Суббота , 12 июля 2025

БІР КӨКЖАЛДАН жүз қорқау ығады… 

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №11 (282) от 19 мар­та 2015 г.

 

Тура­би тұғыры 

 

Болат Жетек­бай:

Бел­гілі әде­би­ет­та­ну­шы ғалым, ака­де­мик Серік Қира­ба­ев­тың мерзі­мі­нен бұрын өткізілетін пре­зи­дент сай­ла­у­ын қол­даған, ел мен қазір­гі елба­сы­ны тұта­сты­ра қараған пікірін естіп, ойла­нып қалдым…

Әңгі­ме­міз Секеңе тіке­лей қаты­сты емес.

Кей­бір адам­дар­дың жасы ұлғай­ған сай­ын, күнәсі көбейе береді екен. Өйт­кені ол дағ­ды­ланған жаман әдет­тері­нен ары­ла алмай­ды. Бұл жөнін­де Құран­да да аят бар.

Өзім көріп жүр­ген ком­му­нист-қарт­тар­дың әлі де даңқ-дақ­пырт, мақтан қуа­ты­нын, дәре­же іздей­тінін бай­қап, бұл да осы дүни­е­ден басқа­ны ойла­май­тын қу пен­де­шілік-ау деп қоя­мын. Жасы кел­геніне қара­ма­стан, әдет­те ширақ, бел­сен­ді келетін, кітап жаза­тын, жиын-той­дан қал­май­тын мұн­дай шал­дар­ды жатқы­з­бай, алға ұмсын­ды­ра­тын қан­дай күш? Қар­тай­са да билік­ке, бай­лы­ққа, тіп­ті қыз-қырқы­нға да құмар адам­дар­ды не жете­лей­ді? Рух па? Шай­тан шығар?!

Билік­те­гі, одан кет­кісі кел­мей­тін қарт адам­ның жайы бел­гілі. Алды – күмән, сон­ды­қтан арты­на алаң­дай­ды. Ол үшін ешкім жау­ап бер­месін біледі.

 

Меру­ерт Махмұтова:

Біз­де Ұлт­тық қор­дың актив­тері дол­лар­мен сана­лып, АҚШ-тың құн­ды қағаз­да­рын­да сақтап отыр­мыз. Жал­пы эко­но­ми­ка­мы­здың 70 пай­ы­здан арты­ғы шикі­за­тқа тәу­ел­ді. Ал шикі­зат өнім­дері халы­қа­ра­лық нары­қта дол­лар­мен саты­лып отыр. Біздің билік­те­гілер­дің дедол­ла­ри­за­ция жасау тура­лы ойы Ресей­дің дедол­ла­ри­за­ция деген ойын қай­та­лау. Ресей қазір дамы­ған елдер­мен қарым-қаты­на­сын бұзып, санк­ци­я­лар­дың астын­да қал­ды. Дедол­ла­ри­за­ция жасау арқы­лы АҚШ-тың дол­ла­ры­на деген тәу­ел­ділік­тен құты­ла­мыз деп ойлай­ды. Алай­да АҚШ эко­но­ми­ка­сы – әлем­де­гі ең ірі эко­но­ми­ка болған­ды­қтан, ол оңай шаруа емес. АҚШ-қа Ресей дедол­ла­ри­за­ция жасай ма, жаса­май ма – одан келіп-кетіп жатқан еш зиян жоқ.

 

Мұх­тар Тайжан:

Егер де ол (Олжас Сүлей­ме­нов – Ред.) 20 жыл­дан бері Рим­дер мен Пари­ждер­де тұрып жүр­ген бол­са, қазір­гі ауыл қаза­қта­ры жай­лы айтуға қалай­ша дәті барға­ны­на таң қала­мын?! Соны­мен қой­май, тек «өзі­мен одақ­та­суға бізді душар еткен» Ресей­ден басқа қані­шер көр­шілер­дің бәрі­нен қорқа­тын сыңай­лы. Ол қаза­қтар­дың бөле-жары­луға және трай­ба­лизм­ге жақын екен­ді­гіне, әрі бір-біріне жау секіл­ді көрі­нетініне, сөй­тіп бізді өз-өзі­міз­ден тек оры­стар және басқа­лар сияқты «төр­тін­ші жүз» неме­се тек еуро­па­ла­ну ғана құтқа­ра ала­тын­ды­ғы­на сен­дір­гісі келеді. Нет­кен былжырақ!..

Талай жыл­дан бері Еуро­па­да өмір сүріп, оның үстіне, мыса­лы, біздің елдің Ита­ли­ядағы өкілі бола тұрып, сол­түстік ита­льян­ды­қтар мен оңтүстік ита­льян­ды­қтар бірін-бірі түсін­бей­тінін оның біл­ме­уі мүм­кін емес. Оңтүстік ита­льян­ды­қтар неше жер­ден жұмыс­сыз жүр­се де, жұмыс орны көп Сол­түстік Ита­ли­яға барғы­ла­ры кел­мей­ді, өйт­кені олар­дың тілі мен ділі мүл­де басқа. Осы секіл­ді чех­тар мен морав­ты­қтар да, ағы­л­шын­дар мен шот­лан­ди­я­лы­қтар да, оңтүстік және сол­түстік қытай­лы­қтар да (кан­тон және ман­да­рин қытай тілін­де) әртүр­лі тіл­де сөй­лей­ді. Бұл жер­де Индия тура­лы айту­дың өзі артық деп ойлаймын.

Біздің халы­қта тіп­ті ешқан­дай бөле-жару деген жоқ қой! Бар­лық қазақ бір-біріне жақын туыс, құда-жек­жат, жиен-наға­шы, қай­ын жұрт неме­се тағы басқа! Ал ол бол­са, өзі үйіне анда-сан­да ғана қонаққа келетіні ойын­да жоқ, сөй­те тұра, бөле-жары­лу секіл­ді был­жы­рақ бір­деңені біздің сана­мы­зға сіңдірмекші!

Интер­вью (О.Сүлейменовтің – Ред.) негізі­нен қазір­гі дүни­е­жүзілік сая­сат пен эко­но­ми­ка­ны ұғы­ну­дан емес, керісін­ше, ойдан шыға­ры­лған шексіз, біт­пей­тін бір олқы­лы­қтар­дан, қорқы­ныш пен үрей­ден, түсін­бе­ушілік­тен және өз халқы­нан алшақты­қтан тұра­ды. Кел­тіріл­ген бар­лық қисын­ды да, қисын­сыз дәлел­дер­дің көз­де­гені тек біреу ғана – ол Еура­зи­я­лық одақты ақтау, оған кір жұқтырмау.

Себебі де біреу ғана – тек Еура­зи­я­лық одақта ғана, баяғы СССР-дегі сияқты, оры­стіл­ді қаза­қтар – оның мақ­сат­ты ауди­то­ри­я­сы ретін­де сақта­лып қала­ды. Егер ЕАЭС бол­ма­са, бұл ауди­то­рия да бол­май­ды. Өйт­кені оры­стар­дың өздері үшін ол үне­мі түк­ке тұрғы­сыз, түк түсін­бей­тін мақау (чур­ка) болып қала береді, ал қаза­қтіл­ді қаза­қтар үшін – ала­бө­тен, түсініксіз қонақ болады.

 

Мада­ли Найманбаев:

Өкініш­ке қарай, Олжас (Сүлей­ме­нов – Ред.) баяғы «АЗиЯ» арқы­лы халы­қтың есін­де қалған Олжас емес. Оқы­ған, көзі ашық жұрт ондай­лар тура­лы клас­сик­тер­дің сөз­дерін кел­ті­ре оты­рып, былай дей­ді: «Халы­қтан қан­ша­лы­қты алы­стап кет­кен…». Оған таңқа­луға да бол­май­ды, өйт­кені елі­міз тәу­ел­сіздік алға­лы, ол бар­лық ғұмы­рын шетел­де өткізді. Егер де Олжас ядро­лық поли­гон­ды жабу мәсе­лесін­де­гі Кешірім Бозта­ев­тың ролі тура­лы, Балқа­штың мысын «Нева­да-Семей» АҚ-ның эскпорт­таға­ны тура­лы, қаза­қстан­ды­қтар үшін сонау 90-жыл­дарғы ала­са­пы­ран тұсын­да өзінің Ита­ли­яға өкіл­дік­ке не себеп­тен кет­кені тура­лы (өзі елде бол­маған­нан кей­ін, сол кез­де­гі қиын­шы­лы­қты түсі­ну оған өте қиын) бар шын­ды­қты ағы­нан жары­лып айтып беретін бол­са, халқы да оны түсі­ну­ге тыры­са­ды. Осы ширек ғасыр уақыт ара­лы­ғын­да ең құры­ған­да туған тілін дұры­стап үйреніп алма­ды ма екен?! Өзінің қар­сы­ла­ста­ры­на тым құры­ған­да ана тілін­де жау­ап беретін еді ғой. Ал халық бәрін де біледі, бәрін түсі­неді, әрі кеші­ре де біледі. Бәрі халы­қтың есін­де. Халық әрқай­сысы­ның еңбе­гіне қарай өзінің тиесілі баға­сын да береді…

 

Сабы­р­жан Махметов:

…Не өздері сөй­ле­мей­ді, не халы­қты сөй­лет­пей­ді! Енді көз­бен арбаған бике­ш­тей жанар­ла­ры жыл­ты­рап, Ресей­дің қол­ты­ғы­на кіріп бара­ды. 45 мил­ли­он халқы бар Укра­и­на­ны оңдыр­маған Ресей ат төбелін­дей қаза­қтың маң­дай­ы­нан сипай­ды деп ойлай ма?! Алы­стан сый­ла­сай­ық. Әлем­дік үрдіспен гео­са­я­си қарым-қаты­нас орна­туы­мыз керек. Тақыр­ба­ста­рын айтақта­тып, ел шетін аран­дат­са – қазақ жігіт­тері бар­шы­лық. Жүз қорқа­удың бір көк­жал­дан ыға­ты­ны­на шүбәм жоқ. Ешкім шүбәлан­ба­сын! Атой сал­са, қан ояна­ды! Бұл үшін қазақ ауы­з­бір­лік­ті болуы керек. Бірі­мізді-бірі­міз тірі күні­міз­де сый­лай­ық. Мыса­лы, мен – бақыт­ты адам­мын! Қаза­қты бөл­мей­мін. Өйт­кені осы жер­ді бар қаза­қтың ата-баба­сы бір­ле­се қорғаған. Өзім қаза­қты жаман­дап көр­меп­пін, өзге­ге де айтқы­з­бай­мын! Осы ұста­ны­мы­м­ыз бәрі­міз­ге ортақ бол­са, бар қазақ бақыт­ты бола­ды деп ойлай­мын! Айт­пақ­шы, анау «қаза­қта ел жоқ, жер бол­маған» деп жүр­ген­дер­мен кез­дес­пей жүр­мін. Кез­десіп қал­са, …обал­да­ры өздеріне!

  • (Пікір­лер «Фейс­бук» желісі­нен алынды)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн