Понедельник , 7 июля 2025

Бір өкініш, БІР ҮМІТ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» № 01 (272) от 08 янва­ря 2015 г.

 

СПОРТ

 

Бүгін­гі қазақ спор­тын бозкілем­сіз, былға­ры қолғап­сыз, зіл­те­мір­сіз еле­сте­ту қиын. Бұл қатарға теңбіл допты қосуға тал­пы­нып жүр­міз. Бұрын оң жам­ба­сы­мы­зға келе бер­мей­тін өзге спорт түр­лері­нен де бүгін­де қыр бала­сы­ның дәмесі бар. Тарих қой­на­уы­на енген 2014 жыл ел спор­ты­на қан­дай сыбаға тарт­ты, нен­дей өкіні­ш­те қал­дыр­ды? Бәрін бір­дей жіп­ке тізу мүм­кін бол­мас. Сіз бен біз­ге етене жақын­дарға шолу жасап көрейік.

 

Әуел­гі сөздің басы – қазақ күресі. Қазан айын­да Пав­ло­дар­да өткен «Әлем Бары­сы» бәсе­кесін­де­гі үкілеп қосқан Бей­біт Ысты­ба­ев, Айбек Нұғы­ма­ров, Асыл Бар­ме­нов, Рус­лан Әбдіра­за­қо­втар­дың жеңілісі елдің есі­нен шыға қой­ған жоқ. Ақтық сынға әупірім­мен ілік­кен Нұғы­ма­ро­втың аяғы көк­тен кел­ген­де, жан­күй­ер біт­кен көзі­мен жер шұқы­ды. Жеңіс мұхит­тың ар жағы­нан кел­ген куба­лық Оскар Брай­сон­ның қан­жы­ға­сын­да кетті.

Оскар­дың осал тұсын финалға дей­ін Асыл мен Бей­біт те таба алған жоқ. Талай ала­ман­да атой салып жүр­ген төрт балу­ан­ның төр­те­уі де қазақ күресінің исі мұр­ны­на енді-енді жетіп жүр­ген­дер­ден жығы­лға­ны қалай? Ірге­де­гі моңғол­дар­дың десі тіп­ті басым. Тараз­да өткен «Еура­зия Бары­сы­ның» фина­лын­да ойсы­рай ұты­лға­ны­мы­зды қай­да қоямыз?

Енді ел ішін­де­гі «Қаза­қстан Бары­сы­нан» шыққан дауға құлақ түр­мес­ке тағы лаж жоқ. Көз­бен көр­ген көп­шілік 2014 жыл­дың бары­сы атанған Мұхит Тұр­сы­но­втың жеңісін әділет­сіз деп шуыл­да­сты. Алдын ала келісім бой­ын­ша, төре­шілер жеңісті Тұр­сы­но­вқа бұра тар­тқан. Егер бұл шын­ды­ққа жанасса, дүни­е­жүзілік дең­гей­ге шықты деп, марқай­ып жүр­ген төл спор­ты­мы­здың ертеңі қалай бол­мақ? Ел сеніп жүр­ген апай­төстері­міз Қажы­мұқан­ның қары­мын қан­ша­лы­қты таны­та алмақ? Қазақ бозкіле­міне ауа­дай қажеті – қай­наған намыс!

Ал фут­бол ше? 2013 жылы еуро ойын­дар­да талай­ды таң­дай қақты­рған қараған­ды­лық «Шах­тер­ге» был­ты­рғы жыл ауыр соқты. Чем­пи­он­дар лига­сын­дағы «кен­шілер­дің» жолы үшін­ші кез­де­су­де-ақ кесіл­ген. Жал­пы есеп­те 4:5 нәти­же­сі­мен басым түс­кен хор­ва­ти­я­лық «Хай­дук» «Шах­тер­ге» плей-офф сын­да­ры­на өткел бер­меді. Жары­сты ерте аяқтаған аяқ­допшы­лар ел бірін­шілі­гін­де де жары­тып ойнаған жоқ. Вик­тор Кумы­ков шәкірт­теріне пре­мьер-лига­ның алтын­шы оры­ны әзер бұйырды.

Есесіне ежел­гі титулы­на қай­та қол созған «Қай­рат» бірін­шілік мәресін үшін­ші болып кесті. Ел кубо­гы­ның жеңім­па­зы атан­ды. Куб­ок­ты алма­ты­лық клуб­тың 60 жыл­дық мерей­той­ы­на жасалған арнайы «сый» екен десті ұзы­нқұлақтар. Деген­мен Бауы­р­жан Ислам­хан бастаған ұжым­ның озық ойын­да­рын жоққа шыға­руға да бол­май­ды. Бұрын көш соңын­да жүретін шым­кент­тік «Ордаб­а­сы» мен Қызы­лор­да­ның «Қай­са­ры» да ерледі. Әуел­гісі ала­ман­нан төр­тін­ші, кей­ін­гісі бесін­ші келді.

Көк ту желбіре­ген тұғыр­лы сәт­тер – қазақ бок­сы­ның бай дәстүрі. Кәсі­пқой тар­лан Ген­на­дий Голов­кин­нің есі­мі әлем­ді тең­сел­тіп тұр. Жыл бой­ы­на үш рет шар­шы алаңға шыққан ол өзіне қар­сы­лас шақ кел­тір­меді. Қан­да­сы­мыз Қанат Ислам екі кез­де­суін де нока­ут­пен аяқтап, WBA тұжы­ры­мы бой­ын­ша әлем­дік рей­тинг­те 7‑орынға көтерілді.

Ал ұлт­тық құра­ма­ның былға­ры қолғап шебер­лері Оңтүстік Коре­я­ның Инчхон қала­сын­да өткен Азия ойын­да­рын­да қазақ әнұра­нын алты мәр­те шырқат­ты! Бұрын-соң­ды бол­маған көр­сет­кіш! Әйел­дер бок­сы­нан Назым Қызай­бай әлем чем­пи­о­на­тын ұтты.

Ұлт­тық құра­ма­ның бес бір­дей саңлағы АІВА-ның (Халы­қа­ра­лық бокс қауым­да­сты­ғы) АРВ жоба­сы­на қаты­су­да. Бұл АІВА тара­пы­нан қолға алы­нған үшін­ші жоба. АРВ жоба­сы­на қаты­су­шы­лар жақ­сы пай­да тауып қана қой­май, 2016 жылы Рио-де-Жаней­ро­да өтетін Олим­пи­а­да ойын­да­ры­на жол­да­ма иеленеді.

Хош, соны­мен жоба­ның 2014/2015 жылғы мау­сы­мын­да елі­міз­ден Бір­жан Жақы­пов (49 келі), Іли­яс Сүлей­ме­нов (52 келі), Берік Әбдірах­ма­нов (60 келі), Әділ­бек Ния­зым­бе­тов (81 келі) және Антон Пин­чук (90 келі) бақ сынап көр­ді. Ақтық бәсе­ке­лер 2015 жыл­дың қаңтар айын­да сара­пқа салын­бақ. Біздің­ше, финалға өтетін бір­ден-бір бокс­шы Берік Әбдірах­ма­нов. Ол үш жек­пе-жек­тің үше­уін де өз пай­да­сы­на шеш­кен. Бір­жан, Іли­яс және Антон­ның нәти­же­лері бір­дей: бір жеңіліс, екі жеңіс. Сүлей­ме­нов жар­ты­лай финал­да сүрін­ген­дік­тен, жоба­ны жалға­сты­ра алмай­ды. Әділ­бек те алға­шқы кез­де­су­де-ақ жарақат алып, жары­сты ерте аяқтады.

Бір­жан Жақы­по­втың ұлт­тық құра­ма­да жүр­геніне біраз уақыт бол­ды. Рио Олим­пи­а­да­сы оның соңғы мүм­кін­ді­гі екені анық. Әйт­пе­се шау тар­тқан Бір­жанға бокс десе ішкен асын жер­ге қоя­тын­дар­дың басым көп­шілі­гі нара­зы. Алай­да 49 келі­де­гі жер­лесі­міз AIBA-ның рей­тин­гі бой­ын­ша көш басында.

Дзю­до шебер­лері ерлеп тұр. Инчхон­да өткен Азия ойын­да­рын­да Ермек Имам­бе­ков шәкірт­тері жасын­дай жарқыл­да­ды. Елдос Сме­тов алтын, Мак­сим Раков күміс, Аза­мат Мұқа­нов қола жүл­де­гер. Елдос Сме­тов Азия ойын­да­рын­да қазақ дзю­до­сы­ның тарихын­да бол­маған жүл­дені еншілеп, тари­хи жеңіс­ке қол жет­кізді. Тәу­ел­сіз ел ретін­де Қаза­қстан жазғы Азия ойын­да­ры­на 1994 жыл­дан бері қаты­са­ты­нын ескер­сек, Елдо­стың бұл жетісті­гінің баға­сы қан­ша­лы­қты екенін есеп­тей беру­ге болады.

100 келі­де сынға түс­кен Мак­сим Раков финал­да моңғо­ли­я­лық Тув­шин­ба­яр Най­данға есе жібер­ді. Челябі­де өткен әлем чем­пи­о­на­тын­да да Раков Най­дан­нан жеңіл­ген еді. Инчхон тата­миін­де біздің спорт­шы үш «шидо» алып, алтын қол­дан сусы­ды. Бұл монғол балу­а­ны 2008 жылы жазғы Олим­пи­а­да ойын­да­рын­да Асхат Жіт­ке­ев­тен де айла­сын асырған.

Ауыр сал­мақта Рако­втан басқа абы­рой-беделі­мізді қорғап қала­тын балу­ан жоқ екен біз­де. Аса ауыр сал­мақтағы Ержан Шын­ке­ев ел бірін­шілі­гін­де ылғи үздік шығып, халы­қа­ра­лық жары­стар­дан жығы­лып қай­та­ды. Ержан­ның орны­на бара­тын балу­ан­дар жоқ емес. Тек сол мықты­лар «Қаза­қстан Бары­сын», соның қомақты қар­жы­сын аңдып жүр­ген­дей. Амал­дың және күре­сетін балу­ан­ның жоқты­ғы­нан төрт­күл­дік тата­ми­ге Шын­ке­ев шығып жүр…

Тау көтер­ген толағай атлет­тері­міз­ге ойыс­сақ. Күні кеше ғана Алма­ты­дағы Әлем чем­пи­о­на­тын­да қор­жы­ны­мы­зға үш алтын­ның бірін салған Жасұлан Қыдыр­ба­ев­ты бірін­ші атағы­мыз келеді. Қан­да­сы­мы­здың жеңісіне алты алаш болып қуан­дық! Әйел­дер ара­сын­дағы бәсе­ке­де тағы бір қазақ қызы Жази­ра Жап­парқұл күміс медаль­мен мерей­і­мізді және үстем етті. Жасұлан мен Жази­ра­ның жеңістері маман­дар тара­пы­нан күтіл­ме­ген нәти­же еді.

Керісін­ше, есім­дері ел-елге таны­лып қалған Алмас Өте­шов пен Вла­ди­мир Седо­втың жолы ауыр бол­ды. Деген­мен, Седов бабын­да. Күміспен күп­тел­ді. Ол Жасұлан­мен бір сал­мақта (94кг) сынға түс­кен бола­тын. Ал Лон­дон Олим­пи­а­да­сы­ның чем­пи­он­да­ры Илья Ильин мен Зүл­фия Чин­шан­ло тура­лы әңгі­ме қашан­да бөлек. Еке­уі де әлем чем­пи­о­ны ата­нып қана қой­май, жаңа әлем рекор­дын орнатты.

Бір өкіні­штісі – бұл ала­манға тағы бір чем­пи­он қызы­мыз Свет­ла­на Под­обе­до­ва қаты­са алма­ды. Жарақа­ты­на бай­ла­ны­сты. Свет­ла­на бір сұх­ба­тын­да: «мен сынға түсетін 75 келі­де ҚХДР спорт­шы­ла­ры мықты. Ресей­де де қар­сы­ла­ста­рым бар. Лон­дон­да көтер­ген сал­мақ­пен енді әлем чем­пи­о­на­тын­да жүл­де алу қиын. Сон­ды­қтан сол нәти­жем­ді көте­ру керек» деген екен. Соған қараған­да, Олимп тұғы­рын 69 келі­де бағын­ды­рған ол 75 келі­де іштей қай­мы­ға­ты­ны бел­гілі. Кез кел­ген спорт­шы­ны жеңіс­ке жете­лер із – руха­ни мықтылық.

Өткен жылға есесі кет­кен қазақ спор­ты­ның жайы осы­лай. Есік ашып кел­ген жаңа жыл кет­кен есені қай­та­ра ала ма? Жұр­ты­ның сені­міне ие болып жүр­ген марқасқа­ла­ры­мыз өзіне арты­лған сал­мақты намысы­мен көте­ре біл­се игі еді…

Еркебұлан КЕНЕХАН,

«

Республиканский еженедельник онлайн