Пятница , 4 июля 2025

Билік пен ұрлықтың бірлігі ҚАЗАҚҚА ҚАЖЕТ ЕМЕС

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №36 (400) от 05 октяб­ря 2017 г.

 

Тағы­лым

 

Өткен апта­да тәу­ел­сіз Қаза­қстан пар­ла­мен­тінің тұңғыш төраға­сы, про­фес­сор Серік­бол­сын Әбділ­дин­нің кезек­ті кіта­бы бас­па­дан шықты. Қазақ және орыс тіл­дерін­де жазы­лған «Ұстаз – Педа­гог» деп ата­ла­тын бұл кітап бел­гілі мем­ле­кет және қоғам қай­рат­керінің биы­лғы 25 қара­ша­да 80 жасқа толу құр­метіне арналған.

Бір­ден ескер­те кетей­ік, мерей­той­лық кітап­ты біз – бел­гілі тәу­ел­сіз жур­на­лист Бақыт­гүл Мәкім­бай еке­уі­міз құра­с­ты­рған едік. Бұл жолы Сер-аға­мы­здың әр жыл­да­ры әр жер­лер­де жари­я­ланған мақа­ла­ла­рын шолып, қажы­мас қай­рат­кер­дің бала­лық, жастық және сту­дент­тік шағы мен ұста­здық кезеңін қам­туға тырыстық.

«Бұл жолы» дей­тін себебі­міз – Секеңнің был­тыр шыққан «Тұңғыш төраға – Пер­вый пред­се­да­тель» деп ата­ла­тын көлем­ді кіта­бы да біздің құра­с­ты­руы­мы­з­бен жары­ққа шыққан еді. Ал оқыр­манға ұсы­ны­лып оты­рған жаңа кітап бола­шақта ел басқа­ра­тын жастарға тағы­лым бола­ды деген ойда­мыз. Оған осы кітап­тың төмен­де жари­я­ла­нып оты­рған үзін­дісі куә бол­са керек.

Ермұрат БАПИ

 

 

 

Осы тара­уда жазы­лған өзім тура­лы мағлұ­мат­тар тек жастар мені біл­сін деген ой емес, негіз­гі мақ­сат – оқыр­ман­дар біздің өніп-өскен орта­мы­зды таны­сын деген үміт. Біздің буын соғы­стың, еңбек­тің, оқу­дың, тұр­мыстың қызық-шыжы­ғын көрді.

Мен өткен заман­ды аңсап оты­рған жоқ­пын, даны­шпан қаза­қтың «өткен­ге өкін­бе» деген ұста­ны­мын­да­мын. Алай­да соци­а­ли­стік қоғам мен осы заман­ның өзім көріп, бастан өткіз­ген ерекшелік­терін жаз­ба­сам, әділет­сіз бола­тын­дай сезі­не­мін. Кеңес билі­гі жасөс­пірім­дер­ге әкелік қамқор­лы­қ­пен қара­ды десем, артық айтқа­ным емес. Қан­ша­ма қиын-қыстау заман­да жетім­дер­ге бала­лар үйін (интер­нат) ашты, әке­лері соғы­ста қаза болған­дарға ер жет­кен­ше жәр­де­мақы (посо­бие) төледі, мек­теп жасын­дағы­лар­ды оқу­мен қам­ты­ды, орта мек­теп бітір­ген­дер­ге жұмыс­шы маман­ды­ғын алуға оқы­тып (проф­тех­учи­ли­ще), талап­танған­да­ры­на жоға­ры оқу орны­на қабыл­да­нуы­на жол ашты. Осы­ның бәрін мем­ле­кет қаржыландырды.

Қазір­гі пре­зи­дент­тік билік зама­нын­да жастарға деген қамқор­лық сөз жүзін­де көп, шынайы өмір­де мил­ли­он­даған жастар­дың не оқуы, не жұмысы, не бас­па­на­сы жоқ – тен­тіреп жүр. Шыр етіп дүни­е­ге кел­ген нәре­стені ана­сы үйсіз-күй­сіз болған­ды­қтан далаға тастап жатқа­ны да шын­дық. Оны қой­ып, халқы­мы­здың саны өспей оты­рған кез­де нәре­сте­лер­ді шетел­дік­тер­ге сату заңын пай­да­ла­ну­да­мыз. Билік­тің қамқор­лы­ғы, ұлт намысы қайда?

Бұл жаңа тарихы­мы­здағы жасан­ды сая­сат халы­қтың жүйе тамы­рын улан­ды­рып отыр. «Бір­лік, бір­лік және бір­лік» деген ұран тастай­мыз да, халы­қты жік-жік­ке бөліп, «бөліп ал да, биле» тәсілі­мен басқа­ру жүй­есін жүр­гі­зе­міз (раз­де­ляй и власт­вуй). Қазір­гі қоғам: бай, кедей, жетім, жесір, ұлт, ру, құл, күң, тіп­ті білім жүй­есі Назар­ба­ев мек­тебі, Назар­ба­ев уни­вер­си­теті, сая­сат қар­жы жүй­есі – «Нұр Отан», «Нұр банк», «Нұр­лы жол» болып жік­те­лудің өзі ұлт­ты бөл­ме­се, бірік­тір­мей­тін әре­кет. Мыса­лы, бай мен кедей­дің жағ­дай­ы­на көз салай­ық, 20 мың тең­ге жәр­де­мақы ала­тын адам 500–900 мың айлы­ғы бар мини­стр­мен қалай бір­лік құра алады?

Ұлта­ра­лық бір­лік, білім жүй­есінің өткен кеңе­стік заман­дағы үлгісін: қазақ доцен­тінің, еврей про­фес­со­ры және екі орыс доцен­ті мен ауыл­дан кел­ген жас қаза­қтың аспи­ран­ту­раға қабыл­да­нуын түсіністік­пен қалай шеш­кенін осы кітап­тың ішін­де мәлім­дедім. Бұл менің есті­ген шын­ды­ғым емес, көр­ген өмірім. Қазір­де ағар­ту жүй­есін­де бір ұлт­тық және екін­ші жеке мен­шік уни­вер­си­тет­тер­де рек­тор­лар­дың шақы­руы­мен аз-маз еңбек етіп, жас маги­странт­тар­ды даяр­ла­у­ға үлес қосып жүр­мін. Дәл бүгін мен аспи­ран­ту­раға қабыл­данған жылғы оқиға бола қал­са, қазір­гі заман­ның про­фес­сор­ла­ры мен доцент­терінің шеші­мі «ақша­сын төлесін де, түсе бер­сін­ге» тіре­летіні – айдан анық, күн­нен жарық. Ақша ерекше тау­ар болған­ды­қтан ба, адам­дар­дың қарым-қаты­на­сы­ның өлше­мі болып тұр.

Бұл ненің көрінісі? Бұл – жастар­дың тағ­ды­ры ұста­здан да ақшаға бей­ім­дел­генін, адам­дар­дың қарым-қаты­на­сы тау­арға айналға­ны­ның көрінісі. Мен ұста­зды сый­лай, баға­лай білетін заман­ның оқу­шы­сы­мын. Оқу­шы, оқы­ту­шы, оқулы­қтар – мосы­ның (ошақтың) үш сирағы, тіре­уі деп есеп­тей­мін. Мосы­ның бір тіре­уін жұлып тас­та­саң, қай­на­уға ілініп тұрған құман­ның суы төгіледі. Білім, ғылым жүй­есін құлат­пау үшін осы тіре­улер­ді сақтау қажет. Ұстаз тура­лы өзі­ме-өзім риза бола­тын­дай жөн-жосы­қты сақтай­мын, сәті түс­кен кез­де­су­лер­де тек оқу-білім сала­сын­да ғана емес, қыз­мет бабын­дағы ұста­зда­рым­ды еске алуға тыры­са­мын. Олар тура­лы мақа­ла және басқа да естелік­тер жазу­да­мын. Мыса­лы, өзім бітір­ген орта мек­теп­тің дирек­то­ры Ислям Саби­тов 99 жасын­да қай­тыс болған­да, мәр­мәр­дан құлып­тас жаса­тып, басы­на ескерт­кіш орнат­тыр­дым. Ал ғылы­ми жетек­шім Хамит Чурин­нің 100 жыл­ды­ғын атап өтуді ұйым­да­стыр­дым. Ұста­зым­ның өмірі мен қыз­меті тура­лы баян­да­ма жаса­дым. Өзім мең­ге­ру­ші болған, бұры­нғы ұста­зым басқарған кафед­ра­ны «Х.Д.Чурин кафед­расы» деп атау тура­лы шешім қабылдаттым.

Әрине, заман да, адам да өзгер­мей тұра алмай­ды. Онсыз даму жоқ. Алай­да даму жақ­сы бағыт­та бол­са – жөн, ал өркен­де­удің орны­на өшу кел­се, оны үнсіз қабыл­да­удың өзі қыл­мыс емес пе?! Қаза­қстан­ның ширек ғасыр тәу­ел­сіздік жыл­да­рын­да мил­ли­он­даған қара­пай­ым аза­мат­тар­дың көр­ген азапта­ры аз емес. Басқа ама­лым бол­маған­ды­қтан, билік тара­пы­нан жіберіл­ген қателік, кем­шілік­тер тура­лы бола­шақ ел басқа­ра­тын жет­кін­шек­тер­дің есіне деп көріп, біл­генім­ді жазып отырмын.

 

Бүгін­гі билік­тің сөзін тың­да­саң, ешқан­дай мін таға алмай­сың, ал ісіне қара­саң, ширек ғасыр бойы қоғам да, эко­но­ми­ка да тығы­ры­қтан шыға алмай келеді. Халы­қтың тұр­мыс жағ­дай­ын көтеріп, аза­мат­тық қоғам құруға кен­ге де, жер­ге де бай тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның мүм­кін­ді­гі жететін еді. Тәу­ел­сізді­гі­мізді нығай­туға ешқан­дай кедер­гі, соғыс неме­се апат болған жоқ. Бей­біт өмір­дің 25 жылы бос сөз­бен өтіп, ұлы Абай айтқан­дай, «өтірік, өсек, мақтан­шақ, ерін­шек бекер мал шашпақтың» кебін киіп жүрміз.

Билік­тің іс-қимы­лы­на көл­де­нең болған қоғам да, ұйым­дар да жоқ. Бар­лық бай­лық та, билік те, сый­лық та бір адам­ның қолын­да. Ол «Қаза­қстан­ды гүл­ден­ген елу мем­ле­кет­тің қата­ры­на қостым» деп, өз өтірі­гіне өзі шыр­ма­лып жүр. Ал тәу­ел­сіз зерт­те­ушілер­дің қоры­тындысы бой­ын­ша, біздің ел бақыт­сыз он мем­ле­кет­тің бірі болып анықталған.

Бола­шақ ел билей­тін буын көпір­ген сөз­ден нақты­лы іске көшуін тілей­мін. Халық пен билік­тің мүд­десі бір бол­са, ішкі сая­сат сыр­тқы сая­сат­тың алтын дің­ге­гі бола­ды. Сон­да ұлт­ты да, мем­ле­кет­ті де ешкім шай­қал­та алмайды.

Менің айтып та, жазып та жүр­ген бір­лі­гім – халық пен билік­тің бір­лі­гі, ол қазір елде етек жай­ған билік пен ұрлы­қтың бір­лі­гі емес. «Білім мен ғылым жолын­дағы» ойлар­ды топ­шы­лай оты­рып, мынан­дай қоры­тын­ды­ға келдім:

– Соци­а­ли­стік Қаза­қстан­да білім мен ғылым­ның дамуы қазір­гі капи­та­ли­стік Қаза­қстан­мен салы­сты­рған­да көш ілгері және тиім­ді болды;

– Кеңес дәуірін­де білім және ғылым сала­сы­на қомақты қар­жы бөлін­ді, ал қазір осы бағыт­тарға ішкі жал­пы өнім­нің үлесі күрт төмен­деп, Қаза­қстан дүние жүзі мем­ле­кет­терінің ара­сын­да соңғы көр­сет­кі­ш­тер­дің біріне орналасты;

– Білім мен ғылы­мға деген сая­сат өзгеріп, әсіре­се тәу­ел­сіздік­тің алға­шқы жыл­да­рын­да осы сала қара­у­сыз қал­ды. Кім­нің ойы­на не кел­се, соны істе­ді. Кей жер­де мек­теп­тер жабы­лып, рес­пуб­ли­ка­да жоға­ры оқу орын­да­ры 5–6 есе көбей­ді. Басқа­ны айт­паған­да, оқу мини­стрі жиі ауы­сты­ры­лып келеді;

– Жоғарғы билік ғылым, білім үшін бәрі бар деп жар салу­да, ал шын­ды­ққа жүгін­сек, елі­міз бары­нан айы­ры­лып, оның орны­на ширек ғасыр­да айтар­лы­қтай ештеңе қос­па­ды. Екі ака­де­мия (ұлт­тық және аграр­лық) жой­ы­лып, олар­дың көлең­кесі ғана қалды;

– Жоға­ры білім­ді маман­дар даяр­лау сала­сы төмен­деп, орта білім­ді жұмыс­шы­лар­ды оқы­ту аты­мен жоға­лып кет­ті. Қазір пре­зи­дент айт­ты деген ұран­мен маман жұмыс­шы­лар­ды даяр­лау мем­ле­кет­тің қар­жы­сы­мен қам­та­ма­сыз етіледі деп, жер­ден жеті қоян тапқан­дай жари­я­лап жатыр­мыз. Осы­ның бәрі 25 жыл бұрын Қаза­қстан­да сақа­дай сай жұмыс істеп тұрған жүйе еді. Олар­ды жой­ған кім?

– Білім мен ғылым­ды дамы­ту үшін қазір­гі жаман­дап жүр­ген И.Сталин ғылым док­тор­ла­ры­ның айлы­ғын мини­стр­лер­дің айлы­ғы­на теңе­ген. Совет­тік Қаза­қстан­ның мини­стрі болған жыл­да­ры менің жұбай­ым ғылым док­то­ры, про­фес­сор менің айлы­ғым­дай қар­жы ала­тын, ал бүгін­гі Қаза­қстан­ның про­фес­сор­ла­ры­ның еңбе­кақы­сы мини­стр­дің шоферінің айлы­ғы­нан аспайды;

– Жас ғалым­дар даяр­лау күрт төмен­деп кет­ті және олар­дың көбі про­фес­сор­лық жұмысқа айлы­ғы аз болған­ды­қтан бар­май­ды. Аш қарын­нан – тоқ пат­ри­от шықпайды;

– Қазір­гі билік білім мен ғылым­сыз өркен­деу мүм­кін емес деп көл­гір­сиді. Сол үшін бар­лық жағ­дай жасал­ды деп жар сала­ды. Тіп­ті экс-мини­стр­дің бірінің «пре­зи­дент­тің арқа­сын­да ағар­ту сала­сын­да соңғы жыл­да­ры қар­жы 220 есе өсті» деген жар­на­ма­сы басын­да миы бар­лар­дың құлағын жара­тын. Білім мен ғылым мини­стрінің қар­жы­ның өсуі тең­генің құн­сызданға­ны­на бай­ла­ны­сты екенін біл­ме­уі жастар­дың білім алуын бұл аза­мат қалай басқа­ра­ды деген сенім­сіздік тудырды;

– Білім мен ғылым сала­сы объ­ек­тив­ті зерт­те­уді, тал­да­уды талап ете­ді, сол арқы­лы тиім­ді жүйе жос­пар­лап, әсіре­се жоға­ры оқу орын­да­ры­ның сан-сапа­сын ықшам­дап, ғылым орда­сын жаңғыр­тып, білім, ғылым­ды мем­ле­кет қар­жы­сы­на көші­ру қажет. Бұл көк­тен түс­кен жаңа­лық емес, өрке­ни­ет­ті мем­ле­кет­тер­дің тәжіри­бесі, олар бұл салаға біз­ден 3–5 есе артық ішкі жал­пы өнім­нің үлесін бөледі.

Қаза­қстан билі­гіне келетін келесі буын осы жағ­дай­лар­ды тал­дап, көпір­ген сөз­ден нақты іске көше ме деген үміттемін.

Серік­бол­сын ӘБДІЛДИН

 

Редак­ци­ядан: Серік­бол­сын Әбділ­дин­нің «Тұңғыш төраға – Пер­вый пред­се­да­тель» деген кіта­бын газет редак­ци­я­сы­нан сатып алуға бола­ды. Алма­ты қала­сы, Сей­фул­лин көше­сі, 288. 3‑қабат, 307-бөл­ме. Аны­қта­ма үшін теле­фон­дар: 382−72−30, 382−72−33, 8−701−358−35−24, 8−701−789−29−59, 8−777−493−83−83.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн