Суббота , 5 июля 2025

Билік қалған жұмыссыздарды ҚАЙДА «ТЫҒЫП» ТАСТАДЫ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №27 (391) от 12 июля 2017 г.

 

Апта апты­ғы

Қисық қисап


 

2017 жыл­дың 1 шіл­десін­де­гі жағ­дай бой­ын­ша, жұмыспен қам­ту орын­да­рын­да жұмыс­сыз ретін­де 151,7 мың адам тір­кел­ген, деп мәлім етті ҚР еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау вице-мини­стрі Бір­жан Нұрымбетов.

 

«Бағ­дар­ла­ма­ның тех­ни­ка­лық-кәсі­би білім­мен және қысқа мерзім­де­гі кәсі­би оқу­мен қам­та­ма­сыз ету көз­дел­ген алға­шқы бағы­ты аясын­да, биыл тех­ни­ка­лық әрі кәсі­би білі­мі бар 21,3 мың кадр даяр­лау және де 70,3 мың қаза­қстан­ды­қты қысқа ара­лы­қта кәсі­би оқы­ту жос­пар­ла­нып отыр», – деді Б. Нұрым­бе­тов сей­сен­бі күн­гі брифингте.

Оның айтуын­ша, әле­умет­тік жұмыс орын­да­ры­на 17 901 адам орна­ла­сты­ры­лған (жос­пар­ланған көр­сет­кі­ш­тен 109%). Ең көп әле­умет­тік жұмыс орын­да­ры­на жіберіл­ген­дер қата­рын­да Оңтүстік Қаза­қстан облы­сы – 5 710 адам (неме­се жос­пар­дан 158%), Сол­түстік Қаза­қстан облы­сы – 806 адам (неме­се жос­пар­дан 127%) және Қоста­най облы­сы – 860 адам (неме­се жос­пар­дан 119%) бар. «Ең азы Аста­на – 162 адам (неме­се жос­пар­дан 32%) және Алма­ты – 379 адам (неме­се жос­пар­дан 33%) қала­ла­ры болу­да», – деді Б. Нұрымбетов.

Әрине, елде жұмыс­сыздар­дың мей­ілін­ше аз болға­ны жақ­сы. Бұл – халы­қтың әле­умет­тік-тұр­мыстық жағ­дай­ын бағам­дай­тын басты көр­сет­кі­ш­тер­дің бірі. Бірақ, жұмыс­сыздар­дың тір­ке­у­ге алы­нған мөл­шері 151,7 мың ғана болға­ны шын­ды­ққа жана­са ма? Қала­лы жер­лер­де­гі жұмыс­сыздар­ды айт­паған­да, Қаза­қстан халқы­ның 50 пай­ы­зға жуы­ғы ауыл­ды жер­лер­де тұра­ты­нын еске­рер бол­сақ, бұл тым төмен­детіл­ген көр­сет­кіш­ке ұқсайды.

Мәсе­лен, елде­гі 18 мил­ли­он халы­қтың жар­ты­сы – 9 мил­ли­о­ны ауыл­да тұра­ды десек және олар­дың 50 пай­ы­зы жұмысқа жарам­ды жастаға адам­дар екенін қапер­ге алсақ, 4,5 мил­ли­онға жуық ауыл­дық адам­ның жар­ты­сы жұмыспен қам­ты­лған­ның өзін­де, қалған 2,2 мил­ли­он адам­ды қан­дай қиса­пқа «тығып» таста­уы­мыз мүм­кін? Бұның үстіне «өзін-өзі асы­ра­у­шы­лар» сана­тын­дағы халы­қтың жар­ты­сы­нан аста­мы дағ­да­рыс сал­да­ры­нан жұмыс­сыз қалға­ны анық. Енде­ше, «тір­ке­у­ге тұрған» деген тір­кесті мал­данған мини­стр­лік тір­ке­уден күдер үзген жұмыс­сыздар санын санатқа қос­паған. Ал олар­дың мөл­шер­лі саны кемін­де 1,5 мил­лон­нан асып жығылады.

Ермұрат БАПИ

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн