Суббота , 5 июля 2025

Бейбіт Көшқалиев: ЭСТРАДА ерекшелік пен харизманы ҚАЛАЙДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №39 (310) от 12 нояб­ря 2015 г.

 

Бей­сен­бі­де­гі бетпе-бет

 

 

Жуыр­да «Түрк­вижн-2015» ұлт­тық ірік­теу бай­қа­уы өтті. Оған қаты­сты көп­шілік­тің пікірі ала-құла: біре­улері – жол­да­ма иесін тап­ты дей­ді, енді біре­улері – бай­қа­уда әділ­дік бол­ма­ды дей­ді. Біз сол бай­қа­уға қаты­сқан әнші Бей­біт Көшқа­ли­ев­ті «Бей­сен­бі­де­гі бет­пе-бет» айда­ры­ның қонағы болуға шақы­рған едік.

 

– Бей­біт мыр­за, күні кеше ғана өткен «Түрк­вижн-2015» ұлт­тық ірік­теу бай­қа­уы әділ өтті деп ойлай­сыз ба?

– Жал­пы, пен­де бала­сы жүз пай­ыз әділ бола алмай­ды: ол жара­ты­лы­ста бар нәр­се. Ал салы­стар­ма­лы түр­де айтар бол­сақ, әділ өтті деп ойлай­мын. «Түрк­вижн-2015» ұлт­тық бай­қа­уы – қаза­қтың шоу-биз­несін­де өзін­дік орны бар өнер шара­сы. Сол себеп­тен де бай­қа­уда бақ сынаған әрбір қаты­су­шы­ны анау мықты неме­се мынау осал деп бөліп-жара айта алмай­мын. Бай­қа­уға қаты­сқан кез кел­ген өнер иесінің өзін­дік орын­дау шебер­лі­гі, сти­лі және тың­дар­ман­да­ры бар. Қазы­лар алқа­сы мен сарап­шы­лар осы тұрғы­дан қара­са, таң­дау әділ өтті деп ойлай­мын. Ал әлем­дік бай­қа­уға жол­да­ма­ны жеңіп алған «Орда» тобы – шоу-биз­не­сте өзін­дік ойып алар орны бар музы­ка­лық ұжым­дар­дың бірі. Сон­ды­қтан «орда­лы­қтар­дың» «Түрк­вижн-2015» бай­қа­уын­да бәй­ге алуы­на ынты­қ­пын, сәт­тілік тілеймін!

– Ал «Орда» тобы түр­кі әле­мін Жанар Дұға­ло­ва сияқты тән­ті ете ала­ды деп ойлай­сыз ба?

– Міне, көп­шілік қауым­ның көкей­ін­де жүр­ген де – осы сұрақ. Қараңыз – Жанарға дей­ін бұл бай­қа­уға «Рин­го» тобы қаты­сып қай­тқа­нын жұрт­тың еле­ме­гені рас. Ал Жанар бол­са, ол бай­қа­удың нәти­же­сін жаңа бір дең­гей­ге шыға­ра біл­ді. Сон­ды­қтан жұрт­тың бәрі «Орда» тобын Жанар Дұға­ло­ва­мен салы­сты­ра­ды. Деген­мен де, «Орда­ны» Жанар­мен салы­сты­руға кел­мей­ді. Жанар – жеке әнші, ал «Орда» – топ­тық ұжым. Жанар­дың жолы болып кет­ті: «Түрк­вижн-2014» бай­қа­уы­на лай­ы­қты ән жаза алды. Кеше­гі күні өткізіл­ген ұлт­тық бай­қа­уды қара­саңыз: онда дәл осын­дай ән айты­лған жоқ…

– Иә, көп­шілік қауым ара­сын­да: «Бай­қа­уда бір дұрыс ән есті­ген жоқ­пыз – кілең ыңқыл-сыңқыл. Не музы­ка­сын­да, не сөзін­де мағы­на жоқ… Құлақтың құры­шын қан­ды­ра­тын әндер қай­да?» деген пікір­лер айтыл­ды. Осы­ған сіз нен­дей уәж айтасыз?

– Бай­қа­уға әркім әртүр­лі ниет­пен: бірі – жеңіс­ке жету үшін, енді бірі – бір көрініп қай­ту үшін бара­ды. Ал менің бай­қа­уға қаты­сқан­дағы негіз­гі ойым – әнім­ді елге таны­сты­ру, мей­лін­ше шоу жасау бол­ды. Біздің эст­ра­да жан­рын­да жан­ды дауы­спен билеп тұрып, ән айта­тын жоба­лар жоқтың қасы. Сон­ды­қтан мұн­дай жоба­ларға қаты­су – мен үшін үлкен абырай.

Тың­дар­ман қауым­ның бәрі про­фес­си­о­нал емес: жобаға қаты­сқан фина­ли­стер­ге дауыс бер­ген кез­де бірі әншінің шыққан жеріне, енді бірі – шыққан руы­на қарай­ды. Мұн­дай бөлі­ну­шілік­пен біз өнер­ді өрге сүй­рей алмаймыз.

Қазақ деген қашан да үлкенін құр­мет­тей біл­ген халық. «Орда» тобы­ның сахна­да жүр­геніне де биыл 15 жыл бол­ды. Ондағы жігіт­тер­мен туған жылы­мыз шама­лас бол­са да, олар­дың өнер­де жүр­ген жыл­да­ры менен үлкен. Ал Түр­кия елін­де өтетін бай­қа­уға кім бар­са да, бәрі қаза­қтың жігіт­тері. Сон­ды­қтан тіле­улес болға­ны­мыз абзал. «Орда» тобы­ның интер­нет желісін­де­гі парақ­ша­сын оқып қара­саңыз, олар­ды оқыр­ман­да­ры қол­дап, ізгі тілек­терін біл­діру­де. Ал бай­қа­уға жеке-дара қаты­сқан Ерген­нің (Айтым­бе­тов) парақ­ша­сы­на «Орда» тобын жаман­дап, керағар пікір­лер жазып жатыр. Өнер­ді осы­лай баға­ла­у­ға бола ма екен? Жал­пы, тым шек­тен шығу­дың қажеті жоқ: әрбір жазы­лған неме­се айты­лған ғай­бат сөз үшін жау­ап беретін кез туа­рын ұмыт­пау керек…

– Егер сіз бұл бай­қа­уға қаты­спаған жағ­дай­да қай әнші­ге дауыс берер едіңіз?

– Мен ешкім­ге дауыс бер­мей­мін: қаты­сқан­дар­дың бәрі мен үшін дос әрі әріп­тес. Бар­лы­ғы­ның өнерін сый­лай­мын, олар­дың өзін­дік сти­лі және өз тың­дар­ман­да­ры бар. Айқай­лап, шыңғы­рып ән айта­тын­дар­дың бәрі ән айта ала­ды деген сөз емес.

Мәсе­лен, Мей­рам­бек аға Бес­па­ев ешқа­шан айқай­лап айт­па­са да, халы­қтың көңілі­нен шығып, әлдеқа­шан өз баға­сын алып қой­ған әнші. Кей­біре­улер атал­мыш жобаға айқай­лаған әнші қаты­су керек деп түсін­се, олар­дың қат­ты қате­ле­с­кені деп біле­мін. Қазір­гі шоу-думан­ның зама­нын­да эст­ра­да ерекшелік пен хариз­ма­ны қажет етеді.

– «Түрк­вижн-2015» ұлт­тық ірік­теу бай­қа­уы­на қаты­сқан­дар­дың қата­рын­да «Орда» тобы­нан басқа Рүстем Жүгіні­сов, Рай­ым Уай­ыс секіл­ді фина­ли­стер­дің есі­мі атал­ды. Бірақ осы тізім­де өзі түгілі, көп­шілік қауым атта­рын есті­ме­ген әншілер де бар… Бай­қа­уға ірік­телініп алы­нған фина­ли­стер сіздің көңіліңіз­ден шықты ма?

– «Түрк­вижн» сияқты бай­қа­у­ларға тек таны­мал әртістер қаты­суы тиіс деген қағи­да жоқ. «Өнер­ге әркім­нің де бар тала­сы» деп Абай ата­мыз айтқан­дай, тәй-тәй басқан жас талант­тар­дың да көрі­нуіне мүм­кін­ді­гі бар.

– Айты­ңыз­шы, бүгін­де сахна­да «жеке батыр» болған­нан топ­тың құра­мын­да ән айтқан оңай болып кет­кен жоқ па?

– Негізі­нен жалғыз жүріп ән айтқан оңай­ы­рақ. Бірақ топ­та көп­пен бір­ге ән айтқан­ның бір жақ­сысы – өнер­де бере­ке бола­ды. Бере­ке­ге жету үшін сабыр­лық, түсіністік керек. Мәсе­лен, кезін­де Рүстем Нұр­жі­гіт­пен бір­ге ән айт­тым, сол бір­лік­тің нәти­же­сін­де ол маған өмір­де­гі досым әрі бауы­рым болып қалды.

– Сіздің жоға­ры оқу орнын бітір­ген­де­гі негіз­гі маман­ды­ғы­ңыз – мұнай­шы. Бүгін­де көп­шілік жасқа арман болып жүр­ген бұл маман­ды­қты неге тастап кеттіңіз?

– Мұнай­шы­лы­қты оқы­ға­ным бол­ма­са, бұл маман­дық бой­ын­ша жұмыс істеп көр­медім. Әу баста қай­бір ата-ана сияқты, мені де өз әке-шешем жақ­сы маман­дық алға­ным­ды қалап, осы оқуға түсір­ді. Бірақ жүрек қала­у­ым өнер­ге жақын болған соң, сахна­ны айнал­соқтап кеттім…

– Жал­пы, елде­гі жастар сая­са­ты­на көңіліңіз тола ма? Бүгін­гі жастар­дың дені «өз күнін өзі көріп» жүр­генін қалай бағалайсыз?

– Біздің елде­гі жастарға елба­сы­мыз үлкен мүм­кін­дік бер­ді. Мәсе­лен, «Бола­шақ» бағ­дар­ла­ма­сы­мен ілім қуған кез кел­ген талап­кер білім ала ала­ды. Ал кез кел­ген қоғам­да кем­шін жағ­дай­лар­дың болуы – заң­ды­лық. Иде­ал­ды орта жоқ.

– Айт­пақ­шы, сіз де бүгін­гі бірқа­тар жастар сияқты «намазға жығы­лған» екен­сіз: бірақ «сай­танға серік бол­май­мыз» деп, кезін­де біраз өнер иелері (Мұха­меджан Таза­бе­ков, Бек­бо­лат Тіле­ухан, т.б.) өнер­ден де, ғылым­нан да жырақтап кет­ті. Соған қараған­да, ислам діні өнер­дің про­гресіне кедер­гі болу­да деген пікір рас сияқты ма?!

– Сіз айтқан тұлға­лар өнер­ді тастап кет­ті ме, жоқ па – нақты­сын біл­мей­мін. Жал­пы, ислам – кең­шілік беретін дін. Адам­зат бала­сы жақ­сы мен жаман­ды­қты қалай ажы­ра­та біл­се, ислам дінін­де де жақ­сы­лық пен жаман­дық бөлініп айты­лған. Егер біздің өнер­де­гі жасап жатқан дүни­е­міз дұрыс бол­са, ол ешкім­ге зия­нын тигіз­бе­се, ислам діні ондай өнер­ге тый­ым салмайды.

– Мәсе­лен, әлем­дік эст­ра­да сахна­сын­да мұсыл­ман елі­нен шыққан бір­де-бір жұл­ды­здың (тегі еврей­ге жақын түр­ки­я­лық Тар­кан­нан басқа) бол­мауын қалай түсін­дірер едіңіз?

– Мұсыл­ман елі­нен шыққан, әлем­дік эст­ра­да­да таны­лған Амр Диаб, Махер Зейн сияқты әртістер көп-ақ. Тіп­ті Құран­ды әрқай­сысы жатқа білетін Кувейт елін­де қари имам ислам жай­лы кон­церт берген.

– Ал сіз ұстаған мик­ро­фо­ны­ңы­здан бастап, сөй­ле­сетін теле­фо­ны­ңыз, қолы­ңы­здағы сағат, асты­ңы­здағы көлік, киген киі­міңіз, пай­да­ла­на­тын ком­пью­теріңіз – түгел­дей баты­стық мар­ка­лар. Солар­дың ішін­де бір­де-бір мұсыл­ман елінің брен­ді жоқ. Осы жөнін­де ойла­нып көр­діңіз бе?

–Деген­мен, сол бренд­тер­дің пай­да болуы­на негіз қалаған ғалым­дар Шығыс елдері­нен, мұсыл­ман­дар орта­сы­нан шыққан жоқ па?! Аст­ра­но­мия мен меди­ци­на­ның негізі де Шығы­ста қалан­ды. Бірақ кей­ін­гі әлем­дік сая­си жағ­дай­ларға бай­ла­ны­сты мұсыл­ман елдерінің ғұла­ма ғалым­да­ры Баты­сқа қарай бет бұрып кет­кені тағы да шын­дық. Иә, кей­ін­нен мұсыл­ман елдері кен­де қал­ды, биле­уші топ қысым көр­сет­кен­дік­тен, ондағы про­грес­сив­ті топ өкіл­дері ізде­ну­ге, ғылым­мен айна­лы­суға мүм­кін­ді­гі бар елдер­ге тарап кет­ті. Шыны керек, қазір мұсыл­ман елдері ұйы­қтап қал­ды. Енді, міне,  бір-бірі­мен қыры­лы­сып жатыр.

– Ал Оңтүстік Ази­ядағы соғыс ошақта­ры­нан қашқан мұсыл­ман­дар Батыс Еуро­па елдері­нен пана іздеп, жөңкіліп жатқа­нын қалай пай­ым­дар едіңіз? Олар Араб Әмір­лік­теріне, Малай­зи­яға, құра­мын­да мұсыл­ман халқы бар Ресей­ге, бер­гі Орта Азия елдеріне неге бармайды?

– Иә, мой­ын­дау керек, Еуро­па елдері шека­ра­сын айқа­ра ашып, босқын мұсыл­ман­дарға пана болып жатыр. Гер­ма­ния мен Испа­ни­яға қан­ша­ма мұсыл­ман барып, қоны­ста­нып жатқа­ны да жасы­рын емес. Бұл бір жағы­нан бола­шақ жақ­сы­лы­қтың ныша­ны болар. Еуро­па елдеріне қоны­станған мұсыл­ман бауыр­лар­дың бола­шағы кере­мет бола­ты­нын іштей сезе­мін. Құдай біздің елді дол­лар­мен сына­са, өзге мұсыл­ман елдерін бом­ба мен оқтың асты­на алып сынап жатыр.

–Біздің газет­тің оқыр­ман­да­ры­на айтар қан­дай жаңа­лы­қта­ры­ңыз бар?

– Менің айта­рым – жаңа­лық емес, ізгі тіле­гім. Әуелі елі­міз аман бол­сын! Өйт­кені бүгін­гі­дей қиын-қыстау уақыт­та дағ­да­рыс деп, көңіл­дерін түсір­мей, әр қиын­ды­қтың артын­да бір қуа­ны­штың бола­рын ұмыт­па­сын. Қиын­дық пен қуа­ныш ағай­ын­ды ғой: үне­мі бір­ге жүреді. Сабыр­лы болу керек!

Сұх­бат­тасқан –

Жан­сая ЕРТАЙ,

«

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн