Понедельник , 7 июля 2025

Бекжан ТҰРЫС: МЕН ЕШҚАШАН ақиқаттың алдында БҮГІЛГЕН ЕМЕСПІН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №05 (276) от 05 фев­ра­ля 2015 г.

 

Бей­сен­бі­де­гі бетпе-бет

 

Бүгін­гі қоғам аузы дуа­лы, көр­гені мен түй­гені көп аза­мат­тарға зәру. Сон­дай бой­ын­да қара­пай­ым­ды­лы­ғы, дар­хан дана­лы­ғы мен қаза­қы қағи­да­сы бар, көре­рмен қауы­мға Ақыл­бай ақсақал ретін­де кеңі­нен таны­лған актер, Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген қай­рат­кері Бек­жан ТҰРЫС мыр­за­мен «Бей­сен­бі­де­гі бет­пе-бет» айда­рын­да сұх­бат­тасқан едік.

 

–Бек­жан мыр­за, сізді «намазға жығыл­ды» деген сөз бар ғой: осы қан­ша­лы­қты шындық?

– Шын­дық екені рас. Білесіз, қазақ дала­сы­на ислам кел­гелі пай­ғам­ба­ры­мы­здың сүн­нетін сал­тқа, дінін дәстүр­ге айнал­ды­рған халы­қ­пыз. Әле­умет­тік-тұр­мыстық сал­ты­мыз, бітім-бол­мысы­мыз ислам­мен біте қай­на­сып, жақ­сы­лы­қтың тұсын­да жаға­лас­пай, жаман­ды­қтың тұсын­да таба­лас­пай, өрке­ни­ет­ке қадам басқан елміз ғой. Кезін­де, қызыл импе­ри­я­ның тұсын­да тілі­міз тұса­у­лы, қия­лға кісен салып тастап, алды­мыз ор, жолы­мыз тар болған күн­де де қазақ өзінің дінін жоғал­тқан жоқ. Әйте­уір ауыл­дық жер­де ата­ла­ры­мыз тығы­лып оқы­са да, нама­зын оқи­тын. Адам­ды ақы­рет пен дүни­е­де нағыз бақыт­ты ететін «иллаһи» жүйе екенін біл­ген­нен кей­ін, мұсыл­ман екені­мізді біліп, намазға кел­гені­міз бар. Аллаға шүкір!

– Бұны сұраған себебім – «намазға жығы­лған» талай талант­ты жігіт­тер «сай­танға серік бол­май­мыз» деп, өнер­ден, ғылым­нан жырақтап кет­кенін біле­міз (Бек­бо­лат Тіле­ухан, Бей­біт Сапа­ра­лы, Мұха­мет­жан Таза­бе­ков, Сәкен Қалы­мов, т.т.). Біз­де­гі ислам­дық иман­ның про­грес­ске қар­сы болу үрдісін қалай түсінесіз?

– Әркім­нің құдайы өзінің жүре­гін­де. Кей­де ештең­генің бай­ы­бы­на бар­май, «мынау ана­дай-мына­дай» деп, біре­удің арты­нан сөз айтқы­шпыз ғой. Оның қан­дай екенін хақ Таға­ла біледі. Мен жаңа тіл­ге тиек еттім ғой, кеше­гі Абай мен Бұқар­дан қалған, дала­ның исла­мын ұстанған халы­қ­пыз. Рас, түр­лі-түр­лі намаз оқи­тын­дар бар. Қарап отыр­саңыз, әр жер­де әртүр­лі уағыз айты­лып жата­ды. Сол айты­лып жатқан уағы­здар­мен келіс­пей­тін тұстар да бола­ды. Пай­ғам­ба­ры­мы­здың (с.а.у.) хадисін­де де айты­лған: «Егер айты­лып жатқан уағыз сенің жүре­гіңе қоным­ды, ақы­лы­ңа сый­ым­ды бол­са – менікі, егер жүрек­ке қоным­сыз, ақы­лға сый­ым­сыз бол­са, онда ол – менікі емес».

Негізін­де ұлт­ты ұйы­тқы ететін – пара­сат, адам­ды абзал ететін – иман. Махат­ма Ган­дидің бір сөзі бар: «Құдай – аш ада­мға нан болып көрі­нуі мүм­кін» деген. Сол сияқты әркім­дікі – әрқа­лай. Мен өзі шынайы, таза қаза­қ­пын. Осы күн­ге дей­ін біре­удің уағызы­мен емес, кеше­гі баба­лар ұстанған дін­мен жүремін.

Біз кең дала­ны жай­лап, көшіп-қонып өмір сүр­ген сауы­қ­шыл халы­қ­пыз. Көне­ден кел­ген дүниені, асыл мұра­мыз бен мәде­ни­еті­мізді, әде­би­еті­мізді сыпы­рып таста­мауы­мыз керек. Қазір бар­лық жер­де жаңа­шыл­дық қой. Мен үне­мі айтып оты­ра­мын, жаңаға ұмты­лу үшін, өткен­нен өне­ге алу керек. Дін – қаза­қ­пен емес, қазақ – дін­мен сусын­дай­ды ғой.

– Бүгін­гі қан­дай да сахна­да бол­ма­сын, қоғам­дық өмір­де­гі тақы­рып­тың бәрі бар: жоғы біреу – сая­сат қана. Бұл пікір­мен келі­сесіз бе?

– Келіс­пей­мін! Елба­сы­ның бір жақ­сы сөзі бар: «Сая­сат күн­де өзге­реді, ал дін – мәң­гілік» деген. Сая­сат­ты есті­гіңіз кел­се, «Қожа­на­сыр тірі екен» деген қой­ы­лы­мға келіңіз, сон­да сая­сат­тың көкесін айтып беремін.

Ал енді сая­сатқа кел­ген­де өнер адам­да­ры­ның үні шық­пай жата­ты­ны рас. Қыз­меті мен бала­ла­ры­на зия­ны тимесін деп, бәрі­міз бір шыр­мауда отыр­мыз. Әділ­дік айтуға, ақиқат­тың алдын­да бүге­жек­теп қала­мыз. Бет­ке айта алмай­мыз, бет­ке айту – өкпе айту емес қой.

Бірақ тура осы нәр­се­ге кел­ген­де, өнер адам­да­ры осал бола­ты­ны рас. Өзің өмір сүріп жатқан ортаңа өз ойың, пікірің бол­ма­са, адам­сың ба? Кей­де қоға­мға бел­сене ара­ласқың-ақ келеді, бірақ алды­ң­ды орап тұра­тын адам­дар болады…

Мен орайы кел­ген­де сая­са­ты ара­лас сөз­ден ешқа­шан жал­тарған емес­пін. Ешқа­шан ақиқат­тың алдын­да бүгіл­ген емес­пін, айта­тын ойым­ды жазып, тіп­ті сахна­дағы қой­ы­лым­дар­да пай­да­ла­нып жүрмін.

– Ресей­дің кез кел­ген өнер ада­мы өз елінің бола­шағы үшін алаң­дап, бірі – Путин­нің импе­ри­я­лық сая­са­тын жақтап, екін­шісі – қар­сы болып жүр­генін ести­міз. Неге біздің өнер адам­да­рын­да осын­дай бел­сен­ділік жоқ деп ойлайсыз?

– Осы жөнін­де жақын­да «Айқын» газетіне сұх­бат­тасқан­да айтқан едім. Қай­та­лап айта­мын, ұлт үшін, тіл үшін кел­ген­де, өнер ада­мы­ның үні шық­пай­ды. Неге екенін өзім де түсін­бей­мін. Дастар­хан басын­да – даны­шпан, көше­ге шық­са – көсем, жиы­нға түс­се – шешен, ал неге сол шешен­ді­гі мен көсем­ді­гін ұлт­тың жолы­на сал­масқа? Кей­де жоға­ры жаққа сын айт­саң, олар сын емес, сені қар­сы күш ретін­де қабылдайды.

Дұрыс айта­сыз, Ресей­дің кез кел­ген әншісі Ресей­дің бола­шағы үшін алаң­дай­ды. Олар­дың бел­сен­ділі­гі сұм­дық, тіп­ті кез кел­ген мұжы­ғы­на дей­ін: «О, гос­по­ди, спа­си мою Рос­сию!» деп тұра­ды. Біз­ге кел­сек, ылғи сол – пре­зи­дент­тік сте­пен­дия ала алмай қалға­нын, Мем­ле­кет­тік сый­лы­ққа ілін­бей, бір кон­церт­ке шық­пай қала­ты­нын айта­ды. Қарап отыр­саңыз, айқай-шудан құралған жалған пат­ри­о­тизм жастар­дың сана­сын ула­ды, қаза­қы мінезі­нен айыр­ды. Көп­тің көңілі көңіл­шек шоудың жете­гін­де кетіп жатыр. Соны оята­тын, түр­тетін идео­ло­ги­я­мыз біраз әлсіз­деу болып тұр.

Талай зоба­лаң көріп, талай тары­ғып та, торы­ғып та өскен ұлты­мыз бір­жо­ла үміт­сіздік­ке бой алдыр­май, керісін­ше, руха­ни, іштей медет ізде­ген ұрпақтың өкілі­міз ғой. Жау­гер­шілік заман­да да, ашар­шы­лық кез­де де біздің рухы­мыз құл­ды­ра­маған еді. Қазір, шыны керек, біздің рухы­мыз құл­ды­рап кет­кен­дей. Ұлт пен ұрпақтың намысын оятуы­мыз керек. Тарихын, тегін біл­мей­тін ұрпақ жетіліп шықты. Міне, солар қауіп­ті. Ал тілін, дінін, ділін біл­мей­тін, ұлтын сый­ла­май­тын адам­нан жақ­сы­лық күту­ге бол­май­ды. Олар туған жерін емес, той­ған жерін ғана сый­лай­тын «кос­мо­по­лит ұрпақ».

– Әлде біз­де­гі қаза­қи мен­та­ли­тет бой­ын­ша үлкен­ге, ұлы­ққа қар­сы бол­мау керек деген сая­сат­тың салқы­ны жағым­паз­ды­ққа ұласқан сияқты ма, қалай ойлайсыз?

– Ұлы­қтық пен кішілік бір бөлек, жағым­паз­дық пен жал­тақтық бір бөлек. Мен бір таныс ағам­нан: «Айты­ңыз­шы, біз қан­дай ұлт­пыз?» – деп сұра­дым. Сон­да ол: «Сатқын­да­рың саты­мен көтеріліп, жан­ты­қта­рың әлі өлме­ген елсің­дер!» – деген еді. Жан­ты­қта­ры­мыз сол жағым­паз­дың жара­па­за­нын айтып жүр. Қазан­ды қас­пағы­мен, сиыр­ды бас­пағы­мен жұтып жатқан бәлеқор­лар мен жалақор­лар елдің іргесін сөгіп біт­ті десек, өтірік емес. Ұлтын шын сүй­етін, терең ойлай­тын тек­ті ұрпақ қана ел қамын ойлайды.

– Өрке­ни­ет­ті Еуро­па­да мәде­ни­ет театр­мен өлше­нетіні анық нәр­се. Біз­де ел басқа­ра­тын, қоға­мға билік жүр­гі­зетін шене­унік­тер театр­да бой көр­сет­пей­ді. Бірақ олар өздерін қоғам­ның қай­мағы санай­ды. Егер олар «қай­мақ» болған­да, біздің мәде­ни­еті­міздің қан­дай болға­ны? Осы­ны ойла­нып көр­діңіз бе?

– Бұл тура­лы ылғи айты­лып жүр. Рас, Еуро­па­да мәде­ни­ет театр­мен өлше­неді. Әр ұлт­тың өзінің бол­мысы бар, кел­беті бар. Мыса­лы, кез кел­ген ұлт­тың кел­бетін таны­та­тын 3 қазы­ғы бар: тілі, діні, ділі. Әрбір аза­мат­тың пары­зы осы үше­уіне қыз­мет ету. Қаза­ққа ұлт­тық сана мен ұлт­тық рух керек. Ұлт­тық сана мен ұлт­тық рух­тың аман­ды­ғы өрке­ни­ет­ке енді қадам басқан елдің амандығы.

Біздің мәде­ни­еті­міз – қан­мен кел­ген мәде­ни­ет. Қаза­қтай тек­тілік­ті сақтаған халық жоқ. Біздің қаны­мыз таза, бірақ жаны­мыз тазар­май жатыр. Кеше­гі Тәт­тім­бет, Құр­манға­зы, Дина апа­ла­ры­мыз бір ғана қазақ елін емес, бүкіл әлем­дік өрке­ни­ет пен мәде­ни­ет­тің асыл қазы­на­сын құра­ды. Ал Баты­стың мәде­ни­еті қаза­ққа мәде­ни­ет бола алмай­ды. Қаза­қтың мәде­ни­еті дара, бөлек. Мен кеше­гі күн­гі қаза­қтың мәде­ни­етін жоға­ры қояр едім. Кеше­гі кез кел­ген қаза­қтың бала­ла­рын қара­саңыз, әке-шеше­сін мүл­тіксіз тың­дап өскен. Ал бүгін өсіп келе жатқан жас ұрпақ Еуро­паға елік­тей ме, әлде экран­нан көр­гені ме – әйте­уір қатыг­ез болып өсу­де. Біз есей­ген­ше, 8–9 жасқа кел­ген­ше апа­ла­ры­мы­здың қой­нын­да жат­тық. Ана­ның қой­нын­да жатқан бала мей­ірім­ді бол­маған­да, қан­дай болар еді? Бүгін­де сол мей­ірім­нен айы­ры­лып бара жатқан­дай­мыз. Бәрі өзі­міз­ге, әсіре­се ана­ла­ры­мы­зға тіке­лей бай­ла­ны­сты. Ұлт­тың ұлт болуы – анаға қатысты.

– Интер­нет­те­гі бір жаз­ба­дан «егер Бек­жан жазу­шы бол­са, Тыным­бай Нұр­мағам­бе­тов сияқты жазар еді» деген пікір­ді оқы­ған едім. Бұл – сіздің жазу­шы­лық қыры­ңы­зды білетін адам­ның пікірі болға­ны ғой?

– Жазу­шы­лы­қ­пен айна­лы­спа­сам да, Тыным­бай аға­ның көп дүни­е­лерін сахна­ла­дым. Тыным­бай аға­ның сол дүни­е­лерін жақ­сы жет­кіздім, ол кісі өз баға­сын бер­ген. Соған қарап, салы­сты­рып айтқан шығар. Жазу­шы бол­ма­сам да, әле­умет­тік желілер­де келіс­пей жатқан кем­шін тұстар­ды, елі­міз­де болып жатқан жақ­сы нәр­се­лер­ді жазып тұра­мын. Менің о бастағы кәсібім – актер, Алла­ның бер­ген ризық-несі­бесі – театр. Өзім­ді тек театр­дың ада­мы­м­ын деп санай­мын. Әнші болып кету­ге болар еді, бірақ Алла маған талант бер­ді, сол талант­ты адал күзе­туім керек.

– Айт­пақ­шы, басқа­лар сияқты әншілік­ті бір кәсіп қыл­мауы­ңы­здың себебі неде?

– Әу демей­тін қазақ жоқ. Қазақ дала­сы әлім­сақтан бері, қай өңіріне бар­саң да, ән мен жыр­дың, көсем­дік пен шешен­дік­тің қай­нар көзі. Әрбір қазақ әнді жаны­на серік еткен. Кеше­гі әнді біз де жаны­мы­зға серік еттік. Мұх­тар Әуе­зо­втің сөзі­мен айт­сақ: «Әнге әуес, күй­ге құмар бала жаны сұлу, таза болып өседі», – деген. Мені де таза бол­сын деп, әнге әуес етіп өсір­ді. Ақсақал­дар мен ата­ла­ры­мы­здың ара­сын­да жүр­ген кез­де: «Ал, балам, қолы­ңа дом­бы­ра­ны алып, Май­лы­қо­жа­ның бір тер­месін айт», – дей­тін сол ата­ла­ры­мы­здың ықы­ла­сы мен бата­сын алып өскен бала­мыз. Бары – сол ғана.

– Марқұм Әшір­бек аға Сығай: «Әнші-актер­дің дені той­да жүр. Масаң орта­да жыл­ты­ң­дап жүр­ген әртіс сахна­да да сүрі­неді. Біз­де той жаға­ла­май, өзін-өзі сақтай­тын жігіт­тер аз» деген еді. Әше­кеңнің сон­дағы айт­пағы – әнші мен әртістің аса­ба­лық өнері еді. Ал сіз сол аса­ба­лы­қты қой­ып­ты деп естідік…

– Аса­ба­лы­қты таста­дым деп, өтірік айт­пай­мын. Аса­ба­лы­ққа бұрын­нан қыз­мет етіп келе­мін. Аса­ба болған күн­нің өзін­де ылтың-жыл­ты­ң­ның аса­ба­сы емес­пін, сал­мақты аса­ба­мын. Бірақ қазір ешкім­ге сал­мақты сөздің қажеті жоқ, керісін­ше, арзан сөз, анек­дот айта­тын жігіт­тер­ді жақ­сы көреді. Мұза­фар аға­мыз Әлім­ба­ев: «Той – тәр­би­енің мек­тебі» деген еді.

Бір шеті­нен той­да актер өзіне көп образ жинап қай­та­ды. Сол мақ­сат­пен де той­да жүре­міз. Әшір­бек аға солай айт­ты деп, аса­ба­ны тастай алмай­мын. Менің жалақым­ды көтер­ген күні аса­ба­лы­қты мүл­де қоя­тын шығар­мын. Той­ға күн­де барып жатқан жоқ­пын, айы­на бір рет бар­сам – бар­дым, бар­ма­сам 2–3 айда бір рет барамын.

– Сіз­бен осы сұх­бат­та­суға дай­ын­дық бары­сын­да өз ауы­лы­ңы­здың тыныс-тір­шілі­гіне, оның әле­умет­тік жағ­дай­ы­на жіті қарай­ты­ны­ңы­зды, шамаңыз кел­се, елде­гі ағай­ы­нға жәр­дем жасап тұра­ты­ны­ңы­зды біл­дім. Бұл пер­зент­тік қана парыз ба, жоқ әлде алыс қой­на­уда қама­лып қалған ауы­лға ара­ша түсудің ама­лы ма?

– Бір жағы­нан, пер­зент­тік парыз, енді­гі бір жағы­нан – ауыл­дың тұр­мыс-тір­шілі­гіне руха­ни көмек­те­су. Әркім өзінің өскен жері – темір қазы­ғы десе бола­ды. Кім өзінің туған жерін жек көр­сін? Менің ауы­лым кезін­де кол­хоз­дың бір бөлі­гі бол­ды. Шет­те, қара­у­сыз, ауыз сусыз қалған­да, жүгір­генім рас. Үмбе­тов аға­мы­здың алды­на барып ауыл­дың жағ­дай­ын айтқа­ным­да, ол кісі разы болып: «Менің алды­ма кел­ген­дер үй, жер сұра­у­шы еді, Бек­жан, сенікі аза­мат­тық екен» деген еді. Әрбір аза­мат­тың асыл пары­зы – еліне, жеріне қыз­мет ету.

– Бүгін­гі сұх­бат­та бәрін айт­сақ та, театр тақы­ры­бын кен­де қал­ды­рған сияқты­мыз. Айт­пақ­шы, теат­рға деген кен­делік кім­нен: көре­рмен­нен бе, үкі­мет­тен бе, руха­ни­ят­тың тозып бара жатқа­ны­нан ба?

– Әрине, үкі­мет­тен! Ұлт­тық ста­тус ала алмай жүр­гені­міз­ге қан­ша жыл бол­ды?! Бас­шы­лы­қтың жұмысы­на ара­лас­пай­мын, өз кәсібім­ді білетін адам­мын. Кен­делік болып жат­са, ол біздің жалақы­мыз. Сосын жаным аши­тын бір жағ­дай – жастар­дың бас­па­на мәсе­лесі. Біздің кезі­міз­де үй кезе­гін­де тұра­тын­быз, олар­да бүгін ондай үміт те жоқ. «Басы­ң­да бас­па­наң жоқ бол­са, басым бар деп айтуға ұяла­ды екен­сің» деген сөзді жиі айта­мын. Жастар таң­нан кеш­ке дей­ін осын­да жүр­се де, ала­тын жалақы­сы мар­дым­сыз. Соларға қарап, жаның аши­ды. Кей­біре­улер «актер» болу оңай екен, жыл­ты­рап теле­ди­дар­да жүреді деп ойла­уы мүм­кін. Олай емес – қиындау…

– Ал Ақыл­бай ақсақал сияқты тележо­ба­ларға ора­лу жағы ойда бар ма?

– Оны қай­тып жасай қой­мас. Бірақ сол ақсақал­дың тілі­мен көп нәр­се айтқың келеді. Шір­кін-ай, кеше­гі қарт­та­ры­мыз қан­дай еді? Айтқан сөзі өтетін, елдің арғы-бер­гісін білетін, зама­нын ойлап, дәй­ек сөзі – арғы­сы Құран­нан, бер­гісі – қис­са­лар­дан баста­ла­тын, үстері­нен дала­ның иісі аңқы­ған қарт­тар қай­да қазір? Кезін­де бүкіл бір аймақты ақсақал басқа­ра­тын. Тіп­ті ауыл­дың әкі­мі ақсақал­дың алды­нан өтіп, бата­сын алып, бір­ге ақыл­да­са­тын. Бүгін­де ақсақал­дар әкім­дер­дің алды­на қол қусы­рып бара­ды. Осын­дай ақсақал­дар тақы­ры­бын­да бір тележо­ба бол­са деп армандаймын…

Қазір­гі әже­лері­міздің түрін көріп жүр­сіз­дер. Кеше­гі ардың сүті­мен ауы­зданған, киме­ше­гі кір­ле­ме­ген ана­ла­ры­мыз қай кезең­де де еріне серік, уәдесіне берік болған. Ал бүгін ше? Бүгін­де біздің жасы­мы­здағы келін­шек­тер, әже бола­тын апа­ла­ры­мыз ерін­дерін бояп, шол­тиған шор­тиын киіп, басын­да бөзі жоқ, мұра қыла­тын сөзі жоқ. Осы­ған да жаның ауырады.

Ұлты­мы­зды ілгері жетек­теу – иманға бай­ла­ны­сты. Соған қараған­да, има­ны­мыз әлсіз­деу ме деп ойлаймын.

Сұх­бат­тасқан –

Жан­сая ЕРТАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн