Суббота , 5 июля 2025

Баян ЕСЕНТАЕВА: Күйеуімді ренжіткенім үшін ЖАЗАМДЫ АЛДЫМ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №44 (361) от 01 декаб­ря 2016 г.

 

Жұл­ды­здар­дың жан сыры

 


 

 

Таны­мал про­дю­сер Баян Есен­та­е­ва Vlast.kz басы­лы­мы­на сұх­бат беріп, күй­е­уінің үлгілі отаға­сы және әке болға­нын, оны­мен 22 жыл бойы үлкен махаб­бат­та өмір сүр­генін тіл­ге тиек етті. Соны­мен бір­ге Баян күй­е­уін рен­жіт­кенін алғаш рет мойындады.

 

«Үш ай бойы мен ештеңе­ге қабілет­сіз хал­де бол­дым. Ауыр күй­зелісті бастан кешір­дім, депрес­си­яға қар­сы дәрілер іштім, пси­хо­лог­тарға барып емдел­дім. Қытай, Фран­ция – тек­сері­стен өттім, ине­мен емдел­дім… істе­ме­ген нәр­сем қал­ма­ды», – деген екен сұх­ба­тын­да таны­мал продюсер.

«Әркез Құдай­ға сен­дім. Өйт­кені өмірім­де ешқан­дай жаман іске барған емес­пін. Бұған дей­ін де талай айтқан­мын, бетіне тіке қарай алмай­тын­дай ада­мым жоқ. Жұмыста да, қарым-қаты­на­ста да адал бол­дым. Тұр­мыста болған 22 жыл­да адал бол­дым. Оны рен­жіт­кен­ге дей­ін. Мен оны рен­жіт­тім – сол үшін жазам­ды алдым», – деді ол.

Соны­мен бір­ге Баян Есен­та­е­ва ешқа­шан тұр­мыстық мәсе­ле­лер­ге бас қаты­рып көр­ме­генін айтқан екен. Аты­шу­лы оқиғаға дей­ін отба­сын­дағы бар­лық шару­а­мен бұры­нғы күй­е­уінің айна­лы­сқа­нын тіл­ге тиек етті.

«Жалғыз қал­дым деген кез­де тұр­мыстық про­бле­ма­ларға қаты­сты айт­тым. Бұл мен 10 мау­сы­мға дей­ін ешқа­шан айна­лы­сып көр­ме­ген күй­бің еді. Мен үй қыз­мет­шісіне қан­ша ақша төле­нетінін, еттің қан­ша тұра­ты­нын біл­мей­тін­мін. Өз көлі­гі­ме жанар­май құй­ған емес­пін, тіп­ті ұялы теле­фо­ны­ма ақша салып көр­ме­гем. Ешқа­шан. Көлік­тің багы қай жақта екенін де біл­медім. Тұр­мыстық мін­дет­тер­дің ішін­де ұйым­да­сты­ру­шы­лық, әкім­шілік жұмыстар­дың бәрі де соның мой­нын­да бола­тын. Мен тек Баян Есен­та­е­ва бола ала­ты­н­мын. Сән салон­да­ры­на барып, сүй­ік­ті жоба­ла­рым­мен айна­лы­са­ты­н­мын. Бала­ның мек­тебіне қан­ша ақша жұм­са­ла­ты­нын да біл­ген емес­пін. Ол үне­мі: «Бая­ша, сен жұмысы­ң­ды істе, қалға­нын мен тын­ды­ра­мын», – деп айта­тын. Қазір оның бәрі­нен айы­ры­лып қал­дым. Анам жүр­гі­зу­ші мен күзет­ші­ге айлық төлеу керек екенін айта­ды, мек­теп­тен хабар­ла­са­ды… Мен абды­рап қал­дым. Оның бар­лы­ғы қан­ша тұра­ды? Өзім күй­зелі­сте бола тұра, бұрын-соң­ды бастан кешір­ме­ген шару­а­лар­мен айна­лы­су­да­мын. Жалғыз қал­дым деген­де осы­ны мең­зедім… Ақы­рын­дап қалы­пқа түсіп келе жатыр­мыз», – деп, Баян басы­на түс­кен қиын­ды­қтар­ды сұх­ба­тын­да ашық айтқан екен.

Про­дю­сер болған оқиға­дан кей­ін бет-әлпе­тінің өзгер­геніне бай­ла­ны­сты ел алды­на шығу­дан әлі де қым­сы­на­ты­нын айтып­ты. Соны­мен бір­ге жан-жақтан көмек қолын созған қамқор­шы­лар­дың көп болға­нын тіл­ге тиек етті.

«Есірі­гім ұста­ды. Мен өмір бойы әде­мі әйел бол­дым. Адам­дар маған әркез про­бле­ма­сы жоқ әйел ретін­де там­са­на қарай­тын. Ал енді сенің бетің қисық, көзің жұмыл­май­ды, физи­ка­лық тұрғы­дан тәнің ауы­ра­ды, ал кей­бір адам­дар олар­ды ауру­ха­на­да қабыл­да­май қой­ға­ның үшін рен­жиді… Ақша, емха­на­ла­рын, жеке ұшақта­рын ұсы­на­ды… Көбі­не­се адам­дар өздерін осын­дай қыры­нан таныт­ты. «Нұр Отан­нан», мини­стр­лік­тер­ден бастап, бар­лық жер­ден хабар­ла­сты, бар­лы­ғы ауру­ха­наға кел­ді. Үлкен алғы­сым­ды біл­діре­мін», – деді таны­мал продюсер.

Есен­та­е­ва болған оқиға­ны қызда­ры­ның қалай қабыл­даға­нын айтып бер­ді: «Еке­уі де ішкі мәде­ни­ет­терінің жоға­ры екен­дік­терін, төзім­ді екен­дерін көр­сет­ті. Біре­уі де «мама – сен жаман­сың, папа – сен жаман­сың» деп айтқан жоқ. Еке­уі де: «Ол біздің әке­міз, ол біздің ана­мыз, біз сен­дер­ді жақ­сы көре­міз, сен­дер қате­ле­стің­дер», – деді».

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн