«Общественная позиция»
(проект «DAT» №38 (309) от 05 ноября 2015 г.
Сұлулық әлемді құтқара ма?
Тарихқа үңілсек, ХVIII – ХIХ ғасырларда Еуропаның Франция, Англия, Белгия, Голландия, Италия, Испания елдері Америка, Африка, Азия құрлығын жаулау дәуірі өтті. Олар өз мемлекеттерінде өмір сүріп жатқан елдерді қарақшылықпен жаулап, кінәсіз жандардың қанын ағызып, қыз-келіншектерін зорлап, бар байлығын тонады. Бірақ кім өзінің атамекенін тонатып, халқын қырғызып қойсын – олар да еуропалық жаулаушы әскерді, яғни еркектерді аяусыз қырды.
Алайда Еуропаның жесір қалған әйелдері, еркексіз қыздары тоналған елдерден келген байлыққа шомылып, әбден есіріп кетті. Еркектер азайып кеткендіктен, басқа елдерден «жеңіл өмір» іздеп келген еркектер Париж бен Лондон қалаларын жайлады. Әр еркекке оннан аса әйелден келгендіктен, әбден есірген еркектер айына бір әйел ауыстырып, солардың есебінен күн көріп, жатыпішер кер жалқауға айналды. Ал жеңіл жүрісті әйелдер Еуропа астаналарына қаптап көшіп келді. Билік қуған, байсыз бала тапқан, мүлдем тұрмысқа шықпаған, жезөкше әйелдердің есебінен «өркениеттің орталығы» деп жүрген Париж «азғындықтың ордасына» айналды.
Бұл аздай, 1794 жылы мемлекеттік төңкеріс арқылы билікке келген Француз «қызыл коммунарлары» (бізше – коммунистер) қабылдаған алғашқы заңдарының бірі – «әйел теңдігі». Осы кезеңде француз жазушысы А. Дюманың «Ақ гүлді келіншек» (Дама с камелиями) романын бүкіл Еуропа халқы қолдарынан түсірмей оқыды. Роман кейіпкеріне еліктеген қыз-келіншектер тек Францияда ғана емес, бүкіл Еуропада қаптап кетті. Еуропаның байлық пен биліктің буына мас болған әйелдері мен қыздары – күйеуі бары да, жоғы да романдағы салдақы кейіпкердей, еркек атаулының «аяулысына» айналуды армандап, жезөкше болу үшін жандарын салды.
Осы кезеңді «сексуальды революция» деп те атайды. Әбден есі ауысып, бетімен кеткен жезөкше әйелдер белгі ретінде есігінің алдына «қызыл фонарь» іліп қою сәнге айналған. Осы белгі арқылы кез келген еркек қалаған уақытында сол үйге кіріп «тояттайтын» болды. Отарға түскен халықтың көз жасына ұшыраған Еуропа осылай азғындықтың батпағына белшесінен батып жатты…
Кейіннен Еуропада бірінші дүниежүзілік соғыс жүріп6 еркектер отан үшін, отбасы үшін жан берісіп, жан алысып жатса, ақымақ әйелдері тылда оларға қарсы «шайқасып» жатты. 1914 жылы 8 наурыз күні Данияның астанасы Копенгаген қаласында сайлауға қатысу «құқықтарын» қорғап, шеруге шыққан жезөкше-салдақыларды полицейлер қуып таратады. Өйткені қоғам оларға ең төменгі «азғындар» ретінде қарады.
Екінші дүниежүзілік соғыста еркектер тағы қырылды. Еуропада биліктегі әйелдер лауазымдарын пайдаланып, «іскер әйелдер ұйымдары» мен мемлекеттік емес қозғалыстарды көптеп құрды. Оларда бір-ақ мақсат болды. Ол – «еркектер бізден жоғары, оларды бізбен теңестіру керек» деген ұран.
Анығында, Еуропа әйелдерінің еркектермен жауласатын жөні бар. Христиан дінінің католик тармағын ұстанған Еуропада ХV– ХVІІ ғасырлар арасында әйелдерді «сайтан», «ведьма» деп, аяусыз отқа өртеп, асып, атып өлтірді. Осыған кектенген Еуропа әйелдері жаппай «саясатқа» шықты. Бір-біріне бақталас Еуропа елдері: «Елін жаулағың келсе, әйелін бұз» деген қағидамен екінші бір елдің экономикасын дағдарысқа ұшыратып, білімі мен ғылымын сорлату үшін, сол елдің ақымақ әйелдерін пайдаланды.
1978 жылы Еуропада жүз мыңдаған қызтекелер мен еркекшоралар жиналып, көтеріліске шықты. «Біздің құқығымыз аяққа тапталып жатыр» деп, бүкіл әлемге жар салды. Олардың күресі он жылға созылды. Парламент пен биліктегі әйелдер осы «азғындарды» белсене қолдады. 1987 жылы оларды кемсітушілікке қарсы біржола заң қабылданып, оларды да «адам қатарына» қосты.
Олар бұған қанағат еткен жоқ. Олардың қатары күн санап өсе берді. 1995 жылы Дания мен Норвегияда еркек пен еркек, әйел мен әйелдің заң жүзінде некеге тұруына рұқсат берілді. Мұндай «құқыққа» 1998 жылы Голландия рұқсат берсе, 2000 жылы оларға бала асырап алуға мүмкіндік беретін заң шықты. Швецияда олардың «RESL» атты дүниежүзілік бірлестігі бар. Швеция, Дания, Норвегия мемлекеттері оларға қаржылай көмек көрсетеді. Мемлекеттік билікте «азғындардың» өз депутаттары мен министрлері өріп жүр…
1998 жылы әлемдік жас жазушылардың байқауында «гомик», «лесби» және жануарлармен жыныстық қатынас жасайтын азғындар туралы жазылған шығарма бірінші орын алды. Бразилияда 2006 жылы жезөкшелердің FM желісімен «ZONA» деп аталатын радиостанциясы ашылды. Онда жезөкшелікті насихаттап, оларды «әлемдегі ең тәуелсіз, әдемі әрі ақылды қыздар» деп мақтайды.
1994 жылы Мәскеуге АҚШ-тың әйелдер қауымдастығының төрайымы келді. Журналистер одан неше баласы бар екенін сұрағанда: «Мен балаларды сүймеймін, туғым да келмейді, олар менің карьерама кедергі келтіреді, Ресей әйелдері күйеулерін тыңдайды, өз құқықтары үшін күреспейді», – деп кінәлады.
Азғын әйелдердің билікті, байлықты қолдарына алғандығының белгісі: 2005 жылы америкалық 43 жастағы мультимиллионер әйел Сандес Бернардес өзінің 17 жасар ұлы Эмилиоға тұрмысқа шықты. АҚШ-та «баласына тұрмысқа шығуға» рұқсат беретін заң болмағандықтан, олар Тайландқа барып некеге тұрған. Бұл азғын әйел: «Мен осыған дейін екі рет тұрмысқа шықтым. Екеуі де жүрек ауруынан қайтыс болды. Оларды шын жүректен сүйгенім рас, бірақ Эмилиоға деген махаббатым ерекше, оның үстіне ол менің ұлым, әрі сүйікті жарым. Мұндай ерекше сезімді елестету мүмкін емес», – деді. Бұл әйелге жиіркенішпен қараудың өзі аздық етеді…
Ал жуықта Исландияның премьер-министрі – алпысты алқымдаған әйел Й. Сигурдардоттир елу жастағы «атақты» жазушысымақ Й.Леосдоттир деген әйелге «үйленіп», әлемге жар салып, той жасады. Чили президенті Мишель Бачелет үш еркектен үш бала тапқан…
Әйел теңдігін ұрандаушылар Қазақстанға «үлгі» қылып жүрген Финляндия, Норвегия, Швеция, Дания, Голландия елдерінде билікте елу пайыздан артық әйелдер отыр. Олар билікке осыдан 40 жыл бұрын зорлықпен қабылданған «Гендерлік саясат» заңы арқылы келе бастаған. Бұл «зорлық заңы» қазір бұл елдерде қалыпты заңға айналған. Бірақ бұл күндері осы елдерде бала туу, ұлттың өсімі тоқтаған. Халықтың санын шетелден келген келімсектер арқылы толтырып отыр.
Мен жоғарыда келтірілген деректерді әйел пендесін кемсіту үшін келтірген жоқпын. Бұл – адамзат дамуы (немесе кері кетуі) жолындағы айғақ жайттар. Осы деректерге қарағанда, қазіргі заманның ірі ойшыл-философы Бенедикт Спинозаның: «Билік басындағы әйел – бүкіл әлемге қатер» деген пікірінен қан тамып тұрған жоқ па деп ойлаймын…
Тоғайбай НҰРМҰРАТҰЛЫ,
Астана қаласы