Пятница , 4 июля 2025

БИЛІК ТЕГІБІР «МЫРЗА»

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №4 (368) от 2 фев­ра­ля 2017 г.

 

Желі­де­гі жазбалар

 


 

 

Ринат ЗАЙЫТОВ:

Бір елде бір «Мыр­за» бар уай­ы­мы жоқ,

Сөзінің шын­ды­ғы аз, ойы­ны көп.

Көзінің дүни­е­ге той­ы­мы жоқ –

Өзінің қауы­мы­на қай­ы­ры жоқ.

 

Бір елде бір «Мыр­за» бар тайраңдаған,

Елінің ертеңі үшін ойланбаған.

Таба­ны тиген жер­ді ойрандаған –

Ешқа­шан әділ­дік­пен сайланбаған.

 

Бір елде бір «Мыр­за» бар қала салғыш,

Тарих­ты қол­дан жасап ала салғыш.

Жан бол­са ағат кет­кен жерін айтқан –

Аямай абақты­ға сала салғыш.

 

Бір елде бір «Мыр­за» бар той тойлағыш,

Өз-өзіне там­са­нып пай-пайлағыш.

Орайы кел­ме­се де ұрандатып –

Маңайы атын айтып айқайлағыш.

 

Бір елде бір «Мыр­за» бар қажымаған,

Туы­сы – ұры-қары, уәзірі арам.

Жұлып жеуді жұмысқа айналдырған –

Ұлты­на құдай бер­ген қазынадан.

 

Бір елде бір «Мыр­за» бар ақын, батыр,

Ешкім­нің дәті жет­пес қатуға тіл.

Пай­даға өлше­мі жоқ батып жатыр –

Себебі Елін, Жерін сатып жатыр.

 

Бір елде бір «Мыр­за» бар сарайы көп,

Сарай­лар­да қол сүй­гіш малайы көп.

Жал­пы­ның сүй­ік­тісі көрінгенмен –

Халқы­ның оңа­ла­тын орайы жоқ.

 

Бір елде бір «Мыр­за» бар төсек құмар,

Алу мен көбей­ту­ден есеп құрар.

Өзінің қорас­ын­да тұр­ма­са егер –

Ат түгілі пырақты да есек қылар.

 

Бір елде бір «Мыр­за» бар көзі жүйрік,

Бар­шаға әрбір айтқан сөзі бұйрық.

Ол кісінің аты­мен қатар қойып,

Алла­ның атағы­ның өзі «ширік».

 

Мыр­за жоқ ешбір елде ғажап мұндай,

Момын жұр­тын тозды­рған қажып тынбай.

Жаратқа­ным сол бір елді мазақ қылмай,

Мей­ірім­сіз мыр­за­сы­нан азат қылғай.

 

Ержан Тәліп:

Халық айлы­қтан айлы­ққа дей­ін ілде­бай­лап зорға өмір сүріп жүр­се, билік үнде­уден үнде­у­ге дей­ін жырғап өмір сүру­де, ә?

 

Ардақ Әші­мо­ва:

Пре­зи­дент­тің жол­да­уы­на қаты­сты Кон­сти­ту­ци­яға өзгер­ту­лер мен толы­қты­ру­дың пар­ла­мент­ке ұсы­ны­лған жоба­сын оқып шықтым. Артық қылам деп, тыр­тық қылып­ты. Бұл өзгерістер мем­ле­кеті­міз бен халы­ққа орас­ан зиян әкел­ме­се, түк пай­да­сы жоқ.

Көзі­ме мынан­дай елес кел­ді: Тақта оты­рған бір кісі асқан қулы­қ­пен сүй­ек­ті тесіп, онша көз­ге көрін­бей­тін жіп­ті бай­лап, алы­ң­дар «мә» деп сүй­ек­ті лақты­рып жібе­реді де, сүй­ек­тің арты­нан қуған иттер енді сүй­ек­ке жақын­дап жапа-тар­мағай тала­сып жатқан­да, анау жіп­ті тар­тып қалған­да, сүй­ек оның таба­ны­ның асты­на тұра­ды. Ал сүй­ек­тен дәмелілер бар­лы­ғы қай­та сүй­ек­тің арты­нан куған күйі қожай­ын­ның аяғы­на тұм­сы­қта­ры тіреліп, олар­дың төп­ли жала­удан басқа ешқан­дай амал­да­ры қалмайды.

Сырт көз­бен қараған­да, бар­лы­ғы демо­кра­ти­яға сай болып көрін­гені­мен, ең басты­сы көрін­бей­тін жіп­тің қожай­ы­ны кім? Мәсе­ле – сон­да. Келі­су­ге болар еді, егер ең алға­шқы Кон­сти­ту­ци­я­мы­зды өзгер­ме­ген күй­ін­де сол қал­пын­да қай­тар­са, онда мәсе­ле басқа.

Сон­дай-ақ халық талап­та­ры ескеріліп, жаңа­ша өзгер­ту­лер еніп жат­са, нұр үстіне нұр болар еді, бірақ, өкініш­ке орай, ондай нәр­сенің болуы екіталай?..

Сон­ды­қтан жол­да­уға бай­ла­ны­сты Кон­сти­ту­ци­я­мы­зға өзгер­ту­лер мен толы­қты­ру­лар­ды қол­да­май­мын! Пай­да­сы­нан зия­ны орас­ан зор!

Мен ол өзгер­ту­лер мен толықтыруларға:

«Бой­кот! Бой­кот, тек Бой­кот!» деп қолда­мас едім!

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн