Суббота , 5 июля 2025

Бейбіт СЕЙДУАЛИЕВА: ТОҚТАРДАЙ ЖАР мыңның біріне ҒАНА КЕЗДЕСЕДІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №36 (353) от 6 октяб­ря 2016 г.

 

 

Бей­сен­бі­де­гі бетпе-бет


 

 

– Бей­біт ханым, сахна­дан да, бас­пасөз­ден де сирек көрі­несіз: егіз балаңы­здың тәт­ті қылы­қта­ры­нан қолы­ңыз боса­май жүр ме?

– Иә, шүкір­шілік, аман-есен өсіп жатыр. Еке­уі де ерке, өздеріне тән қызған­шақ мінез­дері бар. Тәт­ті қылы­қта­рын сөз­бен айтып жет­кі­зе алмай­мын. «Бала – бауыр етің» демек­ші, бал­дан тәт­ті болып тұрған­да, қалай ғана ерке­лет­пей­сің? Пси­хо­лог маман­дар­дың айтуы бой­ын­ша, төрт жасқа дей­ін бала­лар­дың мінез-құлқы, бар­лық бол­мысы қалып­та­сып үлге­реді екен. Сол себеп­тен осы жасқа дей­ін балаға ненің дұрыс, ненің қате екенін түсін­діріп, айту керек. Қатал­дық та таны­тып, ерке­лет­кен де жөн. Бірақ бәрінің өз орны­мен болға­ны дұрыс.

Бұл жастан өткен­нен кей­ін, қан­ша тәр­бие бер­сең де, шексіз еркелік­тен айтқа­ны­ңа көн­бей­тін болып ала­ды. Өз айтқа­нын істетіп үйрет­кен бала төрт жастан кей­ін сөзіңді түсін­бей­тін бола­ды. Қазір­гі заман бала­ла­ры мүл­дем басқа. Сон­ды­қтан төрт жасқа дей­ін беретін тәр­би­ені беріп алу керек. Өзім­нің ұста­на­тын қағи­дам осы.

 

– Сон­да балаға қатал­сыз ба?

– Иә, балаға кел­ген­де қатал­мын. Өйт­кені анам мені солай тәр­би­е­ле­ген. Әпке­лерім, бауыр­ла­рым – бәрі­міз сол тәр­би­е­ден жаман болған жоқ­пыз. Әкем жуас кісі. Бізді ерке­летіп, мәпе­леп өсір­ді. Ана­мыз өте қатал бол­ды. Үйде бір адам­ның сон­дай болға­ны дұрыс. Бірақ қан­ша қатал болға­ным­мен, бала­ла­рым­ды өз кезе­гін­де ерке­ле­те­мін, орны­мен сөй­лей­мін, бетал­ды ұрыспаймын.

 

– Бала­ла­ры­ңыз кім­ге көбірек ұқсаған?

– Үше­уін де әкесіне көбірек ұқса­та­мыз. Негізі Тоқтар­дың қаны күшті, үше­уінің де мінез­дері, қылы­қта­ры күй­е­уім жағы­на тар­тып кет­кен. Енді ешкім талас­пай­тын­дай, өз жағы­ма ұқсай­тын қыз туып алу керек болды.

– Көп бала­лы ана болу жос­па­ры­ңы­зда бар-ау шамасы?

– Алла қан­ша­уын бұй­ырт­са, соған қар­сы емес­пін. Ең басты­сы – ден­са­улық бол­сын. Жаны­мыз аман бол­са, бәрін жаса­уға болады…

 

– Жақын­да бола­тын «Жеті нота» кон­цер­тіне қаты­сқа­лы жатыр екен­сіз­дер. Қан­ша деген­мен, сіз декрет­тік дема­лы­ста оты­рған әншісіз. Кон­церт­тер­ге жиі шығуға мүм­кін­дік мол ма?

– Шақыр­ту­лар жиі түседі. Бірақ біз үне­мі жол­да жүріп қала­мыз. Мен бол­ма­сам да, Тоқтар жол­да жиі бола­ды. Өйт­кені өнер­ден бөлек оның басқа да шару­а­ла­ры бар. Отаға­сын өзі­міз анда-сан­да көре­міз. Егер кон­церт­ке өзім­ді жеке шақы­рып жат­са, қаты­суға қар­сы емес­пін. Бірақ көбіне бізді дуэт ретін­де шақы­ра­ды. Енді бәріне барып үлге­ру мүм­кін емес, қолы­мы­здан кел­ген­ше шақы­рған жер­ден қалмаймыз.

 

– Қай­та алды­ңғы жыл­дар­мен салы­сты­рған­да, ток-шоуларға, теле­бағ­дар­ла­ма­ларға жиі қаты­сып жүр­сіз­дер. Яғни, бір кез­де­гі «сахна­дан бір­жо­ла кете­міз» деген сөз өтірік болып шықты ғой…

– Кей­де адам ары-бері шапқы­лап жүре беру­ден шар­шай­ды. Мәсе­лен, кей­біре­улер дағ­ды­лы өміріне өзгеріс жасап, биз­не­спен айна­лы­сқы­сы келеді. Сол сияқты жеке кәсіп­кер­лік­ті бастаған Тоқтар­дың қолы тимей кет­кен кез­дер бол­ды. Шару­а­ла­рым­мен жүр­ген­де өмір­ге сәби әкел­дім, артын­ша бір жарым жыл­дан соң менің анам дүни­е­ден озып кет­ті. Бұдан күй­зеліс­ке ұшы­рап, ән айтуға ешқан­дай шабы­тым бол­ма­ды. Кей­ін­нен Тоқтар­дың әкесі қай­тыс болып кет­ті. Ол да ішкі күй­зеліс­ке түсіп, көбіне оның туған жерін­де бол­дық. Солай сахнаға шық­пай қалға­ны­мыз бар. Әйт­пе­се уақыт­ша дема­лы­сқа шықтық деген аты ғана, біз кон­церт­тер­ге ара-тұра шығып жүрдік.

Ал екін­ші рет жүк­ті болға­ным­да, дәрі­гер­лер­дің кеңесі бой­ын­ша, ешқай­да аттап бас­па­дым. Қазір енді бала­лар­дың тіл­дері мен аяқта­ры шықты, өздерінің арнайы күту­шілері бар. Алма­ты­да бола­тын бағ­дар­ла­ма­лар мен кон­церт­тер­дің ешбірі­нен қал­мауға тыры­са­мыз. Сахна­дан кету ойы­мы­зда жоқ. Тоқтар бір сөзін­де «сахна­мыз кір­леп жатыр, құлақта­ры­на сырға таққан жігіт­тер­ді көр­ген­де, өнер­ден кетіп қалғым келеді, олар­мен бір сахна­да тұра алмай­мын» деген ой айтқан бола­тын. Бірақ бір теле­бағ­дар­ла­ма­да Тоқтар­дың осы сөзін керісін­ше кел­тіріп, жұрт­ты шула­тып жібер­генін білетін шығарсыз.…

 

– Біле­міз, бірақ ол жеке аза­мат­тық пікір ғой, айы­бы жоқ. Ал репер­ту­ар төңіре­гін­де қан­дай жаңа­лы­қтар болып жатыр?

– Соңғы жаз­ды­рған жаңа әні­міз «Уақыт» деп ата­ла­ды. «Әде­мі» деген әні­міз өңде­лу үстін­де. Өзім­нің орын­да­уым­да «Екі апа» әнім бар. Жал­пы біз шабыт үстін­де­міз. Биыл 18 жел­тоқ­сан­да Тоқтар еке­уміздің «Уақыт» атты ән кеші­міз бола­ды. Соған дай­ын­дық жүргізудеміз.

 

– Сіз­дер жай­лы фильм түсіріліп жатыр екен, кон­церт­те жұрт­шы­лық соны да көре ала ма?

– Фильм­ді түсіретін адам ұзақ дема­лы­сқа кет­кен еді. Енді бастаға­лы жүр­ген­де жос­парға өзгерістер енгізіліп, сол күй­ін­ше қалып қой­ды. Оны­мен айна­лы­суға ағаң­ның қолы тимей жүр…

 

– Иә, «Уақыт» тың­дар­ман­дар көңілі­нен шығу­да. Деген­мен, халық бұры­нғы Тоқтар мен Бей­біт­тің әндерін аңсай­ды. Мәсе­лен, «Көр­шінің қызы», «Өзің ғана» секіл­ді хит бола­тын әндерін қашан тың­дай­мыз деп…

– Хит ән үне­мі шыға бер­мей­ді. Ол әннің бағы­на бай­ла­ны­сты. Кей­бір әнші тек бір әні­мен ғана хит бола­ды. Халық та оны сол әні­мен қабыл­дай­ды. Біз­де енді қашан хит шыға­ты­нын өзі­міз де біл­мей­міз. Қазір біз есті­ме­ген, көр­ме­ген әншілер сахна­да толып жүр. Теле­ди­дар­дың арқа­сын­да өздерінің әнін хит санап алған­дар да аз емес. Бірақ соның біре­уінің әнін «хит» деп айта алмаймын.

 

– «Инста­грам­мен» қан­ша­лы­қты доссыз?

– «Инста­грам­да» көп отыр­май­мын. Қажет­ті дүни­е­лері бар, оқуға тұрар­лық парақ­ша­ларға тір­келіп қой­ған­мын. Жал­пы, біздің оқыр­ман­дар­дың ара­сын­да төмен, шолақ ойлай­тын­да­ры бар. Бірақ ол жер­де елмен тала­сып, сөз жары­сты­рып жат­пай­мын. Сон­ды­қтан сөзім­ді бекер­ге шығын етіп, тау­сыл­май­мын. Ешкім­нің алдын­да кішірей­гім кел­мей­ді. Әркім­нің аузы­на қақ­пақ бола алмай­сың. «Сын бол­май, мін түзел­мей­ді» деген тағы бар…

– Өзіңіз­ге сүй­сін­ген жұрт инста-парақ­шаңы­зға «қара­пай­ым қазақ келіні», «әнші келін­шек­тер­дің ішін­де­гі ең сабыр­лы, ина­бат­ты­сы» деген жақ­сы сөз­дер көп жаза­ды екен. Енде­ше басқа да қыз-келін­шек­тер­ге бесас­пап келін болу­дың сырын айтсаңызшы…

– Адам пей­ілі мен алға қой­ған мақ­са­ты­на қарай өмір сүреді. Босаға­ны «мен осы әулет­те бақыт­ты бола­мын» деп емес, «бақыт­ты ете­мін» деп аттау керек шығар. «Күй­е­уім­ді айтқа­ны­ма тың­да­та­мын» деген келін­шек­тің бағы ашы­лға­нын көр­ген жоқ­пын. Әйел­дің ниеті мен пей­іліне қарай несі­бе бұйырады…

 

– Әйел­дің мой­нын­да бала бағу, оны мек­теп­ке апа­ру, сабағын оқы­ту, үй шаруа­сын рет­теу деген сияқты біт­пей­тін тір­шілік көп. Сіз қара­пай­ым келін­шек­тер қата­ры­нан емес­сіз, өнер ада­мысыз: бар­лы­ғы­на қалай үлгересіз?

– Құдай күш-қуат бер­сін. Шамам­ның кел­генін­ше үлге­ру­ге тыры­са­мын. Қазір­гі заман аңқиып оты­ра­тын уақыт емес. Кей­бір әншілер­дің отба­сы­лық өмір­де бағы жан­бай жата­ды. Енді бірі отба­сы­на көңіл бөліп, өнер­ден тыс қалып қояды. Мен осы еке­уіне де жат­пай­мын. Орта­да жүр­ген әнші­мін. Екі жақты бір­дей ұстау қиын, әрине. Бірақ күй­е­уім бар­лық жағы­нан маған қолға­быс беріп оты­ра­ды. Ол отба­сы­на, бала-шағаға қат­ты көңіл бөлетін адам. Тіл-көзім тасқа: Тоқтар­дай жар мың­ның біріне ғана кез­де­седі. Сон­ды­қтан бүкіл жүк­ті өзім артып жүр­мін деп айта алмай­мын. Бар­лық шару­а­ны еке­уміз бір­лесіп шешіп келеміз.

 

– Бір сұх­ба­ты­ңы­зда «Тоқтар­дың рұқ­са­ты­мен ғана жүре­мін» дегеніңіз бар. Қаза­қта «Сыла­най­ын десем – бай­дан қорқам, сылан­бай­ын десем – тоқал­дан қорқам» деген көмес­кі сөз бар екен. Сол сияқты сыла­ну жағы­на қалайсыз?

– Әркім­нің өзінің сана­сы бар. Мен – ана­мын. Омы­ра­уым­ды, мықын-белім­ді ашып жүре алмай­мын. Өзім үне­мі ұзын, жабық киін­ген­ді жақ­сы көре­мін. Әдет болып қалып­та­сып қалған. Кей­де жолға шыққан­да Тоқтар маған: «Шал­бар киіп алсаң­шы, жолға ыңғай­лы бола­ды» деп жата­ды. Сахнаға шығар­да да: «Сөл­пе­ң­дет­пей, тізе­ден келетін ки» дей­тіні бар. Бірақ өзі­ме солай ыңғай­лы. Сахнаға шығуы­ма қар­сы емес. Отба­сы­мы­зға қой­ы­лған еке­уа­ра талап­та­ры­мыз бар – соны бұз­ба­сақ болға­ны. Мен ешнәр­се­ден кем емес­пін. Бірін­ші­ден, Тоқтар­дай аза­мат­тың жары­мын, екін­ші­ден – өнер­де өз атағым, орным бар әнші­мін. Өнер ада­мы есебін­де мені жоға­ры баға­лай­ды. Үшін­ші­ден, отба­сым, бала-шағам бар.

Спорт­пен айна­лы­са­мын. Жүгіре­мін. Бұрын он бір жыл бимен айна­лы­сқан­мын. Адам­ның ағза­сы үйреніп қалған соң, соны қалап тұра­ды екен. Бірақ фит­нес-клубқа барып, қысқа шор­ты киіп жүре алмай­мын. Мен намаз оқи­тын адам­мын. Үйде, оңа­ша­да жеке дай­ын­да­ла­мын. Далаға жүгіру­ге шыққан­да, қасым­да оққаға­рым бір­ге жүреді. Бұл осы уақы­тқа дей­ін айтыл­маған әңгі­ме. Біз – өнер ада­мы­м­ыз. Өз дене біті­мі­міз­ге дұрыс қараға­ны­мыз жөн. Бала туған­нан соң, әйел­дің дене біті­мі өзге­реді. Жас кел­ген сай­ын да адам­ның денесі толы­суға бей­ім болып тұра­ды екен. Сол үшін бол­мысы­ң­ды қалы­пқа кел­ті­ру өзіңе бай­ла­ны­сты. Жас күнім­де бет-әлпе­тім­ді күту жай­ын­да мүл­дем ойла­май­ты­н­мын. Қазір салонға барып тұра­мын, өзім­нің кос­ме­то­лог­та­рым мен мас­саж жасай­тын адам­да­рым бар. Өзін жақ­сы көр­ген адам күті­неді. Өнер­де­гі қыздар­дың көбі дер­лі­гі бет­теріне укол сал­ды­рып жата­ты­нын ести­мін. Ол нәр­се уақыт­ша ғана ғой. Өзім ондай­ға жолаған емес­пін. Беті­ме бөтен нәр­се тигі­зу­ден сес­ке­не­мін. Біз­де кей­бір әншілері­міз қалай күті­нетінін, қай­да боя­на­ты­ны мен қол­да­на­тын затта­рын «инста­грам­да» жар­на­ма­лап жата­ды. Мен ондай­ды ұнат­пай­мын. Жар­на­ма жаса­удан ұяла­мын. Сату­шы сияқты көрін­гім кел­мей­ді. Доста­ры­мы­з­бен күн­де әде­мі жер­лер­ге бара­мыз. Осы­ны көр­ген­дер кей­де: «Мына­дай жер­де отыр­сың, неге «инста­гра­мға» сал­май­сың?» – деп сұрай­ды. Ондай­ды ұят көремін.

 

– Бір жер­де «кей­бір топ­тың қызда­ры секіл­ді теле­ди­дар­дың бетін бер­гім кел­мей­ді» деп айтқан екен­сіз. Бірақ халық бізді ұмы­тып кете­ді деген қорқы­ныш бол­май ма?

– Олар уақыт­ша топ­тар. Біз де мәң­гілік емес­піз. Кезін­де дүр­кіредік, хит әншілер бол­дық. Қытай, Фран­ци­яға барып, кон­церт қой­дық. Біздің кез­дер­де қазір­гі­дей саны бар, сапа­сы жоқ топ­тар бол­ма­ды. Бір жағы­нан жастарға да жол беру керек. Кәрі басы­мен тала­сып, сахнаға шығып жүр­ген­дер де бар, әрине. Халық бізді ұмы­та­тын­дай мүл­дем көрін­бей кет­кені­міз жоқ. Сағын­ды­рып, іздетіп шыққан дұрыс. Кей­бір әншілері­мізді қара­саңыз, бір­де сахна­да ән айта­ды, біре­се кино­да жүреді, енді бір­де бай­қа­уға қаты­сып жата­ды, одан кей­ін теле­жүр­гі­зу­ші болып кете­ді. Өз-өзін тап­пай жүр­ген сияқты. Ал біз өзі­мізді тапқан әнші­міз. Өз орны­мы­зды білетін адам­дар­мыз. Бұл мақтанға­ным емес, бірақ шын­ды­ғы сол. Соңғы кез­де тәлім-тәр­би­есі жоқ, өсек айта­тын бағ­дар­ла­ма­лар қап­тап кет­ті. Ондай жер­лер­ге шыққы­мыз кел­мей­ді. Өйт­кені өзі­мізді арзан­датқы­мыз кел­мей­ді. Адам өз құнын білуі керек деп ойлаймын.

 

– Бұрын айтыл­маған сыр­ла­ры­ңы­з­бен бөліс­кен әңгі­меңіз­ге рахмет!

 

Сұх­бат­тасқан –

Анар ДӘУКЕН

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн