Суббота , 5 июля 2025

БІЛІМ МИНИСТРІ журналистерден ҚАШЫП КЕТТІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №8 (372) от 2 мар­та 2017 г.

Білім­де­гі былық


 

Қашты! Қашқан­да да жау қуған­дай, қуғын­шы көр­ген­дей қашты. Бұлай қашқан мини­стр­ді үне­мі көр­мей­сіз. Бұл бір «сәті түс­кен» қашу болды.

 

Мәжіліс депу­тат­та­ры­на білім беру сала­сы­на қаты­сты үш сағат бойы есеп бер­ген Ерлан Саға­ди­ев мәжіліс залы­нан шар­шап шыққа­ны сон­ша­лық, тіл­шілер­мен тіл­де­су­ге шама­сы кел­меді. Бәл­кім, шама­сы емес, көңіл қошы бол­маған шығар. Әлде айтар сөзі, ақта­лар уәжі қал­ма­ды ма? Әйте­уір өкпе­сін сүй­ретіп, есік­ке қарай зуыл­дай жөнелді.

«Тоқтаңыз! Тоқтаңыз­шы!» – деп арты­нан бір топ жур­на­лист қуып бара­ды. Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев өз мини­стр­лері мен әкім­деріне «елге жақын болы­ң­дар» деп жүр­ген­де, бұл елден қашып барады.

Біз, қара­пай­ым халық, сіз­ге сон­ша не істеп едік? Біз­ден неге қоры­қты­ңыз, министр мыр­за? Біз­ге неге жау­ап беру­ден қаштыңыз?

Білім және ғылым мини­стрі Ерлан Саға­ди­ев­тің есеп беруі кезін­де оған Бек­бо­лат Тіле­ухан мен Зағи­па Бали­е­ва біраз сын айтқан бола­тын. Бали­е­ва мини­стр­ді тым жыл­дам жүр­гізіліп жатқан рефор­ма­ла­ры үшін сынға алып, бала­лар мен оқы­ту­шы­ларға сүй­іспен­шілі­гін ояту керек деген кеңес айт­ты. Жалын­ды Бек­бо­лат Тіле­ухан «жек­пе-жек­ке» шақырды.

Саға­ди­ев­тің сыр­тқа асы­ққа­ны сон­ша­лық, шыға­тын есік­ті шата­сты­рып алды ғой. Шатасқан мини­стр­ді бір топ жур­на­ли­стің қор­шап алға­ны сол еді, денелі күзет­шілер бұл тығы­ры­қтан да алып шықты.

Осы­лай­ша «Ну, пого­ди!» деп тіл­шілер қал­ды, тез құты­лға­ны­на тәу­бе деген Саға­ди­ев қым­бат қыз­мет­тік көлі­гіне оты­рып зым-зия болды.

Алтай САҒИДОЛДА,

Аста­на

 

 

 

Мұғалім не дейді?

 

 

Мұғалім­ді қор­ла­удың ШЕГІ БОЛА МА?

 


 

Құр­мет­ті әріп­те­стер! Арзы­май­тын айлық үшін, «ел ертеңі – келе­шек ұрпақты» тәр­би­е­леу жолын­да тұс-тұсы­нан тыны­штық бер­мей, түрт­пек­теп, тек­се­ру­ден сүрініп, қағаз­ба­сты­лы­қтан көміліп жатқан қадір­мен­ді ұста­здар! Ұлт­тың бет­ке тұтар интел­ли­ген­ция қауымы!

 

Ащы шын­дық – «жыла­маған балаға емшек жоқ» демек­ші, өз жанай­қай­ы­мы­зды жет­кі­зетін күн туған сияқты. Ұста­зға тән сабыр­лық пен ұстам­ды­лы­қтың сал­да­ры шығар: еңсе­мізді езіп жатқан қоғам­ның, билік­тің, тіп­ті өз шәкірт­тері­міздің келе­ке маза­ғы­на да бой­ы­мыз үйреніп, меңіреу, дәр­мен­сіз маман иесіне айна­лып барамыз.

Біз­ге кәсі­би көмек көр­се­тетін «ҚББ», «АББ» әдіс­кер­лерінің есіл-дер­ті – мұғалім­нің бір жері­нен мін тауып, ақша жинау. «СЭС» қыз­мет­кер­лері мек­теп­ке келіп, таза­лық жұмыста­рын ұйым­да­сты­руға ықпал етудің орны­на, пар­таң «олай тұр­ма­ды», «былай тұр­ма­ды», гра­дус­ник, аптеч­ка жоқ… деп ақша жинау.

Әкім­шілік өкіл­дері көше сыпыр­ту, үй-үйді ара­ла­ту, билет сат­ты­ру… Ішкі істер басқар­ма­сы «оқу­шың түн­де жүр», «есеп­ке алам»… деп тағы ақша жинау. Мек­теп­ке атте­ста­ция… ең ірі көлем­де ақша жинау… Құдай-ау, ұшы-қиы­ры жоқ ақша жина­у­лар… Бүгін­де ұлт бола­шағын тәр­би­е­лей­тін ұста­здың бас қай­ғы­сы – балаға ертең­гі сабаққа не жаңа­лық айт­сам, қан­дай әдіс-тәсіл­мен оқу­шы­ның жүре­гіне жол тап­сам екен емес, қай жер­ден, қай тек­се­ру келіп, қан­ша сұрап қалар екен…

Оның алдын алу үшін, қай қаға­зым­ды қалай тол­ты­руым керекпен мұғалім­нің қаны басы­на шауып жатқа­ны. Есебіне жете беріңіз: бір сабақтың тақы­ры­бын 2–3 жур­налға тол­тыр­сақ, «ҚМЖ», «ОМЖ» жүк­теп отыр­сақ, кешік­кен, сабақтан қалған бала­ны түген­деп қуа­ла­сып жүр­сек, түсінік­те­ме тол­ты­рып, есебін өткі­зу­мен әлек­теніп жүр­ген­де, айна­лай­ын­дар-ау, сабаққа кел­ген басқа бала­лар ай қарап оты­ра ма, кім сабақ өте­ді оларға?

Ең ақы­ры аудан про­ку­ро­ры­ның тала­бы бой­ын­ша әр оқу­шы­ның үйі­нен мек­теп­ке, мек­теп­тен үйіне қаты­най­тын кар­та­сын сызу деген тап­сыр­ма қағаз бен есеп­тің асты­на көміл­ген мұғалім­нің мой­ны­на тағы жүк­теліп­ті. Сорақы­сы – ел Тәу­ел­сізді­гі мере­кесіне тағай­ын­далған 25 000 тең­ге сый­ақы­ны жер-жер­лер­де жүнін жұлған тауы­қтай жұл­ма­лап, жарым-жар­ты­лай беріп, бүтін бер­ген­дері келесі айлы­қтан масқа­ра­дай қылып ұстап… Сұм­дық ай!

Басы­ну­дың, қор­ла­удың шегі бола ма, жоқ па?! Бүгін­де әрбір сабақ – ол бала білім алу үшін жасалған қолай­лы шығар­ма­шы­лық орта болуы керек. Жаны тыныш, ойы кемел ұстаз ғана ертең­гі сабағы­на шығар­ма­шы­лы­қ­пен қарай­ды. Ал жоға­ры­дағы жағ­дай­мен қай­дағы сапа­лы білім, қан­дай сана­лы тәр­бие? Әрбір мек­теп­ке кел­ген тек­се­ру – мұғалім­дер­ді қанау емес, сый-құр­мет­пен, жана­шыр­лық ниеті­мен кел­ген­де ғана жағ­дай өзгермек.

Кей­бір маман­дық иелері жемқор­лы­ққа салын­бау үшін, ғана айлық жалақы­сын көте­руді ұсы­нып жата­ды. Ағай­ын­дар, жер бетін­де­гі бар маман­ды­қты оқы­тып, тәр­би­е­леп шыға­ра­тын ең қаси­ет­ті маман­дық иесі – мұғалім нелік­тен аяқ асты тап­та­лып, дуа­на­ның жиған жылуын­дай айлы­қ­пен күн көруі керек?! Ести­тін құлағы, сара­лай­тын сана­сы бар мем­ле­кет бас­шы­ла­ры­ның алды­на жанай­қай­ы­мы­зды жет­кізу­ге атса­лы­сып, осы хат­тың тара­луы­на мүм­кін­дік жасай­ық, ағай­ын­дар! Ертеңін ойлаған ел ұста­зын сұлу сөз­бен алда­май, нақты әре­кеті­мен қол­дау көр­сет­сін. Өз ұрпағын ұстаз қолы­на тәр­би­е­ле­у­ге беріп оты­рған қоғам ойлансын.

Мар­жан Бер­ди­е­ва­ның ФБ-парақшасынан

 

 

Бұл екі арада

 

Шым­кент мек­тебін­де МҰҒАЛІМ ӨЛДІ

 

Шым­кент­те Халел Досмұ­ха­ме­дов атын­дағы №4 орта мек­теп­те дәне­кер­леу жұмыста­рын жүр­гі­зу кезін­де жара­ланған мұғалім ауру­ха­на­да көз жұм­ды. Оңтүстік Қаза­қстан облы­стық төтен­ше жағ­дай­лар депар­та­мен­ті бас­пасөз қыз­метінің 27 ақпан­да хабар­ла­у­ын­ша, оқиға 26 ақпан­да болған. 1982 жылы туған дене шыны­қты­ру пәнінің мұғалі­мі мек­теп­тің кіші дәлізін­де газ­бен дәне­кер­леу жүр­гізіп жатқа­нын­да жара­ла­нып, ауру­ха­наға түс­кен. Кей­ін ол сол жер­де қай­тыс болған.

Депар­та­мент қазір мұғалім­нің неден жарақат­та­нып, қай­тыс болға­ны аны­қта­лып жатқа­нын айтады.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн