Суббота , 5 июля 2025

БІР «ЖАҢСАҚТЫҚ»

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №27 (344) от 07 июля 2016 г.

Түзе­ту орнына


Елі­міз­де жер дауы бұрқ етер­ден екі-үш күн бұрын редак­ци­яға бір жас жігіт кел­ді. «Мен редак­тор­ды іздеп жүр едім…» – деді өзін Дулат­пын деп таны­сты­рған жігіт имен­ген түрін жасы­ра алмай.

«Иә, бауы­рым, бұй­ым­тай­ы­ң­ды бұрқы­ра­та бер, құлағым түрік», – дедім.

«Аға, маған редак­тор керек…».

«Мен саған аздық етем бе?» – деп, өзім­нің кім екенім­ді таныстырдым.

Дулат қуа­нып кет­ті: «Ой, аға, менің ізде­генім – сіз едіңіз…».

«Жай­шы­лық па?».

«Жоқ, жай­шы­лық емес, атым­ды ақтап алай­ын деп едім…» – дей­ді Дула­тым сөзінің соңын жұмбақтап.

«Аты­ңа не болды?».

«Сіздің газет фин­полға қаты­сты бір мақа­ла­да мені жаман­дап жазып қой­ып­ты… Аны­ғын­да, мен ол мақа­ла­да айты­лған адам­дар­дың ешкі­мін таны­май­мын… Олар­дың ішіне қай­дан кіріп кет­кенім­ді білей­ін деп едім… Атым­ды бекер­ге былғапсыздар…».

«Бауы­рым, алды­мен «бекеріңді» түсін­дір!» – Редак­ци­яға дау қуып кел­ген­дер­ге дес бер­ме­удің ама­лы­на көшу­ге тура келді.

Дулат қолын­дағы оқта­удай етіп орап алған «ДАТ»-тың ора­уын жазып, атым­ды «былға­ды» деген жари­я­ла­ным­ды нұсқа­ды. Газет­тің 31 науры­здағы санын­да шыққан «Сыбай­ла­сты­қ­пен күре­сетін қар­жы поли­ци­я­сы сыбай­ла­сты­қтан аман ба?» деген мақа­ла екен. Есі­ме түсті: бұған дей­ін ел ішін­де «фин­пол» ата­нып кел­ген Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қимыл агент­ті­гінің төраға­сы Қай­рат Қожам­жа­ро­втың интер­нет­те­гі жеке бло­гы­на шыққан хат­тың түп­нұсқа­сы негізін­де кіріс­пе­сін өзім жазған мақа­ла. Дулат екі-үш жер­де аты-жөні аталған тұсты көр­сетіп: «Аға, мен мұн­да айты­ла­тын Роман Меңдіға­ли­ев деген адам­ды ешқа­шан көр­ме­гем, оның кім екенін осы газет­тен біліп отыр­мын…» – деді.

Дулат атаған Роман Меңдіға­ли­ев – бүгін­де Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы агент­тік­тің (ата­уы шұбы­раған осы меке­мені бұдан ары­да «фин­пол» деп, үйрен­ген тіл­де жазай­ын) Алма­ты қала­лық депар­та­мен­ті басты­ғы­ның орын­ба­са­ры еді. Ал Қай­рат Қожам­жа­ро­втың бло­гы­нан алын­ды деп, редак­ци­яға жол­данған хат­та Роман мыр­за фин­пол­дың Қорғас және Қап­шағай қала­ла­рын­дағы бөлім­ше­лерін­де жүр­ген кез­дері сөз бола­тын. Сол хат­та «Меңдіға­ли­ев өйт­ті», «Меңдіға­ли­ев бүйт­ті» деген, аны­ғын­да редак­ция тара­пы­нан тек­серіл­ме­ген жағ­дай­лар жазылған-ды.

Айт­пақ­шы, «тек­серіл­ме­удің» екі себебі бар еді. Бірін­ші­ден, агент­тік төраға­сы­ның бло­гын­да жария болған Меңдіға­ли­ев­тің «өйтіп-бүй­тіп» қой­ған жағ­дайы меке­ме тара­пы­нан тек­серілуі тиіс деген сенім бол­ды. Біл­дей бір қала­лық депар­та­мент басты­ғы­ның орын­ба­са­ры үсті­нен төрағаға тура­лап ғай­бат «ғақ­лия» айты­лып жат­са, одан агент­тік ат-тонын ала қашуы мүм­кін бе еді? Ресми рет­те жазы­лған жәйт­тер мін­дет­ті түр­де тек­серілуі тиіс болатын.

 

Екін­ші­ден, халы­ққа қызыл­көз атанған фин­пол тура­лы жақ­сы сөз айты­лу­шы ма еді: «Қасқыр­дың аузы жесе де – қан, жеме­се де – қан» деген қалып­тасқан қисы­н­мен жазы­лған деректер­дің дәй­ек­тілі­гі тек­серіл­ме­гені рас еді. Оның үстіне редак­ци­я­ның жур­на­лисі тек­серіп бара қал­са, бүгін­де мар­ха­бат дей­тін меке­ме бар ма? Бұры­нғы кеңе­стік кез­де­гі халы­қтық бақы­лау коми­теті неме­се пар­ти­я­лық комис­сия жоқ: кім алды­ңа қажет­ті құжат­ты қота­рып қояр дей­сің?! Тек­серіс­ке тірек болар дей­тін «нұро­тан­дық» комис­сия қашанғы «қасқыр­лар­мен» ауыз жалас­пақ түгілі, олар­дың бірқа­тар мүше­лері сол қасқыр­лар­дың апа­ны­нан шыққан көк­жал­дар екені кім­ге құпия? Бұл жағ­дай­ға жор­нал­шы­лар қауы­мы соңғы 20–25 жыл­дың ішін­де әбден көн­ген. Аны­ғы – көн­дір­ген. Енде­ше тек­се­рем деп жер теп­кіле­сең де, асы­лып өлем десең де, түк шық­па­сын біле-біле болға­ны­мыз – біз­ге аян.

«Ал Меңдіға­ли­евқа қаты­сың жоқ екенін қалай дәлел­дей­сің?» – дей­мін мен Дулатқа бар­лай қарап.

«Аға, мен де сіз­дер сияқты сөз­бен ғана дәлел­дей­мін. Басқа ама­лым жоқ. Аталған адам­ды өмірі көр­ме­гем, жазы­лған жағ­дай­ға қаты­сым жоқ. Міне, атым­ды ақтау үшін өзім­ше шағым жазып әкел­дім», – деп, Дулат ора­у­лы газет­тің іші­нен бір парақ қағаз­ды шығарды.

Оқы­дым. Аталған мерзім­де аталған жер­де жұмыс істе­ме­гені, маги­стра­ту­раға оқуға түсу­ге бай­ла­ны­сты әлдеқа­шан өз өтіні­ші­мен кетіп қалға­ны, кеден­де­гі өзі істе­ген бро­кер­лік жұмысы қар­жы­полға қаты­сты еме­сті­гі жазы­лып­ты. Әрине, ту сыр­ты­нан түрт­пек­тей­тін адам бол­са, мұн­дай жаз­ба­ны сырғы­та салу­дың еш қиын­ды­ғы жоқ.

Бірақ мен Дулат­тың қағаз­дағы сөзіне де, өзіне де сен­дім. Сен­генім мынау бол­ды: «Аға, расым­ды айт­сам, осы мақа­ла­да атым аталға­ны­на анам қат­ты кей­іді. Ол кісі көп жыл мек­теп­те мұғалім болған, қазір пен­си­яда. «ДАТ»-ты жаста­нып оқи­ды. Бар да бар, ақиқа­ты­ң­ды айт деп, сіз­ге мені сол кісі жібер­ді… – деді Дулат. Түрі­нен түтік­кен қина­лы­стың қал­пын көр­дім. – Ермұрат Бапиға барып, аны­ғын айт­саң, ол кісі бәрін түсі­неді деді. Звон­даңыз­шы – міне нөмірі…».

Дулат араға ана­сын салып, ақта­ры­ла сөй­ле­ген соң, енді мен қинал­дым. «Жоқ, бауы­рым, анаң­ның атын айт­тың ғой, ол кісіні маза­лап қай­те­міз… Мен сенің сөзіңе сен­дім. Жазға­ны­ң­ды қал­ды­рып кет, мін­дет­ті түр­де жария етем», – деп, Дулатқа уәдем­ді беріп, шыға­рып сал­дым. Ол дәліз­де кетіп бара жатып: «Мама, Бапи ағаға бар­дым, жазға­ным­ды газет­ке шыға­ра­тын бол­ды!» – деп, қал­та­фо­ны арқы­лы ана­сын қуан­тар сөз айтқа­ны естіліп тұрды.

Міне, бір жари­я­ла­ным­да жаң­сақты­ққа жол беріл­ген жай осы еді. Бірақ Дулатқа бер­ген уәдем­ді дер кезін­де орын­да­удың сәті бол­ма­ды: алды­мен Аты­рау жақтан жер дауы­на қаты­сты сәуір толқуы туды; артын­ша ол қозға­лыс мамы­рға ұла­сты; соңы­нан Жер­ко­мға қаты­сты жағ­дай­лар газет бетін бер­мей кет­ті; кей­ін­нен Ақтө­бе аты­сы­нан айқай шықты – әйте­уір әбі­гер­ден ары­ла алмаға­ным рас еді.

Бұл екі ара­лы­қта: «Аға, анам күтіп жүр, қашан шыға­ды?» – деп, Дулат та төрт-бес рет теле­фон қоңы­ра­у­лат­ты. Бәл­кім, бей­күнә бала­ның сұра­уын созба­лақта­тып жүре берер ме едім – Дулат­тың жаз­ба­сы­на ұқсаған бір­не­ше хат редак­ци­яға бірі­нен соң бірі келіп түсті. Бәрінің айты­сы мен жазысы – «Меңдіға­ли­ев­ке қаты­сы­мыз жоқ, жари­я­ла­ным жаң­сақ жазылған».

Соңын­да ҚР Қар­жы мини­стр­лі­гінің Алма­ты облы­стық депар­та­мен­ті­нен тағы бір хат кел­ді: «Жари­я­ла­ным­да көр­сетіл­ген жағ­да­ят­тар тек­серіл­ді, Роман Меңдіға­ли­ев­ке қаты­сты заң­сыздық деректері дәй­ексіз екені дәлел­ден­ді» деген маз­мұн­да. Енді Дулат­тың өтіні­шін жер­ге тастау жөн­сіз еді.

Бірақ кеден бро­кері болған Дулат қан­ша­лы­қты адал десек те, фин­пол­дың «сүт­тен – ақ, судан – таза» бола қалға­ны қалай деген күдік күлбіл­те ойды түрт­кіле­уін қой­маған-ды. «Апыр-ау, «қасқыр­дың» аузы қан­нан таза жүретін күн бола­ды екен-ау!» деген таң­да­ны­стың туға­ны таң­дай қақты­рған еді.

Агент­тік төраға­сы­ның аты­на арна­лып жазы­лған «жаң­сақты­қты» ой еле­гі­нен өткіз­ген­де, менің түй­генім – фин­пол­дың өз ішін­де Роман Меңдіға­ли­ев­ке қаты­сты копро­мат­ты көпір­ту арқы­лы оны орны­нан тай­ды­руға тас-түй­ін буы­нған бір топ пай­да болған сияқты. Содан ол топ қар­сы­ла­сын қал­пақтай ұшы­рар ұрғыш іздеп, бұрын­да­ры болған-бол­маған, терекке тиер-тимес деректер­ді төраға бло­гы­на төпе­ген. Ал ол деректер­дің діт­те­ген жеріне дөп тиюі – кез­дей­соқ қисап­тың есебі: төраға тісін қай­рап жүр­се – Роман­ды тек­сер­мей ірей­ді, басқа­дай бол­са – бір зәресін аламыз.

Оның үстіне елде «кадр биз­несі» деген бәле­кет­тің белең алға­ны тағы бар: Меңдіға­ли­ев­тің орын­ба­сар­лық оры­ны әлдекім­нің сауда-сат­тық ныса­на­сы­на айна­луы да бек мүм­кін. Шалып шалқа­сы­нан түсір­ме­сек, қағып қал­пақтай құла­та­мыз деген делқұ­лы дол­бар­дың діт­те­уі екі есеп – бір қисап­тың қал­пы­на келіп тұр. Әлбет­те, Меңдіға­ли­ев мыр­за тап-таза деу­ге дәт тап­шы: атыс-шабыст­ың орта­сы­на айналған фин­пол­да жүр­ген адам балағы­на шаң жұқтыр­мауы мүм­кін бе? Бірақ редак­ци­яға кел­ген хат­тар­дың бір­де-бірі ол «шаң­ды» қолы­мы­зға «ілік­тір­меді».

Агент­тік төраға­сы аты­на жол­данған жаз­ба­да көр­сетіл­ген деректер­дің дені рас, дені дәнекүс болуы әбден мүм­кін. Оның анық-қаны­ғын Қожам­жа­ров мыр­за­ның меке­месі айт­па­са, редак­ци­я­ның «көз­ге шұқып көр­се­ту» мүм­кін­ді­гі кем­шін. Себебі агент­тік­тің аты­на жол­данған біздің сұра­уы­мыз күні бүгін­ге дей­ін жауапсыз.

Сон­ды­қтан доғал дауға қалған Дулат­тан да, оның адал­ды­ғын аңсаған ана­сы­нан да, қап­сысыз қия­натқа қал­дық деген хат иелері­нен де әзір­ге кешірім сұра­уға тура келіп тұр. Реті солай болған соң, Роман­нан да…

Ермұрат БАПИ

 

 

 

 

Бұл екі арада

 

ҚАРЖЫПОЛ

қыты­мыр­лық

КӨРСЕТУДЕ

 

Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның төраға­сы Сей­ітқа­зы Мата­ев­тың адво­кат­та­ры­ның айтуын­ша, тер­ге­ушілер олар ұсы­нған құжат­тар мен дәлел­дер­ді іске қосу­дан бас тар­тқан. Осы­ған бай­ла­ны­сты адво­кат­тар бас про­ку­ра­ту­раға шағым түсірген.

 

Алма­ты­да өткен бас­пасөз мәс­ли­ха­тын­да Сей­ітқа­зы Мата­ев­тың адво­кат­та­ры тер­геу сотқа дей­ін­гі тек­се­руді қай­та баста­удан және қосым­ша сот-эко­но­ми­ка­лық экс­пер­ти­за жүр­гі­зу­ден де бас тар­тқа­нын мәлім­деді. Адво­кат Андрей Пет­ро­втың айтуын­ша, тер­ге­у­ге дәлел ретін­де бух­гал­тер­лік және салық құжат­та­рын ұсы­нған. Бірақ тер­геу бес жыл­дық құжат­тар­ды үш айдың ішін­де қай­та жинау мүм­кін еме­сті­гін, екі жыл­дық құжат­тар­ды қай­та жинау үшін сегіз ай уақыт керекті­гін айтқан.

Биыл 22 ақпан­да «мем­ле­кет қар­жы­сын жымқы­рған» және «салы­қтан жал­тарған» деген күдік­пен ұсталған Сей­ітқа­зы Мата­ев 24 ақпан­нан бері үйқа­мақта отыр. 28 науры­зда оның ұлы, Қаз­ТАГ ақпа­рат агент­ті­гі бас дирек­то­ры Әсет Мата­ев та үйқа­маққа алы­нған. Әкелі-бала­лы Мата­ев­тар өздеріне тағы­лған айып­тар­ды жоққа шыға­рып, «кел­ген зиян» тура­лы айып­тау толы­ққан­ды ауди­тор­лық тек­се­ру жүр­гізіл­ме­стен тағы­лға­нын айтады.

Қаз­ТАГ агент­ті­гінің ақпа­ра­ты бой­ын­ша, ара­сын­да ВВС, «Неміс толқы­ны», «РБК», «Рос­сия-24», France Press және өзге­лері бар шетел­дік бірқа­тар бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры Сей­ітқа­зы Мата­ев­тың ісі бой­ын­ша өтетін сотқа қаты­суға ниет білдірген.

 

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн