Воскресенье , 6 июля 2025

Берік ЖАҚИЯНОВ: ЕЛІМЕ қызмет еткім КЕЛЕДІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №20 (291) от 21 мая 2015 г.

 

Ел ертеңі

 

 

Бел­гілі сая­сат­кер Ғалым­жан Жақи­я­но­втың үлкен ұлы Берік Жақи­я­нов жуы­қта Алма­ты­ға өзі­мен бір­ге Гар­вард биз­нес-мек­тебінің бір топ түлек­терін ерте кел­ді. «Мен доста­рым­ды Қаза­қстан­ды көр­сін деп ертіп кел­дім, олар – мықты білім алған маман­дар, бола­шақ инве­стор­лар», – дей­ді Берік Forbes.kz пор­та­лы­ның шолу­шы­сы­на бер­ген сұх­ба­тын­да. Өз ота­нын­да биз­не­спен айна­лы­суға деген құл­шы­ны­сы бар пат­ри­от аза­мат­тың сол сұх­ба­тын орыс тілі­нен ықшам­дай ауда­рып, газет оқыр­ман­да­ры наза­ры­на ұсы­ну­ды жөн көрдік.

 

– Берік, сіз Қаза­қстан­нан қашан кеттіңіз?

– Мен Қаза­қстан­да 8‑сыныпқа дей­ін оқы­дым, 1998 жылы ата-анам мені сол кез­дегі бәсе­ке­ле­стік­ке сай келетін ба­тыстық білім алға­ным­ды хош көріп, шетел­ге жібер­ді. Сөй­тіп, Швей­ца­ри­ядағы мек­теп-интер­нат­ты бітіріп, 2003 жылы Амери­кадағы Техас уни­вер­си­тетіне түсіп, мұнай өндірісінің инже­нері және сая­си ғылым­дар бака­лав­ры дәре­же­сі бой­ын­ша екі маман­дық (double major) алып шықтым. Содан кей­ін 2009 жылы інім Еле­жан Бостонға келіп, Мас­са­чу­сетс тех­но­ло­ги­я­лық инсти­ту­ты­на (МІТ) түсті, қазір үшін­ші кур­ста инже­нер маман­ды­ғы бой­ын­ша білім алуда.

– Осы инсти­тут­та әкеңіз Ғалым­жан Жақи­я­нов та оқы­ды, 2011 жылы анаңыз Қар­лы­ғаш та Құра­ма Штат­та­ры­на бір­ге кел­ді ғой…

– Иә, әкем 51 жасын­да МІТ-ды бітіріп, «МВА» дипло­мын алды. Анам да біз­ден қал­мауды жөн көріп, қазір ол Бостон­да білім беру маги­стры маман­ды­ғы бой­ын­ша оқып жатыр. Айт­пақ­шы, отба­сым­ның сол жер­де тұруы – Гар­вард­та білім алу­ды жал­ғастыруыма себеп­кер бол­ды. Оқу мерзі­мі аз уақыт – екі жыл бол­са да, әке-шеше­м­­мен, бауы­рым­мен бір­ге тұру­ды қала­дым. Үйден ерте­рек шет­ке шығып кет­кен­дік­тен, ата-ана­ның аялы алақа­нын аңсап жүретін едім – мей­ірі­мім қанды!

 

– Теха­ста уни­вер­си­тет­ті бітір­ген соң, мұнай сала­сын­да жұмыс істе­діңіз бе?

– Техас пен Луи­зи­а­на шта­тын­дағы Шев­рон (Chevron) ком­па­ни­я­сын­да, сон­­дай-ақ Мек­си­ка шыға­нағын­дағы мұнай та­ғанында бес жыл еңбек еттім. Кен көз­дерін зерт­теп, оның резерв­тері, эко­но­ми­ка­сы, модулі­мен айна­лы­сып, кең­се­де де қыз­мет істедім.

– Сіз 2010 жылы Мек­си­ка шыға­нағын­дағы мұнай­дың көп мөл­шер­де төгілуіне себеп­кер бол­ған «Deepwater Horizon» кені­шінің қалай жары­лға­нын көр­діңіз бе?

– Иә, сол кез­де біз Шев­рон­дағы кезек­ті бір ұңғы­ма­ны бұрғы­лай­ық деп жина­лып жатқан­быз, алай­да көр­шілес ВР ком­па­ния­сының ныса­нын­да апат бол­ды. Билік шы­ғанақта бұрғы­лау жұмыста­ры­на тый­ым сал­ды. Менің инже­нер ретін­де­гі мін­детім – апат­тың алдын алу үшін ұңғы­ма­ның жағ­дайы, одан қан­ша мұнай сыр­тқа төгілуі мүм­кін, өрт­ті қалай өші­ру керекті­гіне болжам жаса­уға бай­ла­ны­сты бол­ды. Аймаққа қасірет әкел­ген апат­та мұнай сала­сын­да тең­десі жоқ тәжіри­бе жинақтадым.

Дәл осын­дай апат 1985 жылы елі­міз­де­гі Теңіз кені­шін­де де орын алды ғой. Мұнай бір жарым жыл бойы жанып жат­ты. Естуі­мізше, лапыл­даған өрт­ті қалай сөн­дірудің ама­лын тап­паған кеңе­стік гене­рал­дар Те­ңізге бом­ба таста­мақ болып­ты. Ақы­рын­да кеңес өкі­метінің шақы­руы­мен кел­ген аме­рикалық ком­па­ни­я­лар кені­штің қасы­нан қатар­лас ұңғы­ма бұрғы­лап, бар мәсе­лені шешіп берді.

– Қаза­қстан­да биік мін­бер­лер­ден жоға­ры­тех­но­ло­ги­я­лық өндіріс салу жөнін­де­гі жалын­ды сөз­дер жиі айты­ла­ды. Елі­міз­де осы бағыт­та нақты жос­пар бар деп айта ала­сыз ба?

– Мен Қаза­қстан­да хай­тек­пен (ғылым, ақпа­рат және оны­мен бай­ла­ны­сты жоға­ры тех­но­ло­ги­я­лар, оларға сәй­кес білім­нің, қо­ғамның өрке­ни­ет­тік дамуы дәре­же­сін және оның ғалам­дық қаты­на­старға қан­ша­лы­қты қаты­сты­лы­ғын аны­қтай­тын қазір­гі техно­ло­гиялардың және ғылы­ми өндірістер­дің қарқын­ды дамуы – Ред.) шұғыл­дан­бас едім. Өйт­кені елі­міз­де лай­ы­қты білім бе­рілмейді әрі ешу­ақыт­та жоға­ры техно­логиялық кла­стер болған емес. Олар­ды нөл­ден бастап құру – ақша­ны жел­ге шаш­қанмен бір­дей. Сон­ды­қтан елі­міз үшін әл­де­қайда дәстүр­лі сала – мұнай өңдеу зауыт­та­рын, мұнай хими­я­сын, тау-кен, оның ішін­де уран өндірісін, ауыл шару­а­шы­лық сала­сын, т.б. дамы­ту керек деп ойлаймын.

– Алдағы уақыт­та қан­дай кәсіп­пен шұғылданбақсыз?

– Менің мұнай сала­сы мен инвес­тициялық биз­неске қаты­сты Аме­ри­ка­мен әріп­те­стік жасау жөнін­де ұсы­ны­сым бар. Соны­мен бір­ге Қаза­қстан­да жұмыс істеу ойым және бар. Мен үшін тау-кен және қар­жы­лық, эко­но­ми­ка­ның басқа да сек­то­рын­да қыз­мет ету қызы­қты болар еді.

– Неге дәл осы жер қызықтырады?

– Бұл пай­да­лы есеп­тен гөрі, көңіл-күй­­дің әсері ме дей­мін. Пат­ри­от­тық сезім­нің әсері сияқты. Мені түсіне біліңіз – мен отыз жасым­ның басым бөлі­гін өз ота­ным­нан тысқа­ры жер­де өткіздім. Қазақ және орыс тіл­дерін ұмы­та баста­дым. Бірақ менің түп-тегім­нің тамы­ры осы жер­де. Мұны мен үйде болған­да, жер­ле­стерім­мен кезіккен­де, өз туған-туы­ста­рым­ды, атам мен апам­ды көр­ген­де ерекше сезі­нем. Елі­ме, отан­даста­ры­ма білі­мім мен тәжіри­бем­нің пай­да­сын тигізіп, қыз­мет етсем деп ойлай­мын. Соны­мен бір­ге Қаза­қстан­ның Азия, Ресей мен Еуро­па­ның орта­сын­да орна­ла­суы – ерекше мүм­кін­дік­тер­ге жол аша­ды. Айна­ла­мы­зды Қытай мен Үндінің алып база­ры қор­шап тұр. Табиғи бай­лы­қтар­ды былай қой­ған­да, біздің қабілет­ті де талант­ты халқы­мыз бар. Сон­ды­қтан бола­шақ біздің қолымызда.

– Көп­те­ген кәсі­би маман­дар елі­мізден сыр­тқа кетіп жатыр, ал сіз, керісін­ше, елге ора­лу­ды қалай­сыз. Көп­шілік жұрт елде­гі тұрақты­лы­қты билік басын­да оты­рған пре­зи­дент­пен бай­ла­ны­сты­ра­ды. Бірақ кей­ін не күтіп тұр? Сізді бұлы­ңғыр бола­шақ қорқыт­пай ма?

– Әрине, қорқы­та­ды. Бірақ өмір еш ­уа­қыт­та бір орнын­да тұрақтап тұр­май­ды ғой. Менің отба­сы­ма қараңыз­шы: атам рево­лю­ци­ядан кей­ін, одан соң Екін­ші дүние­жү­зілік соғыс жыл­да­рын­да өмір сүр­ді. Ата-анам – Кеңе­стік Одақтың қалай тараға­нын бастан кешті. Әрбір ұрпақ ғалам­дық өзге­рістер кезеңін­де өмір сүреді. Сон­дай өзге­рістерден қашу қажет емес, керісін­ше, оны сол ашық қал­пын­да қабыл­да­уы­мыз керек.

– Отан­дық биз­нес өз ере­же­сі­нен гөрі, жал­пы­лай қабыл­данған ере­же­ге мой­ын­сұ­на­ты­нын білетін шығар­сыз. Біз­де «откат», парақор­лық, шене­унік­тер­ден пана іздеу деген мәж­бүр­лілік­тер бола­ты­нын ескер­діңіз бе?

– Мен бұны түсі­не­мін. Сон­ды­қтан таң­дау жасау қажет­тілі­гі туса, бұл жәйт­тер­мен мей­лінше аз бай­ла­ны­сы бар жер­ге бар­ғанды қалар едім. Қаза­қстан­дық ақиқат­ты отба­сым­ның өзіңіз­ге бел­гілі тәжіри­бесі­нен өте жақ­сы түсінемін.

– Ал сая­сат­пен айна­лы­сқы­ңыз келе ме?

– Сая­сат мені қызы­қты­ра­ды, оған сәй­кес білі­мім де бар, алай­да сая­сатқа тіке­лей өзім­нің қаты­суы­ма әзір­ше құлқым жоқ.

Вик­тор Бур­дин, Forbes.kz.

(Қаза­қ­ша­лаған –

Бақыт­гүл Мәкімбай)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн