Среда , 27 августа 2025

БАС ГАЗЕТТІҢ БАСШЫСЫ КІМ: Майлыбаевтың қолшоқпары ма, ӘЛДЕ ГҮЛЕННІҢ ШӘКІРТІ МЕ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №3 (367) от 26 янва­ря 2017 г.

 

Пре­зи­дент­ке хат

 


 

Дәл осын­дай бас тақы­рып­пен «DАТ»-тың редак­ци­я­сы­на хат кел­ді. Өзін таны­сты­ру тура­сын­да «Еге­мен Қаза­қстан» РГ» АҚ интер­нет-редак­ци­я­сы­ның тіл­шісі Т. Т. Рай­ым­бе­ков» деп жазған жур­на­ли­стің хаты ҚР пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа жол­данған екен. Хат­тың шекесіне тура­сы­нан «АРЫЗ» деп жазылыпты.

Ал осы ары­здың көшір­месі ҚР пре­мьер-мини­стрі Б. Ә. Сағын­та­евқа, ҚР Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетінің төрағасы

К. Қ. Мәсі­мов­ке, ҚР Бас прокуроры

Ж. Қ. Аса­но­вқа жол­данған көрінеді.

Ел пре­зи­ден­ті мен атал­мыш лау­а­зым­ды мыр­за­лар тара­пы­нан қан­дай жау­ап болар-бол­ма­сын кім біл­сін, ал біз жур­на­ли­стің жанай­қай­ын жет­кіз­ген жаз­ба­ны көле­мін сәл-пәл ықшам­дап жария етуді жөн санадық.

 

Аса құр­мет­ті Пре­зи­дент! Мәр­те­белі Нұр­сұл­тан Әбішұлы!

Мен, Рай­ым­бе­ков Талғат Төре­бекұ­лы, Аста­на қала­сы, «Еге­мен Қаза­қстан» газеті көше­сі, 513 мекен-жай­да орна­ласқан жатақ­ха­на­да тұра­мын, отба­сы­лы, екі балам бар және «Еге­мен Қаза­қстан» РГ» АҚ интер­нет-редак­ци­я­сын­да 2015 жыл­дың 1 науры­зы­нан бері тіл­ші болып қыз­мет етіп келдім.

«Ашы­нған­нан шыға­ды ащы дау­сым» деген сөз бар. Сіз­ге кім көрін­ген­нің кез кел­ген жағ­дай­да шағым­да­нып, арыз жазып, маза­ңы­зды ала бер­мей­тіні бел­гілі. Өзге­лер­ден тауы шағы­лып, таба­ны қай­тқан, барар жер, басар тауы қал­маған, ешбір себеп­сіз жапа шегіп, жәбір көріп, әбден ашы­нған адам ғана амал­сыз жүгі­неді. Мен де мини­стр­лік (Ақпа­рат және ком­му­ни­ка­ция – Ред.) біздің акци­о­нер­лік қоға­мға басқар­ма төраға­сы етіп қой­ған Қыды­рәлі Дар­хан Қуан­ды­құлы­нан көр­ген қуғын шек­тен шығып кет­кен соң, қолға еріксіз қалам алып отыр­мын. Енді осы хатым арқы­лы жалғыз өзім­нің ғана емес, соны­мен бір­ге бүкіл ұжым­ның төраға­дан осы кез­ге дей­ін көріп келе жатқан құқай­ла­рын, жұмыста жасап оты­рған заң мен адам­гер­шілік қағи­да­ла­ры­на сый­ы­спас әре­кет­терін Сіз­ге жет­кіз­гім келеді.

Әңгі­мем­ді Дар­хан Қыды­рәлінің жеке өзі­ме көр­сетіп кел­ген қия­на­ты­нан бастайын.

2017 жыл­дың 14 қаңта­ры күні жұмысқа барға­ным­да, есік­те­гі күзет күзет­шісі басқар­ма басты­ғы­ның орын­ба­са­ры Айбын Шаға­лақо­втың мені бұдан былай ғима­ратқа кір­гіз­беу жөнін­де қатаң тап­сыр­ма бер­генін айт­ты. Күзет­ші­ден сұраға­ным­да біл­генім: ол мені жұмыстан шыға­ры­лған деп­ті. Мен бұған аң-таң қал­дым. Себебі «не үшін шыға­ры­лға­ным­ды» айт­паған күн­нің өзін­де, қашан «жұмыстан шыға­ры­лға­ным­ды» сол кез­ге дей­ін өзім де біл­мей­тін едім. Ал тіп­ті жұмыстан шыққан күн­нің өзін­де, бұл жер жұрт кіру­ге бол­май­тын жабық меке­ме емес, сон­ды­қтан ешқан­дай қисы­нға кел­мей­тін бұл әсі­ре астам­шы­лы­қтың сыры маған бей­мәлім еді. Бір қызы­ғы, газет­тің содан кей­ін­гі күн­дері жары­ққа шыққан нөмір­лерін­де жари­я­ланған мақа­ла­ла­рым­да менің осын­да қыз­мет істей­тінім ұдайы көр­сетіліп тұрды…

Оқиға­ның арғы аста­ры­на кел­сек, негізі­нен, мені және мен сияқты бірқа­тар қыз­мет­кер­лер­ді қуда­ла­уды Түр­кі әле­мі ұлт­тық ғылым ака­де­ми­я­лар одағы хат­шы­лы­ғы­ның күні бүгін­ге дей­ін­гі іс басын­дағы бас­шы­сы Дар­хан Қыды­рәлі 2016 жылғы 8 шіл­де­де «Еге­мен Қаза­қстан» рес­пуб­ли­ка­лық газеті» акци­о­нер­лік қоға­мын басқар­ма төраға­сы ретін­де қоса басқа­руға кел­ген­нен кей­ін көп ұза­май бастап кетті.

Сөйт­сек, ол жүр­ген жер­лерінің бәрін­де редак­ци­яға қыз­мет­ке ала­тын болып, әркім­ге уәде береді екен. Олар­ды және «біз­де жатақ­ха­на бар» деп қызы­қты­рып шақы­ра­тын көрі­неді. Мұны «Фейс­бук» желісін­де­гі бір жігіт­тер­дің жаз­ба­ла­ры­нан бай­қап қал­дық. Ол осын­дай «мұқтаж­ды­қтың» сал­да­ры­нан жатақ­ха­на­да тұра­тын жігіт­тер­ді бір­ден өзінің қыры­на алған екен.

Сол «қырын қарас» алды­мен өзіне бір сөзі­мен жақ­пай қалған Өзбек­стан­нан кел­ген орал­ман, қолын­да мүге­дек әпкесі бар, 4 бала­ның әкесі, қала­мы жүй­рік жур­на­лист Нұр­бай Елмұра­то­вты жұмыстан кетір­ді. Оны 10 күн бойы жан-жақтан қысы­мға алып, соңы­нан әркім­ді бір салып жүріп, ақы­ры «өз еркі­мен» ары­зын жаз­ды­рып, шыға­рып жібер­ді. Дар­хан мыр­за­ны сон­да «елім» деп еңіреп кел­ген бұл жігіт­тің пат­ри­от­тық сезі­мі де, мұн­да шиет­тей 4 бала­сы­мен қоса, жарым­жан апа­сын бағып оты­рға­ны да еш толған­дыр­маға­ны ғой! Тап сол шама­да осын­дай «өз еркі­мен» кетуді интер­нет-редак­ци­я­ны өз қолы­мен құрған Серікқа­зы Кәкі­ба­ла­нов та бастан кешті. Мұн­да да оның бірі туа­біт­ті мүге­дек болып табы­ла­тын үйел­мен­ді-сүй­ел­мен­ді 5 бала­сы­ның тағ­ды­ры жаңа басты­қты шімір­кен­ді­ре қой­ма­ды. Деген­мен, оның неге мұн­ша­лы­қты қатыг­ез бола­ты­нын біз кей­ін біл­дік. Ол тура­лы төмен­де арнайы айтамын.

 

Содан кей­ін «жатақ­ха­на­шы­лар» қата­ры­нан Рау­ан Қай­да­ров пен мен ілік­тім қаһарға. Рау­ан­ды біл­мей­мін, ал менің соңы­ма бұлар шам алып түсті. Мұны мына фак­ті­ден де анық бай­қа­уға бола­ды. Мен 2016 жыл­дың 23 қара­ша­сын­да Айбын Шаға­лақо­втан Қызы­лор­даға асқа баруы­ма бай­ла­ны­сты 3 күн­ге жұмыстан боса­ту­ды өтін­дім. Бұдан бөлек, еңбек дема­лы­сы­нан қалған 5 күнім бар еді. Оны кадр бөлі­мін­де­гілер білетін. Сон­да да бол­са, адам­ша алда­ры­нан өтіп, жоға­ры­да айты­лған уақы­тқа мұр­сат сұра­дым. Осы­ған бай­ла­ны­сты жазған өтіні­ші­ме Айбын Шаға­лақов «Қар­сы емес­пін!» деп бел­гі соғып берді.

Алай­да кадр бөлі­мінің жетек­шісі Пери­зат Сағын­ды­қо­ва шұғыл шақыр­тып, менің Қызы­лор­даға баруы­ма рұқ­сат етіл­мей­тінін, ал кететін бол­сам, жұмыстан өз еркім­мен шығу тура­лы арыз жазуым керекті­гін айт­ты. Мен көп сөз­ге кел­мей, айтқан­да­рын істе­дім. Міне, бұлар­дың менің әке алдын­дағы соңғы пары­зым­ды өте­у­ге бара жатқан қам­көңіл кезім­де маған көр­сет­кен «қол­да­уы» мен «қамқор­лы­ғы­ның» түрі осын­дай бол­ды. Кей­ін біл­сем, Дар­хан сол екі орта­да кадр бөлі­міне мен тура­лы тап­сыр­ма беріп үлгеріп­ті. Ал мен осы­лай бола­рын біл­ген­дей, Шаға­лақо­втың қолы қой­ы­лған өтіні­штің түп­нұсқа­сын сақтап қой­ып едім…

Енді мұны­мен қой­май, мені 17 қаңтар күні жұмыстан заң­сыз шығар­ды. Ара­да небәрі бір күн өткен­де, қыстың көзі қыра­уда маған екі кіш­кен­тай балам­мен бір­ге жатақ­ха­на­дан шық деп талап ете бастады…

Жасы­ра­ты­ны жоқ, мен жаңа бас­шы тара­пы­нан кел­ген күні­нен оның өзі­ме қадалған суық шырай­ды бай­қаған­нан кей­ін, оның кім және қан­дай тұлға екені жөнін­де деректер ізде­сті­ре баста­дым. Сон­да бір біл­генім, ешқа­шан бір жер­де табан­да­тып оты­рып жұмыс істе­меп­ті. Сосын жүр­ген жер­лерінің бәрін­де жоға­ры­дағы­дай «бес­пре­дел» тір­лік жасау Дар­хан Қыды­рәлінің үйрен­шік­ті әдеті екен. Ол бұрын басқа­рып кет­кен меке­ме­лерінің бәрін­де де солай болған екен. Ал редак­ци­яға кел­гелі, соны­мен бір­ге өзінің заң және қар­жы-эко­но­ми­ка сала­сын­дағы білі­гінің өте төмен екенін көр­сетіп алды. Мұны ол қыз­мет­ке кіріс­кесін, алғаш рет өткіз­ген жина­лы­сын­да-ақ біл­діріп қойды.

Сол жиын­да Дар­хан Қыды­рәлі 4 нәр­се­ге уәде бер­ді. Бірін­шісі – осы ұжым­мен жұмыс жасай­мын, сырт­тан ешкім­ді әкел­мей­мін, екін­шісі – редак­ци­я­ның бар қыз­мет­керінің айлық жалақы­ла­рын көбей­те­мін, үшін­шісі – газет­те төле­нетін қала­мақы­ны есе­леп арт­ты­ра­мын, төр­тін­шісі – қыз­мет­кер­лер­ді Пре­зи­дент іс басқар­ма­сы­ның меди­ци­на­лық орта­лы­ғы­на тір­кетіп қоя­мын бол­ды. Жағ­дай­ды жақ­сы білетін, бюд­жет сала­сы­нан хабар­ла­ры бар ұжым мүше­лері оның бұл мәлім­де­месіне күл­ді де қойды.

Бұл бекер емес екен: Түрік ака­де­ми­я­сы мен редак­ци­я­ны қатар басқа­ра­тын «екі тіз­гін, бір шыл­быр­лы» жаңа бастық әлі күн­ге дей­ін бұл уәде­лерінің бір­де-бірін орын­даған жоқ. Жаңа жыл алдын­да бер­ген «қаңтар­дан бастап айлы­қты 30 пай­ы­зға көбей­те­мін» деген тағы бір көтеріңкі уәдесі де құм жұтып қал­ды. Ал сырт­тан адам тасуға ара­да апта өтпей-ақ кірісіп кет­кен еді. Сырт­тан болған­да, негізі Түрік ака­де­ми­я­сын­да өзінің қол астын­да қыз­мет атқа­ра­тын­дар­ды бері «сүй­рей» баста­ды. Қазір сол ака­де­ми­я­ның кіші­гірім фили­а­лы сияқты­мыз, басты­қтың өзін қоса есеп­те­ген­де, екі жаққа ортақ 8 адам жұмыс жасай­ды. Соның ішін­де Дар­хан Қыды­рәлінің өзі сияқты бүгін­де екі жақтан бір­дей айлық алып жүр­ген­дері де бар деседі…

Редак­ци­яға алға­шқы­лар­дың бірі болып Айбын Шаға­лақов, Жан­дос Бәделұ­лы, Сәу­ле Аябе­ко­ва алын­ды. Соны­мен, бірін­ші уәденің күлі бір­ден көк­ке ұшты. Ал жақын­да ғана Дар­хан Қыды­рәлі іште­гі үлкен жиын­да өзі кел­гелі редак­ци­яға 26 адам­ның қыз­мет­ке алы­нға­нын мәлім­деді. Бірақ кет­кен­дер саны 15 қара­лы бола­ды. Сон­да штат­та жоқ 13–15 бір­лік­ті қай­дан алып отыр?

Сөйт­сек, Дәкең­де «штат­тық кесте», «штат­тық бір­лік» деген ұғым­дар бол­май­ды екен. Қазір Алма­ты бюро­сын­дағы­лар «Біз­ге Дар­хан әр кел­ген сай­ын қата­ры­мы­зға бір адам­ды қосып кете­ді» деп күледі. Мұны­сы ол өткен сен­бі күні Алма­ты­да болға­нын­да тағы айғақтап, ешқа­шан редак­ци­яда сын­нан өтпе­ген 2 қыз­мет­кер­ді бөлім­ше­ге қыз­мет­ке алды. Ал Сауыт­бек Абд­рах­ма­но­втың кезін­де ондағы зей­нет­ке шыға­тын­дар есебі­нен штат қыз­мет­кер­лері санын бір­тін­деп азай­та беру, ондағы бір­лік­тер­ді орта­лы­ққа ауы­сты­ру қолға алы­нып еді. Қазір, керісін­ше, бұл бөлім­ше шағын бір редак­ци­яға айна­лып шыға кел­ді. Дәкең бол­са, мұны­мен де тоқта­май, тіл­шілер қосы­нын Шым­кент­тен де ашу жөнін­де­гі иде­я­сын іске асы­руға көшіп кетті.

Жал­пы, Дар­хан Қыды­рәлі кел­гелі редак­ци­я­ның штат­тық кестесін ай сай­ын дали­тып өсі­ру жүзе­ге асу­да. Алды­мен ол бөлім­дер құр­ды, сосын соларға сай бас редак­тор­лар­дың орын­ба­сар­ла­рын тағай­ын­да­ды. Кей­ін төраға­ның орын­ба­сар­ла­рын тағай­ын­да­у­мен бас­шы­лық құры­лым­ды тіп­ті дали­тып жібер­ді. Сөй­тіп, «екі мыр­за­ға – бір қыз­мет­шінің» кері кел­ді. Сон­дай есеп­сіздік­тің сал­да­ры­нан «Әкім­шілік-құқы­қтық және мем­ле­кет­тік сатып алу­лар басқар­ма­сы» (!) деген үлкен құры­лым құрыл­ды. Осы әйдік ұйым­ды басқа­ру «бұрын про­ку­рор болып істе­ген» Абдул­ма­хмуд Поша­та­ев деген заң­гер­ге тап­сы­рыл­ды. Бұл кісінің про­ку­ра­ту­ра орган­да­ры­нан неге кетіп қалға­ны біз­ге бел­гісіз, бірақ оның Дәкең­мен бір мек­теп­те оқы­ға­ны тура­лы қау­е­сет қазір жел­дей есіп тұр. Бұған қоса, бұры­нғы заң­гер­дің орны қысқа­рып кет­ті де, кей­ін қай­та­дан ашы­ла қою арқы­лы басқа адам жұмысқа алынды.

 

Тағы мына қызы­қты қараңыз: Дар­хан Қыды­рәлінің қыры­на жақ­пай, жұмыстан кет­кен­дер­дің 95 пай­ы­зы орта­лық және батыс өңір­лер­ден екен. Бұл «ала­ста­ты­лған топ­ты» орта­лық өңір өкіл­дері: Н.Елмұратов, С.Кәкібаланов, Ғ.Нақыпов, М.Жолдасбаева, С.Жұмашева,Н.Әбдіқалықов, Ә.Біләлова, Қ. Теле­ге­нов, батыс аймақтан Ш.Әмір, Қ.Ескендір, Ш.Бейсенова, С.Сәуірбаев және мен. Осы­ның алдын­да ғана ел газеті – «Еге­мен Қаза­қстан» қаза­қты бірік­тіретін орта сана­лушы еді. Мұн­да елі­міздің бар­лық өңір­лерінің өкіл­дері қыз­мет етуі тиіс деген қатаң прин­цип сақта­ла­тын. Кезін­де бас­шы болған Е. Смай­ыл, С. Абд­рах­ма­нов бұған айры­қ­ша көңіл бөліп, жете мән бер­ді. Тіп­ті газет автор­ла­ры­ның бүкіл елді қам­туы қадаға­ла­на­тын. Қазір­гі жағ­дай мына­дай. Бұл күн­дері Д. Қыды­рәліні жеке таны­май­тын­дар, жалы­нып өтініш айт­паған­дар газет­ке шыға алмай­ды. Автор­лар негізі­нен Түрік ака­де­ми­я­сы­ның қыз­мет­кер­лері, сүй­ік­ті аға­ла­ры болып жалға­сып кете береді. Министр Аба­ев жеке адам­дар­ды, мерей­той­лар­ды газет­ке бер­гіз­бей­тін болып еді, бірақ Тша­нов, Тұры­с­бе­ков сияқты айбын­ды аға­ла­ры жарқ етіп шығып қала­ды. Мұн­дай жағ­да­ят­тар аз емес.

Біздің тағы бір біл­гені­міз, Д.Қыдырәлінің ең жақ­сы көретін шара­сы – бүкіл ұжым­ды жинап, жина­лыс өткі­зу де, ең бақыт­ты сәті – сон­дай жиын­дар­да қатарға қосы­лған кезек­ті қыз­мет­кер­ді көп­шілік­ке таны­сты­ру екен. Мұны «Фейс­бук­те­гі» ағай­ын­дар да бай­қап қалып­ты – 19 қаңтар күні сон­дай бір тағай­ын­да­у­лар­дан кей­ін олар­дың бірі (Нұр­серік Жол­ба­рыс) әле­умет­тік желі аясын­да: «Еге­мен Қаза­қстан» газетіне жаңа бас­шы кел­гелі 7 айдай болып­ты. Содан бері газет­тің лого­тип ауы­сты­рға­нын біле­міз. Ықшам­да­лып шыққа­ны тағы бар. Басқа өзгеріс көр­медік. Бірақ газет ұжы­мын­да күн­де бір тағай­ын­дау… Сапы­рып-сыпы­рып жатыр. Қат­ты-қат­ты сапы­ра­тын­дай шта­ты сон­ша­лы­қты көп ұжым ба өзі?» – деп жазыпты.

Сапы­рған­нан шыға­ды, есеп-қисап­ты, эко­но­ми­ка­ны мой­ын­да­май­тын бастық штат­ты бұрын жоқ бір­лік­тер­мен тол­ты­рып, дали­тқан­ды одан әрі жалға­сты­рып жатыр. Мыса­лы, жақын­да ғана Шығыс Қаза­қстан, Қараған­ды және Жам­был облы­ста­рын­дағы мен­шік­ті тіл­шілер­ді қояр­да-қой­май орта­лық аппа­ратқа алдыр­ды (жатақ­ха­на осы­лар үшін боса­ты­лып жатыр екен). Енді солар­дың орын­да­ры­на кадр­лар­ды жер­гілік­ті жер­лер­ден алып, Шым­кент­ке тағы бір бір­лік қосты. Сон­да адам саны қосы­лған сай­ын, қосым­ша қар­жы керек екенін, оны­мен айлы­қты көбей­ту мүм­кін емес екенін бұл кісі біл­мей ме?!

Әлде «Еге­мен­нің» тарих­та тұңғыш рет банк­ро­тқа ұшы­рау қау­пін­де тұрға­нын, оны тек үкі­мет­тен қосым­ша қар­жы алу арқы­лы ғана құтқа­ру мүм­кін екенін ұмы­тып қалға­ны ма? Сол қауіп­тің әлі де тара­маға­нын, мына­дай ақша шашы­спен жыл­дың соңын­да жағ­дай­дың қиын­дап кетуі әбден ықти­мал екенін, бұған облы­старға тарай­тын газет­тер­дің де түр­лі-түсті боя­у­мен шыға баста­уы аз әсер етпей­тінін қапе­ріне алмаға­ны ма? Қыды­рәлі эко­но­ми­ка­лық тиім­ділік­ті емес, тек пиар­ды ғана ойлайды.

Біз­ге кей­де Дар­хан мыр­за әлдеқан­дай бір ойын ойнап жүр­ген­дей, не эст­ра­да­да кон­церт қой­ып тұрған­дай әсер қал­ды­ра­ды. Әйт­пе­се мына заман­да аймақтар­дан адам алды­ру­дың үлкен жау­ап­кер­шілі­гі барын, енді жұрт­тың бұры­нғы­дай пәтер­дің кезе­гіне тұра алмай­ты­нын сезбей ме? Олар­ды әкел­ген­нен кей­ін, үй-жай­мен де қам­та­ма­сыз ету керек емес пе? Әлде ол мұн­дағы бар­лық про­бле­ма­ны жалғыз жатақ­хан­амен шеше­мін деп ойлай ма екен? Елден кел­ген 4–5 бала­лы жігіт­тер мұн­дай құрқы­л­тай­дың ұясын­дай жер­ге қалай сыя­ды? Сосын жатақ­ха­на ешқа­шан да адам­ның тұрғын жайы мәсе­лесін түп­кілік­ті шешпей­ді ғой. Ал бас­шы­лық бар­ды да, облы­стан кел­ген үш соқтал­дай жігіт­ті бір бала­сы бар, күй­е­уі жоқ жас келін­шек­пен бір сек­ци­ядағы жап­сар­лас бөл­ме­ге топыр­ла­тып, тықты да жібер­ді. Жұрт қазір мұның қай ағым­ның салқы­ны екенін біле алмай, дал болып отыр.

Сол сияқты зей­нет­ке шығу мерзі­міне екі жыл қалған Темір Құсай­ын­ды Орал­дан Ақтө­бе­ге әкел­ген­де, кім не ұта­ды? Газет про­ку­ра­ту­ра орган­да­ры емес, про­ку­рор­ла­ры әр бес жыл сай­ын қыз­мет орнын мін­дет­ті түр­де ауы­сты­рып отыратын.

Дар­хан Қыды­рәлі редак­ци­яға қыз­мет­кер қабыл­да­уды да ойын­шы­ққа айнал­ды­рып жібер­ді. Бұры­нғы бас­шы­лар қыз­мет­ке адам алмас бұрын, оны әбден сынақтан өткізіп барып, алды­мен шар­тты мерзім­мен ала­тын. Мыса­лы, Сауыт­бек Абд­рах­ма­нов жұмысқа қыз­мет­кер алар­да әбден тек­серіп, 1–3 ай ара­лы­ғын­да сынақ мерзі­мі­нен өткізіп барып қабыл­дай­тын. Менің өзім 6 айға жуық келісім-шар­тпен жұмыс жасап барып, штатқа кір­ген­мін. Ал қазір бәрі оңай. Тіп­ті «Фейс­бук­те» үш ауыз сөзің­мен жақ­сы көрін­сең де жұмысқа шақы­ра сала­ды. Мұның осын­ша­ма жеңіл болып кет­кенін облы­стар­дағы мен­шік­ті тіл­шілер­ді қай­та тағай­ын­даған­да да көр­дік. Бұрын бұл оры­нға келетін­дер алдын ала қай­та-қай­та мақа­ла жазып көрініп, солар­дың ара­сы­нан үздік­тері ірік­те­летін. Кеше­гі кел­ген­дер ара­сын­да біздің газет­те мақа­ла­ла­ры шық­пақ тұр­мақ, жур­на­лист ретін­де кім екені бел­гісіз­дер де бар.

Мұн­дай фак­тілер­ді редак­ци­ядағы көп­те­ген басқа қыз­мет­кер­лер­ге де қаты­сты кел­тіру­ге бола­ды. Мыса­лы, қазір өзінің оң қолы болып оты­рған Айбын Шаға­лақо­вты алай­ық. Өмірін­де газет­те істеп те, жүз жол­дан артық мақа­ла жазып та көр­ме­ген ол алды­мен мұн­да бас редак­тор­дың орын­ба­са­ры болып кел­ді. Бірақ не еңбек сіңіріп үлгер­гені бел­гісіз, бар-жоғы үш айдан соң төраға­ның орын­ба­са­ры болып күрт өсті де кет­ті. Бұрын бұл лау­а­зым­да үлкен тәжіри­бе­лері бар Е. Смай­ыл, Ж. Ауп­ба­ев, Е. Қыдыр сияқты жур­на­ли­стер оты­рған еді, бұлар оған саты­лап әзер жет­кен. Ал Шаға­лақов шын мәнін­де кел­гелі бері негізі­нен төраға­ның қаты­нас қағаз­да­рын жазу­мен, соның сырт­тағы әртүр­лі ұйым­да­сты­ру мәсе­ле­лерін шешу­мен айна­лы­сып, былай­ын­ша айтқан­да, көмек­шінің қыз­метін атқа­рып келеді.

Тағы бір айта­тын жайт, Д.Қыдырәлімен бір­ге кел­ген мұн­дай бас­шы­лар­дың бір­де-бірі осы жар­ты жыл­дың ішін­де газет бетін­де өздерінің титім­дей де мақа­ла­сын жари­я­лап көр­ген емес! Сол сияқты газет­тің интер­нет-редак­ци­я­сы­на кел­ген Ержан Әбдіра­ман А. Шаға­лақо­втың әрі кур­с­та­сы, әрі туысы.

Бұл да ештеңе емес, Ержан кел­гелі газет­тің сай­ты «ҚазА­қ­па­рат­тың» көшір­месіне айна­лып кет­ті. Ондағы хабар­лар­дың 80 пай­ы­зын сол агент­тік­тің мате­ри­ал­да­ры құрай­ды. Мұны сайт­тың тамыз айы­нан бер­гі әрбір күнін тек­серіп көр­ген адам бір­ден байқайды.

 

«Фейс­бук­те­гі» бло­гер атап көр­сет­кен­дей, газет­те шынын­да өзгер­ген ештеңе жоқ. Оның өзге­ретін де реті жоқ еді. Мұн­дай үлкен газет­те бұрын бір күн істе­мек тұр­мақ, қабы­рға газетінің өзін басқа­рып көр­ме­ген, басы­лым мақа­ла­ла­ры­ның беделі мен рей­тин­гісін тек оның «Фейс­бук­тағы» лайк­та­ры саны­мен баға­лай­тын Дар­хан Қыды­рәлі мен оның жағым­паз­дар­дан құралған тәжіри­бесі, білі­мі жоқ коман­да­сы қалай өзгер­те алсын?! Бас­шы­ның өзгерт­кені – лого­тип пен фор­мат қана. Бірақ еке­уі де оқыр­ман­дар­дың көбіне ұнап жүр­ген жоқ. Мыса­лы, жаңа лого­тип­ті менің бір таны­сым: «Баяғы ауыл клуб­та­ры афи­ша­сын­дағы кино­ның аты көр­сетіл­ген жазуға ұқсай­ды екен» деп еді. Ал Шерағаң­ның (Мұр­та­за – Ред.) бұры­нғы нұсқа­сын­да айбат бар еді. Қарап тұр­сам, бұл да дәл сон­дай қара­бай­ыр ғана жазу екен.

Ал фор­мат­ты көп адам қазір «шолақ шал­бар­лы сала­фит» пен «жүнін жұлған тауы­ққа» ұқса­та­ды. Осы­лай «жинақта­лу» сал­да­ры­нан газет­ке көле­мі үлкен мате­ри­ал­дар салу да қиын­дап кет­ті, енді макет­ке бағы­нып, қан­дай мәсе­лені бол­са да шым-шым­дап айтуға тура келеді. Төраға өзінің бұл тір­лі­гін ұшақта оты­рған­дар­дың оқу­ла­ры­на ыңғай­лы болуы үшін деп түсін­дір­ді. Таң қала­тын нәр­се – сон­да күніне аэро­порт­тарға тегін беріліп тұра­тын 100 дана үшін бүкіл газет­тің фор­ма­тын құр­бан­ды­ққа шалып жібе­ру­ге бола ма екен?!

Сосы­нғы бір мәсе­ле – газет­тің 2017 жылғы тара­лы­мы қазір 202 360 дана деп көр­сетіліп жүр. Бірақ бұдан нақты хабар­ла­ры бар кісілер бұл көр­сет­кі­штің нақты мәлі­мет­тен едәуір өсіріп көр­сетіл­генін айтып жүр. Міне, бұл да тек­серіп қара­уды қажет ететін жайт.

Мұның бәрі, айна­лып кел­ген­де, Дар­хан Қыды­рәлінің үлкен пиар­шы екенін ғана көр­сетіп отыр. Сон­дай өзін-өзі наси­хат­та­уды ол редак­ци­яда Әбіш Кекіл­ба­ев­тың кіта­п­ха­на­сын ашқан­да көр­сет­ті. Қазір сол кіта­п­ха­на­да жазу­шы аға­мы­здың оншақты кіта­бы­нан басқа ештеңе жоқ. Осы­ның соңын ала марқұм­ның жыл­дық асын беру­ге, жұрт­тың айтуын­ша, редак­ци­ядан 13 млн тең­ге­ден артық ақша жара­тып­ты. Асты да Дар­хан мыр­за өзін жар­на­ма­лау үшін ғана пай­да­лан­ды, оны өткізу­ге Бағлан Май­лы­ба­ев­тан рұқ­сат алып алды деген сөз жиі айты­ла­ды. Бұл шараға мұн­ша ақша­ны жара­ту­дың қан­ша­лы­қты заң­ды­лы­ғы барын енді тиісті орын­дар тек­се­ретін шығар деген ойдамын.

Төраға Аста­на­дағы Қошқар­ба­ев көше­сінің бой­ын­дағы жаңа үйін күр­делі жөн­де­уден өткізу­ге үш ай бойы жұмыс кезін­де редак­ци­я­ның тех­ник қыз­мет­кер­лерін жегіп қой­ды. Мұның да қан­ша­лы­қты заң­ды­лы­ғы барын тек­серіп алған дұрыс болар еді. Бұдан бөлек, әр жер­де өзінің сөзін сөй­леп жүруі үшін ұдайы шай беріп жүретін елге сый­лы ақсақал­дар­ды Түрік ака­де­ми­я­сы­на тір­кеп қой­ып, айлық төлей­ді екен деген­ді де жұрт айтып жүр. Оның да қан­ша­лы­қты шын­ды­ққа жана­сым­ды екенін біл­ген­нің арты­қты­ғы бол­мас еді.

Дар­хан Қыды­рәлі өзін бір кере­мет газет шыға­рып отыр­мын деп ойлай­ды ғой дей­мін: біз­де­гі әр жина­лы­ста газет­ті анау мақтап жатыр, мынау мақтап жатыр деген­ді айту­дан жалы­қ­пай­ды. Біре­се ол мұн­дай­да кей­де Н. Нығ­ма­ту­лин­нің атын айтып кел­се, бір­де М. Қасым­бе­ко­вті ауы­зға ала­ды, тағы бір­де Б. Май­лы­ба­ев­ты алға тарт­са, келесі жолы Д. Аба­ев­ты атай­ды. Шама­сы, аталған кісілер­дің бір ауыз ком­пли­мен­тін айтып келе беретін шығар, әйт­пе­се ол күм­піл­дет­кен­дей кере­мет газет шығып жат­паға­нын көзі қарақты оқыр­ман біледі.

Қай­та бұрын оқта-тек­те бол­са да, шығып тұра­тын өткір сын­дар мен про­бле­ма­лық мақа­ла­лар бұл күн­де көз­ден бұл-бұл ұшты. Сон­дай мақта­ну бары­сы­ның бірін­де Д. Қыды­рәлі тіп­ті твор­че­ство­лық ұжым­ның көз алдын­да өзінің Пре­зи­дент­тің сөй­лей­тін сөзін дай­ын­дай­тын спри­чрай­тер екенін де айтып жібер­ді. Біз Елба­сы­ның әрбір сөзін дай­ын­дап оты­ра­тын коман­да бола­ты­нын біле­міз. Бірақ онда кім­дер бар екені­нен хабар­сыз едік… Кей­де Дәкең өзін министр Аба­ев­тың «бас кеңес­шісі» (?) деп те атап жібе­ретіні құлағы­мы­зға жетіп жатыр.

Заң­ның талап­та­ры­на пысқы­рып қара­май­тын Дар­хан Қыды­рәлі әу бастан «Еге­мен Қаза­қстанға» заң­сыз кел­ген. Бұған көз жет­кі­зу үшін «Акци­о­нер­лік қоғам тура­лы» Заң­ның 59-бабы, 2‑тармағын бір қарап шық­са жетіп жатыр. Ол тар­мақта: «Атқа­ру­шы орган­ның бас­шы­сы не қоғам­ның атқа­ру­шы орга­ны­ның функ­ци­я­сын жеке дара жүзе­ге асы­ра­тын адам атқа­ру­шы орган бас­шы­сы­ның не басқа заң­ды тұлға­ның атқа­ру­шы орга­ны­ның функ­ци­я­сын жеке дара жүзе­ге асы­ра­тын адам­ның лау­а­зы­мын атқа­руға құқы­ғы жоқ», – деп тай­ға таң­ба басқан­дай атап көрсетілген.

Ал Халы­қа­ра­лық құқық ере­же­сінің «Халы­қа­ра­лық ұйым­дар­дың құқы­қтық субъ­ек­тілі­гі» деген 12-пара­гра­фын­да: «Меж­ду­на­род­ные орга­ни­за­ции обя­за­ны, в част­но­сти, при­дер­жи­вать­ся прин­ци­пов невме­ша­тель­ства во внут­рен­ние дела госу­дар­ства, суве­рен­но­го равен­ства чле­нов, доб­ро­со­вест­но­го выпол­не­ния меж­ду­на­род­ных обя­за­тельств», – деп жазы­лған. Демек, Түрік ака­де­ми­я­сы сияқты халы­қа­ра­лық ұйым­ды басқа­рып оты­рған лау­а­зым­ды тұлға­ның «Еге­мен Қаза­қстан» газеті секіл­ді мем­ле­кет­тік акци­о­нер­лік қоға­мға қол сұғуға құқы­ғы жоқ еді. Өкініш­ке қарай, Заң мен ере­же­ге бағы­ну Пре­зи­дент әкім­шілі­гі бас­шы­сы­ның сол кез­де­гі орын­ба­са­ры Бағлан Май­лы­ба­ев­ты да, жаңа­дан құры­лған ақпа­рат және ком­му­ни­ка­ци­я­лар мини­стрі, тәжіри­бесі кем­шін Дәу­рен Аба­ев­ты да ойландырмапты.

Бұл жер­де газет редак­ци­я­сын басқа­ру ісі­нен тит­тей де машы­ғы мен тәжіри­бесі жоқ, оның үстіне кәсі­би жур­на­лист емес, ең басты­сы, төрт мем­ле­кет пре­зи­ден­тінің келі­суі­мен бекітілетін халы­қа­ра­лық ұйым­ның тіз­гінін ұстап, 10 мың дол­ларға жуық жалақы алып оты­рған, тіп­ті аудан­дық газет­те де еңбек етпе­ген, маман­ды­ғы – түр­ко­лог адам­ды елі­міздің бас басы­лы­мы сана­ла­тын газет­ке бас­шы етіп әкеліп қою иде­я­сы қай­дан туып жүр деген сұрақ туа­ды. Б. Май­лы­ба­ев кезін­де Пре­зи­дент бас­пасөз қыз­метіне өзі алған, өзінің қол­да­уы­мен өсіп келе жатқан Д. Қыды­рәліні «Еге­мен­ге» бас­шы­лы­ққа кел­геніне үш ай енді толған Еркін Қыдыр­дың орны­на оты­рғы­зды. Бұдан кей­ін ол мұн­дай өзгерістер­ді «Казах­стан­ская прав­да» газеті мен «Қаза­қстан» теле­ар­на­сын­да, елі­міздің басқа да ірі ақпа­рат құрал­да­рын­да жаса­ды. Жас мини­стр­дің тәжіри­бесі азды­ғын пай­да­ла­нып, мем­ле­кет­тік ақпа­рат сала­сын пісіп-жетіл­ме­ген, жур­на­ли­стік орта­да мой­ын­дал­маған «бала­бақ­ша­ның» қолы­на беру Бағлан Май­лы­ба­ев­тың қасақа­на ойла­сты­рған қада­мы ма деген қауіп бар.

 

Бір жолы Дар­хан Қыды­рәлі ұжым­дағы үлкен жиын­да: «Сауыт­бек аға­мыз редак­ци­ядағы көп бала­лы әйел­дер­ге аяу­гер­шілік­пен қара деді. Олар­дың қарғы­сы жаман бола­ды деді. Бірақ мен ешқан­дай қарғы­стан қоры­қ­пай­мын», – деді. Біз жаға­мы­зды ұста­дық. Сөйт­сек, оның бұлай дей­тін­дей жөні бар сияқты. Зерт­тей кел­ген­де, Дар­хан Қыды­рәліні жақ­сы білетін­дер оның суфиз­мнің накш­бан­ди тар­мағын ұста­уы мүм­кін екенін айт­ты. Ал накш­бан­ди­лер қарғы­стан қоры­қ­пай­ды екен. Осы тұста оның Гүлен­нің мүри­ті, яғни жолын ұста­у­шы шәкір­ті екені жиі айтылады.

Мен сол күн­дері «Закон.кз» сай­ты­ның 2009 жылғы шіл­де­де­гі саны­нан «Фет­хул­ла Гюлен – пре­дан­ный «друг» Казах­ста­на?» деген хабар тауып алдым. Онда гүлен­шілер қозға­лы­сы­ның Қаза­қстан­дағы сипа­ты тура­лы айты­ла келіп:

«Кай­рат Жол­ды­бай вме­сте с Исой Мухит­ди­ном наг­ло про­во­дят поли­ти­ку «оту­ре­чи­ва­ния» ДУМК и мусуль­ман РК. А их кры­шу­ет Дар­хан Кыды­ра­ли­ев в АП. Мало того, что идео­ло­ги­че­ских дивер­сан­тов пусти­ли в стра­ну и дают пус­кать кор­ни, так еще и предо­став­ля­ют воз­мож­ность лега­ли­зо­вать­ся в гла­зах обще­ствен­но­сти», – деп жазы­лып­ты (https://zonakz.net/blogs/user/patriot/6309.html).

Ал 2016 жыл­дың 2 тамы­зы күні sn.kz сай­тын­да «ҚТЛ Білім мини­стр­лі­гіне қара­са, онда Katev-тің кере­гі не?» деген мате­ри­ал жари­я­ла­нып, оның соңы­на беріл­ген ком­мент­тер ара­сын­да: «Дар­хан Қыды­рәлі, Сая­сат Нұр­бек, Сапар­бек Тұяқ­ба­ев гүлен­шілер­дің дай­ын­даған өні­мі!» деген тұжы­рым да кез­де­сті. Кей­ін мұн­дай ком­мент­тер басқа да бірқа­тар сайт­тар­дан көрініп қалды.

Біздің­ше, үсті­нен осын­дай әңгі­ме­лер­дің қозға­луы­ның өзі бұл аза­матқа өте мұқи­ят қара­уды, оның діни көзқа­ра­сын жан-жақты тек­се­руді талап ете­ді. Мұны Дар­хан­ның өзі бұрын да, осы кез­дері де ешқа­шан ресми түр­де жоққа шыға­рып көр­ген жоқ. Тағы бір мәсе­ле, А. Шаға­лақов соңғы кез­дері өзінің Түр­ки­яда оқы­ған жыл­да­ры тура­лы сайт­тағы мәлі­метін алып тастап­ты. Оның неден іш жиып оты­рға­ны түсініксіз. Әлде ондағы ұста­зда­ры күдік­ті кісілер ме еді? Сон­ды­қтан осы жайт­тар да енді тиісті орган­дар­дың тек­се­руі­нен шет қал­май­тын шығар деген ойдамыз.

Жал­пы, Дар­хан Қыды­рәлінің барған жер­лерінің бәрін­де ұжым­ды судай сапы­рып, қыз­мет­кер­лер­ді ауы­сты­рып жата­ты­ны да оның бел­гілі бір мүд­делі топ­тар­дың тап­сыр­ма­сын орын­дап жүр­генін­дей әсер қал­ды­ра­ды. Мыса­лы, Түрік ака­де­ми­я­сы­ның жар­ты­сын ауы­сты­рып жіберіп­ті. Қазір «Еге­мен­де­гі» қарқы­ны да соған ұқсай­ды. Мына қал­пы­мен оның жуыр маң­да басы­ла­тын түрі көрінбейді.

Бір нәр­се айқын, елі­міздің бас газеті «Еге­мен Қаза­қстан» – бас­шы қою­да экс­пе­ри­мент жасай­тын және сол бас­шы­ға ойы­на кел­генін істетіп қоя­тын басы­лым емес. Д. Қыды­рәлі бұл қыз­мет­ті айлы­ғы жоға­ры Түрік ака­де­ми­я­сы­мен қосар­лай атқа­рып, күніне 2–3 сағат қана редак­ци­яда бола­ды, бұл жур­на­ли­стер намысы­на тиеді, сөй­тіп жүріп-ақ 2 мың дол­лар­дан астам жалақы ала­ды. Енде­ше мем­ле­кет­тік ақпа­рат құрал­да­ры экс­пе­ри­мент жасай­тын, амби­ци­я­сы зор, бірақ тәжіри­бесі жоқ, толы­спаған, қалып­тас­паған жастар­ды жібе­ретін поли­гонға айналға­ны қалай? Сон­да Май­лы­ба­ев елдің ақпа­рат­тық қауіп­сізді­гін күй­ре­ту үшін мұны әдейі жасаған жоқ па? Сон­ды­қтан бас басы­лым­ды репу­та­ци­я­сы­на дақ қана емес, күмән да түс­пе­ген сала­у­ат­ты адам басқарға­ны дұрыс болар еді.

Кезін­де елі­міз­де­гі ірі теле­ар­на діни ағым өкіл­дері­нен тазар­ты­лып еді, енді «Еге­мен Қаза­қстан­ды» да дәл солай тазар­ту керек.

 

Талғат РАЙЫМБЕКОВ,

23 қаңтар, 2017 жыл

 

 

Айт­пақ­шы

 

Оқы­стан Ойшы­ба­ев орын босатты?

 

Өткен жылғы қазан айы­ның басын­да «Қаза­қстан» теле­ра­дио кор­по­ра­ци­я­сын басқа­руға кел­ген Кемел­бек Ойшы­ба­ев­тың қыз­меті­нен кет­кені сей­сен­бі күні мәлім бол­ды. Бұл тура­лы Ойшы­ба­ев мыр­за­ның өзі «Фейс­бук­те­гі» парақ­ша­сын­да жазған екен.

 

«Қаза­қстан» РТРК» АҚ басқар­ма төраға­сы қыз­меті­нен кетуді ұйғар­дым. Оқу тура­лы іске асы­рыл­май қалған ойла­рым бар еді, солар­ды жалға­стыр­сам дей­мін. Аз уақыт ішін­де көп шаруа баста­дық. Менiң кет­кенi­ме қара­ма­стан, жалға­сы бола­ды деп үмiт­те­не­мiн. Ең басты­сы – жақ­сы адам­дар­мен таны­стым, кәсі­би маман­дар, кере­мет орта. Кор­по­ра­ци­я­ның бола­шағы зор. Өзім үшін қазақ теле­ви­зи­я­сы­ның қара шаңы­рағын­да қыз­мет ету үлкен тәжіри­бе бол­ды. Әрiп­те­стерi­ме де, бар­лық жана­шыр­ла­ры­ма да көп рах­мет!» деп­ті Кемел­бек Ойшыбаев.

Осы орай­да Ұлт­тық арна­ны басқа­руға кел­геніне төрт ай тол­маған аза­мат­тың аяқ асты­нан «оқу тура­лы» ойла­на қалуын­да қан­дай гәп бар деген сау­ал туа­ды. Сарап­шы­лар­дың пікіріне қараған­да, Кемел­бек­тің кетуіне ҚР пре­зи­ден­ті әкім­шілі­гі бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры Бағлан Май­лы­ба­ев­тың «мем­ле­кет­тік құпи­я­ны тарат­ты» деген айып­пен қамауға алы­нуы себеп болған сыңайлы.

Бірін­ші­ден, Ойшы­ба­ев­тың ойда жоқта жур­на­ли­стік жоға­ры медиа-лау­а­зы­мға тағай­ын­да­луы­на елдің ішкі сая­сат тұтқа­сын ұстаған Май­лы­ба­ев­тың ықпа­лы болға­ны анық. Екін­ші­ден, елдің бас идео­ло­гы Ойшы­ба­ев­ты осы оры­нға қан­дай ой-жоралғы­мен тық­па­ла­ды деген сау­алға ден қояр бол­сақ, жоға­ры­да жари­я­ла­нып оты­рған «Еге­мен Қаза­қстан» газеті бас­шы­лы­ғы­на қаты­сты мақа­ла­ның сары­ны мен маз­мұ­ны­нан осы отстав­каға да қаты­сы болуы мүм­кін біраз мағлұ­мат сүзіп алуға бола­тын сияқты.

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн