Пятница , 4 июля 2025

Бейбіт Қорған ТҮСІНБЕСЕ, сотқа жүгінем

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №22 (386) от 8 июня 2017 г.

 

Ән әңгі­ме­ге айналды

 


 

Ел ішіне таны­мал жас әнші Бей­біт Қорған жуық ара­да сот дауы­на қалуы мүм­кін. Бұл жөнін­де редак­ци­я­мы­зға уәжін айтып кел­ген ком­по­зи­тор Мей­ра­мға­зы Қара­мен­ді істің мән­жай­ын баян­дап бер­ді. Естеріңіз­ге сал­сақ, таны­мал әнші бұған дей­ін де БАҚ бет­терін­де жағым­сыз жаңа­лы­қтар­дың кей­іп­кері болып үлгер­ген. Алма­ты әуе­жай­ын­дағы төбе­лес, «Ақ жай­ық» газетінің тіл­шісі Айнұр Сапа­ро­ва­ны гри­мер­ка­да қамап қою мен көлік салы­ғын төле­меу оқиға­ла­ры енді «Анаға алғы­сым» әніне қаты­сты автор­лық құқы­қты бұзу әре­кеті­мен толы­ғуы мүмкін.

 

– Мей­ра­мға­зы аға, алды­мен істің түй­іні болып оты­рған, Бей­біт Қорған айтып жүр­ген «Асыл Анам» («Анаға алғы­сым») әнінің шығу тарихын айтып өтсеңіз.

– Бұл ән – жас кезім­де бір жұмыста­рым­мен екіүш айға ісса­парға барып, үйге оралған сәт­те, анам­ның көзіне жас алып: «Бала­па­ным, ама­не­сен кел­дің бе?!» – деп, мені құшағы­на алған кез­де­гі сезі­мім­нен шыққан дүние ғой. Ол кез­де ком­по­зи­тор­лық дары­ным бар деп те ойла­маған едім, әйте­уір гита­ра­ны қолы­ма алған­да, анам тура­лы бір әуен өзі келе қалды.

Кей­ін­нен әнім­ді Ком­по­зи­тор­лар одағы­ның мүше­сі, әрі туы­сым болып келетін бір апай­ы­ма тың­да­тып едім, ол кісі әні­ме жоға­ры баға­сын бер­ді. Бұл әнде ана мен бала­ның ара­сын­дағы сезім­ді жет­кіз­гім кел­ді. Кей­ін, 1986 жылы Алма­ты­да өткен әуе­сқой ком­по­зи­тор­лар­дың «Эдельвейс86» кон­кур­сы­на қаты­сып, «Анаға алғы­сым» әнім­мен финалға шықтым, жүл­делі оры­нға ие болып, гра­мо­та да алдым.

Әнді ана­ма тың­датқан күн әлі есім­де. Сол 1986 жыл­дың 19 мау­сы­мы, кеш­кі сағат жеті жарым­ның кезі, атал­мыш кон­кур­сты теле­ди­дар­дан көр­се­тетін бол­ды. Әке­ше­шем еке­уін оты­рғы­зып қой­ып, теле­ди­дар­ды қостым. Бір­не­ше әнші шығып, орыс­ша өлең­дер­ді бірі­нен соң бірін айт­ты. Сол кез­де әкем: «Балам, мына­уың не, орыс­ша кон­церт көр­се­тей­ін дедің бе біз­ге?» деп еді: «Әке, сәл шыда» деп, әрі қарай тың­дат­тым. Бір уақыт­та менің шыққа­ным­ды көр­сет­ті. «Асыл анам, арнап саған алғы­сым­ды әнмен айтам…» деген сөз­дер­мен әнім­ді баста­дым. Әнім­ді тың­даған анам көзіне жас алып, құшағы­на алды. Сол кез­де­гі анам­ның жылуы мен мей­ірі­мі әлі есім­нен кетпейді.

– Әннің шыққа­ны­на 32 жыл толып­ты. Осы уақы­тқа дей­ін бұл әнді кім орын­дап жүр?

– Алғаш рет әнім­ді өзім айт­тым. Кей­ін 1999 жылы Мәди Қара­мен­дин деген әнші бауы­рым айт­ты. Әнім ұмыт қал­ма­сын деген оймен, әрі аран­жи­ров­ка­сы­на көңілім тол­маған соң, Лұқ­пан Жол­да­со­вқа жолы­қтым. Лұқ­пан әнім­нің аран­жи­ров­ка­сын жасап, Ринат Зай­ы­тов қай­ыр­ма­сы­ның сөзін жаз­ды. Бұл 2012 жылы болған оқиға еді. Кей­ін әнім­ді «Самал» тобы­ның жігіт­тері айт­ты, бірақ олар­дың орын­да­уы көңілім­нен шықпады.

Содан не керек, Ерік Сәлім­ба­ев деген досы­ма жолы­ғып, әнім­ді жүре­гі­мен айта­тын орын­да­у­шы іздеп жүр­генім­ді естіп, бір­ден Бей­біт Қорғанға беруді ұсы­нып, екіүш ай бұрын оның да ана­сы­ның қай­тыс болға­ны тура­лы айт­ты: «Бер­сең – Бей­біт­ке бер, осы жігіт айт­сын әніңді» деген соң, мен де еш күмән­сіз келісі­мім­ді бер­дім. Бей­біт­тің өзі­мен жолы­ғып, әнім­ді тың­дат­тым. «О дүни­е­ге кет­кен анаң­ды еске алып айт­саң, бұл ән жүрек­тен шыға­ды», – деп, ойым­ды жеткіздім.

Ара­да бірекі ай өткен соң, Бей­біт маған хабар­ла­сып: «Аға, әнді келіп тың­дап кетіңіз», – деді. Бей­біт­тің әнді орын­даған кез­де өлең оның жүре­гі­нен шығып жатқа­ны сезіл­ді. Сол сәт­те «Ақ жол саған! Енді жұрт­шы­лы­ққа шығар осы әнді ел естісін!» – деп ниетім­ді біл­дір­дім. Кетер кез­де Бей­біт­ке әннің екін­ші шумағы мен қай­ыр­ма­сы Ринат Зай­ы­то­втікі екенін айтып, сол себеп­ті әні: М.Қараменді, сөзі: М.Қараменді, Р.Зайытов деп жазғы­зу кере­гін қадап айттым.

Бей­біт 2015 жылы мені­мен өзі хабар­ла­сып: «Аға, мен диск шыға­рай­ын деп жатыр­мын, сіздің «Анаға алғы­сым» деген әніңізді «Асыл анам» деп атын өзгерт­сем, қар­сы бол­май­сыз ба?» – деді. «Қар­сы­лы­ғым жоқ, қалай болған­да да, ана­ларға арналған дүние ғой», – деп келісі­мім­ді бер­дім. Диск жарық көр­ген соң маған біре­уін әкеліп бер­ді. Қара­сам, дис­кі­де «Әні: Мей­рам Қара­бел­де, сөзі: Ринат Зай­ы­тов» деп қате жазып­ты. Бір­ден Бей­біт­тің өзіне теле­фон шалып: «Бұның не бауы­рым? – деп едім: «Аға, типо­гра­фи­ядан қате кетіп­ті», – деп жау­ап қай­ыр­ды. Мен де «жарай­ды, кет­кен қатені түзе­тер­сің», – дедім де қойдым.

Биыл 8 наурыз күні «Хабар» арна­сы­нан «Анаға құр­мет» атты үлкен кон­церт бол­ды. Сол кон­церт­тен өлеңім­ді естіп, Бей­біт­ке: «Рах­мет саған, туған­туы­ста­рым әнім­ді естіп, риза боп жатыр, аман бол!» – деп хабар­ла­ма жазып, алғы­сым­ды біл­дір­дім. «Қаза­қстан» теле­ар­на­сы­ның аңдат­па­сы­нан 5 мамыр күні Бей­біт Қорған­ның «Сәлем, Қаза­қстан!» бағ­дар­ла­ма­сы аясын­да кон­цер­ті бола­ты­нын есті­ген соң, Бей­біт­ке хабар­ла­сып: «Енді титр­дағы жазу­ла­рын түзе­тер­сің», – деп өтініш біл­дір­дім. «Әні: М.Қараменді, сөзі: Мей­ра­мға­зы Қара­мен­ді мен Ринат Зай­ы­тов» деп, ата­те­гім­ді дұрыс жазар­сың», – дедім де қойдым.

– Сон­да бар мәсе­ле дис­кінің қап­та­ма­сын­да кет­кен қате­де болып тұр ма?

– Иә, бұдан басқа еш мәсе­ле жоқ. Деген­мен, мені кез кел­ген автор дұрыс түсі­нетініне сенім­ді­мін. Ата­те­гіңнің қате жазы­луы, автор­лы­ғы­ң­ның бұр­ма­ла­нуы кім­ге ұнасын?!

– Одан кей­ін Бей­біт­пен тағы хабар­ла­сып, сөй­ле­стіңіз­дер ме?

– Жоқ! Бір­не­ше рет айтыл­ды ғой оған. Сөз түсі­нетін бол­са, түсі­нер еді. Мен Бей­біт­ке 1 мамыр­да хабар­ла­сып айт­тым ғой: «Бей­біт, бол­май­тын дүние мына­уың! Әнім­нің автор­лы­ғы мен ата­те­гім бұр­ма­ла­нып жазыл­ды. Жарай­ды, бірін­ші типо­гра­фи­яға сіл­те­дің. Енді қазір мынау «Қаза­қстан» арна­сын­да 5і күні кон­церт береді екен­сің, ең бол­ма­са, титр­ла­рын­да дұры­стай­тын шығар­сың» дегенім­де, Бей­біт: «Ой аға, дұры­стай­мыз, бірақ титр­дан ба, әлде ауыз­ша айтам ба, оны құдай біледі» деп, қолын бір сіл­те­ді. 5 мамыр күн­гі Бей­біт­тің кон­цер­тін қара­дым, ешнәр­се түзел­ме­ген, баяғы жар­тас – сол жартас.

– Сіз әніңізді Бей­біт­ке бер­ген кез­де қан­дай да бір келісім­шар­тқа отыр­ды­ңы­здар ма?

– Жоқ! Тек ауыз­ша айт­тым: «Маған бір тиы­ның қажет емес, «айтыл­маған сөз өледі» деген­дей, әнім ұмы­тыл­ма­сын» деп, осы әннің тарихын да баян­дап бердім.

– Ал Бей­біт Қорған­ның орын­да­уы­на көңіліңіз тол­ды ма?

– Әрине! Ол әнім­ді жүре­гі­мен айта­ды. Мені қын­жы­л­та­ты­ны – тек осы автор­лық тұрғы­дағы қателік­тер, тегім­ді дұрыс жаз­бау, автор­лы­қты бұрмалағаны.

– Біздің газеті­міз арқы­лы Бей­біт­ке айтар сөзіңіз, назы­ңыз бар ма?

– Ахмет Бай­тұр­сы­нұлы­ның сөзі­мен айтай­ын. Ол кісі ана­сы­на хат жазған­да былай деп­ті: «Аққа – құдай жақ, менікі – хақ!» деп. Осы сөз­ден кей­ін Бей­біт түсін­се – түсін­ді, түсін­бе­се – сотқа жүгі­ну­ден басқа амал жоқ.

Ал әнші қауы­мға айтар сөзім – егер әнім көңіл­ден шығып жат­са, ата­те­гім­ді, автор­лы­ғым­ды бұр­ма­ла­май, айта бер­сін. Клип жасай ма, радио­дан айта ма – тек бұр­ма­ла­май, дұры­стап жаз­са болға­ны. Әнім үшін маған гоно­рар­дың да қажеті жоқ!

Димаш АЗАМАТОВ,

«

 

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн