Воскресенье , 6 июля 2025

Берік ИСМАИЛОВ: МЕНІҢ 40 ЖЫЛҒЫ ЕҢБЕГІМЕ бөтеннің ортақтасуы қажет емес!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №20 (291) от 21 мая 2015 г.

 

Бей­сен­бі­де­гі бетпе-бет

 

Сән өнерін­де жүр­ген жалғыз қазақ аза­ма­ты Берік Исма­и­лов­пен бұған дей­ін де «Бей­сен­білік бет­пе-бет­те» сұх­бат­тасқа­ны­мыз бар. Елі­міздің таны­мал тұлға­ла­ры мен шоу-биз­не­сте­гі бел­гілі әншілер­ді өзін­дік қол­таң­ба­сы арқы­лы киін­діріп жүр­ген кәсі­би дизай­нер Берік Исма­и­лов­пен болған кезек­ті сұх­бат­ты­мыз назарларыңызда.

 

– Берік мыр­за, биыл Қазақ ханды­ғы­ның 550 жыл­дық той­ын өткі­зе­міз деп, мәре-сәре боп жатқа­ны­мы­зды білесіз: осы той­ға қан­дай да бір киім үлгілерін дай­ын­дау ойы­ңы­зда бар ма?

– Бұл тарихын сара­лаған біздің халық үшін үлкен той екені рас. Шынын айтқан­да, мұн­дай үлкен мере­ке қар­саңын­да ұйым­да­сты­ру­шы­лар алдын ала хабар­ла­сып, ой-жоралғы­ла­рын айтып, қажет­ті киім үлгілерінің мақ­сат-мүд­десін айту­шы еді. Бұл жолғы той дағ­да­рыс жағ­дай­ын­да өтетін болған­ды­қтан ба – ешкім­нен ешқан­дай сұра­ныс түсе қоймады.

Киім тігу­ге тап­сы­рыс 1–2 ай бұрын түсуі керек еді. Өйт­кені ондай ауқым­ды шараға атүсті қара­уға бол­май­ды ғой. Оның үстіне біздің ағым­дағы өз жұмыста­ры­мыз бен жан-жақтан түс­кен жеке тап­сы­ры­стар бар. Ал расын айт­сам, мем­ле­кет тара­пы­нан ұсы­ныс жиі түсе бермейді.

 

– Айт­пақ­шы, сән әле­мін­де де сая­сат бар екен: көр­ші Ресей­де «сәнқой» Путин өз қол­таң­ба­сын қал­ды­рып­ты – оның суреті басы­лған, «Путин» деген жазуы бар жей­де­ше­лер «Шере­ме­тьев» әуе­жай­ын­да еркін саты­лып жатқа­нын көр­дік. Жуы­қта «Путин» деген күр­те­ше­лер шығуы мүм­кін екен. Айта­лық, сіз­ге елба­сы­дан «Назар­ба­ев» деген бренд жаса дей­тін ұсы­ныс түс­се, оны қалай жасаған болар едіңіз?

– Әрине, ұсы­ныс түс­се, неге жаса­масқа? Елба­сы мұн­дай ұсы­ны­сты екінің біріне айта бер­мей­тіні анық. Негізін­де ұсы­ныс түсіп жат­са, қуа­на-қуа­на қабыл­дар едім. Алай­да пре­зи­ден­ті­міз анау-мынау ада­мға тап­сы­рыс бере сала­тын жәй адам емес. Қазір киім­ді екінің бірі тігеді. Ал менің қол­таң­бам бар өнім­ді көбіне әншілер киетіні жасы­рын емес.

Айт­пақ­шы, «Путин» демек­ші, Жеңіс күні қар­саңын­да Путин: «Соғы­сқа қаты­сқан­дар­дың 70–80 пай­ы­зы орыс халқы. Ал қалған 20 пай­ы­зы – ази­я­лы­қтар, бұл – факт», – деді. Мен қан­ша­ма орыс елің­де жүр­сем де, бұл сөз маған ауыр тиді. Сон­да, басқа­сын айт­паған­да, қазақ халқы бүкіл май­дан­ды тамақ­пен қам­та­ма­сыз еткені, соңғы жылқы­сын сой­ып, соғы­сқа жібер­гені қай­да қала­ды? Ресей­дің негіз­гі азық-түлік беретін еуро­па­лық бөлі­гін гер­ман фаши­стері басып алды. Ол кез­де Сібір өңірі әлі толық игеріл­ме­ген еді. Біздің Қаза­қстан­нан соғы­ста қаза тапқан 1,5 мил­ли­онға жуық адам­ның қыр­шын өмірі қай­да қала­ды? Ресей пре­зи­ден­ті тым құры­ған­да осы­ны ескер­ме­гені көңілім­ді қат­ты қалдырды.

 

– Түсінік­ті – енде­ше сіз «Путин» мар­ка­сы бар киім­ді кимей­тін бол­ды­ңыз. Ал бүгін­гі сән өнері өз күнін өзі көр­ген биз­не­стің бір түрі бол­са да, ол мем­ле­кет­тің бет-бей­несін өзге елдер­ге таны­та­тын бір «тетік» екеніне келі­сесіз бе?

– Әлбет­те! Талғам­мен киін­ген киім үлгі­міз­ге қарап, өзге ел, өзге мем­ле­кет бет-бей­не­мізді, мәде­ни­еті­мізді, салт-дәстүрі­мізді тани­ты­ны рас. Киім талғау деген кере­мет дүние! Ол жалғыз адам­ның ғана емес, тұтас бір елдің бет-бейнесі.

 

– Енде­ше сән кәсібін дамы­туға үкі­мет тара­пы­нан бірер жәр­дем беріл­гені дұрыс қой. Ал біз­де­гі Ұлт­тық Сән пала­та­сы жыл сай­ын «Сән апта­лы­ғын» өткі­зеді, елге қажет­ті шару­а­лар жасай­ды. Бірақ осы пала­та мем­ле­кет­тік көмек­ке зәру­міз дей­ді? Сіздің ойы­ңыз­ша, ол көмек қалай жаса­луы тиіс: сән сала­сы­на салы­на­тын салық мөл­шерін азай­ту арқы­лы ма, әлде сән биз­несіне жеңіл­детіл­ген несие беру арқы­лы ма?

– Шыны керек, біз өз арба­мы­зды өзі­міз сүй­реп жүр­ген өлер­мен адам­дар­мыз. Мәсе­лен, мен бұл кәсіп­ке үлкен қиын­шы­лы­қ­пен кел­дім. Күні бүгін шығып, атақты дизай­нер болып кет­кен жоқ­пын. Мен тек өзі­ме, өзім­нің күшім мен мүм­кін­ді­гі­ме ғана сене­мін. Сон­ды­қтан өз кәсібі­ме ерекше сүй­іспен­шілік­пен қараймын.

Ал сән өнерін дамы­туға мем­ле­кет­тік жәр­дем тұрғы­сын­да айтар бол­сақ, мәсе­лен, Араб Әмір­лік­терін­де сән киім­дерін тігу сала­сын­да салық мүл­дем, аты­мен жоқ. Ондай біздің елде болу қай­да? Әрине, мем­ле­кет­тен жеңіл­дік бол­са дейсің…

Мыса­лы, мем­ле­кет сән сало­нын ашуға, сапа­лы шетел­дік тігін маши­на­ла­ры мен басқа да қажет­ті құрал-жаб­ды­қтар алуға, биз­нес ашуға жағ­дай жаса­са, осы­дан кей­ін салы­ғы­ң­ды төлеп отыр деп талап қой­са, оны неге төле­мес­ке? Ал мен өз күшім­мен, өз ақшам­мен Ита­ли­яға барып, оқып кел­дім. Ол оқу­ды маған мем­ле­кет оқы­тқы­зған жоқ қой…

 

– Рас айта­сыз, енді сол шығы­ны­ңы­зды өте­у­ге еңбек етсеңіз, оған неге арам­та­мақ үкі­мет ортақ болуы керек?

– Мыса­лы, Қаза­қстан­ның қазір­гі жағ­дай­ын­да мен бір шал­бар­ды 100 дол­ларға сата алмай­мын, көп бол­са, 7–8 мың тең­ге­ге тігіп бере­міз. Сон­ды­қтан менің басым­дағы білі­мім осы 7–8 мың тең­ге­мен өлшен­бей­ді. Өз салам­да мен 40 жылға жуық оқы­дым, әлі де оқып, ізденіп жатыр­мын. Менің дәре­же­ме жету үшін, шәкірт­терім 35–40 жыл тәжіри­бе жина­уы керек.

Жастар үшін Қаза­қстан­да мен алған білі­мім­ді одан әрі кеңей­ту­ге мүм­кін­дік жоқ. Мұн­да Кеңес Одағы кезің­де­гі білім жүй­есі күні бүгін­ге дей­ін беріліп жатыр. Кей­де жоға­ры мек­теп­тің мұғалім­дері менен дәріс алуға келеді. Сон­да өздерінің білі­мі жоға­ры дең­гей­де емес, сөй­те тұра, оқу­шы­ларға қалай үйре­те­ді деп ойлаймын.

Кей­де осы сала­ның азды-көп­ті оқуын бітір­ген маман­дар­ды жұмысқа алып, еркін жұмыс жасатқың-ақ келеді. Бірақ «мен жасай­мын» деп ұмты­лып, суы­ры­лып тұрған жастар­ды көр­мей­мін. Өзім­нің қара­мағым­да тігін­шілік жұмыс істей­тін қыздарға азан­нан кеш­ке дей­ін маң­дай терім­ді төгіп, біл­генім­ді үйре­те­мін, олар­дың әр ісін қадаға­лай­мын. Мем­ле­кет біз­ге 100 пай­ыз дай­ын маман бер­се, жастар­ды үйре­ту­ге сон­ша­лы­қты шығын­дан­бас едім. Енді сол жастар­ды үйрет­кенім үшін мен салық төле­уім керек пе? Менің 40 жылғы еңбе­гі­ме бөтен біре­удің ортақ болға­ны қажет емес!

 

– Ал «Мade in Kazakhstan» деген тау­ар бел­гісі бар бренд киім­дер әлем­дік поди­у­м­да жарқы­рап жүретін күн­ді қашан көре­міз деп ойлайсыз?

– Әлем­ге әйгілі бренд­пен бәсе­ке­ле­су өте қиын. Оның бәрі қара­жатқа келіп тіре­леді. Бір поди­у­мға шығу үшін, 500 мың еуро төле­уің керек, кей­де одан да көп болуы мүм­кін – нақты айта алмай­мын. Таны­мал «Armani», «Dolche&Gabanna», «Versace» секіл­ді бренд үлгілері­мен бәсе­ке болу оңай емес. Бір көр­сетілім­ге өз дүни­есін апа­ра­тын­дар бар, бірақ олар­дың атағы шығып жатқа­нын есті­меп­пін. Талай талант­ты дизай­нер­лер­ді біле­мін – суретін сызып, шетел­де қыз­мет етіп жүрген.

 

– Деген­мен, елі­міздің нары­ғын сырт­тан кел­ген «Mango», «Zara», «Mexx», т.б. секіл­ді бренд­тік киім­дер жау­лап алға­нын қалай түсін­дірер едіңіз?

– Олар – қол­жетім­ді тау­ар, сапа­сы да соған лай­ы­қты. Мұн­дай киім­дер­дің бәрі Қытай елін­де шыға­ды. Өйт­кені Қытай­да шикі­зат мол және құны да сон­ша­лы­қты қым­бат емес.

 

Жоға­ры­да мен атаған бренд киім­дер де қазір Қытай­да тігіліп жатыр. Бір­де Қытай­да төрт шал­бар­дың 3000 мың тең­ге­ге саты­лға­нын көріп, таң­дай қақтым: сон­да бір шал­бар­ды 300–500 тең­ге­ге тік­кені ме? Жал­пы, сән әле­мін­де бәсе­ке­ле­су деген қиын дүние. Біздің елде бір шал­бар­ды мұн­дай баға­мен тігетін адам тап­пай­сың… «Mango», «Zara», «Mexx» секіл­ді киім­дер­мен бәсе­ке­ге түсу үшін, көп­те­ген жағ­дай­лар жаса­лу керек.

 

– Маман­дар­дың пікіріне қараған­да, Қаза­қстан шетел­дік тау­ар­лар­ды өте көп тұты­на­тын, керісін­ше, өз өні­мін тәрк еткен ел екен. Осы қара­ма-қай­шы­лы­ққа қан­дай пікір айтасыз?

– Шетел­ден оқып кел­ген жастар­дың пат­ри­от сезі­мі жер­гілік­ті жастарға қараған­да анағұр­лым жақ­сы. Тіп­ті жастар­дың ара­сын­да бүгін­де өз елі­міз­де өндіріл­ген өнім­ді кию – сән­ге айна­лу­да. Мыса­лы, жақын­да бір той­ға шақыр­ту қаға­зы келіп­ті. Онда «қыз-келін­шек­тер­дің киі­мі біры­ңғай тиф­фа­ни мата­дан, ер-аза­мат­тар­да – тиф­фа­ни ора­мал­ша­сы мен гал­сту­гі болуы» керек деген талап жазы­лып­ты. Бұл мата­дан тігіл­ген көй­лек­тер дүкен­нен табы­ла бер­мей­ді. Біз 7–8 қыз-келін­шек­ке арнайы тиф­фа­ни көй­лек, 20–30 шақты ер-аза­матқа ора­мал­ша мен гал­стук тігіп бер­дік. Бәл­кім, бұл да сая­сат­тың бірі түрі шығар…

Жал­пы, өз еліңе деген пат­ри­от­тық сезім ана­ның сүті­мен сіңірілуі керек. Мыса­лы үшін, Түр­ки­яда Мұста­фа Кемал Ататүрік­тің суреті әр дүкен­де, әр үйде ілулі тұр. Түрік­тер Ататүрік­тің суретін іліп қой деп, бір-бірін зор­лап, қысым­мен талап қой­май­ды. Бұл – қалып­тасқан түрік­тік пат­ри­о­тиз­мнің бел­гісі. Осы­ған қарап-ақ, түрік халқы­ның ішкі-руха­ни бай­лы­ғын, пат­ри­от­тық сезі­мін бай­қа­уға бола­ты­ны белгілі.

 

– Бір мини­стрі­міз бір сұх­ба­тын­да: шетел­ден жақ­сы әрі кәсі­би маман­дар­ды – тех­но­лог­тар, кон­струк­тор­лар, дизай­нер­лер алды­ра­мыз, суб­си­дия бере­міз деген көрі­неді. Ол министр сырт­тан алды­ра­тын сән­гер­дің жұмысын өз маман­да­ры­мыз атқа­ра алмай­тын болға­ны ма?

– Шетел­ден қан­ша­ма кәсі­би маман­дар шақыр­са да, өзім­нің кәсі­би дең­гей­ім­ді олар­дан төмен деп айта алмай­мын. Мұн­дай кәсі­пқой­лар біздің елде де жетер­лік. Шетел­ден кел­ген маман біз­ге ұлт­тық бай­лық жасап бере алмай­ты­ны­на сенімдімін.

 

– Шама­сы, ита­льян­дық бренд­пен киі­нетін үкі­мет мүше­лері мен депу­тат мыр­за­ларға қаза­қстан­дық сән­гер­лік өнер тіп­ті де қажет емес шығар…

– Олар қаза­қстан­дық киім­ді қажет етпей­ді. Олар­дың ақша­сы көп. «Қаза­қстан­дық өнім­ді сатып алай­ық» деп жүр­ген солар­дың көп­шілі­гі әлем­дік бренд­пен киі­нетінін көріп жүрміз…

 

– Рах­мет! Еңбе­гіңіз еш кет­пе­сін, Берік мырза!

 

Сұх­бат­тасқан –

Жан­сая ЕРТАЙ,

«

 

 

Берік­тен базына

Кей­де ойлай­мын: қаза­қтың бой­ын­дағы бір міні – көре алмаушылық.

Біре­удің ман­са­бы көтері­ле қал­са, арты­нан сөз ере жүреді. «Бар бол­са – көре алмай­ды, жоқ бол­са – бере алмай­ды» дей­тін сөз нағыз біз­ге арна­лып айтылғандай.

Менің туған жиенім Алма­ты­ға кон­кур­сқа келе жатыр­мын деген­нен-ақ күні-түні ұйы­қта­май, киім тік­кен­мін. Өзінің әншілік қабілеті бар бала. Жақын­да Аме­ри­ка­ның Вашинг­тон қала­сы­на барып, бас жүл­де алып қай­тқан. Жиенім костюм тігіп беруін ерте­рек айт­са, тігіп беру­ге үлге­рер едім ғой. Алай­да бір апта­ның ішін­де өлшеп-пішіп, сапа­лы дүние тігу­ге қалай үлге­ре­мін? Оған қоса, сол апта­ның сен­бі күні жол жүру­ші едім. Мен сияқты маман сол Аты­ра­удан да табы­ла­ры анық еді.

Мен әле­умет­тік желі­де Аме­ри­ка­дан оралған жиенім­ді Еуро­па­дан көрей­ік деп, ізгі тіле­гім­ді жазған едім. Ертең­гісін инста-парақ­ша­сы­на: «Берік көке, наға­шы, сон­да жұл­ды­зда­рың менен артық болға­ны ма?» деп жазып­ты. Бұның асты­на түр­лі-түр­лі пікір­лер жазы­лып­ты. Сон­да ойлай­мын: егер осын­дай дең­гей­де жүріп, боғым­мен жасты бала осы­лай жаз­са, біз қалай өсе­міз?! Қар­ша­дай бала Аме­ри­каға барып келіп, жұл­дыз болып, 60-ты алқым­даған көкесі Халық әртістерінің, таны­мал тұлға­лар­дың бата­сын алып жүр­ген­де айтқан сөзі жаны­ма қат­ты бат­ты. Жұр­тқа қол­дан кел­ген­ше бере бер­сең – жақ­сысың, бер­мей қой­саң, бір сәт­те жасаған жақ­сы­лы­ғың көк тиын болып қала­ды. Алды­мы­зға кел­ген дай­ын асты да біреу шай­нап беру керек сияқты. Егер мені «көке­леп», көңілім­ді көтеріп қой­са, оның алар асуы­на, талай қаты­сар кон­кур­ста­ры­на менің тігіп беретін киім­дерім де көп болар еді ғой. Он екі жасар бала­ның маған мін­дет еткенін көр­мей­сіз бе? Тегін­де, қаза­қтың «жақын­нан жат жақ­сы» дегені рас сияқты.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн