Пятница , 4 июля 2025

БИЛІККЕ БЕС ТАЛАП ҚОЙҒАН «Алаш жолы» қозғалысы жабылуы мүмкін

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №42 (406) от 16 нояб­ря 2017 г.

 

Мән-жай


 

Қаза­қстан­дық билік­тің алды­на бес талап қой­ған «Алаш жолы» қозға­лы­сы сот арқы­лы жабы­луы мүм­кін. Бұл тура­лы қозға­лыс басқар­ма­сы­ның мүше­сі Мақ­сат Іли­ясұ­лы өзінің «Фейс­бук­тағы» парақ­ша­сын­да жазды.

 

«Нақты­рақ айт­сақ, Аста­на қала­сы, Есіл аудан­дық мем­ле­кет­тік кіріс басқар­ма­сы «Алаш жолы» қозға­лы­сы­ның заң­ды тұлға ретін­де тір­ке­луін заң­сыз деп тауып, оны жою тура­лы 08.11.2017 жылы талап арыз жазып, 09.11.2017 жылы Аста­на қала­лық ауда­на­ра­лық маман­дан­ды­ры­лған эко­но­ми­ка­лық соты­на тап­сы­рып­ты» – деп жаза­ды қозға­лыс белсендісі.

Мақ­сат мыр­за­ның хабар­ла­у­ы­на қараған­да, сот судья­сы Мақ­сат Сем­бин қара­ша­ның 11‑і күні ұйға­рым (опре­де­ле­ние) шыға­рып, істі сотқа қабыл­дап, 17 қара­шаға тарап­тар­ды сотқа шақы­рған екен.

«Талап арыз жазуға «Алаш жолы» қозға­лы­сы құры­л­тай­шы­ла­ры­ның іші­нен зей­нет­кер бел­сен­ді Шұға Жұма­бе­ко­ва мен Фар­хат Сафу­а­но­втың жазған ары­зы негіз болған. Олар біз ешқа­шан «Алаш жолы» деген ұйым­ды есті­медік деп арыз жазып­ты-мыс. Сөй­тіп, сұм­дық шұғыл іске кіріс­кен билік тез ара­да сот шеші­мі­мен «Алаш жолы» қозға­лы­сы» РҚБ жабу­ды мақ­сат етіп отыр», – дей­ді желі­де­гі пост­тың иесі.

«Тір­кел­геніне ұзақ уақыт бол­ма­са да, Аста­на мен Алма­ты­дан, Аты­рау, Ақтө­бе, Оңтүстік Қаза­қстан облы­сы­нан фили­ал­да­ры құры­лып, (тағы бір­не­ше облы­ста бел­сен­ділер фили­ал құруға дай­ын­да­лып жатыр еді), елдің қол­да­уы­на ие болға­ны, оның ішін­де «Алаш жолы» қозға­лы­сы ұдайы көтеріп келе жатқан жер мәсе­лесінің одан әрі ушы­ға бастаға­ны билік­тің зәресін алса керек», – дей­ді Мақ­сат Ілиясұлы.

Ал «Алаш жолы» қозға­лы­сы­ның билік­ке қой­ған бес тала­бы қан­дай еді? Біз төмен­де Мақ­сат Іли­ясұлы­ның ФБ-парақ­ша­сын­да жазы­лған сол талап­тар­ды қаз-қал­пын­да жари­я­лап отырмыз.

«Алаш жолы» қозға­лы­сы» Рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық бір­ле­сті­гі «Жер тағ­ды­ры», «Халық бір­лі­гі» қоғам­дық бір­ле­сті­гі­мен бір­ле­се оты­рып, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа, Пар­ла­мент Сена­ты­ның төраға­сы Қасым­жо­март Тоқа­евқа, Пар­ла­мент Мәжілісінің төраға­сы Нұр­лан Нығ­ма­ту­лин­ге, Пре­мьер-мини­стрі Бақыт­жан Сағын­та­евқа нақты бес талап қояды.

 

1‑ТАЛАП: Қаза­қстан­ның ауыл шару­а­шы­лық жер­лері бүгін­гі күні түр­лі жол­дар­мен қаза­қстан­ды­қтарға да, шетел­дік­тер­ге де саты­лу­да және жалға да беріліп жатыр. Өткен жылы Пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев «Халы­ққа ұна­май­тын заң­ның кере­гі жоқ біз­ге», – деп, ҚР Жер кодексіне халық ұсы­нған, халық қалаған өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зуді ҚР Үкі­меті мен Пар­ла­мен­тіне тап­сы­рған бола­тын. Бірақ Пре­зи­дент­тің бұл тап­сыр­ма­сы орын­далған жоқ.

Сон­ды­қтан «Ауыл шару­а­шы­лық жер­лері қаза­қстан­ды­қтарға да, шетел­дік­тер­ге де сатыл­май­ды. Шетел­дік­тер­ге жалға да беріл­мей­ді», – деген бап ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­на да, Жер кодексіне де енгізілсін.

 

2‑ТАЛАП: Қаза­қстан­да адам өлтір­ген­дер де, жемқор­лар да, парақор­лар да жаза­сыз кетіп неме­се кешірім жаса­лып, мерзі­мі­нен бұрын қамаудан боса­ты­лу­да. Бірақ билік­тің, Пре­зи­дент­тің, сот­тың «мей­ірім-шапаға­ты» сая­си қуғын-сүр­гін­ге ұшы­раған аза­мат­тарға жет­пей келеді.

Бұл жағ­дай өзін демо­кра­ти­я­лық, құқы­қтық мем­ле­кет деп санай­тын Қаза­қстан үшін жол беру­ге бол­май­тын, орын алмауы тиіс жағдай.

Сон­ды­қтан Макс Бока­ев, Талғат Аян, Мұх­тар Жәкі­шев, Арон Ата­бек, Вадим Курам­шин бостан­ды­ққа шығарылсын.

3‑ТАЛАП: Жыл­дар бойы екін­ші дәре­желі жеке мен­шік банк­тер мем­ле­кет­тен аса ірі көлем­де қар­жы алып келеді. Басқа­ны айт­паған­ның өзін­де, «БТА Банк» пен «Қаз­ком­мерц­банк­тің» Ұлт­тық қор мен Зей­не­тақы жинақта­у­шы қоры­нан алған бір­не­ше трил­ли­он тең­гесін еске алсақ та жет­кілік­ті. Банк­тер­ге беріл­ген қара­жат жал­пы халы­қтың несі­бесі, жинаған қар­жы­сы, төле­ген салы­ғы екені анық. Халық есебі­нен жеке мен­шік банк­тер­дің қары­зы жабы­лып, оларға аса ірі көлем­де көмек көр­сет­кен жағ­дай­да банк­тер де халы­ққа көмек қолын созуы тиіс. Ол тура­лы арнайы жар­лық шыға­ры­лып, заң қабыл­да­нуы тиіс. Бұл ұсы­ны­сты аза­мат­тар әр кез­де көтеріп келеді.

Сон­ды­қтан Пре­зи­дент, Үкі­мет және Пар­ла­мент Қаза­қстан аза­мат­та­ры алған 1 (бір) мил­ли­он тең­ге­ге дей­ін­гі неси­е­ге бір рет­тік амни­стия жари­я­лау тура­лы шешім қабылдасын.

 

4‑ТАЛАП: Қаза­қстан ширек ғасыр­дан аса уақыт тәу­ел­сіз, дер­бес мем­ле­кет ретін­де қалып­та­сып жат­са да, мем­ле­кет­тік тіл­дің қол­да­ныс аясын кеңей­тіп, мәр­те­бесін арт­ты­ру­да нақты жетістік­тер­ге қол жет­кі­зе алма­ды. Соны­мен бір­ге Пре­зи­дент Жар­лы­ғы­мен латын әрі­пін пай­да­ла­ну ісі бекітіліп, бастал­ды. Бірақ, Кон­сти­ту­ци­яда жазы­лған­дай, мем­ле­кет­тік ұйым­дар­да және жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру орган­да­рын­да орыс тілі ресми түр­де қазақ тілі­мен тең қол­да­ны­ла­тын бол­са, онда латын әрі­пін енгі­зудің еш қажет­тілі­гі бол­май­ды. Бұл бап мем­ле­кет­тік тіл­дің дамуы­на да, латын әрі­пінің кең қол­да­ны­сқа енгізілуіне де жол бермейді.

Сон­ды­қтан ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 7‑бабының 2‑тармағы алы­нып тасталсын.

 

5‑ТАЛАП: Қаза­қстан­ның сыр­тқы қары­зда­ры Кәрім Маси­мов Үкі­мет­ті басқарған жыл­да­ры есе­леп арт­ты. Ауыл шару­а­шы­лық жер­лерін шетел­дік­тер­ге сату неме­се жалға берудің, оның ішін­де жер­дің қытай ком­па­ни­я­ла­ры мен олар­дың қаты­суы­мен құры­лған серік­те­стік­тер­дің қолы­на өтуіне Кәрім Маси­мо­втың тіке­лей қаты­сы болуы мүм­кін. Бұған қоса Фран­ция про­ку­ра­ту­ра­сы Кәрім Маси­мов Airbus Group ком­па­ни­я­сы­нан 12 млн евро пара алды деп қыл­мыстық іс қозға­ды. Сон­ды­қтан Кәрім Маси­мов қыз­меті­нен алы­нып, оның үсті­нен қыл­мыстық іс қозғалсын.

Осы бес талап тура­лы Пре­зи­дент, Үкі­мет, Пар­ла­мент өз жау­ап­та­рын, ұста­ным­да­рын 2017 жылғы 01 жел­тоқ­санға дей­ін ресми түр­де жари­я­ла­уы тиіс. Олай бол­маған жағ­дай­да, 2017 жылы 17 жел­тоқ­сан­да жал­пы­ха­лы­қтық бей­біт митинг ұйым­да­сты­ру тура­лы баста­ма көтерілуі мүм­кін. Бұл шешім­ді «Алаш жолы» қозға­лы­сы» Рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық бір­ле­сті­гінің Басқар­ма­сы «Жер тағ­ды­ры», «Халық бір­лі­гі» қоғам­дық бір­ле­сті­гі­мен бір­ле­се оты­рып қабылдады».

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн