Суббота , 5 июля 2025

Бес миллион адам БАНККЕ ҚАРЫЗ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №15 (379) от 20 апре­ля 2017 г.

 

Әле­умет әуресі

 


 

Қаза­қстан­да еңбек­ке жарам­ды, эко­но­ми­ка­лық бел­сен­ді тұрғын­дар­дың саны 8,5 мил­ли­он адам шама­сын­да. Ал олар­дың тең жары­мы­нан көбі, яғни 5 мил­ли­он адам екін­ші дең­гей­лі банк­тер­ге қарыз. Бұл тура­лы «Қаза­қстан» арна­сын­дағы «Мәсе­ле» бағ­дар­ла­ма­сын­да айтыл­ды, деп жаза­ды «Qasym.kz».

 

Бір өкіні­штісі, қаза­қстан­ды­қтар неси­ені мақ­сат­сыз жұм­сай­ды екен. Яғни, жал­пы сома­сы 1 трил­ли­он­нан асып жығы­ла­тын қары­здың 85 пай­ы­зы мақ­сат­сыз жұм­салған. Яғни, адам­дар неси­ені өмір­лік қажет­тілік­тер үшін емес, қым­бат көлік, той-думан мен өлім-жітім, тұр­мыстық тех­ни­ка, баға­лы тон­дар тәрізді дүни­е­лер­ді сатып алуға жұм­саған. Ал сол неси­есі бар 5 мил­ли­он адам­ның 1 мил­ли­он 200 мыңы бүгін­де қары­зын қай­та­ра алмай жүр.

Abai.kz

 

 

Банк­тер тес­пей сора­тын «ЖЫРТҚЫШҚА» АЙНАЛДЫ

 

Қаза­қстан­дағы банк-қара­жат жүй­есі дағ­да­ры­сты кезеңді бастан кешіру­де. Соңғы деректер­де 5 мил­ли­он адам банк­тер алдын­да әрқай­сысы кемін­де 1 мил­ли­он тең­ге­ден бере­шек көрі­неді. Төлем қабілеті кем­дер қата­ры күн­нен-күн­ге молая түсуде.

 

Рас, банк­тер­дің пай­ы­здық сая­са­ты оның дамуы­ның кепілі. Алай­да өте жоға­ры пай­ы­здық мөл­шер­ле­ме банк­тер­ді халы­ққа қыз­мет ететін қар­жы инсти­ту­ты­нан гөрі, халы­қтың қанын тес­пей сора­тын «жыр­тқы­штарға» айнал­ды­рып жібер­ді. Қаза­қстан­дағы банк жүй­есі бір­тін­деп, әле­умет­тік сіл­кіністер­ге соқты­ра­тын шие­леніс нүк­тесін қызды­ру үстін­де. Бүгін­гі таң­да банк­тер­дің кре­дит­тік торы­на шыр­мал­маған отба­сы­лар­ды кез­де­сті­ру қиын­ның қиыны.

Тая­у­да 10 көкек (сәуір) күні елі­міздің бас бан­ки­рі Дани­яр Әкі­шев ҚР Ұлт­тық банк база­лық мөл­шер­ле­мені өзгерт­пе­стен, сол бұры­нғы 11% күй­ін­де қал­ды­руға шешім қабыл­даған­да­рын айт­ты. Екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер түр­лі айла-амал­дар­мен кре­дит мөл­шер­ле­месін көтеріп жібе­реді. Бүкіл халы­қты сор­ла­тып оты­рған – солар. Өрке­ни­ет­ті елдер­де банк сек­то­ры эко­но­ми­ка­ның, тұрғын халы­қтың жағ­дай­ын жақ­сар­туға бағыт­тал­са, ал біздің елі­міз­де­гі банк­тер халы­қтың қанын сора­тын «пара­зит». Оған қоса эко­но­ми­ка­ны, атап айтқан­да, шағын және орта кәсіп­кер­лік­ті тұн­шы­қты­ру­дың өзін­дік құра­лы­на айналған десе де болады.

Шетел­дер­де қалай? Зер салып көрелік. АҚШ-тың өзін­де ипо­те­ка­лық дағ­да­ры­стан зардап шек­кен банк сек­то­ры­на қол­дау көр­се­ту үшін, қай­та қар­жы­лан­ды­ру мөл­шер­ле­месін азай­туға шешім қабыл­дан­ды. АҚШ Феде­раль­дық резерв жүй­есінің негіз­гі мөл­шер­ле­месі 2 пай­ы­здан 1,5 пай­ы­зға төмендетілді

Гер­ма­ни­я­ның басқы банк­терінің бірі «Бун­десбанк» 1996 жыл­дан бері «арзан қара­жат» сая­са­тын ұста­на­ды, олар­дағы банк­тің жыл­дық пай­ы­зы неба­ры 2,5%. Тек ол ғана емес, жал­пы дүние жүзін­де­гі орта­лық банк­тер­дің пай­ы­здық мөл­шер­ле­месі өте төмен. Қараңыз, Австра­ли­я­ның резерв­тік бан­кінің ағым­дағы пай­ы­здық мөл­шер­ле­месі – 1,5%, Ұлы­бри­та­ния бан­кі – 0,25%, Кана­да бан­кі – 0,25%, Қытай – 4,3%, Перу – 4,2%, Гон­конг – 0,5%, Нор­ве­гия – 0,5%, Поль­ша – 1,5%.

Қаза­қстан банк­терінің мөл­шер­ле­месі кемін­де 18–25 пай­ы­з­бен аспан­дап тұр. Эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­стан есең­гіре­ген халық банк кре­дит­терінің қыспағы­нан қазір жаны мұр­ны­ның ұшын­да. Неси­елік қары­зда­рын өтей алмай, суи­цид­ке ұшы­рап жатқан адам қаншама?!

Жұмыс­сыздық, жалақы­ның азды­ғы, қалай­да пай­да табу­ды ойлаған банк­тер­дің «жыр­тқы­шты­ғы» жұрт­ты ашын­ды­рып бара­ды. Үкі­мет пен пар­ла­мент жедел түр­де қар­жы ұйым­да­ры­ның, банк­тер­дің жұмысы­на ада­ми сипат беретін­дей өзгерістер жаса­ма­са, үлкен нара­зы­лы­қтарға тап бола­ры кәдік. Сон­дай құбы­лы­стар­дың сал­да­ры­мен күрес­кен­нен гөрі, оның алдын алған әлдеқай­да тиім­ді емес пе?!

• Марат Тоқаш­ба­ев­тың ФБ-парақшасынан

 

Әсем Қабыл­бек:

• «ЭКС­ПО-ның билетін мұғалім­дер­ге сат­пай­мыз» деген­дері қып-қызыл өтірік. Әр мек­теп­те 4 мың тең­ге­ден сату баста­лып кет­кен. Мил­ли­о­нер адам­дар­ды тапқан екен. Ақы­ры билет сатқан соң, Аста­наға барып-қай­туын неге ойластырмайды?

 

Ыры­сұлан Әбілханұлы:

ЭКСПО көр­месі кім­нің ақша­сы­на салын­ды? Әрине, халы­қтың ақша­сы­на! Осы ЭКС­ПО-ның құры­лы­сын бітіре­міз деп, халы­қтан айып­пұл­ды тиы­ны­на дей­ін жинап алды. Сон­да да жет­пей жатқан сияқты! Енді алдын ала билет сату бастал­ды! Ал бір мил­ли­он билет сатыл­сын делік, 7 мил­ли­ард­тай тең­ге жина­ла­ды! Шама­мен 2,3 мил­ли­он дол­лар! Мақтан үшін, дол­лар­ды мил­ли­ард­тап шашып, халық қызы­ғын көрер кез­де тары­ла қалған мем­ле­кет ерте­рек ойла­ну керек еді! Осы­ған қараған­да, ЭКС­ПО-дан кей­ін қат­ты үнем­шіл, әр тиын­ды санап, есеп алып оты­ра­тын мықты ел бола­тын шығар­мыз? Жемқор­лық мүл­дем бол­май­тын шығар?

 

Ерке Бай­жі­гіто­ва:

• ЭКС­ПО-ға спон­сор болып, билет сатып алу­ды ұлым­ның мек­тебі сұрап отыр… Берей­ін десем – «запод­ло», бер­мей­ін десем – сынып жетек­шісін аяй­мын… Айлы­ғы шай­лы­ғы­на жет­пей­тін мұғалім­дер­ді үкі­мет өзінің құлы көре ме сонда?

Пікір­лер ФБ желісі­нен алынды

 


 

ЭКСПО БИЛЕТІН мұғалім­дер еріксіз САТЫП АЛУДА

 

Шығыс Қаза­қстан облы­сын­дағы мек­теп мұғалім­дері «бас­шы­лық биыл Аста­на­да өтетін ЭКСПО көр­месі билет­терін мәж­бүр­леп алғы­зды» дей­ді. Ал көр­ме ұйым­да­сты­ру­шы­ла­ры­ның сөзін­ше, бұлай ету – заңсыз.

 

Шығыс Қаза­қстан облы­сы Зай­сан ауда­нын­дағы ауыл­дар­дың бірін­де­гі мек­теп­те жұмыс істей­тін М. есім­ді қыз­мет­кер ЭКСПО билетін алған. Оның сөзін­ше, ақпан­да өзі жұмыс істей­тін мек­теп­ке көр­менің 20 билетін алып келген.

«Элек­трон­дық билет­ті аудан­нан жібер­ді. Мек­теп 20 билет­тің ақша­сын шыға­рып беру керек. Бір билет­тің құнын бір­не­ше мұғалім шыға­рып бер­дік. 6 мың тең­гелік билет­ті үш мұғалім бірі­гіп алдық. Өзім бар­май­мын. ЭКСПО кезін­де шөп шаба­тын науқан қызып жата­ды», – дей­ді мек­теп қызметкері.

Осы аудан­дағы Гүл­ба­ян (аты өзгер­тіл­ді) есім­ді мұғалім де Аста­на­дағы көр­ме­ге «еркі­нен тыс» билет алған. Ол бір билет­ке 4 мың тең­ге жұм­саған. Ұстаз көр­ме­ге өзі бар­май­ды, бірақ билет­ті Аста­на­да тұра­тын бала­ла­ры­на беріп жібер­мек. «Билет­ті қыста алып кел­ген. Алғы­мыз кел­ме­ген еді, бірақ мек­теп бас­шы­лы­ғы «бар­саң да ала­сың, бар­ма­саң да ала­сың» деді. Енді [билет] босқа жатқан­ша, Аста­на­дағы бала­ла­ры­ма салып жібе­ре­мін», – дей­ді ол.

Шығыс Қаза­қстан облы­сы Тар­баға­тай ауда­нын­дағы жүз бала­лық орта мек­теп­те сабақ беретін П. есім­ді мұғалім­ге де билет ұсы­нған. Бірақ ол алу­дан бас тар­тқан. «Мек­теп­ке аудан­нан 16 билет жіберіп­ті. Баға­сы 6 мың тең­ге­ден баста­ла­ды. Мен бара алмай­мын дедім. Қат­ты қыстаған жоқ. Мұғалім­дер билет­ті бірі­гіп алып жатыр. Мек­теп 16 билет­тің баға­сын шыға­рып беруі керек екен», – дей­ді ол.

Зай­сан аудан­дық білім басқар­ма­сы­ның бас­шы­сы Нұр­лы­бек Қали­ба­ев мек­теп мұғалім­деріне ЭКСПО билетін ұсы­нға­нын «Азатты­ққа» рас­та­ды. Оның айтуын­ша, мұғалім­дер­ге билет ұсы­ну – «ЭКСПО көр­месіне насихат».

«Билет­тер пошта бөлім­ше­сіне кел­ген. Аудан әкі­мі «ЭКСПО – елба­сы­ның, мем­ле­кет­тің сая­са­ты, үгіт-наси­хат жұмыста­рын жүр­гізің­дер» деп, біз­ге тап­сыр­ды, ауыл әкім­деріне, ауыл бел­сен­ділеріне тап­сыр­ды. Біз үгіт-наси­хат жүр­гізіп жатыр­мыз. ЭКС­ПО-ға шетел­ден көп адам келеді. Қаза­қстан­да мұн­дай шара енді бола ма, бол­май ма – біл­мей­міз. Мұғалім­дер­ге «билет бар, көр­ме­ге барған­да­рың дұрыс» деп айт­тық. Бара­тын­дар – бара­ды, бар­май­тын­дар өзі біледі», – дей­ді білім басқар­ма­сы­ның бас­шы­сы. Ал Тар­баға­тай ауда­ны әкі­мі аппа­ра­ты­ның жетек­шісі Ерсін Ескен­діро­втің сөзін­ше, «өзін Қаза­қстан­ның пат­ри­о­ты­мын» деп санай­тын адам ЭКС­ПО-ға бару керек.

«Бұл (ЭКСПО билет­терін сату) – аудан әкі­мінің тіке­лей тап­сыр­ма­сы. «Алы­ң­дар, Аста­на­ны көрің­дер, ісса­парға жібе­ре­міз, айлы­қта­рың сақта­ла­ды» деп айтып жатыр­мыз. Бірақ ешкім­ді «алы­ң­дар» деп қинап жатқа­ны­мыз жоқ. ЭКСПО – аудан­ның сая­са­ты емес, мем­ле­кет­тің сая­са­ты. Билет ары кет­се – 6 мың тең­ге. Пат­ри­от­пын деген адам бару керек. Мен өзім де бара­тын едім», – дей­ді ол.

«Аста­на ЭКСПО-2017» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы қоғам­мен бай­ла­ныс бөлі­мінің бас­шы­сы Сер­гей Куя­нов жыл басы­нан бері елде көр­ме билет­терін заң­сыз сату бой­ын­ша 20 фак­ті тір­кел­генін айта­ды. «Біз­ге заң­сыз билет сату фак­тілері бой­ын­ша 20-дан астам шағым­дар түс­кен. Оның ішін­де Шығыс Қаза­қстан облы­сы да бар. Оның ішін­де мұғалім­дер­ге ғана емес, дәрі­гер­лер­ге де сатқан фак­тілер кез­де­седі. Кей­ін пре­зи­дент әкім­шілі­гі арқы­лы бұл мәсе­лені шешіп, олай жаса­уға бол­май­ты­нын ескерттік.

Осы оқиға­лар­дан кей­ін арнайы жедел желі (WhatsApp номері: +77023326521) аштық. Мұғалім­дер сатып алған билет­ті сурет­ке түсіріп, біз­ге жол­да­са бола­ды. Біз бұл әре­кет­ті тек­се­ре­міз», – дей­ді Сер­гей Куянов.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн