Суббота , 5 июля 2025

БАЙ МЕН ТҰТҚА ІЗДЕУ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №19 (383) от 19 мая 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 

Өмір­ден «өрнек»


 

«Май­дан қалған, бай­дан қала­ды» деп, жасы келіп қалған кей­бір қыздар жат­са да, тұр­са да Құдай­дан бір бай сұрап әлек. «Тиіп алай­ын десек, күй­еу жоқ қой деп» күй­і­неді. Ал кей­біре­улер­дің бір басын­да 99 байы бар.

Өмір нет­кен әділет­сіз иә. Әне анау жоға­ры­дағы көр­шілер­дің есі­гін тағы да біре­улер тар­сыл­да­тып жатыр. Тұтқа­сын жұлып алма­са екен деп, біз жатыр­мыз мұн­да уайымдап.

Айт­пақ­шы, тұтқа демек­ші, база­рда тұтқа­лар қым­бат­тап кетіп­ті. Өткен­де жоға­ры­дағы көр­ші: «Ақы­ры орта­лы­ққа бара жат­сың ғой, тұтқа ала кел­ші» деген соң, көр­шінің сөзін жер­ге таста­май, құры­лыс заттар дүкеніне кір­ген­мін. Сату­шы жігіт­ке «Ағай, тұтқа бар ма?» десем, ана­уым: «Тұтқа деген не?» деп бажыраяды.

«Анау ше, есік­тің ұстай­тын жері…» десем де, түк­ке түсін­бей­ді. Бір кез­де есік­тің «гла­зо­гы» бар ма, құл­пы бар ма – бәрін алды­ма жай­ып таста­ды: «Сұрап тұрға­ны­ңыз мына­ның қай­сысы?» деп.

Оның іші­нен тұтқа түгілі, тасты да таба алмаған соң: «Бұл жер­де ол жоқ қой» дедім. Маңай­ы­ма қарап қал­сам, бір есік­ті саты­лы­мға шыға­рып қой­ған екен. Қуа­нып кетіп, әлгінің тұтқа­сын ұстап: «Міне ғой, міне, тұтқа деген осы. Бар ма сіз­де?!» десем, әлгі мырс етіп күліп жібер­ді. «Қарын­дас-ау ол «руч­ка» ғой. Сіз қай тіл­де сөй­леп кет­тіңіз. Тіліңіз қызық екен. Қаза­қтан «тұтқа» деген сөз есті­сем, өліп кетей­ін. «Руч­ка» дей­ді ғой!» деп лепіріп кетті.

Мен де тілі ұзын бәле­мін: «Қай атаң­нан «руч­ка» деген қаза­қтың сөзін жазып алып едің?» – дедім. Кәдім­гі­дей пікір­та­лас баста­лып кет­ті… Ақы­ры: «Сол руч­каң­нан бере ғой» десем, «1000 тең­ге» деп қарап тұр. «Алтын жала­ты­лған ба еді?!» деп, мен де аң-таң­мын. Көр­шінің бер­ген ақша­сы оған жет­пей­ді. «Ана­уың қым­бат екен, қаза­қ­бай­скиі бар ма?» деп едім, қай­ы­ры­лып қалған «С» әрпі сияқты бір темір­ді қолы­ма ұста­та салды.

Сол тұтқа­ны көр­шінің есі­гіне өзім салып беріп едім, енді, міне, жол­дан адасқан «бай­чик­тері» еңбе­гіңді еш етіп, тағы жұлып алға­лы тұр. Ертең көр­ші­ме айтам ғой дей­мін: «Есі­гіңді не про­ход­ной дверь қыл, неме­се бай­ла­ры­ң­ды байы жоқ құр­бы­ла­ры­ңа таны­стыр!» деп.

Шар­ша­тып жіберді.

• Сал­та­нат Абыл­бе­ко­ва­ның ФБ-парақшасынан

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн