендi баста­лып келе жатқан кезi. Қара халық ерiк­кен­нен кре­дит алмайды.

Еге­мен­дiк алға­лы берi ауыр­саң да, бала оқыт­саң да, туып-өскен үйiңдi заң­да­сты­ра алмай құжат дай­ын­да­саң да, оты­ның бар, суың бар, жары­ғың бар, т.т. жан-жағы­ң­нан қысқан­да, кре­дит алма­сы­ңа қой­май­ды. Қара халы­қ­пен ешкiм сана­спай­ды. Олар­ды тек жұмысқа жегiп, «сүлiк­ше сору» үшiн арналған сияқты.

2007 жылы «Аль­янс банк» «15 пай­ы­з­бен кре­дит бере­мiз» деп, жер-жер­ден бiр бөл­мелiк қана кең­сесі бар орын­дар ашып қой­ып, халы­қты «сора» бастаған едi. Ағы­лған халық азан­ды-кеш­кiлi соның кезе­гiн­де тұра­тын. Бiр бөл­менiң iшiн­де «пре­стелiп», кре­дит алған­да­ры қуа­нып, қол қой деген жер­дiң бар­лы­ғы­на келісім-шар­тты оқы­ма­стан, қол қой­ып жатқа­нын өз көзiм­мен көр­дiм. Бер­ген қаға­зын оқиын десе, кезек­те­гi адам­дар шулай­ды, қағаз тол­ты­рып оты­рған қыз айқай­лай­ды: «кезек­тi ұста­маңыз» деп. Соны­мен, бәрiне қол қой­ып бер­ген соң, қасы­ңы­зға бiр қызды ертiп жiбе­редi: «Банк­тен сiз­ге ақша­ны алып бередi, сол үшiн осы курьер­ге де төлей­сiз» деп. Қара халық бұған да көнеді.

Мен­де де дәл сон­дай жағ­дай болған. Қазiр ғой көше­ге шық­саң, банк­тiң неше ата­сы бар. Ол кез­де кепiл­сiз кре­дит беретiн жалғыз «Аль­янс банк» едi. Соны­мен, сұраған 300 мың тең­генiң 293 395 тең­гесi берiлетiн болып, оны 42 айға, яғни 3,5 жылға деп бел­гiледi. 293 395 тең­ге­ден банк­тiң есебiне ұсталған­нан қолы­ма алға­ным 266 мың 989 тең­ге. Оның 6 мың 989 тең­гесiн банк­ке ерiп барған курьер алып қал­ды, оған бер­ген кви­тан­ци­я­сы да жоқ. Сон­да қолы­ма таза тигенi 260 мың.

Келесi күнi мен банк­ке ақша­сын қай­тар­мақ­шы болып бар­дым. Себебi, банк­тен алған 266 989 тең­генi 509 041 тең­ге етiп қай­та­ра­ды екен­мiн. Санап қара­сам, 15 пай­ы­з­бен емес, 96 пай­ы­здан келiп тұр. Банк­ке барып, заң­сызды­қта­рын айтып, счет­ты жабай­ын десем: «320 мың 400 тең­ге етiп қай­та­ра­сыз» деп қарап тұр. «Неге олай?» десем, «6 ай көле­мiн­де­гi қосым­ша пай­ы­з­бен төлей­сiз, ал 6 айдан бiр күн асып кет­се де, бел­гi­лен­ген 509 мың 041 тең­генi төлей­сiз» деп шыға­рып салды.

Бұл нағыз тонау емей немене?! Банк­тiң осы iс-әре­кетiн ала­яқтық қыл­мыс деп ұғы­нып, артын­ша сотқа арыз да жаз­дым. Судья А.Қожаниязов «мән-жай­ды рас­тай­тын дәлел­де­ме­лер толық емес» деген ұйға­ру қағазы­мен қоса ары­зым­ды қай­та­рып бер­дi. Амал қан­ша, айты­лған сома­ны төле­у­ге тура келдi.

Неси­енің 101 695 тең­гесiн төле­ген­нен кей­iн, ара­да бiраз ай төлей алмай, тоқтап қалуға тура кел­ді. Себебi жұмыс бол­май, қат­ты тары­қтық. Сол ара­да банк төле­ме­ген айларға пай­ыз қосып, одан сай­ын көбейт­тi. Ендi не iстей­мiн деп жүр­ген­де, «банк банк­рот болып­ты» деп, жұрт­тың көбiсi төле­удi тоқта­тып қой­ды. Менiң неси­ем де сол кез­де мүм­кiн­шiлi­гiм бол­май, тоқтап қалған бола­тын. Ендi бір­не­ше жыл өткен­де бiлiп отыр­мын: «Аль­янс банк­тiң» егесi ауы­сқан екен, бiздi сыр­ты­мы­здан «Finance» Арна­у­лы қар­жы ком­па­ни­я­сы­на мал­ша сатып жiбер­ген екен. «Мал­ша» дей­тiн себебiм – бiздi адам бала­сы деп есеп­тей­тiн бол­са, бiр ауыз ескер­тiп, не бол­ма­са бiр жапы­рақ қағаз жiбе­ру­ге бол­май ма? Ендi келiп, менi сатып алған ком­па­ния менi сыр­тым­нан сотқа берiп, үсте­мақы қосып, шешiм шығар­тып, ойы­на кел­генiн iстеп отыр. Сон­да бұл қан­дай ойын?

Менiң ол ком­па­ни­я­мен ешқан­дай келiсiм-шар­тым жоқ, не олар «бiз сiздi сатып алған­быз» деп, бiр жапы­рақ қаға­зын көр­сетiп, ескерт­пе­ген. Мен келiсiм-шар­тқа отыр­сам, «Аль­янс банк­пен» оты­рған­мын, ал үшiн­шi жақ тура­лы бiл­мей­мiн де. «Аль­янс банк» еке­уа­ра оты­рған келiсiм-шар­тты бұзып, менiң бүкiл мәлi­метiм­дi (мекен-жай, теле­фон, т.б.) үшiн­шi жаққа бере салуға құқы­лы ма? Құқы­лы болған жағ­дай­да маған неге ескерт­пей­дi? Неге айда­ла­дағы бiр ком­па­ния менi сыр­тым­нан сотқа бередi, шешiм шығартады?

Мен «Аль­янс банк­те» төлен­бей қалған қары­зым­ды төле­уден қашпай­ты­ным­ды, сыр­тым­нан шыға­ры­лған шешім­ге нара­зы­лы­ғым­ды біл­діріп, салы­нған үсте­мақы­ны алып таста­у­ла­рын сұрап, сотқа апел­ля­ци­я­лық шағым бер­ген бола­ты­н­мын. Бірақ, өкініш­ке орай, сот менің ары­зым­ды қанағат­тан­ды­ру­сыз қал­дыр­ды. «Аль­янс» банк­тен «Finance» қар­жы ком­па­ни­я­сы мені сатып алға­ны заң­ды екен. Олар маған поч­та арқы­лы хат жібер­ген­біз деді. Сотқа да шақыр­ту­ды поч­та арқы­лы жібер­ген көрі­неді. «Сон­да хат­ты, сотқа шақыр­ту­ды алмаған менің не жазы­ғым бар?» десем, «Оны поч­та­дан барып біліңіз, біз­ге апа­рып бер­дік деген қағаз кел­ді, көр­шісі Жаңа­гүл­ге беріл­ді деп жазы­лып тұр», – дей­ді судья. Менің ешқан­дай Жаңа­гүл деген көр­шім жоқ дегені­ме де сен­беді. Соны­мен сот­тың шыға­рып бер­ген шешi­мi бой­ын­ша айлы­ғым­ның 50 пай­ы­зын төлеп оты­ра­тын бол­дым», – деп күй­і­неді Г.Асанова.

Қызы­лор­да тұрғы­ны К.Көбенова да «Кас­пий банк­тен» 2011 жылы ақша­лай кре­дит алға­нын айта­ды. Төлем­дi банк кар­точ­ка­сы­мен авто­мат арқы­лы төлеп­тi. Мез­гілі біт­кен­нен кей­ін, неси­ені жабай­ын деп бар­са, «әлі 100 мың­ның үстін­де төлей­тініңіз бар» деп төбесі­нен таспен ұрған­дай қыла­ды. Сонан соң біздің пар­ти­яға ары­зда­нып кел­ген бола­тын. Ал біз бұрын банк сала­сын­да істе­ген аза­матқа өтініш айтып, Көбе­но­ва алған неси­енің есебін сана­тып көр­дік. Сөйт­сек, авто­мат­тан төлей­тін төлем­ді әдейі төмен­детіп көр­се­те­ді екен. Төлеп оты­рған ақша­сы­ның 90 пай­ы­здай мөл­шері банк­тің есебіне кетіп оты­рған. Бұл «анну­и­тет­ті төлем» деп ата­ла­тын көрінеді.

Мұн­дай жағ­дай­лар әр отба­сын­да кез­де­седі. Егер жау­ап­ты тұлға­лар, депу­тат­тар, билік басын­дағы­лар халық алдын­дағы өз мін­дет­терін адал атқар­са, халық осы­лай­ша өз елін­де өзі өгей болып жүр­мес еді. Билік басын­да оты­рған­дарға айта­ры­мыз: біз тәу­ел­сіз мем­ле­кет­те өмір сүріп жатыр­мыз, бар-жоғы 17-ақ мил­ли­он халы­қ­пыз. Нелік­тен билік қара­пай­ым халқын қорға­май­ды? Банк жүй­есі заң­дар­ды өздеріне тиім­ді етіп, бұрып алуға қол жет­кіз­ген. Қан­ша­ма адам­ды банк бас­па­на­ла­ры­нан айыр­ды, қан­ша­ма­сы осы қиын­ды­қтан құты­лу үшін өзіне-өзі қол салып жатыр. Билік бұл шие­леніс­кен про­бле­маға ара­ла­сып, халы­қтың жағ­дай­ын жақ­сар­ту үшін, түп­кілік­ті рефор­ма­ларға баруы қажет деп санаймыз.

Абдул­ла ШАХАНОВ,

ЖСДП ҚОФ төрағасы

 

Республиканский еженедельник онлайн