Суббота , 5 июля 2025

Белсенді азаматтар әділетсіз судьяларды БЕТПЕ-БЕТ СӨЙЛЕСУГЕ ШАҚЫРДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №36 (353) от 6 октяб­ря 2016 г.

 

 

Ере­уіл­де­ген ел бар

 


 

Қыр­күй­ек­тің 30‑ы күні бір топ аза­мат­тық бел­сен­ді «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның Алма­ты қала­сын­дағы бөлім­ше­сіне бар­ды. Оннан астам бел­сен­ді әуелі «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның кең­сесі алдын­да нара­зы­лы­қта­рын білдірді.

 

Өздерін «Әділ­дік үшін» қоғам­дық ұйы­мы­ның мүше­сі­міз дей­тін бел­сен­ділер осы үйы­мға мүше мың­даған адам­ның әртүр­лі мәсе­ле­лер бой­ын­ша құқық қорғау орган­да­ры­ның «әділет­сіз шешім­дері­нен» зардап шек­кен­дерін, жазған шағым­да­ры­на жау­ап алмаға­нын айтады.

«Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның өкіл­дері шығып, заң­сыз жиын өткіз­бе­уді, кең­се­ге кіруді өтін­ген соң, бел­сен­ділер нара­зы­лы­қта­рын кең­се ішін­де­гі фой­е­де жалға­стыр­ды. «Сот құқы­қтық жүй­есі» деген жазуы бар пла­кат­ты еден­ге тастап, үстіне бір­не­ше қолғап лақты­рған бел­сен­ділер мұны «әділет­сіз шешім шығарған судья­лар­ды бет­пе-бет сөй­ле­су­ге шақы­ру­дың бел­гісі» деп түсіндірді.

«Нұр Отан» пар­ти­я­сы кең­сесінің фой­есін­де жиналған бел­сен­ділер пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа үндеу жасап, сот пен про­ку­ра­ту­ра­ның «әділет­сіз шешім­дері­нен» шар­шаған­да­рын, бұдан «тек пре­зи­дент қана құтқа­ра ала­ты­нын» айтты.

Бел­сен­ділер нара­зы­лық біл­діріп тұрған­да, өзін Алма­лы аудан­дық про­ку­ро­ры­ның орын­ба­са­ры­мен деп таны­сты­рған про­ку­рор кел­ді. Ізін­ше «Нұр Отан» пар­ти­я­сы Алма­ты қала­лық бөлім­ше­сінің орын­ба­са­ры Жұл­дыз Омар­бе­ко­ва мен Ста­ни­слав Кан­ку­ров шығып, бел­сен­ділер­ді каби­нет­те кез­де­су­ге шақыр­ды. Алай­да бел­сен­ділер­дің көп­шілі­гі «бәрібір мәсе­лені шеше алмай­тын пар­тия өкіл­дері­мен сөй­ле­су­ден» бас тар­тып, кең­се­ден шығып кетті.

Жұл­дыз Омар­бе­ко­ва­ның «Азаттық» тіл­шісіне айтуын­ша, нара­зы бел­сен­ділер­дің мәсе­лесін тың­дау үшін бүгін «Нұр Отан» пар­ти­я­сы кең­сесіне қала­лық атқа­ру­шы орган қыз­мет­кер­лері мен құқық қорғау орган­да­ры­ның бас­шы­ла­ры шақыртылған.

Ста­ни­слав Кан­ку­ро­втың шақы­руы­мен бел­сен­ділер ара­сы­нан қабыл­да­уға кір­ген Есенға­зы Қуан­ды­қов көп ұза­май қай­та шығып кет­ті. Оның сөзіне қараған­да, «Нұр Отан» кең­сесіне басқа да көп­те­ген зей­нет­кер­лер жиналған. Нара­зы бел­сен­ділер­дің мәсе­лесін олар­мен ара­ла­сты­рып, көп­тің бірі ретін­де қарас­ты­ру мүм­кін емес. Акци­яға қаты­су­шы­лар­дың бірі Нәзия Бір­жа­но­ва­ның айтуын­ша, нара­зы­лық біл­діру­шілер­ге «әділет­сіз шешім шығарған судья­лар­дың» ешқай­сысы келмеген.

Ескер­те кетей­ік, «Әділ­дік үшін» қоғам­дық ұйы­мы­ның мүше­лері қыр­күй­ек­тің басын­да Алма­ты қала­сын­дағы «Нұр Отан» кең­сесіне келіп, Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа үндеу-хат жол­даған еді. Оған өз қол­да­рын тіліп, қан­мен қол қой­ған. Хат­та әділет орган­да­ры­ның шеші­міне нара­зы екен­дік­терін білдірген.

Асыл­хан МАМАШҰЛЫ,

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн