Воскресенье , 6 июля 2025

БАЙБЕК –  БАЙ МА?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №34 (305) от 08 октяб­ря 2015 г.

 

Біле жүріңіз

 

Жақын­да ғана Алма­ты қала­сы­ның әкі­мі қыз­метіне тағай­ын­далған Бауы­р­жан Бай­бек­тің жеке мен­ші­гіне нелер тиесілі екенін «total.kz» сай­ты есеп­теп шығыпты.

Соны­мен, бүгін­гі нысан – Алма­ты­ның жап-жаңа әкі­мі Бауы­р­жан Бай­бек және оның отба­сы. Ол – сая­сат­та­ну ғылым­да­ры­ның кан­ди­да­ты. Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның құр­мет гра­мо­та­ла­ры­мен бір­не­ше мәр­те мара­пат­талған. «Құр­мет» және «Пара­сат» орден­дерінің иегері. Мұның сыр­тын­да Бауы­р­жан Бай­бек мыр­за – «Бола­шақ» бағ­дар­ла­ма­сы сти­пен­ди­ат­та­ры­ның халы­қа­ра­лық ассо­ци­а­ци­я­сы­ның мүшесі.

Соны­мен, Бай­бек мыр­за­ның бай­лы­ғы қанша?

2015 жыл­дың сәуір айын­да Бауы­р­жан Бай­бек мыр­за­ның аты­на «Aray Consulting Group» ком­па­ни­я­сы тір­кел­ген. Әзір­ге оның жалғыз тіз­гінін Бауы­р­жан мыр­за­ның өзі ұстап отыр. Ком­па­ния Аста­на қала­сын­да жыл­жы­май­тын мүлік­тер­ді жалға беру­мен айна­лы­са­ды. Ресми құжат­тар­да ком­па­ни­я­ның бірін­ші жетек­шісі – 28 жастағы Мақ­сат Рах­манқұ­лов деп көр­сетіл­ген екен.

Бай­бек­тің жары – Жанар Рах­ме­то­ва 1973 жылы Аты­рау облы­сын­да дүни­е­ге кел­ген. «Бола­шақ кон­сал­тинг­тік тобы» жетек­шілерінің бірі. Ком­па­ния 2010 жыл­дан бері қарай бел­сен­ді жұмыс істеп келеді. Негіз­гі ғима­рат­та­ры Аста­на қала­сын­да орналасқан.

Енді қар­жы­лық төлем­дер мәсе­лесіне келер бол­сақ, соңғы 5 жыл­да ЖШС мем­ле­кет қазы­на­сы­на салық ретін­де – 385 538, 6 мың тең­ге ауды­рған.  Мыса­лы, 2013 жыл­мен салы­сты­рған­да, был­ты­рғы жылы ауда­ры­лған салық 13 есе­ге артып, 25 655 тең­ге­ден 341 973, 2 мың тең­ге­ге артқан. Ал биы­лғы жылы ком­па­ния қазы­наға 255 871 мың тең­ге салық төлеген.

Бай­бек мыр­за­ның ата-ана­сы қара­пай­ым зей­нет­кер­лер. Оның әкесі Қады­рға­ли Мұқа­метә­мірұ­лы елба­сы­ның сынып­та­сы екені тура­лы осы­ған дей­ін қаза­қстан­дық БАҚ-та жазы­лған бола­тын.  Зей­нет­ке дей­ін Қады­рға­ли ақсақал жола­у­шы­лар тасы­ма­лы сала­сын­да еңбек еткен.  Ал ана­сы – Алты­най Күнға­лиқы­зы Аты­рау облы­сы­ны­нң тумасы.

Еске­ре кетей­ік, Бауы­р­жан Қады­рға­лиұлы­ның ата-ана­сы 2013 жыл­дан бастап кәсіп­кер­лік­пен айна­лы­са­ды.  Әкесінің атын­да ЖШС: «БЦ «Нұр Тау» и «WoodArt» тір­кел­ген. Бірін­шісі, 2013 жылы Аста­на қала­сын­да ашыл­са, дәл осы ғима­рат­тың жанын­да «Нұр Тау» биз­нес орта­лы­ғы орна­ласқан. Биз­нес орта­лы­қта 6 қыз­мет­тік бөлім, 3 сауда орта­лы­ғы, кафе, кон­фенц-зал және жат­ты­ғу залы орналасқан.

Екін­ші ком­па­ния биыл құры­лған.  Ал Бауы­р­жан Бай­бек­тің ана­сы­ның капи­та­лын­да ЖШС «Ecovillage» ком­па­ни­я­сы 2014 жылы тір­кел­ген. Ком­па­ния құры­лыс сала­сын­да қыз­мет­тер көр­се­ту­мен айна­лы­са­ды. Сон­дай-ақ, ЖШС «Нұр­лы-БИ» ком­па­ни­я­сы қызы – Айгүл Бай­бек­ке тиесілі болып шықты. Бұл ком­па­ния 2013–2014 жыл­да­ры мем­ле­кет­тік қазы­наға салық ретін­де – 11 846, 6 мың тең­ге төлеген.

Айт­пақ­шы, Бай­бек Бауы­р­жан мыр­за­ның қарын­да­сы – этно­граф, өнер­та­ну ғылы­мы­ның кан­ди­да­ты. Екі бір­дей «Aray Fine Dining Group» (ресто­ран биз­несі) және «Aray Media Group» ЖШС-нің жалғыз иесі. Соны­мен қатар әкім­нің әпкесі «Rosinka Bio» ком­па­ни­я­сы­ның үлес­кері болып шыққан.

(Бар­лық ақпа­рат­тар ашық және ресми дереккөз­дері­нен алынған)

Аударған – Нұр­гел­ді ӘБДІҒАНИҰЛЫ,

qamshy.kz

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн