Cұрғылт статистика
Қазақстанда балаларын өздері тәрбиелеп отырған жалғыз басты әкелер саны 60 мыңның төңірегінде, деп мәлімдеді ҚР Білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы міндетін атқарушы Аяш Макенова.
«Бүгінгі таңда Қазақстанда бір баласы бар отбасы саны шамамен 998 мың, екі баласы барлар – 865 мыңнан астам, үш баласы барлар – шамамен 400 мың», – деді А. Макенова дүйсенбіде ҚХА республикалық аналар кеңесінің ІІ отырысында. Бұл ретте ол Қазақстандағы 72 мың баланың некесіз туылғанын атап өтті, деп хабарлайды ҚазТАГ.
«400 мыңнан астам жалғыз басты әйел мен 60 мыңнан астам жалғыз басты әкелер бар. Тек анасымен ғана тұрып жатқан балалар саны – 700 мың, тек әкесімен ғана тұрып жатқан балалар саны 300 мыңнан астам» деген деректі Аяш ханым отырыс барысында келтірді.
Сонда парламент мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева осы отырыс барысында айтқандай, Қазақстанда жалпы 5 317 670 бала бар болса, оның бір миллионы не әкесіз, не шешесіз өсіп жатыр деген сөз. Яғни, Қазақстандағы әр бесінші бала жартыкеш отбасылық ортада өмір сүруде.
«D»