Понедельник , 7 июля 2025

Бір үзік сыр Сағындым, аға, МЕН СЕНІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №06 (277) от 12 фев­ра­ля 2015 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 

Дала қызы болған­нан соң шығар, көк­жи­ек­ті көр­ме­сем тыны­сым тарылатыны…

Теңіз қызы болған соң шығар, теңіз-кеудем бұлқынатыны!..

Сор топы­рақта туған соң ба, сор­дан қашпайтыным?!.

Май топы­рақта туған соң шығар, шынай­ы­лы­қты аңсайтыным!..

Жілік шағып жеген соң болар, жілік­ті сөз­ге құмарлығым?..

Бас ұстаған шал­дың тізесін­де оты­рған­ды­қтан болар, адам­ның әуелі басын бағалайтыным!..

Қарт­тың әңгі­месін тың­да­маған­ның қыр­тқа­ны­на қай­ран қалып қайтесің?!.

Әже­сі әлди­ле­ме­ген­нің әдеті мен ісі­нен неге жиренесің?!.

Бәй­ге­ге түс­пе­ген­нің бөлек кет­кеніне қай­ран қал­ма, жалғы­зды­қты сезбе­ген­нің жауы да, досы да жоқ!… Ит тір­лі­гі ғана бар…

Тән­нің құлы­на жан­ның әңгі­месі не керек?!.. Ардың құлы­на ақи­рет­тің күні тез келеді… Бар­дың құлы­ның кішілі­гі­нен кісі жиіркенеді!..

Тас қалаға сый­май, дүние тары­лған­да іздей­тін төрем бар-ды… Өйт­кені оның бол­мысын­да таза­лық, өн бой­ын­да өлең бар-ды!..

Ақ қарға, ақпанға қара­май, тар­тып кететінім сол еді ақынға!

Бүгін жоқ!..

Ол жақтан самал да еспей­ді, қоңыр үн де кел­мей­ді!.. Өлі тыныштық…

Ондай адам бол­маған­дай!.. Ондай ақын өтпегендей!..

Өлеңің­нен ғана іздей­ік сені, Аға!..

Есенқұл­ды еске алу кеші өтті…

Інілері ән шырқап, аға­ла­ры естелік айт­ты. Жас шәкірт­тер айты­сты… Ел тым-тырыс, тып-тыныш. Тек ұйып тың­да­ды!.. Қалы­ң­ның сағы­ны­шы… Көп­тің сағы­ны­шы!.. Бірақ кім қалай сағынды???

Ән салып, өлең оқып, думан­да­тып оты­ра­тын кеш­тер­ден ақын өлең жазып, біз ән жазып, олжа­лы боп қай­ту­шы ек. Сөйт­сек, бір-бірі­мізді «қозғап,» әлде қашан өшкелі тұрған бір отты үрлеп жібе­реді екен­біз де…

Әйт­пе­се қызы­нан да кіші, ол топы­раққа бөтен қыр қызы едім…

Жан­ның жақын­ды­ғын­да шека­ра бол­май­ды екен ғой!..

Жаның жән­нат­та шалқы­сын, Есаға! Сағындым!..

  • (Роза Әлқо­жа­ның «Фейс­бук­тағы» парақшасынан)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн