Воскресенье , 6 июля 2025

Бейбіт ЕГІЗ туды…

 

«Тәт­тім- ау, тәт­тім-ау , өзіңді әрең тап­тым-ау» деп, бәл­кім, Тоқтарға арнап ән сала­тын Бей­біт-әнші өнер әле­міне ада­ми жаңа­лық-хабар әкел­ді: қазақ сахна­сы­ның лири­ка­лық қос жұл­ды­зы, өмір­де де, өнер­де де жұп­та­ры жазыл­май­тын, ерлі- зай­ып­ты Тоқтар мен Бей­біт­тің отба­сын­да егіз ұл дүни­е­ге келді.

Сүй­ін­ші жаңа­лы­қты алғаш болып жет­кіз­ген өнер­де­гі әріп­тесі Сәкен Май­ға­зи­ев Instagram парақ­ша­сын­да: «Тоқаш досым, үш ұлдың әкесі атанға­ның құт­ты бол­сын! Ұлда­рың өзің­нен өте тусын. Алла Таға­ла Бей­біт еке­уіңе баян­ды ғұмыр бер­гей!» деп­ті. Ал «Жігіт­тер» квар­тетінің мүше­сі Бағлан Әбдірай­ы­мов: «Тіл-көз­ден аман болы­ңы­здар!» – деп сұқ көзді өзге жұр­тқа ескер­ту жасаған әлпет танытыпты.

Біз де интер­нет­тің әле­умет­тік желісін­де азан-қазан қуа­ны­шқа кенеліп жатқан жұрт­шы­лық тіле­гіне қосыламыз.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн