Суббота , 5 июля 2025

Бейбіт ҚОЙШЫБАЕВ: ДҮНИЕНІ ДҮР СІЛКІНДІРГЕН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №46 (363) от 15 декаб­ря 2016 г.

 

ДАТ!

 


 

Жел­тоқ­сан көтерілісі ақиқа­тын ТҰНШЫҚТЫРУ ЖАЛҒАСУДА

 

Жаңғы­ры­ғы әлі басыл­маған, жара­сы әлі жазыл­маған, әр қаза­ққа рух беретін Жел­тоқ­сан көтерілісіне бірер күн­нен соң 30 жыл тола­ды. Кеше­гі қызыл импе­ри­я­ның қылы­шы­нан қан тамған қиын-қыстау кезеңін­де қазақ жаста­ры­ның бас көте­руі – Тәу­ел­сіздік­ке жақын­датқан бет­бұрыс болға­ны жөнін­де тари­хи ақиқат­ты зерт­теп, жазып жүр­ген жазу­шы, тарих ғылым­да­ры­ның кан­ди­да­ты Бей­біт ҚОЙШЫБАЕВ «ДАТ!» айда­ры­ның төрін­де сал­мақты сөзін сара­лап, көр­ген-түй­гені­мен бөлісті.

 

– Осы­дан 30 жыл бұрын жел­тоқ­сан­да қызыл импе­ри­я­ның қаһа­ры­нан қай­мы­қ­пай, Алма­ты­дағы алаңға шыққан қазақ жаста­ры­ның толқуы күшпен басып-жан­шыл­ды. Тәу­ел­сіздік­ті жақын­датқан жастар­дың Жел­тоқ­сан көтерілісі тура­лы айтыл­маған ақиқа­ты мен ашыл­май қалған деректері бар ма?

– Жел­тоқ­сан көтерілісі тура­лы жазы­лып-ақ жүр, деген­мен оның негіз­гі себеп­тері толық сара­ланған жоқ және алаңға шыққан қазақ жаста­ры­ның толқуын күшпен басып-жан­шу жай­ын­да әлі де айтыл­маған ақиқат пен ашыл­май қалған деректер жет­кілік­ті. Мәсе­лен, отар­ла­у­шы импе­ри­яға қазақ халқы ғасыр­лар бойы қар­сы­лық көр­сет­ті. Жел­тоқ­сан көтерілісі сол қар­сы­лы­қтар­дың соңы.

Алай­да көп­те­ген қару­лы қақты­ғы­стар­мен бедер­лен­ген азаттық қозға­лы­ста­ры­ның Тәу­ел­сіздік жеңісіне ұласқан дүм­пуі Жел­тоқ­сан көтерілісі екен­ді­гі күні бүгін­ге дей­ін ғылы­ми тұрғы­да ресми рәсім­дел­ген жоқ. Ғылым дәй­ек­теп бер­ме­ген­дік­тен де, билік­те­гі сая­сат­шы­лар Жел­тоқ­сан көтерілісін қатыг­ездік­пен тұн­шы­қты­ру­дың мем­ле­кет­тік қыл­мыс екенін ауы­зға алмаған­ды жөн көреді. Тарих сахна­сы­нан кет­кен импе­ри­яда орын алған бол­са да, бүгін­де жоғалған мем­ле­кет­тің табиға­тын­дағы озбыр тота­ли­та­риз­мнің қыл­мысы бол­са да. Сон­ды­қтан да олар тиісін­ше сол қаһар­лы күн­дер­де жасалған нешетүр­лі аран­да­ту­лар­дың аста­рын ашпа­уға, жаза­ла­у­шы­лар мен жуа­сы­ту­шы­лар­дың қилы қыл­мыстық әре­кет­терін әшке­ре­ле­ме­у­ге, құр­бан­ды­қтар санын жасы­руға мүд­делі болып отыр.

 

КСРО құра­мын­да болған елдер­дің кей­бірі кеңе­стік режим қол­дан жасаған қан­ды қырғы­нға баға беріп, өз халқы­ның сана­сы мен зер­десін ком­му­ни­стік зардап­тан жуып-шаю науқа­нын жүр­гізіп жатыр. Ал біз­де дата­лы күн­дер қар­саңын­да жеке­ле­ген қоғам­дық ұйым­дар өз шама-шарқы­мен өткізіп жатқан ұсақ-түй­ек шара­лар­дан басқа мем­ле­кет­тік тұрғы­да әре­кет жоқ. Осы­ның себебін сіз қалай түсін­дірер едіңіз?

– Аста­на­да қоғам­дық ұйым­дар­дың ұйым­да­сты­руы­мен өткен биы­лғы халы­қа­ра­лық кон­фе­рен­ци­яда біраз жәйт айтыл­ды. Шетел­дік ғалым­дар Жел­тоқ­сан көтерілісі жай­ын­дағы мәсе­лені біз­ден гөрі кеңірек қарас­ты­рып жүр­гені бел­гілі бол­ды. Ал тая­у­да Алма­ты­да өткен қала­лық кон­фе­рен­ци­яда өкі­мет өкілі жария еткен мәлі­мет­тер­ге қараған­да, қала үкі­меті тара­пы­нан жел­тоқ­сан­шы­ларға жеңіл­дік­тер жасау, мара­пат шара­ла­рын ойла­сты­ру жүр­гізіліп жатқан көрі­неді. Деген­мен. көтерілістің мерей­лі дата­сы­ның биік дең­гей­де ресми түр­де атал­мауын мем­ле­кет­тік тұрғы­да әре­кет жоқ деген­ге балай­ты­ны­мыз рас. Біздің елі­міз­де әр кез­де болып тұрған тағ­дыр­лы, тағ­дыр­ше­шті беле­стер бар­шы­лық қой, бірақ солар­ды өз дәре­же­сін­де баға­лай алмай оты­рға­ны­мыз да рас. Дүниені дүр сіл­кін­дір­ген көтеріліс – Жел­тоқ­сан екенін мой­ын­да­уы­мыз керек.

Мәсе­лен, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті алай­ық. Монар­хи­я­ның құла­у­ы­на ықпал еткен ерен оқиға. Совет өкі­метінің алға­шқы он шақты жылын­да бұған бір­ша­ма дұрыс баға беріл­ді. Бірақ 30-жыл­дарғы кеңе­стік солақай рефор­ма­лар халық қар­сы­лы­қта­ры­на душар болған­да, жылы жауып қой­ыл­ды. Тіп­ті елі­міздің Тәу­ел­сізді­гі аху­а­лын­да да биыл осы­нау 16-жыл көтерілісінің 100 жыл­ды­ғы мәніне сай мере­ке­лен­ген жоқ. 16-жылға мән беруді қош көр­ме­ген ком­му­ни­стік тота­ли­та­риз­мнің көбесін сөк­кен­мен, сөй­тіп мем­ле­кет­тік тәу­ел­сіздік­ке жол ашып бер­ген­мен, Жел­тоқ­сан көтерілісі де соның кебін киіп тұр. Мұның себебі, менің­ше, тарих ғылы­мы­ның әлі де көп жағ­дай­да тәу­ел­сіздік мүд­десіне емес, атқа­ру­шы билік­ке ғана қыз­мет көр­се­ту­ші дең­гей­ін­де қалып келе жатқа­нын­да жатыр ғой деп ойлаймын.

 

– Ресми билік Жел­тоқ­сан көтерілісін әлі күн­ге дей­ін оқиға деп санай­ды, оған ресми, ғылы­ми түр­де де сал­мақты баға бер­ме­ген. Қоғам­дық пікір­ге ден қой­сақ, Жел­тоқ­сан көтерілісі отар­лық дәуір­де­гі ұлт-азаттық қозға­лы­стың соңғы, шешу­ші сер­пілісі іспет­ті баға­ла­на­ты­ны бел­гілі. Демек, отыз жыл өтсе де, оған сая­си баға беру­ге негіз бола­тын ғылы­ми тұғыр­на­ма неге жасалмаған?

– Мәсе­ле ғылым­ды дамы­ту­дың қазір­гі тәжіри­бесін­де ме дей­мін. Бүгін­де қоғам­дық ғылым­дар инсти­тут­та­ры мини­стр­лік беретін тап­сы­ры­стар ауқы­мын­да ғана жұмыс істей­ді. Өйт­кені жоғарғы өкі­мет орны бекіт­кен яки зерт­те­уді ұсы­нған жоба­лар ғана қар­жы­лан­ды­ры­ла­ды. Ал сана­ны, баяғы­да үлкен ойшыл тұжы­рым­дап айтқан­дай, тұр­мыс билей­ді… Егер сол жоғарғы жақ Жел­тоқ­сан көтерілісіне сая­си баға беру­ге негіз бола­тын ғылы­ми тұғыр­на­ма жаса­уға тап­сы­рыс берер бол­са, яғни сон­дай жоба­ны қар­жы­лан­дыр­са, оның ғалым­дар тара­пы­нан ойдағы­дай атқа­ры­ла­ры­на күмәнім жоқ. Жел­тоқ­сан мәсе­лесін пар­ла­мент мін­бері­нен бар дауы­спен төтесі­нен қой­ып, арнайы комис­сия жұмысы бары­сын­да көтерілістің қасірет­ті сал­дар­ла­рын ашқан ақын Мұх­тар Шаха­нов, әр жыл­дар­да жазу­шы Әбіш Кекіл­ба­ев, ака­де­ми­к­тер Манаш Қозы­ба­ев пен Кеңес Нұр­пей­і­сов, про­фес­сор Мәм­бет Қой­гел­ди­ев бастаған тарих­шы­лар қоры­тқан тұжы­рым­дар, сон­дай-ақ тара­ты­лып кет­кен Кон­сти­ту­ци­я­лық сот­тың мате­ри­ал­да­ры ондай ғылы­ми тұғыр­на­маға сенім­ді негіз бола­ры анық.

 

– Жел­тоқ­сан көтерілісі жөнін­де­гі алға­шқы кез­де құры­лған Комис­си­я­ның құра­мын­да бол­ды­ңыз, Комис­си­я­ның зерт­теу мате­ри­ал­да­ры жөнін­де қоғам әлі күн­ге дей­ін хабар­сыз, осы­ның себебін біле алды­ңыз ба?

– Бар себеп, менің­ше, жоғарғы билік­тің Тәу­ел­сіздік тарихын дәл пары­қта­уға ықы­лас біл­дір­ме­уін­де жатыр. Бір қараған­да, қазір­гі заманғы мем­ле­кеті­міздің, Тәу­ел­сіздік­тің тарихын зерт­тей­тін арнайы ғылы­ми-зерт­теу инсти­ту­тын ашқа­ны – өкі­мет­тің осы мәсе­ле­ге көңіл бөл­ген­ді­гінің нәти­же­сі тәрізді көрі­неді. Алай­да бұл ғылы­ми меке­ме жұмысын тек Тәу­ел­сіздік дәуірінің шежіре­шісі болу­мен шек­тей­тін тәрізді. 90-жыл­да­ры бір­не­ше пар­ла­мент­тік комис­сия жұмыс істе­гені мәлім, бірақ солар­дың мұрағат­та­рын елі­міздің жаңа­лы-ескілі тарих инсти­тут­та­ры қарас­ты­рып, зерт­те­у­ге алып­ты деген сөз естіл­меді. Қоғам­дық фор­ма­ци­я­ны өзгерт­кен әйгілі Қазан рево­лю­ци­я­сы­нан кей­ін шаңы­рақ көтер­ген зерт­теу инсти­тут­та­ры төң­керіс тарихын жазу­ды оны жаса­у­шы­лар­дың естелік­терін жина­удан бастаған-ды. Ком­му­ни­стік режим­нің іргесін шай­қал­тқан Жел­тоқ­сан көтерілісі де сон­дай тағ­дыр­ше­шті өзгерістің басы бол­ды. Импе­рия ыды­ра­ды, Тәу­ел­сіздік кел­ді, қоғам­дық фор­ма­ция өзгер­ді. Демек. әлгі жаңа тарих меке­месі бірін­ші кезек­те көтеріліс­ке қаты­су­шы­лар­дың, тіке­лей куә­гер­лер­дің естелік­терін жинақта­уға, соны­мен бір­ге бар­ша ресми, бей­ре­сми деректер­ді, мате­ри­ал­дар­ды жина­сты­руға, сөй­тіп Тәу­ел­сіздік тарихы­ның негізін құрай­тын іргелі қоры­тын­ды­ларға жетуді мақ­сат етсе керек еді, алай­да бұл біздің басы­мы­здағы қиял ғана болып шықты. Іс жүзін­де тұтас ғылы­ми меке­ме атқа­руға тиіс ондай шару­а­мен Талғат Айт­бай­ұ­лы, Көл­бай Адыр­бекұ­лы сын­ды жеке­ле­ген зерт­те­уші-жур­на­ли­стер ғана шұғыл­да­ну­да. Өкініш­ке қарай, атқа­ру­шы билік олар­дың осы орай­да даяр­лаған кітап­та­рын басып шыға­руға да ықы­лас көр­се­те алмай отыр.

 

– Олай бол­са, 1986 жылғы ұлт­тық қар­сы­лы­қтың себеп-сал­да­ры, қоры­тын­ды­ла­ры жаңа көзқа­рас­пен толық қай­та қара­лып, жан-жақты жазыл­ды деп айта ала­мыз ба?

– Жоқ, айта алмай­мыз. Тәу­ел­сіздік кезеңін­де ел тарихы­ның бес том­ды­ғы екі мәр­те шыға­рыл­ды, алай­да онда 1986 жылғы ұлт­тық қар­сы­лы­қтың себеп-сал­да­ры, қоры­тын­ды­ла­ры жаңа көзқа­рас­пен толық қай­та қара­лып, жан-жақты жазыл­ды деу­ге тұрар­лық тұшым­ды бет­тер жоқ. Бүгін­де тарихы­мыз он әлде жиыр­ма том болып қай­та жазы­лып жатыр. Солай деген хабар шыққа­лы біраз бол­ды. Бәл­кім, сол іргелі ұжым­дық еңбек сұрағы­ңы­зға толым­ды жау­ап бере ала­тын­дай болып, көңіл көн­ші­тер­лік дәре­же­де жан-жақты жазы­лып, шығып қалар.

 

– Осы­дан жиыр­ма бес жыл бұрын 1991 жылы Кеңе­стер Одағы құлап, Қаза­қстан Тәу­ел­сіздік алған кез­де «жел­тоқ­сан­шы­лар­ды» айып­таған номен­кла­ту­ра өкіл­дерінің көп­шілі­гі жоғарғы билік­тің басын­да отыр. Кей­бір жер­гілік­ті сая­сат­кер­лер мен тарих­шы­лар осы номен­кла­ту­ра­ның «Жел­тоқ­сан көтерілісіне» тари­хи баға берілуіне мүд­делі емес деген пікір­ге айтар уәжіңіз бар ма?

– Солай болуы да ықти­мал, деген­мен, басты себеп – біздің өкі­мет буын­да­рын билеп оты­рған аза­мат­та­ры­мы­здың өздерін-өздері тарих­пен, тарих арқы­лы тәр­би­е­ле­ме­уін­де, тіп­ті тарих­ты, соның ішін­де Жел­тоқ­сан көтерілісінің себеп-сал­да­рын біл­ме­уін­де ме дей­мін. Мен Жел­тоқ­сан көтерілісіне көзқа­рас­ты мем­ле­кет­тік қай­рат­кер­лер мен қыз­мет­кер­лер­дің білік­тілі­гін, Тәу­ел­сіздік туын алып жүру­ші мәр­те­бесіне лай­ы­қты­ғын әлде лай­ы­қ­сызды­ғын аны­қтай­тын, баға­лай­тын кри­те­рий, өлше­уіш ретін­де қарас­ты­рған­ды қалай­мын. 86-жыл­дан бері маған бұл орай­да әлсін-әлсін бас­пасөз бетін­де ой-пікір айтуға тура келіп жүр­ген, биыл сола­рым­ды жинақтап, «Жел­тоқ­сан – Сын» атты кітап шығардым.

Елі­міз­де­гі үлкен­ді-кішілі бірқа­тар оқиға­лар­дың аста­рын­да сол жәйт – Жел­тоқ­сан көтерілісін білу, түй­сі­ну, баға­лай білу, соған қаты­сты парыз бен қары­зды діт­тей алу жатқа­нын пары­қтай білей­ік дегім кел­ді. Сана­сы мұн­дай сезім­мен «былған­баған» «номен­кла­ту­ра­ның Жел­тоқ­сан көтерілісіне тари­хи баға берілуіне мүд­делі емес» екен­ді­гі түсінік­ті бол­са керек. Біз­ге соны өзгер­ту ләзім.

 

– Тәу­ел­сіздік­ті өзінің «мен­ші­гі» санай­тан авто­ри­тар­лық билік Жел­тоқ­сан көтерілісінің бүкіл маңы­зын жой­ып жібер­ді деп айтуға бола ма? Сая­си қуғын-сүр­гін тарихы­на мем­ле­кет­тік мән-маңыз беріл­ме­уінің себебі – КСРО-ның мұра­гері сана­ла­тын Ресей­дің қас-қабағын аңдып оты­рған сыңай­лы. Тәу­ел­сіз мем­ле­кет­тің «қоян жүрек» сая­са­ты елдің отар­лық, құл­дық пси­хо­ло­ги­ядан құлан-таза ары­луы­на кесірін тигізіп жатқан жоқ па?

– Жел­тоқ­сан көтерілісінің бүкіл маңы­зын авто­ри­тар­лық билік жой­ып жібер­ді деу­ге бол­мас, өйт­кені осы өкі­меті­міз жастар­дың отар­лық билік­ке қар­сы­лық көр­сет­кен кезін, аса дәл бол­ма­са да, аны­қта­ма­сы­ның бұл­дыр­лы­ғы көз­ге ұрып тұр­са да, демо­кра­ти­я­лық жаңа­ру күні ретін­де бел­гіледі. Жел­тоқ­сан­шы­лар­ды Тәу­ел­сіздік­тің қар­лы­ға­шта­ры деп ата­ды. «Тәу­ел­сіздік таңы» ескерт­кі­шін тұрғы­зды. Деген­мен, бұл мәсе­ле­де және сая­си қуғын-сүр­гін тарихын толық ашу­да, өзіңіз айтып оты­рған­дай, «КСРО-ның мұра­гері сана­ла­тын Ресей­дің қас-қабағын аңду» сипа­ты бар­лы­ғын жасы­ра алмай­сың. Біз бүгін­гі демо­кра­ти­я­лық Рос­сия мен кеше­гі само­дер­жа­ви­елік, одан Совет Одағы ата­уын жамы­лған ком­му­ни­стік импе­ри­я­лар іргесін бөліп қарай алмай келе­міз. Рас, бұған ондағы қазір­гі бас­шы­лы­қтың көне отар­шыл­дық дәстүр­ді озбыр­лы­қ­пен жаңғыр­туға бет алуы­ның әсері тиген де болуы керек. Және мұның басты себеп болуы да ықти­мал, ғасыр­лар бойы жүр­гізіл­ген оры­стан­ды­ру шара­ла­ры­ның құр­бан­да­ры өздерін «отар­шыл, оры­стан­ды­рғыш сая­сат­тың құр­бан­ды­ғы» емес, «ұлт­тық даму­дың аван­гар­дын­да тұрған әлем аза­ма­ты, кос­мо­по­лит (яғни, іс жүзін­де тексіз)» сезі­нетінін­де жатыр ма деймін.

Билік тетік­теріне нығыз орны­ғып алған да солар ғой. Әр істе­гі ұлт­тық мүд­денің ескері­ле бер­ме­уі солар­дың «арқа­сын­да» мүм­кін болып отыр.

Мұн­дай жағ­дай­дың тосқа­уыл көр­ме­уін тәу­ел­сіз мем­ле­кеті­міздің ішкі сая­сат­та ұлт­тық мәсе­лені айқа­ра ашып, тал­дап, ашық айт­пай, «сипай қам­шы­лаған­ды» ғана жөн сана­уы мүм­кін етіп отыр, сөй­тіп билі­гі­міздің «отар­лық, құл­дық пси­хо­ло­ги­ядан құлан-таза ары­луы­на кесірін тигізіп» отыр деп ойлаймын.

 

– Олай бол­са, қазақ жаста­ры­ның Жел­тоқ­сан­дағы көтерілісі Тәу­ел­сіздік­тің ширек ғасыр­лық уақы­тын­да Қазақ елін құл­дық сана-сезім­нен ары­л­та алды ма?

– Әрине, ары­л­та алған жоқ! Алай­да бұған қазақ жаста­ры­ның Жел­тоқ­сан­дағы көтерілісі емес, оның мән-жай­ын халы­ққа түсін­діріп бере алмай оты­рған өзі­міз кінәліміз.

 

– Сіз сая­си қуғын-сүр­гін жыл­да­ры­ның тарихын көп зерт­те­ген жазу­шы-ғалым ретін­де кеңесқұл, орыс­шыл сана-сезім­нен ары­лу үшін, біздің елде қан­дай әре­кет­тер жасау керек деп ойлайсыз?

– Халы­қты қасірет­ті тарихы­мыз арқы­лы тәр­би­е­леу жұмыста­рын кең көлем­де жүр­гізу­ге жол ашқан дұрыс. Мәсе­лен, совет билі­гі кезін­де дүр­кін-дүр­кін орын алған жасан­ды ашар­шы­лы­қтар тарихы бүгін­гі аза­мат­тар­ды тәр­би­е­леу құра­лы­на айнал­ды­ры­лға­ны жөн деп ойлай­мын. Ол өйт­кені ел бір­лі­гін бұр­ма­лау­сыз түсі­нудің ең сенім­ді кіл­ті болып табы­ла­ды. Қазақ халқы Совет­тік Ресей Феде­ра­ци­я­сы­ның құра­мын­дағы авто­но­ми­я­лық елін­де 1917–1933 жыл­да­ры пер­ма­нент­ті ашар­шы­лы­ққа ұшы­рып, адам айтып жет­кіз­гісіз ұлт­тық апат­ты бастан кешті. Үш рет орын алған аштық нәу­беті­нен қазақ халқы тіке­лей төрт жарым мил­ли­он, ықти­мал табиғи өсім­ді есеп­ке алған­да, он мил­ли­он жаны­нан айрылды.

Соның сал­да­ры­нан өз елін­де ұлт­тық азшы­лық болып қал­ды, жер-суы ком­му­ни­стік ұран­мен жаңа­ша отар­лан­ды. Нәти­же­сін­де сана да кем­бағал күй­ге түсті. Осы қай­ғы­лы беле­стер­ді мей­лін­ше терең зерт­теп, тари­хи шын­ды­қты мүм­кін болған көр­кем­дік құрал­дар­дың бәрін жұмыл­ды­ра оты­рып, жұр­тқа жан-жақты жет­кі­зу абзал. Еврей­лер­дің «Яд ва Шем» (Жад және Есім) музейі секіл­ді, көр­ген жұрт көзіне жас ала оты­рып, ұмы­тыл­мас, өшпес сабақ алып шыға­тын мұра­жай­лар орна­ту ләзім. Репрес­си­я­лар тарихы­на қаты­сты архив қор­ла­рын толық ашу қажет, қазір­гі күн­де күшін­де тұрған заң­ды (сая­си қуғын-сүр­гін жыл­да­рын­дағы қыл­мыстық іс қағаз­да­рын зерт­те­ушілер­ге толық көр­сет­пей­тін тәр­тіп­ті) шұғыл өзгер­ту керек. Жасы­рын қал­та­ры­стар қал­мауға тиіс. Тек шын­дық қана жақ­сы тәр­би­е­ші бола алады.

 

– Жел­тоқ­санға осы­дан 30 жыл бұрын қан­дай баға беріл­се, әлі күн­ге дей­ін өзгер­ген ештеңе жоқ. Жел­тоқ­сан­ның мәр­те­бесі қашан аны­қта­лар екен?..

– Тари­хи мекенін­де қаза­қты тек қаза­қтың өзі ғана басқа­ру шын­ды­ғын ешкім жоққа шыға­ра алмай­ды. Қаза­қтың жоғын жоқтап, мұңын мұң­дай­тын да қаза­қтың өзі. Осы себеп түрт­кі болып, қазақ жаста­ры ажал­дың өзіне қар­сы тұрып, өрлік­пен іріп-шіріп, күні біту­ге таяу тұрған кеңе­стік жүй­е­ге қар­сы тұр­ды. Бұл ұлт мүд­десі үшін өткен ғасыр­дың соңын­да әрі соңғы рет жасалған, қан тамған, қасірет­ті әрі құдірет­ті күн. Оның тари­хи, ғылы­ми, сая­си баға­сы толық берілмеді.

Деген­мен де, Жел­тоқ­сан көтерілісін терең зерт­те­у­ге алу әре­кет­тері жыл­дан-жылға өрісін кеңей­тіп келеді, енді оның күл­лі ком­му­ни­стік режим билі­гі­нен азат болған елдер тарихы­на бекем кірер күні де алыс емес. Жел­тоқ­сан көтерілісі кеңе­стік билік бел­гілеп бер­ген, стан­дарт­пен өмір сүру сал­тқа айнал­ды­ры­лған импе­ри­ядағы қуат­ты бұлқы­ныс бол­ды. Ол тек біздің мем­ле­кет­тік Тәу­ел­сізді­гі­міз­ге жол ашып қана қой­ған жоқ, мызғы­ма­стай көрін­ген Совет Одағы деп ата­ла­тын импе­ри­яға бірік­тіріл­ген елдер­дің де бостан­дық алуын мүм­кін етті, әлем­ді әске­ри текетірес­ке душар еткен Вар­ша­ва келісім-шар­ты­ның жой­ы­луы­на, озбыр сая­сат екі мем­ле­кет­ке бөл­ген неміс елдерінің бірі­гуіне, сол ком­му­ни­стік сая­сат бір мем­ле­кет­ке бірік­тір­ген Чехо­сло­ва­кия мен Юго­сла­ви­я­ның да ыды­рап, жеке дер­бес елдер­ге бөлі­нуіне әсерін тигізді.

Осы­лар­ды пары­қтай кел­ген­де, сөз­сіз қол жет­кізілетін мақ­сат ретін­де Жел­тоқ­сан­ның да, оған қаты­су­шы­лар­дың да мәр­те­бесі нақты­ла­нып, дәл аны­қта­лар күн­нің сон­ша­лы­қты алы­ста еме­сті­гін діт­тей­міз. Жел­тоқ­сан көтерілісінің келесі мерей­тойы мін­дет­ті түр­де бүкіл халық болып бірі­гіп, мақта­ны­шты сезім­мен ұлы­қтап өткізілетін болады.

 

– Айтқа­ны­ңыз кел­сін, сол күн­ге тез жет­сек екен!..

 

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн