Пятница , 4 июля 2025

БІР МАРАПАТҚА ЕКІ КӨЗҚАРАС

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №20 (384) от 25 мая 2017 г.

 

Желі­де­гі жазбалар


 

Кез-кел­ген өнер­де барып тұрған күр­делі про­бле­ма­ны күліп оты­рып жет­кі­зу – «твор­че­ство­лық под­ход­тың» апо­гейі дер едім. Біздің әде­би­ет­те осы жетіс­пей­ді. Ылғи жылап оты­рып айта­мыз бәрін. Ал, кино және театр өнерін­де осы «под­ход­ты» Асанәлі Әші­мов терең игер­ген. Соны­сы­мен де гений екенін дәлелдеді.

«Қыз Жібек­те­гі» эпи­зод. Үш жүздің шал­да­ры Беке­жан­ды тізер­летіп, үш жақтан най­за­мен қыса­тын тұс. Сол сәт­те­гі Асанәлінің жана­ры­на назар салы­ңыз­шы. Лиза дель Джо­кон­да­ның «жұм­бақ жымиы­сы» жол­да қала­ды. Міне, шеберлік!

Ал, «Транс­сібір экс­пресін­де­гі» Қасым­хан­ның обра­зын қалай сомдаған? Пси­хо­ло­ги­я­лық тұрғы­дан алған­да бұл роль – Асанәлі твор­че­ст­во­сы­ның шыңы. «Сашен­ка, ку-ку, ско­ро зада­ние полу­чим…» деген тір­кесті дәл Асе­кең айтқан реңк­пен айту ешкім­нің қолы­нан кел­мей­ді. Бәс тіге аламын.

Жет­пісін­ші жыл­дар­дың орта­сын­дағы Ака­де­ми­я­лық театр­да қой­ы­лған «Қан мен тер­де» сеңнің үстін­де кетіп бара жатқан Ела­ман әлі көз алдым­нан кет­пей­ді. Ғажап сурет­ті әлі күн­ге дей­ін сағы­на­мын. Неге? Өйт­кені, шығар­маға да, өнер­ге де «под­хо­ды» дұрыс актер­дің сахна­дағы іс-қимы­лы көңіл­дің қақ төріне барып қонады.

Тағы бір деталь: бар­лық спек­такль­дер аншлаг­пен өтті. Ал, три­ло­гия бой­ын­ша түсіріл­ген кино­ның неге жолы бол­ма­ды? Неге тез ұмы­ты­лып қал­ды? Еке­уінің де режис­сері бір адам емес пе еді? Өйт­кені, ол кино­да «Его вели­че­ство Асанәлі Әші­мов» ойнаған жоқ. Актер­дің қадір-қаси­етін осын­дай­да білесің.

Шар­хан ҚАЗЫҒҰЛ

 

Қарап тұр­саң, біре­уді орден-медаль­мен ұрып алса, енді біре­уді жала жауып, жасқап жатыр. Еке­уі де қалып­тасқан жағ­дай­дан тырп ете алмай қалған сая­си тұтқын­дар секіл­ді. Мәсе­ле Тұңғыш­бай­дың өнер­ге сіңір­ген еңбе­гін­де емес. Біздің жүйе қазір осы еке­уін бір-біріне ара түсе алмай­тын­дай етіп, шара­сызды­қтың шыр­мауы­на қамап тастаған. Біре­уі «сый­лап тұрған­дар­дың» мара­па­ты­нан бас тар­та алмай, «ауы­з­ба­сты­рық» алған­дай болып, дің­кесі құры­са, енді біре­уі ақта­лып әлек болып жатыр. Мұн­дай­да Асанәлі аға­мы­зға Тұңғыш­бай­ға неге ара түс­пе­ді деп сырт­тан тон піше салға­ны­мыз дұрыс бол­мас. Еке­уі де «жүй­енің» басқа салға­ны­на қар­сы шыға алмай­тын­дай қиын күй­ге тап болған.

Біз­де қазір айран ішкен­дер­дің құты­лып, шелек жалаған­дар тұты­лып жатқа­нын көріп отыр­сыздар. Әйт­пе­се, анау Нидің қасын­да Тұңғыш­бай­дың «күнәсі» теңіз­ге тамған там­шы­дай ғана ғой!

Осы ара­да, оры­стың атақты шешені Пле­ва­ко­ның (шеше­сі қал­мақ қызы болған) басы­нан өткен мынан­дай бір өне­гелі оқиға есі­ме түсіп отыр. Бір­де, елу тиын­ның шәй­не­гін ұрлап ұсталған кем­пір­ді сот­таға­лы жата­ды. Осы кез­де сөз алған про­ку­рор кей­у­а­на­ның адво­ка­ты болып оты­рған Пле­ва­ко­ны тұқыр­та түсу үшін: «Мем­ле­кет­тің мүл­кіне қол сұққан мұн­дай адам­ды жаза­сыз қал­дыр­сақ, ертең елі­міз құр­ды­мға кетіп қалуы мүм­кін!» деген­дей әңгі­ме айтады.

Про­ку­рор­дың уәжін тың­дап болған Пле­ва­ко сон­да мін­бер­ге көтеріліп, былай деп­ті: «Осы мың жыл­дың ішін­де Ресей­дің көр­ме­гені жоқ. Қан­ша­ма шапқын­шы­лы­ққа ұшы­рап, Мәс­ке­уді де өртеп жібер­генін көр­дік. Бірақ Рос­сия осын­дай қиын сынақтың бәріне төзді, шыда­ды. Мына қызы­қты қара­саңыз­шы, өзі әрең жүр­ген бір кем­пір күн­көріс үшін елу тиын тұра­тын шәй­нек­ті ұрлап алып­ты. Бәріне шыдаған Рос­сия енді оның осы қыл­мысын көте­ре алмай, құр­ды­мға кетіп қалай­ын деп тұр…». Пле­ва­ко­ның мұн­дай мысқыл­даған жалын­ды сөзі­нен кей­ін жазы­қты болып оты­рған жаңағы шара­сыз кісіні сот­тан боса­тып жіберіпті.

Соңғы 26 жыл­да біздің де көр­ме­гені­міз жоқ. Бірақ біз осын­дай ауыр кезең­дер­дің бәрін арт­та қал­ды­рып, ақы­рын­дап бол­сын алға басып келе­міз. Енді міне, бәрін көр­ген Қаза­қстан 1 мил­ли­он дол­лар­мен ұсталған адам­ды боса­тып жіберіп, сол қыл­мыстың «тыр­нағы­на да таты­май­тын» күнәсі үшін Тұңғыш­бай аға­мы­зды сот­тап жібер­гелі жатыр.

Ау, ағай­ын! Тұңғыш­бай­дың бұл «қыл­мысын» да кеші­ре сал­са, Қаза­қстан «көте­рем» болып қала ма?

Жолым­бет МӘКІШ

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн