Понедельник , 7 июля 2025

Білім министрлігі БІЛІММЕН ЕМЕС, жемқорлықпен айналыса ма?

Бұл екі арада

 

Білім сала­сын­дағы сыбай­лас жемқор­лық дең­гейі Қаза­қстан­да ең жоға­ры болып отыр. Қаза­қстан­да әр алтын­шы сыбай­лас жемқор­лық қыл­мыс білім сала­сы қыз­мет­кер­лері­мен жасалған. Мәсе­лен, құқы­қтық ста­ти­сти­ка орга­ны­ның ақпа­рын­ша, 2013 жылы білім сала­сын­да бар­лы­ғы 145 жемқор­лық қыл­мыс тір­кел­се, ал 2014 жылы 252 қыл­мыс тір­кел­ген», – делін­ген бей­сен­бі­де «Нұр Отан» пар­ти­я­сы жанын­дағы жемқор­лы­ққа қар­сы күрес жөнін­де­гі рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық кеңе­стің селек­тор­лық оты­ры­сы бары­сын­да тара­ты­лған ақпаратта.

Ол ол ма, бас­пасөз қыз­метінің хабар­ла­у­ын­ша, 2014 жылы бар­лық тір­кел­ген сыбай­лас жемқор­лық қыл­мыстар­дың ара­сы­нан әр алтын­шы қыл­мысты білім сала­сы­ның қыз­мет­кер­лері жасаған көрінеді.

«Бұл не сұм­дық?» – дей бер­геніңіз­де, тағы да тың ақпа­рат басып қала­ды. БҒМ қыз­мет­кер­лерінің ара­сы­нан да жемқор­лық дей­тін «бей­да­уа індет» бой­ын­ша қыл­мыс фак­ты­сы тір­келіп­ті. Бұған дәлел: «БҒМ қыз­мет­кер­лері жасаған сыбай­лас жемқор­лық қыл­мысы­ның саны сала­лық ведом­ство­ның қыз­мет­кер­леріне қаты­сты екі есе­ге өскен, 2013 жылы – 9, 2014 жылы – 18 сыбай­лас жемқор­лық қыл­мыс тір­кел­ген», – делін­ген бас­пасөз парақшасында.

Сірә, «Балық басы­нан шіриді» деген осы бол­са керек?! Мұн­дай­да, тәй­ірі, не деу­ге бола­ды? Осы­дан кей­ін де аталған мини­стр­лік жемқор­лы­қ­пен күресіп жатыр­мыз дей­ді-ау?! Мұн­дай жемқор­лық жай­лаған білім беру орта­лы­қта­ры­нан қан­дай ұрпақ тәрбиеленеді?

Оны­мен қой­май, жұмыспен қам­ти­мыз дей­ді шір­кін­дер! Онан да жемқор­лы­қ­пен айна­лы­са­мыз десе, ащы да бол­са, халық тың­дағы­сы кел­ген шын­дық осы бол­мас па еді, тәйірі?..

Әлкей ӘБДІҒАПАРОВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн