Пятница , 4 июля 2025

БЕДЕУЛІККЕ бір себепкер – БАЗАР ЕКЕН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №43 (407) от 23 нояб­ря 2017 г.

 

Әле­умет әуресі


 

Елі­міз­де беде­улік­ке шал­ды­ққан ерлі-зай­ып­ты­лар­дың саны көбей­іп барады.

 

ҚР Ден­са­улық сақтау вице-мини­стрі Ләз­зат Ақта­е­ва­ның дере­гін­ше, Қаза­қстан­да 14 мың­нан астам әйел мен 1 мың­нан естам еркек беде­улі­гіне бай­ла­ны­сты дис­пан­сер­лік есеп­ке алы­нған екен. Жал­пы елі­міз­де отба­сы­лар­дың 15 пай­ы­зы беде­улік­ке ұшы­раға­нын да лау­а­зым­ды ханым мәлім етті.

 

Ал Дүни­е­жүзілік ден­са­улық сақтау ұйы­мы­ның көзқа­ра­сы бой­ын­ша, неке­де­гі мұн­дай беде­улік көр­сет­кі­ші көңіл бөлу­ге тұрар­лық про­бле­ма болып сана­ла­тын көрі­неді. Өйт­кені бұл дең­гей демо­гра­фи­я­лық көр­сет­кіш­ке кері әсерін тигі­зері бесе­не­ден бел­гілі жағ­дай. Атал­мыш отба­сы­лар­дың 15 пай­ы­зы деп оты­рға­ны­мыз – демо­гра­фи­я­лық өсім­ге үлес қосуға мүм­кін­ді­гі бар жастағы­лар. Өкіні­штісі – ұрпақ өрбіту­ге қабілет­тері жоқ. Неліктен?

Елі­міздің Ата заңы: «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы өзін демо­кра­ти­я­лық, зай­ыр­лы, құқы­қтық және әле­умет­тік мем­ле­кет ретін­де орны­қты­ра­ды, оның ең қым­бат қазы­на­сы – адам және адам­ның өмірі, құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­ры» деп ашы­ла­ды. Кере­мет! Өзіңнің адам болып жара­ты­лға­ны­ң­ды, осын­дай Ата заңы­ң­ның барын біліп, көңілің босай­ды. Бұл – заңы­мы­зда ғана.

Ал шынайы тір­шілік­ке наза­рың түс­се, бәрі де мүл­де бөлек секіл­ді. Елі­міз­де­гі аудан, облыс орта­лы­қта­ры, ірілі-ұсақты қала­лар түгел­дей базар­ларға айнал­ды­ры­лған. Берісі – қырғыз, өзбек ағай­ын­дар­дан бастап, ары­сы – қытай, түрік, өзге де Еуро­па елдерінің тау­ар­ла­ры­на лық толы. Тәу­ел­сіздік алға­лы бер­гі ширек ғасыр­дан астам уақыт­та біз солар­дың сату­шы­сы­на айна­лып кет­кен­дей­міз. Сауда жасап, нәпақа тапқан­да тұрған не бар деріңізді білемін.

Мәсе­ле сауда­да емес, сол сауда­лар­дың қан­дай орын­дар­да болып жатқан­ды­ғын­да. Жарай­ды, ештеңе де өндір­мей-ақ қояй­ық. Ширек ғасыр бойы сауда­мен де күн көріп кел­дік қой, өле қой­мас­пыз. Әйт­се де сол сауда жасап жүр­ген базар­ла­ры­мы­зды өрке­ни­ет­тілеу ету­ге кім кедер­гі жасап жатыр? Шіл­денің ысты­ғын­да шыжғы­ры­лып, қыстың аязын­да бүр­сең қаққан сауда­гер­лер­дің жай­ын ойла­у­ға нелік­тен мой­ны­мыз жар бер­мей келеді? Қазір­де база­рда тұрып тау­ар сата­тын­дар­дың бар­лы­ғы­на да мін­дет­теп, «ИП» аштыр­тып қой­ған үкіметіміз.

Осы «ИП-лары­ның» есебі­нен мем­ле­кет­ке салық төлей­ді, яғни кіріс кір­гізіп отыр. Одан да бөлек базар қожай­ын­да­ры­на тұрған орны үшін төлей­тін жалақы­сын, күзет­ші­ге, аула сыпы­ру­шы­сы­на төлей­тін­дерін қос­саң, өзі қомақты сома болып шыға келеді. Алай­да бұлар салық төлеп жатыр ғой, жағ­дай­ын жасай­ық дей­тін өкі­мет, оры­нға жалақы, басқа да қыз­мет­тер­ге ақша беріп жатыр ғой, обал болар дей­тін базар егесі жоқ. Осы­лай­ша елді басқарған шен­ділер мен қолы­на қарға тышқан базар еге­лері халы­қтың біраз бөлі­гін ауру-сырқа­у­лы ету­ге мәж­бүр етіп отыр. Солай жасап жүр­міз-ау деп ойлан­бай­ды да.

Шын­ды­ғын айт­сақ, жоға­ры­дағы беде­улік­ке шал­ды­ққан 15 пай­ы­здық отба­сы­лар­ды құрап оты­рған­дар да база­рдан нәпақа таба­мыз деп жанұ­шы­рған­дар. Олар база­рға ерік­кен­дері­нен барған жоқ. Күн­көріс қамы еріксіз сол жұмыстарға жек­ті. Солар­дың арқа­сын­да мем­ле­кет­ке, базар қожай­ын­да­ры­на бел­гілі көлем­де қар­жы түсті. Әйт­се де олар­дың бұл жақ­сы­лы­қта­рын еске­рей­ік дей­тін жан бала­сы табы­лар емес. Ойла­удың орны­на қам­пай­ған қал­та­сын­дағы­ны оңды-сол­ды шашып, жырғап жүр. Мем­ле­кет­тің ең қым­бат қазы­на­сы – адам­дар­дың тағ­ды­рын ойын­шы­ққа айнал­ды­рып алған. Бұл қашанға дей­ін жалға­са бермек?

Кен­жеға­ли ҚОШЫМ-НОҒАЙ,

Qamshy.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн