Суббота , 5 июля 2025

Беделханның беделін ӘЙЕЛІ ҚОРҒАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»
(про­ект «DAT» №9 (326) от 3 мар­та 2016 г.

Ойдан-қыр­дан
Бедел­хан­ның беделін
ӘЙЕЛІ ҚОРҒАДЫ

Соңғы кез­дері өнер­ді өз іштерін­де екшеп, бір-біріне сын айту үрдісі әншілер қауы­мы ара­сын­да етек жай­ып бара жатқан сыңай­лы. Кей­де бұл «сын айту» қызды-қызды­мен ақпа­рат­тық аты­сқа айна­лу­да. Сон­дай бір дау-дамай «Орда» шығар­ма­шы­лық ұжы­мы­на тіке­лей қаты­сы бар «Ninety One» тобы төңіре­гін­де қозып тұр. Мәсе­лен, бұл топ­тағы әнші жігіт­тер­дің сахна­дағы сыр­тқы кей­іп-кел­бет­терін әлем-жәлем боянған «шай­танға» теңе­ген пікір­лер ашық айты­ла бастады.

Бірақ топ әншілері мұн­дай үлгіні «эст­ра­да­лық жаңа стиль қалып­та­сты­ру» бағы­тын­дағы тал­пы­ны­стың түрі деп, әзір­ге жан-жақтан қар­ша бораған сынап-міне­у­ге міз бақ­паған кей­іп бай­қа­та­ды. Бұл ара­да алған бет­тері­нен қайт­пай, өздерін жаңа бір ағым арна­сы­нан көр­се­ту­ге тыры­сқан жігіт­тер­дің табан­ды­лы­ғын мой­ын­даған абзал. «Асат­пай жатып, құл­дық жоқ» деген­дей, олар әлі өз өнер­лерін «көр­се­теріне», оған талай жұрт­ты тән­ті етер­леріне сенімді.
Осын­дай тай­та­лас шақта «қаза­қтың дәстүрін­де жоқ» үлгіні өне­ге еткен жігіт­тер­ге қаты­сты сыни пікір­ге топ­тың про­дю­сері Ербо­лат Бедел­хан­ның өзі емес, оның жұбайы Асыл Бедел­хан жау­ап қайтарыпты.
«Сіз­дер тек сыр­тқы кел­бет­ті ғана бай­қай­сыздар, – дей­ді Асыл-ханым бір интер­нет-пор­талға бер­ген сұх­ба­тын­да. – Өнер­паз алға қой­ған мақ­са­ты­на жету үшін қан­ша тер төгетінін біл­мей­сіз­дер. Терең бой­ла­саңы­здар, қызға­ны­шқа орын бол­мас еді. «Ninety One» тобы тура­лы жағым­сыз пікір­лер айт­пас бұрын, олар­дың қан­дай өткел­ден өткеніне көз жет­кізіп алған­да­ры­ңыз дұрыс. Төзім, тыным­сыз еңбек – олар­дың сері­гі. Тіп­ті қазір­дің өзін­де жас жігіт­тер өнер­леріне қаты­сты айты­лған сынға қара­май, қажыр­лы еңбек етуде».
Иә, жарын жақтаған Асыл­дың айтқа­нын айып сана­уға бол­май­ды: шыдай­ық, күтей­ік, көр­се­тер өнерін көрей­ік, сынға сонан соң ғана кезек берей­ік деген­ге ден­де­ген пікір­ді місе тұта тұрған жөн сияқты. «Музы­ка­лық топ­тың өнерін ұнат­пай­тын­дарға және қазақ эст­ра­да­сы­ның жұл­ды­зда­ры­на айтар сөзім жоқ. Бола­шақта бәрін өмір­дің өзі көр­се­тер, қазір әңгі­ме қозға­удың түк пай­да­сы жоқ», – деген Асыл­дың айт­пағы сын­шыл жұрт­ты сабы­рға шақы­ру­дың белгісі.
Күй­е­уінің сахна­лық беделін қорғап, топ ортаға тас-түй­ін шыққан әйел­дің әре­кеті «Әп, бәре­кел­ді!» деу­ге тұрар­лық. Тек енді­гі әңгі­ме Ербо­лат Бедел­хан­ның өзі осы ара­шаға сай сахна­лық сай­ыс көр­се­ту­ге жарай ма, жоқ па деген сау­алға сая­ды. Өзіне жан­күй­ер жұр­тын, жақ­тас болған жарын жер­ге қарат­пай­мын десе, бәсе­ке­лес әріп­те­стеріне әйдік әлпе­тін көр­се­туі тиіс. Олай бол­ма­са, «әлем-жәлем шай­тан­ның» сық­пы­тын­да қалға­ны – қалған.
Сырым ДАТОВ
Қаз-қалпында

Жап-жақ­сы жігіттер
ҚАТЫН БОЛУҒА
нелік­тен құштар?

Батыр Бауы­р­жан Момы­шұлы­ның келіні, қаза­қы дәстүр­лер­ді наси­хат­та­у­шы әрі жазу­шы Зей­неп Ахме­то­ва «Шан­шар» әзіл-сықақ теат­ры­ның бас­шы­ла­рын қатаң сынға алды, – деп жаза­ды Baistars.kz интернет-порталы.

Жазу­шы Зей­неп Ахме­то­ва әзіл-сықақ теат­ры мен кино­лар­дағы әйел рөлін сомдай­тын актер­лер­ді ашы­на сынап, былай деді: «Айта-айта шар­ша­дым, бірақ тағы айта­мын. Теле­ди­дар­ды қосып қал­сам, «Шан­шар­дың» көрінісі болып жатыр. Бір кем­пір сөй­леп жатыр, ол кем­пір емес, жігіт екен. Бай­қай­сыздар ма, біздің қаза­қтың жігіт­тері қатын болуға әуес болып алды? Іштерін­де бір­деңе түр­тіп тұра­ды, солар­дың бір бәлесі бар. Әйт­пе­се дар­дай ер-аза­мат неме­не­ге сон­ша әйел болуға тыры­са­ды? Басы­на ора­мал салып, үстіне көй­лек киіп… Әйел­дер­дің рөлін сомдай­тын әйел­дер, келін­шек­тер құрып қал­ды ма? Үп-үлкен ер-аза­мат­тар әйел болуға құмар бола­ды да тұра­ды. Ырбы­ң­дай­ды да тұра­ды. Соны кере­мет келістіріп те жатқан жоқ. Дүниенің бәрін білетін Уәли­бек Әбдірай­ы­мов соған кел­ген­де неге біл­мей қал­ды? Неме­се Жүсіп – сақа­лы аузы­на түс­кен еркек, неме­ре сүй­іп отыр, солар неге айт­пай­ды: мынау біздің сал­ты­мы­зға оғаш нәр­се деп. Мынау қаза­ққа қия­нат, бол­май­ды, басқа­ша күл­дірей­ік, ит болып үрей­ік, шошқа болып қор­сыл­дай­ық – бірақ мына­ны істе­мей­ік деу­ге бола­ды ғой. Намыс жоқ! Намысы­мы­зды жоғал­тып бара­мыз. Намыс жоқ жер­де ұлт­тық қаси­ет­тері­міз де жоғалады!
Baistars.kz
Желі­де­гі жөн сөз

«КАНДИДАТ»

Депу­тат­ты­қтан үміт­кер­лер ара­сы­нан Асыл­хан Төле­по­втың жар­на­ма­сы Алма­ты­ны жау­лап­ты. Өзі оқу­ды кеше бітір­ген жас актер мәжіліс мін­бесін­де елдің қай мәсе­лесін қозғай­ды деп ойлай­сыз? Мен тәжіри­бесіз жастарға сен­бей­мін – қол­да­май­мын да. Бір киноға түс­кені үшін бе? Мың киноға түс­кен Асанәлі аға­мыз қалай шыдап жүр екен?!
Гүл­ми­ра Әбіқай­дың «Фейс­бук» парақшасынан

Comments

Алма Құр­ман­ба­е­ва:
Бәре­кел­ді! Өте орын­ды. Мен де қосы­ла­мын. Елдің, халы­қтың әл-ауқа­тын іші­нен біл­мей, не деп мін­бер­ден сөй­лей­ді екен осы­лар. Ел тағ­ды­ры ойын­шық сияқты. Халы­қтың жағ­дайы – кино сияқты деп ойлай­тын болу­ла­ры керек, аяғы хеп­пи-энд­пен бітетін…

Бер­ді­бай:
Менің ойым­ша, «нұро­тан­ды­қтар­дың» ара­сын­да депу­тат­ты­ққа үміт­кер жеке тұлға­лар бол­маған соң, жаға­лай әнші, спортс­мен және с.с. ұсы­нып жатыр. Бірақ мас­ли­хат – сахна, спорт­зал емес қой, шоумен­дер­дің де кере­гі жоқ. Ондай­лар­ды сай­ла­уда бел орта­сы­нан сызып тастаймын.

Беглан Шарын­бай:
Бұл бала, сана­сы бол­са, өзі бас тар­туы керек. Ал «Нұр Отанға» бәрібір. Олар кез кел­ген адам­ды өздерінің сай­қы­ма­за­қтық пен арам шең­беріне салып алып, шыр айнал­ды­ра­ды. Сол шең­бер­ден шыға алмай жүр­ген небір жақ­сы аза­мат­тар бар.

Bagdat Karmanov:
Қыр­дан-сай­дан жиналған­дар­дың бар­лы­ғы депу­тат бол­са, елі­міздің бола­шағын қат­ты уайымдаймын.

Зәм­за­гүл Аубакирова:
Сай­лау бала­ның ойы­ны сияқты болып бара­ды. Ұлт­ты түсі­нетін, ұлт еңсесін көте­ретін адам­дар керек. Шоу айтып-айт­пай. Мен ешкім­ге дауыс бер­гім кел­мей­ді. Себебі – сені­мім жоқ.

ЛЕО ҮШІН ЖАН ПИДА

Әйгілі әртіс Лео­нар­до Ди Каприо алтын­шы рет бәй­ге­ге түсіп, ақы­ры алғаш рет «Оскар» сый­лы­ғын «Үздік ер адам рөлі» номи­на­ци­я­сы бой­ын­ша жеңіп алған­да, зал­да жиналған жұрт орны­нан тұрып, қол соқты. Бұл – әртіс­ке деген құр­мет­тің, оның осы сый­лы­ққа әбден лай­ы­қты екенін, ақыр соңы әділет жеңіс­ке жет­кенін біл­діретін қоша­мет бол­са керек.

Лео­ның әйте­уір «Оскарға» қол жет­кіз­геніне қаза­қтар да мәз болып, төбе­лері көк­ке жет­кен­дей қуан­ды. Ди Капри­о­ны туған жиені­нен жаман жер-көк­ке сый­ғы­з­бай, қол­дау-қол­паштау біл­дір­ген сөз­дер желілер­де жел­дей есті. Мәсе­лен, тіп­ті «Фейс­бук» арқы­лы тараған, Лео қолы­на «Оскар­дың» ста­ту­я­сын ұстап тұрып сөй­ле­ген тебіреністі лебізін ағы­л­шын­нан өзін­ше аударған бір желі қол­да­ну­шы әртістің аузы­на айт­паған сөзін салып жіберіп­ті: «Маған дауыс бер­ген Қаза­қстан­ның 17 мил­ли­он халқы­на рах­мет айта­мын!..» – деп.
Ди Каприо қай­да, Қаза­қстан қай­да: біздің елі­мізді ол әлем кар­та­сы­нан тауып бере алар ма екен? Көр­шісінің аты бәй­ге­ден кел­ген­дей қуанған қаза­қтар қал­та­сын қаққан тең­ге деваль­ва­ци­я­сы­на да дәнеңе деме­ген еді: Лео­ның лау­ре­ат­ты­ғы­на лепір­гені қан­дай қай­шы­лы­қтың қисы­ны болға­ны? Егер бұл қуа­ны­штың аста­рын­да әділет­ке құштар­лық жатыр десек, бұл қазақ өз елін­де өріп жүр­ген әділет­сіздік­ке неге ләм-мим демейді?
Айт­пақ­шы, бұл аздай, Лео­нар­до Ди Капри­о­ны EXPO-2017 халы­қа­ра­лық көр­месіне шақы­ру жөнін­де­гі келіс­сөз­дер жүр­гізіліп жатыр. Бұл тура­лы Tengrinews.kz тіл­шісіне «Жасыл эко­но­ми­ка үшін» және «G‑Global» жоба­сын дамы­ту коа­ли­ци­я­сы­ның» жетек­шісі Сал­та­нат Рахым­бе­ко­ва мәлімдеді.
«Лео­нар­до Ди Каприо ғалам­ша­ры­мы­здың эко­ло­ги­я­лық жағ­дай­ын жақ­сар­ту бой­ын­ша ерен еңбек етіп жатыр. (…) Әрине, біз оларға шақыр­ту жібе­ре­міз (БҰҰ елшілеріне – Авт.), Ди Капри­о­ны шақы­ра­мыз, ол кли­мат про­бле­ма­ла­ры жөнін­де­гі елші ғой, ол біздің шараға келу­ге мін­дет­ті. Бұл қоғам­дық ұйым, ол қабыл­дай ма, келісім бере ме – бұл бөлек мәсе­ле. Бірақ біз бұл іспен айна­лы­са­мыз, оның сон­дай таны­мал актер болға­ны үшін емес, осы мәсе­ле­де кәсі­би түр­де айна­лы­сып жүр­ген елшілер­дің бірі», – дей­ді Сал­та­нат ханым.
Ал, қаза­қтар, енді Лео­ны Аста­наға кел­ті­ру үшін тағы бір жіні­гіп көрей­ік: бәл­кім, өзіне «дауыс бер­ген 17 мил­ли­он халы­ққа» қоша­мет-қай­ы­ры­мын жасай­тын шығар. Жыр­тыл, қазақ, жыртыл!

Топ­та­ма­ны дай­ын­даған – Жан­сая ЕРТАЙ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн